Ұстаз болу жүректің батырлығы, Ұстаз болу сезімнің ақылдығы



жүктеу 24.48 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі24.48 Kb.
: files -> sites -> 1383501624469896 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1389760090639924
sites -> Сабақ жоспары: «Абай Құнанбаев»
sites -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
sites -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
1389760090639924 -> Дипломы бойынша мамандығы жалпы стаж Мамандығы бойынша стажы санаты
book-catalog -> «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамының жұмыс жоспары Мақсаты
1389760090639924 -> «Қазіргі заманның оқышсының мұғалімі қандай болу керек?»

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 


Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Ұстаз болу – адамның асылдығы,
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі

Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек?

Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.  
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Сыздықова Гүлмира Бақытжанқызы



\



  • 1




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет