Т. Исенов Бестамақ селолық округінің әкімі. әлеуметтік қорғауға көңіл бөлінуде



жүктеу 27.87 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі27.87 Kb.
: sites -> default -> files -> Node 4534
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысының есебі
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округінің әкімі Б. Кангужиннің 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы туралы есебі
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округінің әкімі Б. Кангужиннің 2013 жылы атқарылған жұмысының есебі. Құрметті ауылдастар!
Node 4534 -> Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылда атқарған жұмыстары туралы есебі
Node 4534 -> Т. Бердалин Қарабұлақ селолық округінің әкімі атқарылар істер көп
Node 4534 -> Қарабұлақ селолық округінің әкімі Т. Д. Бердалиннің 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі. «Қазақстан 2050»
Node 4534 -> Қарабұлақ селолық округінің әкімі Т. Д. Бердалиннің 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі. Құрметті жерлестер! «Қазақстан 2050»
Node 4534 -> Тамды ауылдық округі әкімінің 2014 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі
Node 4534 -> Үшқұдық селолық округінің әкімі М. Жармухановтың 2013 жылы атқарған жұмыстар туралы есебі Әлеуметтік сала бойынша
Node 4534 -> Сарықобда ауылдық округі әкімінің 2015 жылға жылдық есебі
Т. Исенов

Бестамақ селолық округінің әкімі.

әлеуметтік қорғауға көңіл бөлінуде

Бестамақ селолық округінің жалпы жер көлемі 37233 га. Округ аумағына Бестамақ, Бесқоспа және 42 разъезд елді мекендері кіреді. Жалпы халық саны 3837 адам. Бестамақ ауылында дәрігерлік амбулатория, почта бөлімшесі, кітапхана, Бесқоспа ауылында медпункт жұмыс жасап тұр.

Халықты әлеуметтік қорғауда 2012 жылы 15 отбасына тұрғын үй жәрдемақысы, 18 жасқа дейінгі балалары бар 50 отбасына жәрдемақы тағайындалып, 6 Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлері, 6 ауған соғысының ардагерлері мен 3 Семей ядролық полигон аумағында қызмет жасаған азаматтар және 35 тылда еңбек еткен ардагерлер Республика Үкіметі мен облыс әкімдігі тарапынан белгіленген жеңілдіктерді пайдаланады. 18 жалғызбасты қарияларға және 4 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету ұйымдастырылған. Оларға 4 әлеуметтік қызметші бекітілген.

Бестамақ селолық округіндегі екі орта мектепте 621 оқушылар, «Болашақ» балалар бақшасында 5 топта 150 бүлдіршіндер тәлім-тәрбие алуда. Бестамақ орта мектебінде 81, Бесқоспа орта мектебінде 23 педагог жұмыс жасайды. Биыл Бестамақ орта мектебінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кіші орталық ашылып, 25 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Бестамақ ауылында Ақтөбе қаласының «Нұр-Ғасыр» мешітінің ауылдық медресесі жұмыс жасайды. Онда Қазақстанның батыс аймағынан 50 бала дәріс алуда.

Округ бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 68 бірлікті құрайды, соның ішінде 5 кафе, 12 дүкен мен 1 тойхана, 3 жеке шаштараз, 2 монша, 2 дөңгелек жөндеу шеберханасы жұмыс жасайды.

Ауылда «Қазақтелекомның» қолданыстағы ескі станциясы жаңасына ауыстырылды, сымсыз байланыс желісі іске қосылды және «Мегалайн» интернет торабы өткізілді, қазіргі таңда 262 телефон нөмірі жұмыс жасайды. «СВИМ» ЖШС-і жалпы 452 телефон нөмірін орнатты. Соның ішінде 61 нөмір Бесқоспа ауылына қондырылды.

Қазпоштаның ауылдық бөлімшесінде халыққа мезгілімен газет-журналдар тарату, зейнетақы мен жәрдемақылар беру жұмыстары жүзеге асырылады.

2012 жылы селолық округте жоспарға сәйкес мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар тұрақты өткізілді. Бестамақ ауылында еркін күрес бойынша облыстық спорт мектебінің филиалы жұмыс жасайды.

2012 жылы 602738 мүлік салығы, 192646 жер салығы, 1035692 мың транспорт салығы, бір жолғы талонмен 26260 тенге, жалпы 1 857 336 тенге жиналып, 100 пайызға орындалды.

Биылғы «Көркейе бер туған жер» акциясы аясында ата-аналардың көмегімен Бестамақ балалар бақшасында тәрбиеленуші жасөспірімдерге арналып «Ертегілер әлемі» ойын-сауық алаңы, Бестамақ орта мектебінің төменгі қабатында мұғалімдердің күшімен оқушыларға арналған спорт алаңы салынды.

«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша арнаулы орта оқу орындарын бітірген 4 жас маман, қоғамдық ақылы жұмысқа 8 адам тартылды.

«Кроун Плюс» ЖШС Бестамақта 6000 м3 жанар-жағар майды уақытша сақтайтын нысанының құрылысын жүргізуде.

Халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету бағдарламасын іске асыру мақсатында көкөністің егістік көлемі арттырылды.

«Парижская Коммуна ХХІ» ЖШС-нің Бестамақ мал шаруашылығы комплексі шошқа өнімдерін өндіруден үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Сондай-ақ «Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның «Аққұс» құс фабрикасында қазіргі күнге 15 корпуста 140 000 бройлер тауықтарын өсіріп отыр. Онда Бестамақ ауылынан 110 адам жұмыс жасайды.

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша учаскелік полиция қызметкері және көмекшісі жұмыс жасайды.



Алдағы міндет-тапсырмалар:

- Бесқоспа ауылына газ құбырын тарту бойынша жоба-сметалық құжаттары дайын, 2013 жылға ауылға газ құбырын тарту жоспарланып отыр;

- Бесқоспа ауылына жаңа мектеп салу келешекке жоспарланып отыр;

- Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін бөлуге, ауылдың бас құрылыс жоспарын жасатуға аудандық бюджеттен қаржы қарастыру;



- Ауылдың мәдениет үйін коммунальдық меншікке қайтару мәселесін шешу.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет