Студенттің өзіндік жұмысы



жүктеу 1.51 Mb.
бет4/14
Дата25.04.2016
өлшемі1.51 Mb.
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
: CDO -> OBSOJ -> Geo
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
Geo -> Медициналық география» пәні бойынша 050116-«География» мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөЖ және емтихан тапсырмалары
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> Гуманитарлық білім” факультеті География және қоғамдық пәндер” кафедрасы
Geo -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Geo -> «Гуманитарлық білім» факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы

Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау – СӨЖ – есептері, жаттығулар, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), глоссарий (Г), коллоквиум (К) – оқытушыға тапсыру кестесі: әр аптада:
Сәрсенбі–

Әд е б и е т т е р.



а) негізгі:

1. Мильков Ф.Н.. Гвоздецкий Н.А. Физическая география СССР.Общий обор. Европейская часть. М., Высшая школа, 1986

2. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. Азиатская часть.М., Высшая школа.1987

3. Власова. И.Г. СССР-дың физикалық географиясы.М., Алматы.1965.

4.Земля и человечество. 1985

5.Географияеский энциклопедической словарь. М., Изд-во “Советская энциклопедения”,1988

6.А.Б Афанасьев. Зоогеография Казахстана. Алматы 1960 г

7.А.С Бейсенова. Исследования природы Казахстана. Алматы 1979

8.А.С Бейсенова. Физико- Географическое исследование Казахстана Алматы 1971 г

9.В.Ф Беспалов. Геологическое строение Казахской ССР Алма-Ата, Наука. 1971г

10.А.Ф. Ковшар., В.А.Ковшар. Қазақстандағы жануарлар әлемі.

11.Долгушин А.И. Қазақстан жануарлар әлемі. А.,1982.

12.Гаврилов Э.И. Қазақстан Республикасы құстарының анықтамасы. А.,2000.

13.Қазақ ССР Қызыл Кітабы 1-2 томы. А.,1991.

14.А.Ф. Ковшар. Қазақстан қорықтары. А.,1989.


Семинар.

Бірінші аралық бақылау




Тақырыптар


Сағат саны

Бақылау

түрі

Өткізіле-тін

күн


Ұпай

саны

1

ТМД-ның георафиялық орны халқы және саяси әкімшілікке бөлінуі

1. Георафиялық орны, шекаралары

2. Халықтардың орналасу аймақтары

3. Саяси әкімшілікке бөлінуі



1

Картамен жұмыс

1 апта

2,0 балл



2

ТМД-ы аймағын шайып жатқан теңіздерді картада кескіндеу

1. Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері

2. Тынық мұхит теңіздері

3. Ішкі теңіздер



1

Картамен жұмыс

2 апта

2,0

балл




3

ТМД-ның жер бедеріндегі басты көріністер

1. Платформа ұғымы

2. Геологиялық және тектоникалық карталардың мазмұны

3. Жер сілкіну, вулканизм аймақтары



1

Картамен жұмыс

3 апта

2,0 балл



4

ТМД-ы климатын сипаттайтын негізгі элементтер

1. Ауаның температурасының таралуы

2. Жауын –шашынның таралуы

3. Ылғалдану коэффициенті



1

Картамен жұмыс

4 апта

2,0

балл




5

ТМД-ның өзендер өмірі және әрекеті

1. Өзендердің су жинауы және режимі

2. Өзен өрісінің өріс алуы және эрозия

3. Көлдер, батпақтар



1

Картамен жұмыс

5 апта

2,0 балл



6

ТМД-ы аймағындағы топырақтың ең басты типтері

1. Топырақ ұғымы

2. Топырақтың механикалық құрамы

3. Топырақ типтері



1

Картамен жұмыс

6 апта

2,5 балл



7

ТМД-ның табиғат ресурстары

1. Табиғат ресурстары ұғымы

2. Табиғат ресурстарының түрлері

3. Қорықтар мен заказниктер



1

Картамен жұмыс

7 апта

2,5 балл



І. Аралық бақылау 15 балл



1-апта. Бағалау балы –2.0



Тақырыбы: ТМД-ның георафиялық орны халқы және саяси әкімшілікке бөлінуі

1. Георафиялық орны, шекаралары

2. Халықтардың орналасу аймақтары

3. Саяси әкімшілікке бөлінуі


1. ТМД – солтүстік жарты шарда, Еуразия материгінің солтүстік бөлігіне орналасқан. Оған Балтық теңізіндегі, Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттардың теңіздеріндегі көптеген аралдар жатады. Еліміздің қиыр оңтүстіктегі ең шеткі нүктесі ТМД мен Ауғаныстанның мемлекеттік шекарасында, Кушка қаласы маңында,солтүстік нүктесі – Челюскин мүйісі (Таймыр түбегі). Аралдардағы ең қиыр солтүстік нүктесі – Франц-Иосиф Жері архипелагының Родольф аралындағы Флигели мүйісі.ТМД-ның қиыр батыстағы шеткі нүктесі – Калининградтан батысқа қарай Балтық құм қайырына, ал ең шығыс нүктелері – Дежнев мүйісіне (Чукот түбегі) және Беринг бұғазындағы Ратманов аралына тіреледігән картада кескәндеу.

ТМД құрлықта он төрт шет елдік мемлекетпен және 3 – Балтық маңы мемлекетпен шектеседі. Мемлекеттік шекараның ұзындығы 60 мың км-ден асады,құрлықтағы шекарасы -17 млн.км.2, теңіздік шекаралары -43 мың км-ге созылып жатырғандығын картада кескіндеу.

2. ТМД теориясы адам мекендейтін бүкіл құрлықтың алтыдан бірін қамтиды. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 4,5 мың км, батыстан шығысқа 10 мың км дерлік жерге созылып жатыр.

ТМД теориясының көпшілігі солтүстік жарты шардың орта ендіктерінде, яғни қоңыржай климаттық белдеуге орналысқандығын картада кескіндеу.

3.ТМД-ы елдірінің аймағында 12 мемлекет кіреді олардың шекараларын, мемлекет астаналарын картада кескіндеу.

2-апта. Бағалау балы - 2.0
Тақырыбы: ТМД-ы аймағын шайып жатқан теңіздерді картада кескіндеу.

1.Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздері онша терең емес. Бұл теңіздер – шельфтік теңіздерге жатады. (Печораның, Обьтің, Енисей).

Солтүстік теңіздердің жағалары әр түрлі: Кола түбегінде биік, жартасты, тар фьордтармен тілімделген; Жаңа Жер аралы мен Таймыр түбегінің жағалары да осындай. Теңіз жағаларының көпшілігі ойпатты, әрі тегіс; олар шығанақтармен қатты тілімденген. Колыманың сағасынан шығысқа қарай жаға тік жарлы, таулар кей жерлерде тура теңізге келіп тіреледі. Теңіздерде Жаңа Жерден басқа үлкен архипелагтар – Солтүстік Жер және Жаңа Сібір аралдары, ал Қиыр Шығыста Врангель аралы жайласқандығын картада кескіндеу.

2.Тынық мұхит теңіздерінің бұл теңіздер геосинклинальдық аймақтағы жарықтарды бойлап төмен түсуінің, сонымен бірге ішінара солтүстіктегі сияқты құрлықты су басуының нәтижесінде пайда болған. Бірінші жағдайда ғана олар өте терең. Теңіздердің шет жақтарында вулкандық жолмен пайда болған аралдар көп. Бұл теңіздердің түбі мен жағалаулары жиі-жиі жер сілкінуге ұшырап отырады. Аралдар вулкандар түтіндеп жатады. Су асты жер сілкінулері кейдй орсан зор теңіз толқындарын – цунамиді тудырады. Тынық мұхитының теңіздерін картада кескіндеу.

3. ТМД-ның батыстағы, оңтүстіктегі теңіздері Балтық, Қара,Азов, Жерорта теңіздері,шығыста шөлді құрлыққа Қара-Бұғаз-Гол шығанағы теңізі, Каспий, Арал теңіз-көлін картада кескіндеу



3-апта. Бағалау балы -2.0
Тақырыбы: ТМД-ның жер бедеріндегі басты көріністер

1.Жер қыртысы құрылысының сипатына және қозғалыс күшіне қарай біршама тұрақты және анағұрлым жас қозғалмалы учасклерге бөлінеді. Тұрақты учасклер – платформалар, қозғалмалы учасклер-қатпарлы таулы аймақтар. ТМД аймағының көп жерді Батыс Сібір жазығы алып жатыр. Одан батыста Орал таулы белдеуі орналас-қан,Оралдан батысқа қарай Шығыс Еуропа немесе Орта Сібір таулы үстірттерін картада кескіндеу.

2. Жер қыртысы біртектес емес. Оның біртектес болмауы – ең ежелгі уақыттардан бергі өзгерістерінің нәтежиесі. Жер қыртысының пайда бол уақытын геологиялық уақыт дейді; оның ұзақтығы – 4,6 млрд. жыл.

Жер дамуының ұзаққа созылған геолгиялық кезеңдерін анықтауға мүмкіндік берді. Олар эралар деп аталады.Жер қыртысы дамуының геологиялық уақытын бес эраға: архей(ең ежелгі), протерозой(алғашқы тіршілік), палеозой (ежелгі тіршілік), мезозой (орта кезеңдегі тіршілік), кайнозой(жаңа кезеңдегі тіршілік) эраларына бөледі.Осы эралардың әр қайсысы ондаған, тіпті жүздеген миллион жылдарға созылған. Эралар бұдан қысқарақ уақыт кезеңіне – дәуірлерге бөлінгендігін геохронологиялық кестеде кескіндеу.

Тау түзілісі және оған қоса вулкандық әрекет пен тау жыныстарының метаморфоздануы жер қыртысы дамуының әр түрлі эраларында өткен.

Олардың ішіндегі ең маңыздыларын қарастырайық. Байқал тау түзілісі протерозойда басталып, палеозойдың басында одан әрі жалғасқан. Оның нәтижесінде ТМД территориясында Байқал маңы, Байқал сырты, Саян тау жүйелері, сонымен бірге Тиман бұйраты қалыптасқан.

Каледон, герцин, палеозой, мезозой, тау түзілісі тау түзіліген-дерін картада кескіндеу.

3. Жер қыртысындағы кенет ығысулар мен ыдыраулардың нәтежиесінде жер сілкінетін аймақтарды картада кескіндеу. Олар альпі қатпарлығы тауларының бүкіл белдеуінде – Карпатқа, Қырым, Кавказ тауларына, Копедтагқа, Памирге т.б. барынша сипаттады. ТМД аймағындағы қатты жер сілкінулер көбінесе қазіргі геосинклинальдық аймақта (Камчатка түбегі, Курил аралдары) байқалады. Тап сол жерде тек құрлықта ғана емес, теңіздердің түбінде де вулкан атқылап тұрады. Осыларды картада кескіндеу.




4-апта. Бағалау балы -2.0
Тақырыбы: ТМД-ы климатын сипаттайтын негізгі элементтер
1.Ауаның температурасының таралуы, жерге жұтылған және шағылған радияцияға ғана емес, сонымен бірге атмосфера циркуляциясына да байланысты.

ТМД-ның жайласқан орта және биік ендіктерде Күн радиациясының түсуі жыл мезгілдерінде қатты өзгеіп тұрады. Бұл Күннің тал түстегі биіктігінің және күннің ұзақтығының көп өзгеруіне байланыстылығын картада кескіндеу.

2. Ауа массалары үнемі жылжып, қасиеттерін өзгертіп отырады, дегенмен олардың араларында айтарлықтай анық шекара – енібірнеше ондаған километрге жететін өтпелі зоналар қалып отырады. Осы шекаралық зоналарды атмосфералық фронттар немесе жай ғана фронттар деп атайды. Фронт қандай болса да бір жердің үстінен өткенде, оның үстіндегі ауа массалары, соның арқасында ауа райы өзгеріп тұрадығын картада кескіндеу.

Орта ендіктерге фронттық жауын –шашындар өте тән келеді. Ол жерлерде фронттарда ұзындығы мыңдаған километр, ені жүздеген километрге баратын байтақ бұлт түзілістері пайда болып, тұтас қаптап орасан зор көлемді қамтитын жауын-шашын жауатындығын картада кескіндеу.

ТМД-ы аймағында жауын-шашынның таралуы ауның температурасы мен атмосфераның циркуляциясына тығыз байланысты. Сонымен бірге, ол көп жағдайда жер бедеріне байланысты. Таулардың жел жақ, яғни дел басым жаққа қараған беткейлерінде ауа жоғары көтеріледі де, онда жауын-шашын көбірек жауады.Қарама-қарсы (ық жақ) беткейлер, керісінше, құрғақ болады.

3. Жауын-шашынның жылдық мөлшерінің жартысынан астамы жылдың жылы маусымында жаңбыр түрінде жауадығын картада кескіндеу.

Қыста жауы-шашын аз болады. ТМД-ы 4 климаттық белдеуде: арктикалық, субарктикалық, қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқандығын картада кескіндеу.


5-апта. Бағалау балы - 2.0
Тақырыбы: ТМД-ның өзендер өмірі және әрекеті
1. ТМД өзендерінің көпшілігі аралас су жинайтын өзендерге жатады, қар: қар, жаңбыр және жер асты суымен толығып отырады. Жазықтағы өзендер қыста негізінен жер асты, көктемде еріген қар,ал жазда жаңбыр суымен толығады. Ал тау өзендері негізінен таудағы қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады.

Режиміне қарай ТМД өзендері үш топқа бөлінеді, олар: 1)көктемде таситын өзендер (Волга, Днепр, Колыма); 2) жазда таситын өзендер (Амур), 3) тасқын режимді өзендер (Кавказдың Қара теңіз жақ беткейіндегі өзендер).

ТМД-ның көпшілік өзендері жылына 2 айдан 8 айға дейін қатып жатады. Қиыр солтүстік –шығысындағы өзендер бәрінен бұрын қатады.( қыркүйектің аяғында) Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік- батысында эәне Қиыр Щығыстың оңтүстік шетінде өзендер 2-3 ай бойына қатып жатадығын картада кескіндеу.

2. Ағын су тау жыныстарын шайып, ағызып алып кетіп, үлкен әрекет етеді. Бұл процесті өзен эрозиясы деп атайды. Жоғарғы жағы әлдеқайда еңіс келетін және ағысы жылдам өзеннің арнасы едәуір тереңдейді, орта ағысында су шайған заттар тасымалданады (мұнда еңістігі шамалы); өзеннің төменгі ағысында құм және тұнба шөге бастайтын өзендерді картада кескіндеу.

ТМД-да көлдер өте көп,бірақ олар территория бойынша әркелкі орналасқан.

3. Қазаншұңқырлардың пайда болуына қарай көлдерді мынадай типке бөледі.Тектоникалық көлдер жер қыртысының майысып және жарылулардың төмен түсуінің нәтежиесінде пайда болған (Байқал, Ыстықкөл, Севан). Сөнген вулканның кратерінде вулкандық қазаншұңқырлар орналасқан. Мұндай көлдер Камчатка мен Кавказда көп кездеседі.



Мұздық көл шұңқырлары- Ладога,Онега көлдері. Көптеген ірі көлдер, мысалы Ладога, Онега, Севан және басқаларын картада кескіндеу.

Жер асты суларды, минералды суды, батпақтарды картада кескіндеу. деп атайды.




6-апта. Бағалау балы -2.5
Тақырыбы: ТМД-ы аймағындағы топырақтың ең басты типтері

1.Топырақтың қалыптасуы тау жыныстарының бөлшектеніп қопсуынан (үгілуінен) басталады. Осыдан пайда болған қиыршық тас немесе құмдарды шартты белгілермен картада кескіндеу.


2.Топырақты қарашіріктің мөлшеріне және механикалық құрамына қарай айыру. Қарашірік (гумус) – топырақ құнарының негізгі; онда өсімдікке қажет барлық қоректік заттар бар. Топырақтың беткі гумустық қарақошқыл қабаттарында 1 – 2-ден – 10 – 15%-ке дейін гумус бар. Топырақтың түрлі типтеріне гумус мөлшерінің түрліше болуы тән жағдай. Мысалы, күлгін топырақта гумус 1 – 4%, орманның сұр топырағында – 2,5 – 9%, ал қара топырақта – 4 – 15%. Осылардың түрлеріне қарап картадан көрсете білу


3.Топырақ сазды, саздақты, құмайтты, құмды болып бөлінеді. Ал механикалық құрамына қарай топырақ қойтасты, малтатасты, ұсақталған тасты деп бөлінеді.

Арктиканың шөл зонасындағы, тундраның глейлі, күлгін, шымдыкүлгін, орманның сұр және орманның қоңыр, қара қоңыр топырақтары, кейде тіпті қара түсті, құрғақ далада және шөлейттерде өсімдіктер күйіп кетеді. Шөлге өтпелі ашық-қоңыр түсті қоңыр топырақ, сұр-қоңыр және субтропиктік шөлдердегі сұр топырақ қарашірікке кедей (1%-тен аз), ақшыл, кейде тіпті ақ түсті болып келеді. Ылғалды субтропиктерге қызыл және сары топырақ тән. Тау топырағы биіктікке қарай алмаса отырып, Тек қана олардың механикалық құрамы қиыршықты, малта тасты, қойтасты, ал гумустық қабат онша қалың болмайды.

Осылардың түрлерін картада кескіндеу


7-апта. Бағалау балы- 2.5
Тақырыбы: ТМД-ның табиғат ресурстары

1.Жылудың, сондай-аң ылғалдың таралуымен территориялық табиғат комплекстерінің басқа да табиғат компоненттері: топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі тығыз байланысты болып келеді. Еліміздің территориясында климат жағдайларының өзгеруі топырақ пен өсімдіктердің ауысуына әсер етеді, ал өсімдіктердің өзгеруіне байланысты жануарлар дүниесі мен топырак; түрлері де өзгеріп отырады. Сөйтіп, табиғат зоналары солтүстіктен оңтүстікке қарай заңды түрде ауысып отырады.




  1. Арктиканың шөл зонасын картада кескіндеу

2.Тундра зонасын картада кескіндеу

3.Орманды тундра зонасын картада кескінде

4.Орман зонасын картада кескіндеу


5.Орманды дала зонасын картада кескіндеу

6. Дала, шөлейт, шөл зоналарын картада кескіндеу

7. Субтропиктер зонасын картада кескіндеу.



ОБСӨЖ



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет