Т. Абдукеримова А. Ясауи атындағы ХҚту-нің аға оқытушысы “Оңтүстік Қазақстан” газетіндегі қоғамдық-саяси лексика в этой статье рассматривается общественно-политическая лексика на страницах газеты «Южный Казахстан»



жүктеу 63.98 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі63.98 Kb.
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Т.Абдукеримова

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы

Оңтүстік Қазақстан” газетіндегі

қоғамдық-саяси лексика
В этой статье рассматривается общественно-политическая лексика на страницах газеты «Южный Казахстан».
This article deals with social and political vocabulary in “The South Kazakhstan” newspaper.
Кез келген тілдің сөздік құрамындағы өзгерістер, жаңалықтар алдымен мерзімді баспасөзде көрінеді. Оның ішінде, әсіресе қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық, т.б. өзгерістердің айнасы – қоғамдық-саяси лексика – замана тынысын дәл танытады. Жоғарыдағы пікірлерді ескере келе, “Оңтүстік Қазақстан” газетінің мысалдары негізінде ана тіліміздегі қоғамдық-саяси, лексика-әлеуметтік, тарихи ұғымдарды білдіретін атаулар, мемлекеттік құрылысты білдіретін атаулар, әкімшілік жүйеге қатысты атаулар, саясатқа, оқу–білім, мәдени салаға байланысты атаулар деп лекикалық топтарға бөлуге болатынын байқадық. Өйткені, газет белгілі бір уақыт аралығындағы әдеби тілдің ахуалын таныта алады [1].

Сонымен, газет беттерінде кездесетін әлеуметтік-тарихи категориялар мен ұғымдарды білдіретін атауларға тоқталып өтсек.

Алғашқы қазақ газеттерінің тілін зерттеуші Б.Әбілқасымов өз еңбектерінде қоғамдық және саяси-әкімшілік құрылысқа байланысты атаулар құрамын халық, ел, жұрт, ұлт, нәсіл сөздерін енгізбеген. Р.Барлыбаевтың монографиясының “Идеялық–праволық ұғымдарды білдіретін атаулар” атты бөлімінде Отан, халық, қоғам, бостандық, теңдік сияқты сөздердің партия жұмысына байланысты қолданысқа түсуіне көңіл бөлініп, сол тұрғыда сөз етіледі.

Қазіргі қазақ тіліндегі жұрт сөзінің мағынасына, тарихи дамуына профессор Р. Сыздықова “Абай шығармаларының тілі” атты еңбегінде кеңінен тоқталады. Өткен ғасырларда жарық көрген түрлі сөздіктердегі жұрт сөзінің мағыналары – “страна, государство, царство, владение, жительство, отечество; стойбище, стан, лагерь; народ, толпа; место, где стоит аул”. Негізінен осы төрт түрлі мағынада жұмсалған бұл сөз өткен ғасырдың аяғында “халық, бұқара, көпшілік” ұғымында жиі қолданылған. XVIII–XIX ғасырлардағы сөздіктерде “страна, территория на которой живет одна семья (усадьба) или род” деп көрсетіледі. Сірә, ол бұл мағынада тілімізде кейіннен орныққан “хандық”, “патшалық” тәрізді туынды атаулардың орнына да жұмсалған болса керек. 1897 жылғы сөздікте берілген жұрт сөзінің “народ, страна, владение, ханство, господство” деген мағынасы қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде ерте кезден жиі қолданылғанын көреміз.

Ал Абай шығармаларындағы жұрт сөзінің қолданылу ерекшеліктеріне келсек, ол “ел, территориялық-әкімшілікке топталған ел, халық, ұлт” ұғымында жұмсалған. Сондықтан да Абай шығармаларында жұрт сөзі “ел, қазақ, халық” сөздерімен параллель, солардың дублеті ретінде жүреді. Сонымен қатар, Абайда жұрт сөзі “жалпы адамдар, көпшілік” деген мағынада жиі қолданылады.

Ал жұрт сөзінің барша түркі тілдеріндегі айтылу формасы мен семантикасын толық талдап көрсеткен этимолог Э.В.Севортян оның негізгі–негізгі мынадай мағыналарын ашып көрсетеді:

1. Место, пастьбы скота; стоянка; стан; стойбище; лагерь; место жительства; место поселения; поселение; владение; оставленное стойбище; место, покинутое кочевниками; место, где стоял аул; следы жилья; пепелище аула; остатки от старых жилищ; руины, развалины; остов чума;

2. Родина, страна; государство; государство – царство; земля; край; регион; волость; родовое подразделение;

3. Селение // деревня.

4. Земля с населением; народ, население, народ – население; подданые; общество; мир; община людей; общественность; публика; собрание; родня.

5. Юрта, кибитка; шатер; дом, жилище, летник; летнее помещение; очаг (родной); постройка; изба с надворными постройками; двор со строениями; двор; хозяйство (ЭСТЯ, IV, 254).

Орыс тіліндегі түркологияны жан-жақты зерттеген белгілі этимологтар Фасмер (IV, 530-534), Шипова (430-431) жұрт сөзінің туыстас түркі тілдерінде әр түрлі мағыналық қырларында кеңінен қолданылатынына, көп кездесетініне көңіл бөлген Р.Барлыбаев былай деп жазады: “Өзбек тілінде: Родина – 1) Ватан; 2) Туғиған жой, юрт”. Қазіргі ұйғыр тілінде Отан сөзінің орнына “жут” сөзі қолданылады. Жут: 1) Родина, родная страна, родные места; өз жутида турмақ – жить на своей Родине; 2) Публика, люди. С.Е.Малов “Ұйғыр тілі” деген еңбегіне қосымша берілген сөздікте: (урт. селение, община людей) деп талдайды. Ежелгі түркі жазба ескерткіштерінде: “журт – земля, страна, Родина”. Олай болса, қазіргі ұйғыр тіліндегі жут сөзі бағзы және Қытайдағы ұйғыр тілі мен түркі жазба ескерткіштеріндегі ұурт сөзі арқылы қалыптасқан деп айтуға болатын сияқты. Ал өзбек тілінде Отан сөзінің синонимі ретінде жұрт (юрт) сөзі қолданылатынын А.К. Бороковтың “Бадаи–ал–лұғат” деген еңбегінде ел (ил)-“народ, страна” деп берілгенін есепке алсақ, негізінен түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де Қазан төңкерісіне дейін Отан мағынасында қолданылды.

Қоғамдық саяси өмір саласына байланысты құбылыстар мен ұғымдар атауларына астарлы бейнелі мағына негізінде өрбіген тұрақты тіркестер көптеп байқалады.

Метафоралық фразеологизмдер: қызыл өңеш - даукес; шикі өкпе- перзент; ши борбай - терісі етіне жабысқан жас бала; су жұқпас – барып тұрған ала аяқ; оймақ ауыз – сүйкімді ауыз; қан ішер - жауыз; су мұрын –болбыр, сылбыр адам; дорба сақал - қауқиған сақал.

Бұл зат есім фразеологизм де компоненттердің мағынасының өзгеруі немесе бүтін оралымның мағынасының туынды мағынаға өтуі, ауыспалы мағынада қолданылуы метафора тәсілі арқылы іске асқан. Әр фразеологизмнің мағынасы өзіне ғана тән болып орныққан. Фразеологизмнің мағынасы, оның семантикасы құрастырушы сыңарлары мағыналарының жиынтығына сәйкес келгенде сақталады, оған негіз болатын- фразеологизмнің тұтасымен немесе оның сыңарларының бірінің ауыспалы мағынада қолданылуы. Бұл жағдайда метафоралық ауыспалы мағына фразеологиялық мағына тудырған. Мысалдардағы фразеологиялық мағына мен оларды құрастырушы сыңарлардың мағыналық арақатынасы әр түрлі, бірақ олардың әрқайсысы өзіне тән мағынасымен, яғни, мағына тұтастығымен сипатталады. Метафоралық ауысу фразеологизмдердің ішкі мазмұнынан анық көрінеді. Метафоралық тәсілде, қолданыста бір зат пен екінші заттың өзара салыстырылуы орын алады.

Метонимиялық фразеологизмдер: көген көз - жазықсыз боз бала; ақ саусақ – қиналып қара жұмыс істемейтін кісі; ақ жаулық – әйел, жұбай; көз көрген – бұрыннан таныс: ет жақын - туыс, ағайын; ірі қара - жылқы, сиыр малы; жапалақ ұшпас жапан – мидай дала, ай дала; жас иіс - сәби бала, нәресте; тік бақай - икемсіз адам; жуан жұдырық - зорлап үстемдік жүргізуші, т.б.

“Тік бақай” деген фразеологизмнің астарынан “икемсіз адам” деген ұғымды түсінеміз. “Тік бақай” фразеологизмнің құрамындағы “бақай” сөзі – адам ұғымын алмастырып тұрған метонимия. Бұған қарағанда, фразеологизмнің жасалуына, фразеологизмге өтуіне метонимия ықпал жасаған. “Ақ жаулық” фразеологизміндегі “ақ” деген бірінші сыңары “әйелдердің ақ орамал тартатынын” білдіретін көрсетсе, екінші сыңары “жаулық” орамал тартып жүру әйелге тән болғандықтан, әйел я жұбай деген туынды мағына өту деп есептеуге болады. “Қол қайыр” фразеологизмін тұтас күйінде есептеуге болады. “Қол қайыр” фразеологизмі тұтас күйінде метонимиялық ауыс мағына жасап, “болмашы көмек” деген ұғымды білдіріп тұр. Мысалы: үрім-бұтақ, бала-шаға, ұрпақ, туған-туысқан; өкпе сызы- реніш; қалың қол – көп әскер, т.б. фразеологизмдер метонимиялық ауыс мағына жасау нәтижесінде туған, фразеологиялық мағынаға өткен [2].

«Оңтүстік Қазақстан» – тарихи-танымдық, ғылыми-көпшілік, ой-пікір басылымы. Сол себепті оның беттерінде жоғарыда аталған тақырыптарға қоса ұлы тұлғалар, мәдениет пен әдебиет қайраткерлері, ел қорғаған басшылар туралы мейлінше тың деректер, көркем шығармалардан үзінділер мен әңгімелер жарияланады. Қазақ халқының көне дәстүрлері, әдет- ғұрыптары, салт-санасы, бала-тәрбиесі, халықтық педагогикаға байланысты мақалалар басылады.

Заманның ең күрделі мәселерін қозғаған қоғамда өз өрнегі бар басылым. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайын газет лексикасынан айқын көруге болады. Мысалы, кейбір атаулардың ескіріп, қолданыстан шыға бастағандығын да байқаймыз: советтік мемлекеттік, әкімшілік–шаруашылық ұйым, мекеме, қызмет атаулары.

Қасиетті ата жұрт, халқымыздың қаһармандық күреске толы кешегісі мен еркіндік қолына тиген бүгінгісі, бүгінгіден жарқын ертеңгісі сөз болып қоймай, бүкіл түрік әлемінің көкейкесті мәселелері газет бетінде жарық көрді. Газетіміздің басты тақырыптарының бірі – тәуелсіздігімен қайта қауышқан мемлекетіміздің саяси-экономикалық ынтымақтастығы туралы үзбей жазуды, сонымен қатар қазақ қоғамының саяси, рухани және экономикалық өмірінің зәру мәселелері назардан тыс қалмады [3].

Саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты жазылған мақалалар да көп кездеседі. Тақырыбы да әр түрлі, көтерген мәселелері де сан қилы, күн тәртібінде тұрған өткір проблемаларды көтерген мақалалар көптеп көрінеді.

Тіл тазалығы үшін күрес газеттің ең басты тақырыптарының бірі болды.

Сонымен қатар, статистикалық материалдар, жарнамалар, әр түрлі пікірталастар ұйымдастырылып отырған. Газет – халықтың барлық шаруасына көңілін бөліп, атсалысып отырғандығын тағы да дәлелдей түседі.

әдебиеттер




  1. Момынова Б. “Қазақ” газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. Алматы, 1998.

  2. Байтелиев А. Қазақ тілі мен әдебиет журналы (Қазақ тіліндегі зат есім мағыналы номинативтік фразеологизмдер). Алматы.

Субханберлина Ү. «Дала уалаялатының газеті» және қазақ әдебиеті мен мәдениеті. Алматы, 1996.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет