Тақырыбы : Кел ойнайық



жүктеу 28.3 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі28.3 Kb.
: materialy -> bastaysh3
bastaysh3 -> Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш Ашық тәрбие сағаты 2-сынып Тақырыбы
bastaysh3 -> ТӨлеби ауданы №7 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
bastaysh3 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлы А. Құнанбаевтың шығармашылығымен
bastaysh3 -> Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а балалардың сабаққа дайындығын тексеру
bastaysh3 -> Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу Сабақтың мақсаты: Оқушыларға теңдеуді шешу, бір амалмен және екі
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту. Сабақтың мақсаты
bastaysh3 -> Қазығұрт ауданы Қ.Әбдәлиев атындағы жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Исақұлова Гулсара Ешанкуловна Сынып: 1
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары Сабақтың мақсаты
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғани Мұратбаев атындағы бастауыш сынып мұғалімі Тыныбаева Ақерке Өкенқызы .

Тақырыбы : Кел ойнайық .

Білімділік мақсаты : Оқушылардың білімін тексеру . Қазақтың ұлттық ойындары

туралы түсінік беру .

Дамытушылық

мақсаты : Оқушылардың қимыл – қозғалыс қабілетін арттыру .


Тәрбиелік мақсаты : Ойындарға қысқаша түсініктеме беріп , осы ойындардың

ойналу жолын түсіндіру.


Көрнекілігі : Ұлттық ойындарға байланысты суреттер . Ұйымдастыру кезеңі .

Сәлеметсіңдер ме , балалар .Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кел ойнайық» .

Балалар сендер достарыңмен қандай ойынды ойнағанды жақсы көресіңдер ?

Ойынды қандай жерде ойнауға болады ?

Иә әр жерде ойнауға болады . Далада болсын , жазық жерлерде болсын ,үйдің ішінде бола береді .Ол қандай ойын ойналатынына байланысты .

- Қәне кім айтады үй ішінде ойналатын қандай ойын ? Олар әсіресе қыздар арасында ойналатын ойындар : қуырмаш , дәрігер , сатушы , мұғалім т.б

Ал сыртта ойналатын ойындар олар ұлдар арасында , әсіресе доп , футбол , жасырынбақ т.б

- Сонымен балалар ойын дегеніміз - ол бала тәрбиелеудің маңызды құралы екен және де баланың іс – қимылының негізгі түрі .

Ойынды тудыратын негізгі нәрсе ол баланың нақты тілегі мен қызығуы .Яғни мына сендердің тілектеріңмен қызығушылықтарың ойынды тудырады екен .

-Әр ұлттың өзіне ғана тән ерекшеліктері ,дәстүрлері сонымен бірге ұлттық ойындары болады .Қыз қуу , теңге алу ,ақ сүйек ,көкпар , жасырынбақ , алтыбақан , күміс алу ,арқан тарту т.б ойындар бар .

Бұл ойындардың өздеріне тән ерекшеліктері , айырмашылықтары бар . Мысалы бәйгеде атпен жарысу белгіленген жерге дейін .

Оқушылармен ақ сүйек ойынын ойнатамын . Енді балалар бір – біріңмен сайысып ойнағыларың келе ме ?

-Жақсы балалар біз сендермен шағын сайыс өткізіп жіберейік . Ол үшін сендерді екі топқа бөлейік . Сайыстың шарты жеңілген балалар өз өнерлерін көрсетеді .

1-ші тобымыздың атын «Ортеке»

2-ші тобымыздың атын «Алтын сақа» деп қояйық.

-Балалар енді өз топтарыңның басшыларын сайлап алыңдар .Топ басшысы ортаға шықсын .

1-ші Ортеке тобының жетекшісі .

«Ортеке»- біздің тобымыз.

Ойынға шықтық жарысып .

Жолдаймыз «Алтын сақаға»

Сәлемді үзеңгі қағысып .

«Алтын сақа» тобымыз аталады .

Біз боламыз Алтын сақа қатарлары .

Ұлттық ойын ойнайық үйренейік .

Арайлансын болашақ атар таңы .

Келесі ойынымыздың шарты «Әріп таңдау» ойыны . Екі топтан бір – бір бала шығып ойнайды .

Асылан саған А әрпі берілді . Ал Кәусар саған С әрпі берілді . Енді кезек- кезек менің сұрағыма жауап берсеңдер .

Сенің атың кім ? Асылан .

Фамилияң ше ? Ахметов .

Қайдан келдің ? Алматыдан .

Онда немен барасың ? Автобуспен .

Онда не өседі ? Алма .

Сені Алматыда кім қарсы алады ? Алмас .

-Екінші топқа да осындай сұрақтар беріледі .

-Енді жұмбақ шешіп көрейік

Ортеке тобына





  1. Аппақ , аппақ ақ мамық ,

Жерде жатыр тапталып . (қар)

  1. Айдалада ақ отау ,

Аузы мұрны жоқ отау .(жұмыртқа)

Алтын сақа тобына .



  1. Қардай аппақ ,

Өзі сондай тәтті – ақ .(қант)

  1. Суға жанбайды ,

Отқа батпайды .(мұз)

-Енді мақал – мәтелге кезек берейік .Мақал- мәтел айтып жарысады .

Келесі ойынның аты «Көпір» деп аталады . Ойынға 2 көпір керек . Көпір жасайтын екі баланың көздері байлаулы болуы керек .Олар бір- біріне қарама - қарсы тұрып , қолдарын созып көпір жасайды .Саусақтарының ұшын ғана тигізіп тұрады . Ойын ережесі : қалған балалар осы көпірден бір- бірлеп өтуі керек . Қай топтың баласы аз ұсталса солар жеңімпаз аталады . Ұсталған балалар өз өнерлерін көрсетеді.

Қорытынды .



Жеңімпаз топты атап , сыйлықтар тарату .



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет