Студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы



жүктеу 267.43 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі267.43 Kb.




Д. атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01


Сапа менджменті жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқыту бағдарламасы)


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН



АТжБФ деканының м.а.
А.Қрықпаева

«____»__________2015 ж.

ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНИКА НЕГІЗДЕРІ

Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус
ЭЛЕКТРОТЕХНИКА И ОСНОВЫ ЭЛЕКТРОНИКИ

Рабочая модульная учебная программа и силлабус




Мамандық: 5В070900 Метталургия

Пәннің кредиттер саны: 3 кредит

Өскемен

Усть-Каменогорск



2015

Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус Жұмыс оқу жоспары, Эллективтік пәндер каталогі, және мамандықтың модульдік білім беру бағдарламасы негізінде «Энергетика және техникалық физика» кафедрасында әзірленді.

Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
Төраға Г. Уазырханова
______________________ж. №____ хаттама

«Энергетика және техникалық физика» кафедрасының отырысында талқыланды.


Кафедра меңгерушісі С. Плотников
28.08.2015 ж. № 1 хаттама

Әзірлеген


аға оқытушы М.Туменбаева

Норма бақылаушы И.Фазылова

1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОРНЫ


    1. Зерделенетін пәннің қысқаша мазмұны

Электрлік және магниттік тізбектің қондырылған және өтпелі процестерді оқу, ақпарат, дабыл беру, электротехника және электротехнология қиындықтарын шешу «Электр техника және электроника негіздері» курсына енеді, сондықтан осы облыстағы білім өте қажетті. Ол мамандарға өзінің тәжірибелік әрекетінде электроника және электротехникадағы білімін жете түсінуіне және тиімді қолдануына мүмкіндік береді. «Электр техника және электроника негіздері» курсы информатика және физика синтезінің, графикалық зерттеу әдісінің және математиканың негізі болып табылады, сондықтан бұл курс геодезия және картография бакалаврларын кәсіптік дайынауда маңызды дүниетанымдық роль атқарады.

Алған білімдері студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуі және ынталандыруы, алдағы мамандықтың пәндерін оқуына дайындау керек.



    1. Пәнді зерделеу мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқыту мақсаты – өндірістік процестерді бақылау үшін автоматтандырылған құрылғылардың электрлік бөлшектерін өңдеуге электроэнергетика бакалаврларымен бірігіп техникалық тапсырмаларды құру және оларды қолдана білу, керекті электротехникалық және электр өлшеуіш құрылғыларды таңдап ала білу үшін электротехниканың электрлік емес мамандықта дәрежелі мамандарды теориялық және практикалық дайындау болып табылады..

Пәннің міндеттері:

- электрмен қамтамамасыз ету жүйелерінің негізгі қондырғыларын құрылымдық орындаумен студенттерді таныстыру;

- электрқондырғыны монтаждау және жөндеу туралы теориялық ақпараттаы алу;

- электрқондырғыларды тексеру, қызмет жасау, сынау және диагностикалау туралы негізгі ақпаратты алу.





    1. Пәнді зерделеу нәтижелері

Оқу нәтижелері тиісті білім беру деңгейінің Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттіліктер арқылы белгіленеді. Сонда бес басты оқу нәтижесі айкындалады:

- білу және түсіну: Тұрақты, айнымалы және үш фазалы токтардың тізбектерінң теориялық негіздерін; трансформатор мен электр машиналардың әсер ету принциптері мен құрылғыларын; электр өлшеуіш аспаптардың жұмыс принципін, құрылысын және метрологиялық және пайдалану сипаттамаларын, электр өлшеулерінің негізгі әдістерін;

- білім мен ұғымды қолдану: Тұрақты, айнымалы және үш фазалы токтардың тізбектерінін есептеу және оларды талдауға қатынастар мен негізгі заңдарын қолдана алуы; негізгі электрлік шамаларға өлшеулер жүргізе алуы; өлшеу қателіктерін бағалай алуын және электр өлшеуіш аспаптарына тексеру жүргізе алуы; электронды сұлбаларды қолдана отырып, жартылай өткізгіш аспаптарды таңдай білу;

- пайымдауды қалыптастыру: Өз бетімен өзін-өзі бақылаудың, оқудың және білудің әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті, өзін-өзі дамытудың кәсіби, физикалық, адамгершілік, мәдени, интеллектуалдық келешегін түсіну қабылеті, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алу қабілеті; өлшеу жұйелер жайлы түсінігі болуы керек; жартылай өткізгіш аспаптардағы сұлбалардың құрылысын түсінігі болуы керек; мамандық саласы бойынша электрлік және электрондық жабдықтарды қолдану жайлы түсінігі болуы керек; мамандық саласындағы нысандары мен жүйелерін жобалау кезінде технико-экономикалық есептерді жүргізу және ең жоғарғы көрсеткіштері бар нұсқаны таңдай білу қабілеттілігі; техникалық құжаттамалармен, стандарттармен, патенттермен және басқа ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу қабілеттілігі;

- коммуникативтік қабілеттілік: Орындаушылардың жеке топ мүшесі ретінде немесе жеке дара мүшесі қызмет көрсетіп, соның ішінде пәнаралық жобаларды орындау және басқару қасиетін көрсете отырып, , кәсіби қызмет жүргізу нормаларына және кәсіби этиканы ұстанушылықты, жеке тұлғалық жауапкершілікті көрсете алу қабілеті;

- оқыту дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі: Кәсіби ортада және бүкіл қоғамда қатынас жүргізіп, сонымен қатар, бар мағлұматтарды талдап және өз бетімен жаңадан техникалық құжаттандыру жасап; автоматтандыру және басқару саласында комплексті және инженерлі қызмет нәтижесін накты түрде баяндайды және қорғайды. Қолданбалы есептердің математикалық үлгісін құру үшін математикалық ақпаратты аналитикалық түрде көрсете алады.



    1. Пререквизиттер

Пәннің материалы келесі курстардан алған білімдер негізіне негізделеді:

- Физика;

- Математика.




    1. Постреквизиттер



Берілген пәнді оқу кезінде алынған білімдер 5В071700 Жылуэнергетика, 5В070200 Автоматтандыру және басқару байыту мамандықтары қызмет ету және төмендегі пәндерді оқу үшін қажет:


    • электр машиналар және электр жетегі;

    • технологиялық машиналардың электр жетегі;

    • автоматты жобалау жүйелері;

    • электр жабдықтар және электр жетегі;

    • көлік техникасының энергетикалық қондырғылары.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптамалық жоспар*


Модульдің, тақырыптың №

Тақырыптың атауы, оның мазмұны

Әдебиеттерге және басқа да деректерге сілтеме

Кредиттердегі көп еңбек сіңіруді қажетсіну

1

2

3

4

1 Модуль «Электр тізбектері»

Дәрістік сабақтар

1.1

Кіріспе. Электрлік энергия, оның ерекшеліктері және қолдану аумағы. Қазақстандағы электр энергетикасының даму жолдары. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Электрлік тізбектегі процестерді сипаттайтын негізгі ұлғаюлар. Электрлік сұлбалардағы кернеулер мен токтардың, ЭҚК – нің дұрыс бағыттары. Тұрақты токтағы сызықтық тізбектер. Тұрақты ток тізбегі үшін Ом және Кирхгоф заңдары.

1 - 4




1.2

Электр тізбектерді есептеудің әдістері. Баламалы түрлендіру әдісі. Кирхгоф заңдарын үнемі қолдану әдістері. Контурлық токтар әдісі. Түйіндік потенциалдар әдісі. Реттеу әдісі. Баламалы генератор әдісі. Потенциалды диаграмма. Қабылдағыш пен көз энергиясы. Қуат. Қуат балансы. Электр тізбегінің КПД.

1 - 4




1.3

Айнымалы синусоидал ток. Негізгі түсініктер. Алгебралы, тригонометриялы және экспотенциалды формадағы синусоидалдық ұлғаюды кескіндеу. Комплекстік жазықтықтағы синусоидалдық ұлғаюды графикалық кескіндеу. Айнымалы синусоидал ток тізбегіндегі R, L, C идеалды элементтері. Аналитикалық білдіру, графиктер, векторлық диаграммалар. Идеал элементтерді тізбектей қосу. Есептеудің графикалық және аналитикалық әдістері.

1 - 4




1.4

Айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңы. Кернеу, кедергі, қуат үшбұрышы. Қуат коэффициенті. Векторлық диаграммалар. Айнымалы ток тізбегінің тармақталған аймағы. Активті, реактивті және толық өткізгіштік. Өткізгіштік үшбұрышы


1 - 4




1

2

3

4

1.5

Айнымалы ток тізбегін аралас жалғау. Тұрақты токтың күрделі тізбегін есептеу әдістері. Элементтерді параллель және тізбектей жалғаудағы резонанс.

1 - 4




1.6

Үшфазалы жүйе. ЭҚК – нің үшфазалы жүйеде кескіндеу. Көз фазалары мен үшфазалы токты қолданушыларды жалғау әдістері. Үшфазалы ұлғаюды Аналитикалық және графикалық кескіндеу. Төрт және үш сымды үшфазалы жүйе.

1 - 4




1.7

Үшфазалы токты қолданушыны жұлдызша жалғау. Симметриялық және симметриялық емес тәртіптер туралы түсінік. Нейтралдарды араластыру. Үшбұрыштарды қолданушыларды жалғау. Үшфазалы ток тізбегіндегі қуат.

1 - 4




1.8

МҚК-і бар магниттік тізбек. Электр магниттік индукция құбылысы. Индуктивтік және өздік индуктивтік. Магниттік тізбектегі физикалық құбылыстар. Орынбасарлық сұлба және векторлық диаграммалар.

1 - 4







Жиыны




1,034


Семинарлық (іс-тәжірибелік) сабақтар

1.1

Кіріспе сабақтар. Электр техника және электроника негіздерінің зертханаларындағы қауіпсіздік ережелері. Тұрақты ток тізбектерін зерттеу

1 - 4




1.2

Айнымалы ток тізбектерін зерттеу. Тізбектердің тізбектеп жалғануы

1 - 4




1.3

Айнымалы ток тізбектерін зерттеу. Тізбектердің қатарлап жалғануы

1 - 4




1.4

Үш фазалы тізбектерді зерттеу. Жұлдызша және үшбұрыштап жалғануы.

1 - 4







Жиыны




0,262


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)


1.1

Тұрақты ток тізбектерін әр түрлі әдістермен есептеу

1 - 4




1.2

Айнымалы ток тізбектерін әр түрлі әдістермен есептеу

1 - 4




1.3

Үш фазалы ток тізбектерін есептеу. Жұлдызша қосылуы



1 - 4




1

2

3

4

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

1.1

Тұрақты ток тізбектерін есептеу әдістері

1 - 4




1.2

Айнымалы ток тізбектерін есептеу әдістері

1 - 4




1.3

Үш фазалы тізбектердің қосылуы

1 - 4







1 Модуль бойынша жиыны




1,3

2 Модуль «Трансформаторлар және электрлік машиналар»

Дәрістік сабақтар

2.1

Бір фазалы трансформатордың тағайындалуы, құрылысы, әсер ету принципі. Трансформаторлардың кернеулер және токтар теңдеуі. Трансформатордың бос жүріс, қысқа тұйықталу және жүктемелік режімдері. Автотрансформатор

1 - 4




2.2


Тұрақты ток машиналары туралы жалпы мағлұматтар. Тұрақты ток машиналарының құрылысы, жұмыс парқы, қосылу сұлбалары. Тұрақты ток машиналарының генератор және қозғалтқыш режімдегі жұмысы

1 – 4



2.3


Асинхронды қозғалтқыш. Асинхронды қозғалтқыштардың әсер ету принципі, құрылымындағы элементтердің тағайындалуы. Асинхронды қозғалтқышты жүргізіп жіберу. Екі фазалы және бір фазалы қозғалтқыштар.

1 – 4







Жиыны




0,4

Зертханалық сабақтар (іс-тәжірибелік) сабақтар

2.1

Бір фазалы трансформаторды зерттеу

1 – 4




2.2

Үш фазалы роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқышты зерттеу

1 – 4







Жиыны




0,134

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)

2.1

Үш фазалы трансформатордың эксплуатациалық сипаттамаларын есептеу

1 – 4




2.2

Тұрақты ток генераторының сипаттамаларын есептеу

1 – 4




Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

2.1

Асинхронды қозғалтқыштың жиілігін реттеу әдістері

1 – 4




2.2

Тұрақты ток машиналардағы коммутация

1 – 4







2 Модуль бойынша жиыны




0,534

3 Модуль «Электрдік өлшеулер және электроника негіздері»

Дәрістік сабақтар

3.1

Электрлік өлшеулер. Электрлік өлшеулердің рөлі және даму жолдары. Өлшеу үдерістерінің жалпы көріністері, оның құрылымы және элементтері. СИ жүйесі халқаралық тәжірибиде өлшеу негізі ретінде қолдануы. Электрлік және магниттік өлшем бірліктері. Өлшеу әдістері: тікелей және жанамалай. Өлшеу қателіктері: абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген. Аспаптардың дәлдік классы.

1 – 4




3.2

Электр механикалық аналогты аспаптар. Аспаптың құрылымдық сұлбасы. Аспаптың өлшеу шкалалық теңдеуі. Жалпы тораптары мен бөлшектері. Магнит электр және электр динамикалық жүйедегі аспаптар. Электр шамаларын өлшеу

1 – 4




3.3

Жартылай өткізгіш аспаптарының физикалық негіздері. Жартылай өткізгішті диодтар, олардың сипаттамалары және параметрлері. Биполярлы және өрістік транзисторлар олардың түрлері, олардың сипаттамалары және параметрлері. Жіктелуі және белгілену жүйелері.

1 – 4




3.4

Тиристорлар, олардың сипаттамалары және параметрлері. Жіктелуі және белгілену жүйелері. Екінші реттік қорек көздері. Түзеткіштер, жаттықтаушы сүлгілер, стабилизаторлар. Логикалық элементтер. Логикалық элементтер мен сұлбалардық құрылымының математикалық негіздері мен жұмыстары..

1 – 4







Жиыны




0,534

Семинарлық (іс-тәжірибелік) сабақтар

3.1

Жартылай өткізгіш диодтарды зерттеу

1 - 4




3.2

Тирристорды зерттеу

1 - 4







Жиыны




0,134

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы (СОӨЖ)

3.1

Күшейтпелі каскадтың есептеу

1 – 4







Жиыны







Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

3.1

Транзисторлардың жіктелуі және белгілену жүйелері

1 – 4




3.2

Қарапайым логикалық сұлбаларды синтездеу

1 – 4







3 Модуль бойынша жиыны










Пән бойынша жиыны, ҚР кредиті




3

2.2 Өздік жұмысқа (СОӨЖ, СӨЖ) арналған тапсырмалар


Тақырыбы

Тапсырманың мақсаты және мазмұны

Әдебиеттерге сілтеме

Орындау ұзақтығы,

сағат

Бақылау нысаны

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

1 Модуль «Электр тізбектері»

Тұрақты ток тізбектерін есептеу әдістері

Тұрақты ток тізбектерін есептеу әдістерін білу

1 - 4

2 жұма

Ауызша жауап

2 жұма

Айнымалы ток тізбектерін есептеу әдістері

Айнымалы ток тізбектерін есептеу

әдістерін білу



1 - 4

2 жұма

Ауызша жауап

4 жұма

Үш фазалы тізбектердің қосылуы

Үш фазалы тізбектердің қосылуы қосу әдістерін білу

1 - 4

2 жұма

Ауызша жауап

6 жұма

2 Модуль «Трансформаторлар және электрлік машиналар»

Асинхронды қозғалтқыштың жиілігін реттеу әдістері

Асинхронды қозғалтқыштың жиілігін реттеу әдістерін білу

1- 4

3 жұма

Ауызша жауап

8

жұма


Тұрақты ток машиналардағы коммутация

Тұрақты ток машиналардағы коммутацияны білу

1 - 4

3 жұма

Ауызша жауап

10 жұма

3 Модуль «Электр жабдықтарды эксплуатациялау, ТҚ және жөндеу»

Транзисторлардың жіктелуі және белгілену жүйелері

Транзисторлардың жіктелуі және белгілену жүйелері білу

1 - 4

2 жұма

Ауызша жауап

12

жұма


Қарапайым логикалық сұлбаларды синтездеу

Қарапайым логикалық сұлбаларды синтездеуін білу

1 - 4

2 жұма

Ауызша жауап

14 жұма




Жиыны




45









2.3 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Бақылау /тапсырма түрі

Академиялық оқу мерзімі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Ауызша сұрау

(Математикалық диктант, коллоквиум).









100







100




100




100







100







Ағымдық бақылау







100







100




























Аралық бақылау






















100



















100

Өз бетімен орындайтын үй жүмысы







100




100

100

100




100

100




100




100




Барлығы







3

0

1

3

1

2

1

2

0

1

1

1

1

Тапсырмалар түрлері және ағымдағы бақылау мерзімділігі оқытылатын пәннің ерекшелігіне байланысты әзірленеді және мыналарды ескеруі мүмкін: ауызша сұрау, коллоквиум, тестілік сұрау, реферат, эссе, аралық тестілеу және т.б.

Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша аралық бақылау нәтижесі (рейтинг) қалыптасады.

Оқытушы ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрлерін өткізеді және білім алушының ағымдағы үлгеріміне сәйкес келетін бағасын (ағымдағы және аралық бақылаулардың орташа арифметикалық бағасын) шығарады. Сонда білім алушының оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырмасы үшін 100 балл санының шкаласы бойынша бағаланады.


3 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі

1. Джабагина В.К., Садыбекова Г.Г., Койшибаева К.Ж. Электротехника және электроника негіздері. Оқу құралы, Алматы, ҚазККА, 2008ж.

2. Жармагамбетова М.С., Джабагина З.К., Садыбекова Г.Г., Койшибаева К.Ж. Электротехника және электроника. Оқу әдістемелік кешен, Алматы, ҚазККА, 2005ж.

3. Мухити И. Электротехника. Оқу құралы, Алматы, «Эверо» баспасы, 2005ж.

4. Ахметов А.Қ., Ахметова Ә.А., Қабақова Т.А. Электротехника. Астана, Ақмола полиграфия баспасы, 2010ж.
Қосымша
5. Касаткин А.С. Электротехника. – Москва.: Высшая школа, 2000г.

6. Немиров М.В. Электротехника. – М.: 2004г.

7. Синдеев Ю.Г. Электротехника с основами электроники. Учебное пособие. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005г.

8. Жармагамбетова М.С., Джабагина З.К., Садыбекова Г.Г., Койшибаева К.Ж. Электротехника және электроника. Зертханалық практикум. Оқу құралы, Алматы, ҚазККА, 2008ж.

4. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
4.1 Оқытушының талаптары
Оқытушы талаптары:


  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.



4.2 Бағалау критерийлері
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау әр тарау соңында өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Аралық бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:



Аттестациялау кезеңі

Ауызша сұрау

(Математикалық диктант, коллоквиум).

Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

Өз бетімен орындайтын үй жүмысы

Рейтинг 1

100

100

100

100

Рейтинг 2

100

100

100

100

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


,
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған



4.3 Аралық және қорытынды бақылауларға арналған материалдар
Қорытынды бақылау жасауға арналған мәліметтер дәрістер курсының сұрақтарынан турады

  1. Электрлік энергия, оның ерекшеліктері және қолдану аумағы.Қазақстандағы электр энергетикасының даму жолдары. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Электр тізбектері, олардың элементтерінің шартты графикалық белгіленуі.

  2. Электрлік тізбектегі процестерді сипаттайтын негізгі ұлғаюлар. Электрлік сұлбалардағы кернеулер мен токтардың, ЭҚК – нің дұрыс бағыттары.

  3. Тұрақты токтағы сызықтық тізбектер. Потенциалды диаграмма. Қабылдағыш пен көз энергиясы. Қуат. Қуат балансы. Электр тізбегінің КПД. Тұрақты ток тізбегі үшін Ом және Кирхгоф заңдары.

  4. Электр тізбектерді есептеудің әдістері. Баламалы түрлендіру әдісі. Кирхгоф заңдарын үнемі қолдану әдістері. Контурлық токтар әдісі. Түйіндік потенциалдар әдісі. Реттеу әдісі. Баламалы генератор әдісі

  5. Айнымалы синусоидал ток. Негізгі түсініктер. Алгебралы, тригонометриялы және экспотенциалды формадағы синусоидалдық ұлғаюды кескіндеу. Комплекстік жазықтықтағы синусоидалдық ұлғаюды графикалық кескіндеу.

  6. Айнымалы синусоидал ток тізбегіндегі R, L, C идеалды элементтері. Аналитикалық білдіру, графиктер, векторлық диаграммалар. Идеал элементтерді тізбектей қосу. Есептеудің графикалық және аналитикалық әдістері.

  7. Айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңы. Кернеу, кедергі, қуат үшбұрышы. Қуат коэффициенті. Векторлық диаграммалар.

  8. Айнымалы ток тізбегінің тармақталған аймағы. Активті, реактивті және толық өткізгіштік. Өткізгіштікті алгебралық және экспотенциалдық формада кескіндеу.Өткізгіштік үшбұрышы

  9. Айнымалы ток тізбегін аралас жалғау. Тұрақты токтың күрделі тізбегін есептеу әдістері. Элементтерді параллель және тізбектей жалғаудағы резонанс.

  10. Үшфазалы жүйе. ЭҚК – нің үшфазалы жүйеде кескіндеу. Көз фазалары мен үшфазалы токты қолданушыларды жалғау әдістері. Үшфазалы ұлғаюды Аналитикалық және графикалық кескіндеу. Төрт және үш сымды үшфазалы жүйе.

  11. Үшфазалы токты қолданушыны жұлдызша жалғау. Симметриялық және симметриялық емес тәртіптер туралы түсінік. Нейтралдарды араластыру. Үшбұрыштарды қолданушыларды жалғау. Үшфазалы ток тізбегіндегі қуат.

  12. МҚК-і бар магниттік тізбек. Электр магниттік индукция құбылысы. Индуктивтік және өздік индуктивтік. Магниттік тізбектегі физикалық құбылыстар. Орынбасарлық сұлба және векторлық диаграммалар.

  13. Бір фазалы трансформатор. Құрылымы, әрекеттік парқы. Біріншілік және екіншілік орамалардың электрлік жағдайының теңдеуі. Келтірілген трансформатор.

  14. Трансформатормен тәжірибелер. Бос жүріс, қысқа тұйықталу әлпілері. Сыртқы сипаттамалары. КПД. Трансформатордың векторлық диаграммасы.

  15. Электроника негіздері. Электронды шұңқыр өткел (p-n). Сыртқы кернеу кезіндегі жұмыс p-n. Сыймдылық p-n өткел. Өткелдің теориялық p-n мінездемесі. Өткелдің нақты p-n мінездемесі. Жартылайөткізгішті диод. Диодтардың түрлері. Диодтың негізгі параметрлері.

  16. Транзисторлардың түрлері,олардың жұмыс істеу принципі және құрылғылары. Транзистордың вольтамперлі мінездемесі. Транзисторды басқару және оларды қолдану ортасы. Транзистордың негізгі мінездемесі. Транзисторды қолдану облысы.

5 НЕГІЗГІ ОҚУ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ


Пәндерді оқыту барысында қолданылатын, оқу әдістері (технологиялары) көрсетіледі. Білім алушыларды ізденіске және білімді басқаруға тарту, түрлі міндеттерді өз бетімен шешуде тәжірибе жинау мүмкіндігін беретінтиімді педагогикалық әдістемелер мен технологиялардың ішінен мыналарды белгілеп көрсету керек:

  • проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары;

  • оқу-зерттеу қызметі технологиялары;

  • ақпараттық-коммуникативтік (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.

6 КЕҢЕС БЕРУ УАҚЫТЫ




  • оқытушының жұмыс графигі бойынша.

: files -> MethodBook
MethodBook -> 1.Әбішев К. А. Философия А., 2006ж. Бөрібаев Т.Қ. Ұлт менталиенті. А.,2002ж
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық: 5В070500 Математикалық және компьютерліқ улгілеу Оқу түрі: күндізгі Өскемен Усть-Каменогорск 2013
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Жылу техникасы
MethodBook -> Д. Серікбаев атындағы ШҚмту «Көлік және логистика» кафедрасы
MethodBook -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
MethodBook -> «Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы, машинажасау және көлік факультеті
MethodBook -> Ф1 и вкгту 701. 01-01-1-2011
MethodBook -> Ғылым философиясы және тарихы
MethodBook -> Дәріс сабағының құрылымы: Дәріс №1,2 Тақырып




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет