Султанова нургуль камильевна



жүктеу 2.86 Mb.
бет1/17
Дата25.04.2016
өлшемі2.86 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

СУЛТАНОВА НУРГУЛЬ КАМИЛЬЕВНА

МУЗЫКА САБАҒЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ МОДЕЛДЕУ
Оқу- құралы

Семей - 2013

УДК 78. (075,8)

ББҚ 85.31Я7

С 89


Баспаға Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған (Хаттама № 4., 09.04.2010).
С89 Султанова Н.К. Музыка сабағын жоспарлау және модельдеу пәніне арналған. Оқу құралы. – Семей, 2013. – 232 бет.
Оқу құралының авторы:

Султанова Н.К. – Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология-педагогика факультетінің «Музыкалық білім» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент-профессор.
ISBN 9965-776-20-2

Бұл әдістемелік оқу құралында музыка сабағын жоспарлау және модельдеу пәнінің даярлығын жетілдірудің мәселелері қарастырылады. Автор жоғары мектепте еңбек еткен бірнеше жылғы тәжірбиесіне сүйене отырып, музыка мұғалімдерін бүгінгі заман сұранысына сай даярлау бағытында ғылыми негізделген ой тұжырымдарын баяндайды.

Музыка сабағын жоспарлау және модельдеу пәнінің әдістемелік құралы музыка мектептер мен колледждердің және сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, жаңашылдыққа жол ізденуші барлық оқырмандарға, жалпы музыка сүйер қалың қауымға арналған.

Пікір жазғандар:

Мәлібекова М.С. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің педагогика

ғылымдарының докторы

Мукушев Б.А. – Семей мемелекеттік педагогикалық институтының

педагогика ғылымдарының докторы



С

4905000000

00(05)-09

ISBN 9965-776-20-2

© Султанова Н. К., 2013;



ШМУ, 2013.
АЛҒЫ СӨЗ
Бүкіл адамзат атаулы ғылыми-техникалық прогесс керемет дамыған ХХІ ғасырға қадам басты. Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» атты Бағдарламасында сол арманның жүзеге аса бастағанын, алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығын көрсетіп берді. Ендігі міндет - өркениетті ел болу, әлемнің аузын айға білімдеген, ғылымы мен мәденеиті тұспалдаса дамыған, озық ой мен жетістіктерді қанжығасына байлаған – дамыған елдерімен иық тірестіру. Оны әрине, қоғамда лайықты орны бар, саналы, білімді де білікті бүгінгі жас ұрпақтың жүзеге асырары айнымас шындық.

Педагогтардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының сегізінші бабында: «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық-ғаламдық коммуникацияның желілерге шығу»-, деп атап көрсетілген. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау олардың кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Жоғары мектепте оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтердің қолында. Сондықтан олар педагогикаға «Жаңа технологиялар» терминін енгізіп жатыр. Жаңашыл педагогтердің негізгі мақсаты оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Осы орайда, жаңашыл педагогтердің педагогикалық технологиялары көптеп саналады: П.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының елге және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модульдік оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.Монаховтың, В.Беспальконың және тағы басқа көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Ал, қазақстандық Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаев, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионова, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбеков, Қ.Нағымжанова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылады. Бүгінгі күні оқытуды ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық –техникалық құралдарды (ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде «ақпараттық технология» деп атаймыз.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс- әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал, бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулерін тікелей байланысты болады. Педагогикалық технологияның басты белігісі мыналар:

1. Оқушының білім алу, даму басқа іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу.

2. Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтык мәселе болған.

Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдыңда тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Қазіргі таңда жалпы білім берудегі мұғалімнің алдыңда тұрған басты мақсат – сапалы терең білім берумен ғана шектелмей, өмірді еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп   жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Президенттің жолдауындағы: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Мемлекеттік білім стандартында да оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,  талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге жол салу.

Қазіргі мектеп жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

 

ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Жалпы бұл пән «Музыка сабағын жоспарлау және модельдеу», Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, психология-педагогика факультетінің «Музыкалық білім» кафедрасының 050106 Музыка мамандығы бойынша 2006-2007оқу жылынан бастап таңдау пәні ретінде іштей және сырттай оқитын 3 курс студенттерінің 6 семестрінен жүргізіліп келеді. Сондықтан да осы пәнге көмекші құрал ретінде арнайы оқу құралын жасап, онда жаңа педагогикалық технологиялық әдістерін қолданып жүрген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, оны музыка пәнінде белгілі тақырыптарға қолдану, соның ішінде «Музыка сабағын жоспарлау және модельдеу» жаңа педагогикалық технологияны оқып үйрену, меңгеру арқылы мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсетеді, оқып-үйретеді.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері:

- білім берудің мазмұнын жаңарту;

- мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру;

- ғылымның рөліне мән беру;

- оқытудың озық технологяисын меңгеру;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігіне қол жеткізу;

- баланың жеке қасиеттерін аша білу;

- білімді тереңдетуге жағдай туғызу;

- оқушының өз бетімен ізденуіне көңіл бөлу;

- дамыта, саралап, деңгейлеп оқытуға қол жеткізу;

- шығармашылық тұлға қалыптастыру;

Студент:


- өз ойын ашық айта білу;

- тұлға ретінде қалыптасады;

- өзін-өзі бағалай біледі;

- өз ісіне жауапкершілікпен қарайды;

- ортақ шешімге келеді;

- еңбекке араласады;

- бірін-бірі сыйлайды, санасады;

Музыка сабағын жоспарлау және модельдеу кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру, мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологиясыны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мына төмендегідей:



  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;

  • оқу бағдарламысының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;

  • оқу модульін құрастыру;

  • оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;

  • оқушылардың жаңа материалды меңгеру бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;

  • оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.

Педагогикалық технологияда музыка сабағын жоспарлау және модельдеу игеруге қойылатын жаңа міндеттерді меңгеру ең жоғары нәтижесіне жетуге мүмкіндік беретін оқу-тәрбие үрдісін ұтымды әрі үйлесімді жобалап,ұйымдастырып басқаруды жүзеге асыруға тікелей байланысты.

Жаңа педагогикалық жүйе жобасында оқытудың мазмұны, әдісі және түрі оқушының өзіндік танымдық іс-әрекет ерекшелігін есепке алып анықтауды қажет етеді. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жағдайындағы әдістемелік жүйеге толықтай қойылатын жаңа талаптар анықталып отыр:

1. Әдістемелік жүйені жетілдірудің қажеттілігі:

- оқытудың жаңа әдістерін дұрыс таңдау;

-оқытуды ұйымдастырудың формасын дәл анықтау.

2. Оқу мотивациясы мен белсенділігін қалыптастыру;

- оқушылардың танымдық қызығушылығын тудыра алу;

- оқушылардың ізденімпаздығын, шығармашылығын қалыптастыру.

3. Оқу іс-әрекетін басқару үрдісін жетілдіру:

- оқушының өзін-өзі басқаруы;



- оқушының өз әрекетіне өзіндік баға беруі.

ГЛОССАРИЙ


  • Модуль - латынның- «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі.

  • Модуль – пәнаралық әдістемелік – ұйымдастыру құрылымы болып, әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруде және оқу үрдісінде пәнаралық байлансыты қамтамасыз етеді.

  • Модуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;

  • Модуль – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі әдістемелік – ұйымдастыру құрылымының бірлігі.

  • Инновация - «инновацияны»-«жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады.

  • Модульдік технология – мөлшер, шамамен оқыту, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру, пән мазмұнын тереңірек меңгерту.

  • Модельдеу әдісі – заттар мен құбылыстардың, зерттеу объектісін өзімен ұқсастық қатынастығы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі.

  • Абстракциялау (дерексіздендіру) – Оның екі түрі бар: Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетін бөліп алу процесі.

  • Саралап оқыту – студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпыну.

  • Шаталовтың тірек сызбалары - көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы.

  • Музыкалық іскерлік – меңгерілетін білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу.

  • Музыкалық дағдылар – музыкалық іс-әрекетпен тікелей байланыстағы музыканы орындау тәсілдерінің жиынтығы.

  • Анкета – бұл арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы.

  • Реферат – жазбаша түрде немесе көпшілік назарына ұсынылатын, талқыналатын ғылыми жұмыс.

  • «Инновация» (innovatio) – латын тілінен аударғанда жаңарту, жаңғырту, жаңалықтар енгізу, болып табылады.

  • Модификациялық инновация – бұл арада қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен (Шаталовтың тірек сызбасы).

  • Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін қарастыру.

  • Радикалды инновация – білімге мемелекеттік стандартты енгізу. Мектеп алдында қойылып жатқан талап-тілектері түбірінен өзгерді, бұл өзгеріс прогрессивті оқыту әдістерін ендіруді талап етеді.

  • Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән.

  • Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

  • Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалдық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.

  • Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

  • Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабылдауға байланысты анықталды.

  • Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

  • Музыканы оқыту әдістемесі – болашақ музыка пәні мұғалімінің музыалық білім беру процестерінің әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеуге, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрететін пән.

  • Музыканы оқыту теориясы – музыкалық білім беру педагогикасының заңдылықтары мен негізгі қағидаларын зерттейтін пән.

  • Музыкант-педагогтың мәдениеті – түрлі педагогикалық көзқарастарды салыстыра білу, пайымдау және өзінің қорытқан пікірін қорғау, оны ғылыми негіздей алу қабілеті.

  • Абстракциялау (дерексіздендіру) – Оның екі түрі бар: Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетін бөліп алу процесі.

  • Саралап оқыту – студенттердің топпен, ұжыммен бірлесе отырып, өз беттерінше іздену, талпыну.

  • Шаталовтың тірек сызбалары - көрнекілік арқылы оқушылардың көзбен көріп, қолмен ұстау технологиясы.

  • Музыкалық іскерлік – меңгерілетін білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу.

  • Музыкалық дағдылар – музыкалық іс-әрекетпен тікелей байланыстағы музыканы орындау тәсілдерінің жиынтығы.

  • Анкета – бұл арнайы сұрыпталған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының логикалық құрылымы.

  • Реферат – жазбаша түрде немесе көпшілік назарына ұсынылатын, талқыналатын ғылыми жұмыс.

  • Шоқан Уалиханов (1835-1865 ж.ж.) – қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетін орыс, Батыс ғалымдарына танытуда ерекше еңбек еткен ғалым.

  • Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 ж.ж.) – қазақтың педагог-ағартушысы, қазақ халқының салт-дәстүрлерін ғылыми түрде зерттеп, мән-мағынасын ашқан.

  • Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) – қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ғұлама ақын, ағартушы-педагог, композитор, өнерді аса жоғары бағалап, ерекше құдірет тұтқан адам.

  • Ахмет Жұбанов (1906-1968 ж.ж.) – қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі сазгер, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнетану ғылымының докторы (1943), профессор (1948).

  • Мұқан Төлебаев (1913-1960 ж.ж.) - қазақтың аса көрнекті сазгері, қоғам қайраткері, ҚСРО халық артисі (1959), КСРО Мемелкеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны авторларының бірі.

  • Шәмші Қалдаяқов (1930-1992 ж.ж.) – аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі.

  • Әміре Қашаубаев (1888-1934 ж.ж.) – қазақтың атақты әншісі, өмірінің соңына дейін театрда әнші-артист болған.

  • Жұмат Шанин (1892-1938 ж.ж.) – режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ ССР халық артисі (1931).

  • Қалибек Қуанышбаев (1893-1968 ж.ж.) – сахна өнерінің саңлағы, Кеңес Одағының халық артисі, қазақ жас кино өнерінің өсуіне үлес қосты.

  • Елубай Өмірзақов (1899-1974 ж.ж.) – қазақ кеңес актері, домбырашы-әнші, киноактер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР халық артисі.

  • Манарбек Ержанов (1901-1966 ж.ж.) – қазақ кеңес әншісі (тенор), актер, мелодист-сазгер. Қазақ ССР халық артисі. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрын ұйымдастырыушылардың бірі.

  • Жүсіпбеков Елебеков (1904-1977 ж.ж.) – қазақ кеңес әнші-артисі (тенор), қазақ ССР Халық артисі, Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне (1936- 1949, 1958), сондай-ақ концерттік сапармен қытай халық республикасында (1950, 1955), Монғол Халық республикасында (1960), Үндістанда (1967) болды. 1967 жылдан бері қазақ эстрада студиясында (Алматы) педагог.

  • Құрманбек Жандарбеков (1905-1973 ж.ж.) – қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (1934 ж.., қазіргі Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры) ірге тасын қалаушылардың бірі.

  • Күләш Байсейітова (1912-1957 ж.ж.) – қазақтың әйгілі (лирикалық-коларатуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері.

  • Шара Жиенқұлова (1912-1991 ж.ж.) – биші, педагог, Қазақстанның Халық артисі, сахналық образдардың ішкі жан сұлулығын бидегі пластикалық шешіммен шебер шеңдестіре білді.

  • Шәкен Айманов (1914-1970 ж.ж.) – қазақтың әйгілі актері, режиссері, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ драматургиясында да, қазақ киноөнерінде де қайталанбас дара жолы бар тума талант.

  • RWCT – Қазақстанда, біз, жобаның ағылшын тіліндегі қысқартылуын қолданамыз – Reading and Writing for Critical Thinking, ал қазақша былай аударылады: «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту».

  • Баламалық тест-жауаптың үлгілері «иә-жоқ», «дұрыс-бұрыс» түрінде беріледі де, оқушы осылардың біреуін ғана таңдап алады.

  • Таңдамалық тест - бір сұраққа бірнеше (3-5) жауап беріліп, оның біреуі дұрыс болып, оқушы ең дұрысын тауып, дәлелдеп алуы керек.

  • Қосымшалық тест-белгілі тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігін тексеру үшін қолданылып, «қосымша» сөзді, нотаны тіркеуді қажет етеді.

  • Жұмбақтық тест - сөздерді, олардың мағынасын, қолдану аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін ажыратады.

  • Толықтырмалық тест - түсіріп қалған сөзді толықтыру шартымен байланысты.

  • Өлшемдік тест-оқушының білім дәрежесін тексеру үшін жүргізіледі. Бұл тест бойынша бір сұрақтың бірнеше жауабы беріледі.

  • ҚазОА – Қазақстан Оқу Ассоциацияясы.

  • СТО – сыни тұрғыдан ойлау.

  • ХОА - Халықаралық Оқу Ассоциациясы

  • НМ – нақты мақсат

  • ЖМ – жеке мақсат

  • МТ – Модульдік технология

  • ДП – дидактикалық принциптер

  • АП – арнайы принциптер

  • АТ – ақпараттық технология

  • Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

  • Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен

  • қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

  • Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдибеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

  • Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

  • Жоғарғы сыныптағы тиімді технологиялар - Өздігінен даму технологиясы        Бағдарлап оқыту технологиясы        Модульдік оқыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Оқытудың компьютерлік технологиясы

  • Орта сыныптағы тиімді технологиялар - Дамыта оқыту технологиясы        Проблемалап оқыту технологиясы        Модульдік оқыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы Түсіндіре басқарып оза оқу технологиясы   Тірек сигналы арқылы оқыту технологиясы

  • Бастауыш сыныптағы тиімді технологиялар - Дамыта оқыту технологиясы        Ойын арқылы оқыту технологиясы        Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Ақпаратты оқыту технологиясы Түсіндіре оза оқыту технологиясы   Зерттеу технологиясы   Көрнекілік технологиясы

  • Бағдарлап оқыту технологиясы        - Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет