Сведения о Восточно -казахстанской области



жүктеу 4.44 Mb.
бет24/47
Дата02.04.2016
өлшемі4.44 Mb.
түріСведения
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

Үржар ауданы


Урджарский район

Аудан туралы қысқаша деректер


Краткие сведения о районе

Үржар ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан, 1928 жылы ұйымдастырылған. Үржар ауданының орталығы Үржар ауылы (селосы) Тарбағатай тауының оңтүстік етегіне қоныс тепкен. Семей қаласынан 512 шақырым қашықтықта. Ең жақын Аягөз темір жол станциясы 175 шақырым. Бұл елді мекен 19-шы ғасырдың елуінші жылдары қазақ (казачье) поселкесі ретінде пайда болған. Әрі бұл арада 1867-79 жылдар аралығында Қытайдың сауда өкілдігі жұмыс істеген. Үржар арқылы Ташкент және Семей керуен жолы өткен болатын. Сондай-ақ 1905-15 жылы Қоныстандыру басқармасы орналасқан. Үржар аймағының тұрғындары Кеңес Үкіметінің құрылуына белсене қатысты. Коммунистік партияның 1-ші аудандық комитеті 1922-ші жылы 1-ші ақпанда, 1-ші болыстық Кеңестер съезі 1922 жылы қазан айының 6-да ашылды. Үржар ауданы Қазақстанның шығысындағы ең үлкен аудандардың біріне саналады. Осы өлкеде талай бір қиын да қилы кезеңдерде ерлігімен көзге түсіп, ел есінде қалған айтулы тұлғалар көп деп айтуға болады. Бұл арадан екі мыңдай жыл бұрын Ұлы Жібек жолы өткен әрі осы замандардан бері құрыштай берік дала халқы өсіп-жетілді. Бұл өлкеде баланы ерте жасынан ат ертоқымына отырғызып, оларды мықты отыруға үйретті, егер керек болса, қиын кезеңдерде өз жерін, анасы мен қарындастарын қорғауға қалыптастырды. Тағдырдың ауыр замандарында, аймақтың би мен батырлары салиқалы шешімдер қабылдап, ақындары ел бірлігін қолдаған өлең – жырлар шығарып, халықтың рухын көтерген. Жарбұлақ елді мекенінде туып-өскен Қабанбай батыр – сардарды тарих мәңгі ұмытпайды. Бүгіндері аса бір сүйіспеншілікпен қазақ халқы оны «Дарабоз», «Хан батыры» - деп атайды. Тарбағатай алқабы, суықты да, аштықты да, соғыстыда, күштеуді де көп көрді. Үржар өңірі табиғаттың анық бояуы деуге әбден болады, бір жағы жазиралы дала, енді бір жағы көкжиекке көлденең түсіп жатқан Тарбағатай асулары. Қыс алдымен тауда басталып,алғашқы қар құзарт белдерде жатады.


Көктем болса ең бірінші бауырындағы алқапқа келеді, ал шыңдар жаздың ыстығына дейін қармен демалады. Бұл жақтың адамдарыда еңбекқор және олжалы. Үржар станицасы 1854 жылы құрылған. Бұл арада бірінші болып Сібірден қоныс аударғандар, онан кейін Жетісу қазақтарының әскерлері тұрған еді. Кейінен Батыс Сібірдің шаруаларына бұл жаққа көшіп келуіне рұқсат берілді. Қазіргі уақытта облыс бойынша аудан – ең үлкен ауданның біріне жатады. 1999 жылғы санақ бойынша мұнда қазір 95350 адам тұрып жатыр. Қазір ауданда ауыл шаруашылығының жақсы жолға қойылуынан жергілікті экономиканың көтеріле бастағаны байқалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу жоғары деңгейде дамып, дүкендерге жергілікті өндірістің тамақ өнімдері көптеп түсуде. Сауда мен тұрмыстық қызмет көрсету, кәсіпкерлік кеңейе түсуде. Ауданның одан әрі өркендеп, дамый түсуіне, жаңа заманның құрылымдары; ЖШС «Юбилейный» - Т. Қарашев, «Келдімұрат» К. Қасенов, АҚ «Үржар-Астық» - Н. Коваленко, «Атамекен» фирмасының президенті - Ә. Садықов, «Бәкей» шаруа қожалығының жетекшісі – Т. Жирентаев, үлкен үлес қосуда. Бұлар 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғары наградаларының иегері атанды. Аудан басшылығы Үржар тұрғындарының денсаулығы мен білім алуына айтарлықтай қамқорлық көрсетуде. Қазіргі заманның медициналық құрал-жабдықтары мен компьютерлеріне жеткілікті түрде қаражат жұмсалуда. Соның арқасында ауданның мектеп бітірушілері Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарына көптеп түсуде. Ал бұлар Үржардың және еліміздің болашағы. Аудан экономикасының дамуы, жергілікті жердің мәдениеті мен спортының жедел дамуына әсер етуде. Тұрғындарға кеңінен танымал «Сонар», «Сельские зори», «Көңіл толқыны» ән-би ансамбілдері жұрт алғысын алуда. А. Найманбайұлы атындағы Мұражай аудан мақтанышы деп айтуға болады.
Жыл сайын аудан көлемінде «Жауқазын», «Тарбағатай – 2000» фестивалі жас дарындарды анықтау конкурсы өтіп тұрады. Бұған жеті мыңдай жас таланттар қатысады. Бұл өлкеде өзіндік тарихи бар қазіргі спорт түрлері де өте жақсы дамуда. Әрбір жылдарда әлем, Европа, бұрынғы Кеңес Одағы және Қазақстан чемпиондары түлеп ұшты. Егер айтар болсақ, Д. Тұрлыханов, Н. Яковлева, М. Майфат, Б. Қоңыратов, Г. Панина, Б. Битебаева, В. Камсулова және Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген тренер Қ, Дүйсенова. Ауданның олимпиадалық резерв мектебі, Қазақстан Республикасының, халықаралық жарыстарының, Азиялық және олимпиадалық ойындардың чемпиондары болған талай мықты спортсмендерді өсірді. Олардың ішінде: Д. Тұрлыханов, О. Яцкая, А. Иманбаев, Д. Баяхметов, А. Назаров, А. Шира, Е. Слямов және басқаларды айтуға болады. Олардың алтын және күміс медалдары Республикамызға әлемдік даңқ әкелді. Үржар, Кеңес Одағының батыры В. Колесников және он сегіз Социалистік Еңбек ерінің шыққан аймағы. Аудан жұртшылығы шынайы құрметпен және мақтанышпен академик Л. Садықованы, Ұлттық техника университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының корресппондент мүшесі М. Смайыловты, Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, медицина ғылымының докторы С. Байжановты, генерал – лейтенант И. Артемовты, қазіргі уақыттың үлкен жазушыларының бірі, К. Жұмәділовты, оның әріптесі А. Сәдуақасұлы, сазгер С. Тұрысбековты, Ғ. Даукенованы айта алады. Бұл аймақтың ауа-райы қатал және әдемі.
Сонымен қатар облыс көлеміндегі, толған алма бақтары гүлден десте жамылған жалғыз ғана аудан. Мамыр айында Тарбағатай биіктерінен алқызыл қар тау етектеріне қарай жылжығандай болады. Аудандық саз мектебі туралы Үржар аудандық балалар саз мектебі 1973 жылы құрылған. Мектеп қабырғасында 272 оқушы білім алса, 43 ұстаз еңбек етуде. Мақаншы, Жарбұлақ, Қарақол ауылдарында филиалдар жұмыс істейді. Мектепте фортепиано, скрипка, басқобыз, домбыра, қобыз, баян аспабы мамандықтары бойынша оқушыларды даярлайды. Мектеп өзінің: ҚР еңбегі сіңген әртіс композитор Г. Дәукенова, «Отырар сазы» оркестрінің музыканттары Қойлышев С., Нұрақов А. музыка аспабын жасау шебері Сатыбалдинов С., әншілер М. Нұрмұхаметова, Г. Темірбекова сынды түлектерін мақтан тұтады. Ұстаздар ұжымы П-ші облыстық «Шығармашылықтар бірлестіктер» конкурсының лауреаты. Жоғарғы білімді 10, орта арнаулы 33,1 категориялы 8, П-категориялы 22. 1991 жылдан КСРО халық әртісі, композитор Е. Рахмадиев атында. Музыка мектебінің ұстаздары «Көңіл толқыны» халық аспаптар оркестрінің құрамында аудан, облыс көлеміндегі барлық мәдени шараларға белсене қатысады. Музыка мектебінің оқушылары облыстық «Жас музыкант» конкусының жүлдегерлері. Мектеп мүдірінің орынбасары Кебіспаева М.Х. осы мектептің түлегі. Мектеп мүдірі: Өмірбаев Бақыт Әбенұлы. Аудандық ардагерлер кеңесі туралы Үржар аудандық ардагерлер Кеңесінде 26 мүше бар, ревкомиссияда 3 адам (төрағасы Жабаев Нақысбек, 3 тұрақты комиссия бар. аудандық ардагерлер ұйымында селолық округтар бойынша – 27, Мақаншы ішкі істер бөлімінде, Үржар кісі тасу паркінде барлығы 29 бастауыш ұйымдар бар. Аудандық ардагерлер Кеңесі өз жұмыстарын жоспар бойынша жүргізіп отырады. Жылына бір рет пленум, 4 рет әр тоқсан бойынша президиум мәжілістері. Аудан Әкімі Селиханов Д.М. ұйғаруымен барлық соғыс ардагерлері аудан Әкімінің орынбасарларынан бастап, бөлім меңгерушілері, мекеме басшылары, ауыл әкімдеріне, мектеп мүдірлеріне бекітілген.
2004 ж. Алматы қаласының ардгерлер кеңесінің, қалалық Акиматтың ұйғаруымен барлық соғыс ардагерлері мен оған теңестірілгенді аралап, олардың тұрмыс, әлеуметтік жағдайларын тексерген бастамасын біздің облыс аудандарында да жүргізді. Бұл істі атқару үшін аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау, денсаулық қорғау бөлімдерінің бірлескен мәжілісінде қарап іс-шаралары белгіленді. Селолық округтер бойынша кімге қандай көмек беру мәселелері белгіленіп олар іс жүзіне асырылуда.
Бүгінде ауданда 103 соғыс ардагері, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында екпінді еңбегі үшін медальмен марапатталғандар – 130, армияда болғандар – 23, соғыста қаза тапқандардың жесірлері – 17, соғыс жылдары кем дегенде 6 ай тылда жұмыс істегендер – 1087 адам анықталды.

Урджарский район, находится в Юго-Восточной части Восточно-Казахстанской области. Образован в 1928 году с Административным центром с. Урджар Урджарского района Восточно-Казахстанской области. с. Урджар, которое расположено у южного подножия западных склонов хр. Тарбагатай, в 512 км. от г. Семипалатинска. Ближайшая ж.-д. станция Аягуз находится в 175-ти км. Основано в середине 50-х годов IХХ, как казачье поселение; в 1867-79 гг. в нем находилось торг. представительство Китая. Через Урджар проходили караванные пути в гг. Ташкент и Семипалатинск, в 1905-15 располагалось Переселенческое управление. Жители Урджара принимали участие в установлении Советской власти: 1-й районный комитет Коммунистической партии создан 1 февраля 1922 года; 1-й вол. съезд Советов состоялся 06.10.1922 г.


Урджарский район - один из самых больших на востоке Казахстана. Много событий на памяти народной, рассказывающих о трудных временах, о славных, любимых героях связанных навеки с этой землей, где более двух тысяч лет назад проходила ветвь Великого Шелкового Пути, формировался особой закалки степной народ. Рано здесь садили детей в седла, чтобы учились они крепко сидеть в них, постоять, если нужно, за свою землю, за честь матери и сестры. В судьбоносные годины бии и батыры принимали мудрые решения, акыны слагали эпические песни, укрепляющие волю и дух народный.
История свято хранит память о воине-полководце Кабанбае, родившемся в местечке Жарбулак. И сегодня благодарный казахский народ называет его не иначе как "Дарабоз", "Хан Батыры". Всего вдосталь видела земля у подножия Тарбагатайских гор: холод и голод, войны и насилие: Край урджарский - это яркие природные контрасты: необозримое приволье сухих степей во всю ширь и даль и тут же могучий, спиной в небо, кряж, закрывающий горизонт с юга - хребет Тарбагатай. Зима, как и всюду, начинается в горах, и ранние снега наперво ложатся на спину хребта. Весна же приходит сначала на равнины, а вершины до красного лета снегами дышат. И люди здесь такие же - удаль и норов у них от гор, от степи.

Станица Урджар была основана в 1854 году. Первыми обживались здесь поселенцы Сибирского, затем Семиреченского казачьего войска. В те же годы было разрешено переселяться сюда и крестьянам Западной Сибири.

В настоящее время район - один из самых крупных в области. По итогам переписи населения 1999 года здесь проживает 95350 человек.
Сейчас в районе наблюдается оживление экономики в основном за счет сельского хозяйства. Налажена переработка сельхозпродукции, на прилавках - широкий выбор продуктов питания местного производства. Расширяются торговля и бытовое обслуживание, предпринимательство. Способствуют дальнейшему развитию района рожденные новым временем предпринимательские структуры ТОО "Юбилейный" - Т. Карашев, "Кельдымурат" - К. Касенов, АО "Урджар-Астык" - Н. Коваленко. Президент фирмы "Атамекен" - А. Садыков, руководитель кр. хозяйства "Бакей" - Т. Жирентаев в 2000 году награждены высокими правительственными наградами Республики Казахстан.
Руководство района не на словах заботится о здоровье и образовании урджарцев. Большие средства расходуются на приобретение современного медицинского оборудования, компьютерных классов. И как результат - успешное поступление выпускников школ района в ведущие вузы Казахстана и России. А это - будущее Урджара, будущее всей страны.

Рост экономики района сказывается на становлении культуры и спорта, которые стремительно развиваются. Достаточно сказать о популярности ансамблей песни и танца "Сонар", "Сельские зри", "Конил - Толкыны". Гордостью района стал Музей имени А. Найманбаева в селе Маканчи. Ежегодно в районе проводятся конкурсы юных талантов - фестивали "Жауказын", "Тарбагатай - 2000", в которых принимают участие до 7 тысяч юных дарований.


Столь же красноречивы история и современность спорта в этом крае. В разное время чемпионами Мира, Европы, Советского Союза и Казахстана становились спортсмены Д. Турлыханов, Н. Яковлева, В. Майфат, Б. Коныратов, Г. Панина, Б. Битебаева, В. Камсульева, заслуженный тренер Республики Казахстан К. Дюсенова.
Школа Олимпийского резерва района вырастила выдающихся спортсменов, которые стали чемпионами Республики Казахстан, победителями международных турниров, Азиатских и олимпийских игр. Среди них Д. Турлыханов, О. Яцкая, А. Иманбаев, Д. Баяхметов, А. Назаров, А. Шира, Е. Слямов и др. Их золотые и серебряные медали принесли мировую славу республике.

Урджар является Родиной - Героя Советского Союза - В. Колесникова, 18 Героев Социалистического Труда. Среди них Ш. Жаксыбеков, Н. Морозов, А. Воронков, Р. Толеубеков, В. Старушкин, А. Семушкина, К. Саякупов, С. Жаксыбеков, С. Талмурзин, Г. Рахимов. Земля Урджара взрастила немало людей, ставших во главе районов, городов, областей Казахстана, делегировала в Парламент Республики лучших своих представителей, воспитала замечательных врачей, педагогов, ученых, поэтов, писателей, видных государственных деятелей. С искренним уважением и гордостью называют в районе имена академика Л. Садыкова; ректора Национального технического университета, члена-корреспондента Академии Наук Республики Казахстан М. Смаилова; члена-корреспондента Академии Наук Республики Казахстан, доктора медицинских наук С. Байжанова; Генерал-лейтенанта И. Артемова; крупнейшего писателя современности К. Жумадилова, его коллегу А. Садуакасулы; композитора С. Турысбекова, Г. Даукеновой.


Край суров и красив. Это единственный район, где так обильно надевают цветочный наряд яблоневые сады по весне. И порой кажется, в мае с вершины Тарбагатая опускаются розовые снега к предгорьям.



1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет