Т. Рысқұлов ауданы білім беру ұйымдарының әкімшілік мүшелеріне социологиялық зерттеудің қорытындысы туралы анықтама



жүктеу 29.54 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі29.54 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
Т.Рысқұлов ауданы білім беру ұйымдарының әкімшілік мүшелеріне социологиялық зерттеудің қорытындысы туралы анықтама
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімнің іс-шаралар жоспарына, білім бөлімінің 2014 жылғы 30 қазан №884 бұйрығына сәйкес 31 қазан мен 5 қараша аралығында барлық білім беру ұйымдарының әкімшілік мүшелері, яғни мектеп директорының орынбасарларына социологиялық зерттеу жүргізілді.

Социологиялық зерттеу барысында мектеп директорларының Қазақстан Республикасының заңнамасынан 30 сұрақ, педагогика негіздерінен 30 сұрақ, психология негіздерінен 30 сұрақ берілді.

Барлық білім беру ұйымынан социологиялық зерттеуге 98 орынбасар қатысты. 10 орынбасар қатысқан жоқ. 2-уі біліктілік көтеру курсында, 2-уі іс-сапарда болды, 2 денсаулығына байланысты келген жоқ, ал 5 орынбасар себепсіз қатысқан жоқ. Олар: Еркінбекова Бақыт -Ақбұлақ орта мектебі, Қожахметова Гүлзира -Подгорное орта мектебі, Шажалиева Айжан- М.Горький орта мектебі, Тотаев Болатхан -Болтай батыр атындағы орта мектебі, Молдабеков Дүйсеналы -Ш.Уәлиханов орта мектебі, Тоқабаев Мұхтар - М.Горький атындағы орта мектебі.

Социологиялық зерттеу қорытындысы бойынша директордың орынбасарлары Қазақстан Республикасы заңнамасынан біршама дұрыс нәтиже көрсетті. Әйтсе де 50% -ға дейін білім деңгейін 98- ден 25 орынбасар көрсете алмады. Ең төмен төмендегі нәтиже Ө.Мұсабеков Болтай батыр орта мектебі (8 балл), А.Сукенова Октябрь шаруа орта мектебі (6 балл), С.Жұмалиева (8 балл), Ш.Құттықбаева (9 балл) Ақыртөбе орта мектебі, З.Қиялбекова Алғабас орта мектебі (9 балл), А.Тұрманбетова Ақтоған орта мектебі (8 балл).



Педагогика негіздерінен ең төмен білім деңгейін көрсеткен басшылар: А.Сайранбаев Қ.Сұлтанбеков орта мектебі (8 балл), Г.Кенжеғұлова Құлан орта мектебі (8 балл), Қ.Далибаев Ақбұлақ орта мектебі (7 балл), Г. Қалабаева Тубсанаторий негізгі мектебі (6 балл), Д.Абдраимов А.Шынасилов орта мектебі (9 балл), Б.Жапарқұлова Т.Рысқұлов орта мектебі (6 балл,) Г.Сариева №1 мектеп-лицейі (9 балл), Н.Сайтакова Ақбұлақ орта мектебі (6 балл), С.Қайназарова Бірлес орта мектебі (4 балл), Ж.Салимбаева Ақыртөбе орта мектебі (7 балл), Д.Мусаханова Т.Рысқұлов орта мектебі (4 балл), С.Туменбаева Қызылшаруа орта мектебі (9 балл), С.Жұмалиева Ақыртөбе орта мектебі (8 балл).

Психология негіздері бойынша жоғары білім деңгейін тек бір ғана орынбасар көрсете алды, ол №2 орта мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары С.Акімбеков (27 балл). Психология негіздері бойынша 1-5 балға дейін -23 орынбасар, 6-10 балға дейін 50 орынбасар, 11-15 баллға дейін 17 орынбасар білім деңгейін көрсете алды.

Социологиялық зерттеудің қорытындысы негізінде мектеп директорының орынбасарларына ҚР заңнамасы, педагогика, психология негіздерінен білім деңгейлерін көтеру бойынша нақты жұмыс жасау қажеттілігі ескертіледі.



Қорыта келгенде, әкімшілік мүшелері өз білімдерін толықтыруға немқұрайды қарайтындығы, тиісті заңнамаларды практикамен ұштастыруда теорияға мән бермейтіндігі анықталды. Жас мамандар мен тәжірибесі аз ұстаздарға кәсіби көмек беретін әдіскер ұстаздар мен директор орынбасарларының өз білімдерін жетілдіру бағытында жұмыстарды жетілдіру қажет.
Анықтаманы жазған: А.Баймуратова

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ АЛДЫНДАҒЫ КЕҢЕС

ШЕШІМІ
Құлан ауылы «03» желтоқсан 2014 жыл


  1. Барлық білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары социологиялық зерттеудің қорытындысын ескере отырып, өз білімін жетілдіру жұмыстарын жүргізсін.

  2. Әдіскер ұстаздар, директор орынбасарларының өз білімдерін жетілдіру бағытында жұмыстары аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң бақылауға алынып, жоспарлы жұмыстар жандандырылсын.



Кеңес төрайымы Л.Ш.Утеулиева
Кеңес хатшысы Е.С.Сейтжапаров



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет