Студенттердің эмоционалды сферасын зерттеу әдістері



Дата17.04.2016
өлшемі107.93 Kb.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ СФЕРАСЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Дакина Г.Т.

Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті


Кез келген мемлекеттік стратегиялық мәселелердің бірі – ол өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты алдындағы міндеттерді өз бетінше шеше білуге қабілетті етіп тәрбиелеу. Бұл тек өзін-өзі реттеудің деңгейінің жоғары болуында ғана мүмкін болады және ол өмір ағысында белсенді субьект ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Өзін - өзі реттеудің ядросына эмоционалды сфераның реттелуіжатады

Қазіргі заманда әлеуметтік экономикалық талаптарға бейімделудің қиындығы және адамзаттың өмірдің күрделі мәселелерін шешуге дайын eмecтiгi түрлі күйде туатын психикалық күш жұмсауды күшейтеді. Тұлғаның эмоционалды сферасының ерекшеліктері көп жағдайда адамның өмірлік сферасына ықпал етеді. Жоғары оқу орнындағы оқыту формалары, әдістер, интеллектуалдық қызмет мазмұнын бекітетін аса жоғары талаптар студенттердің жүйке жүйесіне шамадан артық күш түсіріп, оқу нәтижесіне ықпалы етеді.



Қазіргі таңда студенттердің әртүрлі эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Өйткені эмоционалды даму студент тұлғасын толыққанды қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Эмоционалды сфера өте күрделі мәселе болғандықтан, ол терең де арнайы кешенде зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты обьективті түрде туындап отырған қарама - қайшылықтарды бөліп көрсетуге болады:

- эмоционалды сфераны зерттеудің жоғары дәрежеде қалыптасқан жоғары оқу орны студенттерінің қажеттіліктерімен олардың эмоционалды тұрақтылық үрдісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін зерттеу базасы жеткіліксіздігі арасында;

- жоғары оқу орындарында студенттердің эмоционалды сферасын зерттеу нәтижелерін бағалаудағы өлшемдер деңгейінің қалыптаспауы;

- жоғары оқу орындарында студенттердің эмоционалды сферасын зерттеулердің тиімділігін арттырудағы педагогикалық - психологиялық шарттардың жасалмауы.



Эмоционалды сфера организмнің өмірлік қызметінің белсенді формасын қамтамасыз ететін негізгі реттеу жүйесінің бірі. Эмоция қоршаған ортаның кез келген ықпалын тез бағдарлайды. «Эмоция (франц. emation, лат. enoveo – толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіргендіргіштер әсеріне реакциясы, қоршаған ортамен қарым- қатынасы негізінде пайда болатын көңіл - күй. Эмоцияның жоғары түрі адамның іс - әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Жағымсыз эмоция адамның іс - әрекетіне азды - көпті зиян келтіреді. Олар қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үмітсіздену, үрейлену т.б. [1]. Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады.

Эмоционалды аймақтың проблемасы адамды әуел бастан-ақ қызықтырды. Өйткені, нақ осы біздің эмоцияларымыз сол немесе өзге істерді орындауға және шешім қабылдауға итермелейді. Психология ғылымының жас ғылым екендігіне қарамастан, психологиялық білімдер төркіні антикалық философтар мен дәрігерлер еңбектерінен бастау алады. Ежелгі грек философы Платон, эмоциялар жоғары интеллектуалды және төменгі қанағаттануларға бөлінетіндігін көрсетті.

С.Л. Рубинштейн өз теориясында эмоцияны қажеттіліктердің болуының субъективті формасы деп көрсетеді. Бұл дегеніміз - мотивация субъектіге эмоционалды құбылыс түрінде ашылады да оларға қарай іс-әрекетті бағыттайды [2].

А.Н.Леонтьев эмоцияны іс-әрекет жүйесінде қарастырды. Ол: Эмоциялар - өзіне іс-әрекетті бағындырмайды, қозғалыстың «механизмі» және «нәтижесі» болып табылады деп көрсетті. Эмоциялар ішкі сигналдар функциясын орындайды. Эмоция ерекшелігі, олар мотивтер арасындағы қатынасты бейнелейді.

В.А.Петровский жеке адамның «эмоционалды дамуының» екі аспектісін бөліп көрсетеді [3]:

1. эмоционалды күрделілікке адамның тартылуы;

2. өзге адамдармен эмоционалды бірлікті орнатуы.

Эмоционалды құбылыстардың маңызды тобын тұлғаның эмоционалды сапалары, оның эмоционалды сферасының жалпы тенденциялары, эмоционалдылығы құрайды.

Соныменен, эмоционалды сфера дегеніміз – адамдардың заттарға, құбылыстарға, басқа адамдарға деген қатынасының субьективті қобалжуы дегенді білдіреді.

Студент тұлғасы қалыптасуында іс-әрекет нәтижелілігінің төмендеуі өз кезегінде оның эмоционалды күйзелісі мен мазсыздануын күшейтеді, осылайша тұйық шеңбер пайда болады. Мазасызданудың жоғарғы деңгейі невротикалық сипаттағы түрліше функционалды бұзылуларға әкеп соғуы мүмкін. Біз мазасызданудың қолайсыздық қаупін алдын-ала сезумен байланысты, эмоционалды дискомфортты бастан кешу екенін анықтадық. Мазасыздық – қоркынышты эмоциналды түрде сезіну.

Эмоционалды сфера қобалжу және сезімнен тұрады [4]:. Кез келген қобалжу бұл индивидтің қандай да бір қажеттілікке қанағаттану үрдісін бағалау. Адамның эмоционалдық қобалжуы эмоция және эмоционалдық күйге бөлінеді. Д.О.Хебб адамның эмоционалдық қозумен практикалық әрекетінің табыстылығы деңгейінің арасындағы тәуелділікті эксперименталды жолмен анықтауға мүмкіндік алды. Әр адам үшін жұмыстағы тиімділікті қамтамасыз ететін эмоционалдық қозу дәрежесі болады. Эмоционалдық қозудың тиімді деңгейі көптеген факторлардан, әсіресе орындалатын әрекеттің шартына, ерекшелігіне байланысты. Аса әлсіз эмоционалды қозу әрекетті қажетті мотивациямен қамтамасыз етпейді, ал күштісі оны бұзып, тәжірибеде басқаруды мүмкін емес етеді.

Аффективті сфера — адамның өзіне және қоршаған шындыққы және өзіне деген қобалжулар жиынтығы. Б.Г.Ананьев өмірлік әрекет және еңбек ойланатын ғана емес, сезімтал адамдарға да арналған деп көрсетеді [5]. Қоғамның назарын ерекше аударып отырған кез-келген жеке тұлғаға жас ерекшеліктеріне байланысты қажеттіліктердің қанағаттанбауы, әлеуметтік өмір талаптарына сәйкес болмауы, қоғамдағы құндылық нормалық жүйенің бұзылуы, индивидке әлеуметтік қалып әсерінен төмен деңгейі, өздерін төмен немесе жоғары бағалауына ықпал етеді. Әрбір жеке тұлғаға өзгелермен әрекеттестікке түсе білуге, өзін тануға, анықтауға, өзгелер алдыңда өзін бекітуге жағдай құру бүгінгі таңдағы отбасы қарым-қатынасының барысында жүзеге асырылатын үрдіс болып табылады.

Адамның эмоциясы, сезімі басқаларға деген қарым - қатынасы қаншалықты маңызды болса да, қарым қатынас кезінде эмоциялық көңіл-күйді көрсету емес, ақпаратты беру маңызды.

Психологиялық күйді зерттеуші Н.Д.Левитов эмоциялық күйді барлық психикалық әрекеттер өтетін және қоршаған заттар мен құбылыстаға байланысты фон ретінде көрсетеді. Бұлар жеке адамның күйі мен даралық ерекшелігіне байланысты деп көрсетеді[6].

Ситуативті мазасыздану деңгейін төмендету үшін, ғалымдар музыкалық қозғалыс әдісін ұсынды. Бұл әдістеме бойынша, классикалық және халыктық музыкаларда қозғалысты понтомимикалық түрде кайта жаңғырту керек. Бұл эксперимент өзекті психологиялық калыптың өзгеруін көрсетті: яғни, жалпы эмоционалды тонның артуы және ситуативтi мазасыздану деңгейінің төмендеуі байқаған.

Келесі бір әдістеме САН (өзін-өзі сезіну, белсенділік, көңіл-күй) деп аталады. С.Д.Спилбергердің жекелік және ситуативті мазасыздануға арналған сынағы, К.Изардтың эмоцияны жіктеу әдістемесі.

Казіргі уақытта жеке адамды зерттеуде оқиғалы биографиялық көзқарас кең тараған. Бұл көзқарас жеке адам өмірінің ерекшелігін, оның нақты биографиялық ерекшеліктерін ерекше көрсетуге бағытталған. Оқиғаларды бастан кешіру тәсілі жеке адамның психологиялық тағдырын анықтайтын болады. Бұл бағытта жұмыс жасағандар Б.Г. Ананьев, оның әріптестері және оқушылары болды. Олар жеке адамды өмірлік жолдың субъектісі ретінде қарау тәсілін жасады. Оқиға ұзақ уақытқа маңызды шешім қабылдайтын бұрылысты кезең.

Іс-әрекет нәтижелерінің талдауы арқылы өткізілетін психодиагностикалық әдістерінің бірі болып – контент - талдау болып есептеледі. Бұл жерде алдын - ала белгіленген сызба бойынша сыналушының жазбаша жұмыстары, шығармалары, хаттары, мағыналы талдауға түседі. Контент - талдаудың міндеті - адамның жазбаша шығармашылығы ақылы психологиялық мінездемесін анықтау және оған баға беру. Жазбаша жұмыстардың сұрыптау әрекеттері материалдағы кейбір элеметтердің жиі кездесетіндігінде, кейін олардың жиілігі есептеліп, психологиялық қорытынды жасалады. Қазіргі кезеңде контент - талдау аудио-бейне талдауда кеңінен қолданылады.

Эксперименттің психодиагностика әдістер ретіндегі ерекшелігі сыналушының кез - келген қасиетін бағалау үшін арнай психодиагностикалық эксперименттің өткізілуі болып табылады. Мұндай эксперимент әрекетіне сыналушының бойындағы зерттеуге алынған қасиеті айқын байқалуы үшін жасанды жағдай енгізіледі.Психодиагностикалық экспериментті ұйымдастырып өткізудің нәтижесінде зерттеуші сыналушы туралы арнайы эксперименттік жағдайдағы бақылау арқылы, қалаған мәліметтерін ала алады.Қолданылатын тесттік тапсырмалардың типіне байланысты әдістемелер келесі топтарға бөлінеді: сауалнамалы (мұнда сыналушыға арналған сұрақтар кіреді), бекітуші (сыналушы келісетін немесе келіспейтін ойлар қолданылады), өнімді (сыналушының белгілі бір шығармашылық жұмысы қолданылады: ауызша, бейнелі, т.б.); әрекеттік (сынаушы орындауға арналған кейбір әрекет жасайтын тапсырмалар алады); физиологиялық (психодиагностика ағзаның еріксіз физикалық реакцияларын талдау негізінде өткізіледі).

Эмоцияның сапасын физиологиялық көрсеткіш бойынша диагностикалауға бола ма деген сұрақ ғалымдар арасында әлі зерттелуде. Бірқатар ғалымдар эмоционалдық қобалжу сапасы көп жағдайда физиологиялық көрсеткіштердің реактивтілігі және интенсивтілігімен анықтала бермейді.

П.В.Симонов «біздің жағымды, жағымсыз эмоциялардың физиологиялық механизімі туралы шынайы білімдеріміз көп жағдайда шектеулі болып қалады» дейді. Адамның қобалжуы және түйсінуі жөніндегі қарама қайшылықтар сезімдік шаршау үлгісінде беріледі. Кейбіреулер жұмысқа қабілеттілік және шаршау көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылықтарға зейін аударады [7]..

Ал басқа зерттеулерде өзіндік көңіл күйді бағалау әдістемесі бойынша адамның нейродинамикалық және темперамент ерекшелігіне байланыстылығын көрсетті. Адамның эмоционалды сферасын зерттеудің психологиялық әдістері негізінен сауалнамаларға негізделеді және адамның эмоционалдық ерекшеліктерін анықтайды (ондағы эмоцияларды және эмоцоналдық тұрақтылыққа байланысты).

А.Е.Ольшанникова зертханасында эмоционалдылықты зерттеудің төрт әдістемесі (сауалнамалар) құрастырылды: үшеу - жетекші эмоцияның модальдылығын анықтау үшін және біреуі-эмоцияның (экспрессивтілікті) көріну құралын анықтау үшін [8]. Бұл әдістемелердің диагностикалық күшіне сенімсіздік танытқан кейбір зерттеушілер қосымша эмоцияны хронологиялық тіркеу әдісін (эмоционалды күнделік) қолданды, сыналушыға бір ай бойы хронологиялық тәртіпте белгілі бір көрсеткіштер тәртібімен күнделікті өмірде көрінетін өзінің эмоциясын тіркеуді ұсынды. Сыналушы арнаулы бланкіге өзінің эмоционалды қобалжуын, белгісін, интенсивтілігін, іс- әрекет түрін жазып отырды.

Эмоцияны бет әлпет экспрессиясы бойынша тануды анықтау үшін әдістеме құрастыруға алғашқы қадам жасаған Э.Боринг,Э.Тиченер болды. Олар 1859 жылы неміс анатомы Т.Пидерит құрастырған схемалық суреттерді қолданды. Олар беттің жеке бөліктерінің бейнесін өзара ауыстырып және араластырып, мимикалық көрсетудің 360 сызбасын алды. Біірақ түрлі эмоцияларды тануда алынған дұрыс жауаптар 26 дан 57%ға дейін аса жоғары болмады. 1970 жылы Калифорния университетінде П.Экман және т.б қысқаша атауға ие болған әдіс FAST (Facial Affect Scoring Technique) құрастырды.Тест бет әлпет экспрессиясының әрбір алты эмоция үшін: ыза, қорқыныш, жек көру, таңдану, қуаныштың фотоэталондар атласын қамтиды.

В.А.Лабунская эмоционалдық күй экспрессиясының вербальді фиксация белгілерінің әдісін жасады. Бұл әдіс әлеуметтік перцепция аймағында психологтар кеңінен қолданатын сөздік портрет әдісінің нұсқасын бейнелейді. Зерттеуге қатысушыдан тапсырма орындауда басқа адамның әр түрлі ерекшеліктерін сипаттау талап етіледі.Сыналушының алдына алты эмоционалдық күйдің экспрессивті белгілерін сипаттау мақсаты қойылады : ыза, қорқыныш, жек көру, таңдану, қуаныш. Ол басқа адамның эмоционалдық күйін бағдарға алатын экспрессивті белгілерді атауы тиіс. Лабунская көрсеткендей экспрессивті мінез құлықты талдау белгілерді саналы табуда әрқашан мақсатты түрде жүзеге асырыла бермейді. Сондықтан экспрессивті мінез құлықты тану ерекшеліктерін нақтылау үшін эталондарды зерттеуге көзқарас моторлық, кинестетикалық, эмитация және экспрессияның графикалық бейнесінің көмегімен жүзеге асады. Дегенмен экспрессивті мінез құлықтың моторлық эмитациясы эталондар экстериозациясы әдісі ретінде шынай болғанмен, оған талдау жасау қиын. Сондықтан бұл жағдайда зерттеуші психикалық күйдің кинестетикалық эталондарын талдау мақсатында қозғалыс тілін аударуға мәжбүр болады.

Осы әдістің негізіне ерікті графикалық ассоциацияланған - пиктограмма әдісі жатады. Пиктограмма өзінің сыртқы сипаттамасы бойынша экспрессивті күй бейнесіне жақын (пиктограмма-бұл экспрессия бейнесі), және пиктограмма кенеттен іске қосылады және қалыптасады. Экспериментте сыналушыға сөздер тізбегі көрсетіледі маңызын және мағынасын олар графикалық түрде бейнелеуі тиіс: ыза, қорқыныш, жек көру, таңдану, қуаныш. Сөздер арасы 10 секунд интервалмен оқылады. Мысалы: «қуаныш» сөзіне күн бейнеленеді. Графикалық фиксация әдісінің өзіндік артықшылықтары бар, адам сөзбен жеткізуге қиындық туғызатын нәрселерді бейнелей алады. Сонымен қатар пиктограмманың кемшілігі тапсырманы табысты орындалуы адамның көркемдік қабілетіне көп жағдайда байланысты.

Психологияда эмоционалдық күйді анықтауда қолданылатын психодиагностикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктерімен белгілі бір талаптар жүйесі бар. Аталған әдістер зерттеу әрекетінің қатаң жұмыс тәртібімен (ережеге қатаң ұстану, ынталандыру материалын ұсынудың анықталған тәсілдері, сыналушының әрекетіне зерттеушінің килікпеуі); Үлгімен (нәтижелерді юағалаудың өлшемдері мен басқа белгілер), сенімділік және валидтілік пен сипатталады. Стандартталған әдістер адамды басқалармен санды және сапалы түрді салыстыруға болатын диагностикалық ақпаратты өте қысқа мерзімде жинауға мүмкіндік береді.

Мақсатқа жету жолында кедергілер пайда болған жағдайдағы адам қылықтарының ерекшеліктері «Розенцейгтің суреттік тесті» арқылы бағаланады. Ересектер мен балаларға арналған тесттерде екі түрі бар. Ынталандыру материалы болып, әр түрлі тұлғааралық әрекеттестік жағдайлары бейнеленген суреттер салынған. Сынлушы басқа кейіпкер үшін жауап қйтару керек. Сонымен қатар, тест субъект агрессиясының ерекшеліктерін анықтайды. Тес құрастыру барысында мотивациялық үрдістердің өлшемі ретіндегі қиял мен қабылдаудан басқа түрткі мен бөгетті салыстыру ұстанымы қолданылған.

Түстер тестін қолдану. Адамның эмоционалдық күйіне байланысты көздің түс сезімталдылығында белгілі өзгерістер болады. Л.А.Шварц көз семімталдығының қызыл – сары түс спектрінің бөлігіне жағымды эмоциясының артуымен және көк жасыл бөлікке сезімталдықтың жағымсыз эмоциясы арасындағы байланысты көрсетті. Люшердің сегіз түсті проективті тесті. Люшер тесті зерттелушіні белгілі іс-әрекетке, көңіл-күйге, функционалдық қалыпқа және жеке бастың неғұрлым берік қасиеттеріне жиі бағытталғанын көрсетуге негізделген. Түске эмоционалдық қатынас оның қалауымен не қаламауымен мінезделеді, ол психодиагностикада есептеледі. Түстің әсер етуі адамда физиологиялық және психологиялық эффект тудырады. Люшер тесті зерттелушіні белгілі іс-әрекетке, көңіл- күйге, функционалдық қалыпқа және жеке бастың неғұрлым берік қасиеттеріне жиі бағытталғанын көрсетуге негізделген.

Қазіргі психология - педагогика ғылымының қарастыратын сұрақтарының көптігіне қарамастан, жоғары оқу орны студенттерінің эмоционалдық сферасын зерттеу жолдарымен тәсілдері әлі де жете зерттелмеген мәселелердің қатарында қалып отыр. Оны шешу жоғары оқу орнында студенттердің эмоционалдық сферасын зерттеуді есепке алуды талап етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Аболин JI.M. Психологические механизмы эмоциональной устойчивости человека. Казань: Изд. Казан, ун-та, 1987. - 261 с.

  2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб.:ПИТЕР,1999.- 54 с.

  3. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. – М.: Политиздат, 1982. – 225 с.

  4. Джакупов С.М Управление познавательной деятельностью студентов в процессе обучения. Алматы, 2002 .- С. 17- 187

  5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды (Под рук. А.А.Бодалева и др.) В 2-х тг. - М, 1980, т 1.

  6. Левитов Н.Д. Фрустрация как один из видов психических состояний //Вопросы психологии. - 1992. -№ 6. - С.168-173.

  7. Симонов П.В. Адаптивные функции эмоций // Физиология человека. - 1996. - № 2. - С.5-9.

  8. Олышанникова А.Е. К психической диагностике эмоциональности. // Проблемы общей, возрастной и педагогической психологии. М.: Педагогика, 1978.- С. 93-105.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет