Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу қағидасын бекiту



жүктеу 43.26 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі43.26 Kb.
: npakz -> postanov -> doc
doc -> Кәсiби авариялық құтқару құралымдарын жарықтандыру және кинологиялық қызметтердi қамтамасыз ету нормаларын бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде мүлкi реквизицияланбайтын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
doc -> Қызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
doc -> Ормандағы өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы
doc -> "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндiру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар" техникалық регламентiн бекiту
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
doc -> Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
doc -> Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң
doc -> Казармалық жағдайдағы өрт-техникалық оқу орындары курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөнiндегi нормаларды бекiту туралы
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу қағидасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 6 қазандағы № 1145 Қаулысы

      «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 6 қазандағы
№ 1145 қаулысымен 
бекiтiлген    

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды
жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн,
сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру
жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған
мүлiктi есепке алу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде берiлген реквизицияланған мүлiктi есепке алу қағидасы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 46-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрленген.


      2. Жеке және заңды тұлғалардың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету мұқтажы үшiн, сондай-ақ құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде реквизицияланатын және берiлетiн мүлкi осы Қағидаға сәйкес арнайы есепке алынуға жатады.
      3. Жеке және заңды тұлғаларда реквизицияланған мүлiктi есепке алу табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған аймақтарда және олардың салдарын жою кезеңiнде, сондай-ақ құтқару және авариялық қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу уақытында ұйымдастырылады.
      4. Реквизицияланған мүлiктi есепке алуды табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялауды жүзеге асырған, реквизицияланған мүлiктiң есебiн жүргiзуге мiндеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

2. Реквизицияланған мүлiктi есепке алу тәртiбi

      5. Реквизицияланған мүлiктi есепке алуды реквизициялау туралы шешiм қабылдаған төтенше жағдайларды жою, жергiлiктi атқарушы органдардың, авариялық-құтқару қызметтерiнiң, авариялық-құтқару қызметтерiнiң немесе шұғыл медициналық көмек қызметтерiнiң жасағы (бөлiмшесi, экипажы) бастықтары мүлiктi пайдаланудың және сақтаудың бүкiл кезеңi iшiнде жүзеге асырады. Реквизицияланған мүлiктi есепке алу мүлiк толық қайтарылғаннан немесе оның нарық құнын өтелгеннен кейiн аяқталады.


      6. Мүлiктi реквизициялау жөнiндегi Төтенше жағдайларды жою, жергiлiктi атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтерi басшыларының, авариялық-құтқару қызметтерi немесе шұғыл медициналық көмек қызметтерi жасақтары (бөлiмше, экипаж) бастықтарының iс-қимылына жалпы басшылықты және оларды үйлестiрудi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      7. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) реквизицияланатын мүлiктi сақтау орнын анықтайды;
      2) реквизицияланған мүлiктi құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу орындары бойынша бөледi;
      3) есептiк деректер базасын құрады.
      8. Есептiк деректер Заңның 41, 42 және 43-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалған реквизициялау туралы актiлер негiзiнде қалыптастырылады.
      9. Авариялық-құтқару және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзетiн бөлiмшелердiң бастықтары, сондай-ақ мүлiктi реквизициялауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тәулiк iшiнде мүлiктi реквизициялау жүзеге асырылғаннан кейiн Заңға сәйкес толтырылған мүлiктi реквизициялау туралы актiлердi және есептердi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi уәкiлеттi органға және реквизицияланған мүлiктi есепке алуды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органға беруге мiндеттi.
      10. Реквизицияланған мүлiктi есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер:
      Мүлiктi реквизициялау туралы актiлерiн қабылдауды және тiркеудi ұйымдастырады:
      1) реквизицияланған мүлiк туралы актiнi қабылдайды және тiркейдi;
      2) реквизицияланған мүлiк туралы, оның iшiнде осы Қағиданың 11-тармағына сәйкес электрондық түрде қалыптастырады және жинақтайды;
      3) материалдық есептiк деректердiң сақталуын қамтамасыз етедi, мерзiмi өткеннен кейiн оларды мұрағатқа тапсырады;
      4) мемлекеттiк органдардың сұранысы бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша немесе оның атынан басқа тұлғаға нотариалды расталған сенiмхат негiзiнде реквизицияланған мүлiк туралы мәлiметтер бередi.
      11. Реквизицияланған мүлiктi есепке алу қағаз тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Егер есептiк деректердi өзгерту мүмкiндiгiн болдырмайтын жағдай болса, оны жүргiзудiң электрондық нысанына рұқсат етiледi.
      12. Қағаз тасығыштарда реквизицияланған мүлiктi есепке алу белгiленген тәртiппен әр парағы нөмiрленген, тiгiлген, мөр басылған, қол қойылып, мөрмен куәландырылған жеке журналдарда жүргiзiледi.
      13. Реквизицияланған мүлiк туралы есептiк деректер мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
      1) мүлiктiк меншiк иесi және оның орналасқан жерi туралы мәлiметтер;
      2) төтенше жағдайларды жою (жергiлiктi атқарушы орган немесе авариялық-құтқару қызметтерi, авариялық-құтқару қызметтер немесе шұғыл медициналық жәрдем қызметтер жасағы (бөлiмшесi, экипажы)) басшысының мүлiктi реквизициялау туралы шешiмiнiң нөмiрi және күнi;
      3) мүлiктiң атауы, мүлiк тiзбесi (тiзiмi);
      4) мүлiктiң сипаты және негiзгi сипаттамалары;
      5) мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi;
      6) нарықтық құны, мың теңгемен;
      7) мүлiктiң мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер;
      8) мүлiктi алып қою күнi және орны;
      9) мүлiктi реквизициялауды (алып қоюды) жүзеге асырған лауазымды тұлғалардың тегi, аты, әкесiнiң аты;
      10) мүлiктi реквизициялау туралы актiнiң күнi және нөмiрi;
      11) реквизицияланған мүлiк пайдалануға берiлген авариялық-құтқару қызметтерiнiң жасақтары (бөлiмшелер, экипаждар) және өзге де ұйымдар туралы толық мәлiметтер;
      12) мүлiктi қайтару немесе оны өтеу күнi (төленген ақшалай сомасы мың теңгеде немесе мүлiктiк өтеу фактiсi көрсетiледi).
      Есептiк деректерге мүлiктi реквизициялау актiсi (түпнұсқасы), сондай-ақ меншiк иесiне сақталған мүлiктi қайтару туралы, реквизицияланған мүлiктi ақшалай өтеу туралы құжаттар қоса берiледi.
      14. Сақталуда жатқан мүлiктi реквизициялау үшiн осы Қағиданың 13-тармағында көзделген мүлiк туралы мәлiметтердi тiркей отырып, орналасқан сақталған жерi бойынша жеке есепке алу ұйымдастырылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет