Тақырыбы: «Адамгершілік-рухани байлық» Мақсаты



Дата28.04.2016
өлшемі49.96 Kb.
Тақырыбы: «Адамгершілік-рухани байлық»
Мақсаты: Адамгершілік құндылықтар негізінде айналадағылармен қарым-

қатынас құру қабілетін қалыптастыру.


Міндеті: Мораль, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениеті, өзін-өзі

тәрбиелеудің дағдыларын қалыптастыру, т.с.с.



Жұмыс түрі : сыныптан тыс тәрбиелік шара

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, түрлі түсті қағаздар, үнтаспа.


Барысы: І. Амандасу тренингі

ІІ. Ой қозғау (Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?, - деген

сұраққа ассоциация парағын толтырады).

ІІІ. Мағынаны тану (Адамгершілік, адамгершілік тәрбиесі

төңірегінде түсініктеме беріледі).

IY. Үш санына байланысты халықтың ой –тұжырымдарын еске

түсiру.

Y. «Өзіме мінездеме» тренингі.

YІ. Мәтінмен жұмыс.

YІІ. Дәйексөз



ҮІІІ. Қоштасу сәті.

І. Амандасу тренингі.

Қарым- қатынас амандасудан басталады. Ойын интерактивті тақта арқылы жүргізіледі. Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір- бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе- қолымызды қысып амандасамыз, күн бейналансе- жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.


ІІ. Ой қозғау

«Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»
Халық даналығынан.
«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»

Сухомлинский .
















ІІІ. Мағынаны тану

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.


Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді. Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.

Адамның басшысы –ақыл,


Жетекшісі – талап,
Шалушысы –ой.
Сынаушысы – халық,
Қорғаушысы – сабыр,
Қорғанышы –мінез
Ең қымбаттысы –ар.
Таусылмайтыны –арман,
Барлығынан ардақтысы – өмір (Өлең жолдарының мағынасын ашу)

ІҮ. Үш санына байланысты халықтың ой –тұжырымдарын еске түсiру.
Үш жүз, үш арсыз, үш тоқтам, үш жұрт, үш даусыз, үш көз, үш қуат, үш қадiрсiз, үш ғайып, үш жаман.

Үш жүз- Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Үш арсыз- ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Үш тоқтам- ақыл-арқан, ой-қріс, адам-қазық.

Үш жұрт- ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

Үш тәтті- жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

Үш қуат- ақыл, жүрек, тіл қуат.

Үш қадiрсiз- жастық шақ денсаулық, жақсы жардың қадірін білмеу.

Үш бақытсыздық- жаман ат, жаман әйел, жаман көрші.


Ү. «Өзіме мінездеме» тренингі.

Мінезің туралы ойландың ба? Мінезіңнің жақсы жақтары көп пе, әлде міндері көп пе?



Мінезімнің жақсы жақтары

Мінезімнің міндері


























Ортаға оқушылар шығып жазғандарымен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.
ҮІ. Мәтінмен жұмыс

«Тістелген алма» әңгімесі оқылады. Әңгімені талдай отырып мынандай сұрақтарға беріледі.

  1. Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?

  2. Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

  3. Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттірі бар?


ҮІІ. Дәйексөз

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.



Тыныштық сәті.

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып

отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның, мейірім мен адамгершілік тұла- бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.
YІІІ. Қоштасу сәті. «Майшам жаттығуы»

Барысы: Майшамды шеңбер бойымен ұсына отырып, жылы лебіздерін білдіреді.











































Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет