Тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 107.44 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі107.44 Kb.
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп

Тақырыбы: Антонимдер

Пән мұғалімі:.Кишкентаева А

Сыныбы: 5 – сынып

Атырау - 2015 жыл

Тақырыбы: Антонимдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сөз мағыналарынан алған білімді пысықтай отырып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, халық өнерін ардақтай білуге үйрету;

Дамытушылық: өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып ой белсенділігін арттыру;

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа , бірлікке, тапқырлыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, тірек сөздер

Пәнаралық байланыс: әдебиет, саз өнері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, сынып белсенділігін қадағалау.

Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! «Сәлем сөздің анасы» деген әйгілі Бұқар жырау. Бүкіл әдет-ғұрып, әдеп пен ізет сәлемдесуден басталады. Меніңше, әдет-ғұрып – әр халықтың өзіндік ерекшелігі. Қазақ батырлары кезінде туған жерімізді қандай жанқиярлықпен қорғаса, біз де ата-бабамыздан сақталған әдет-ғұрыптарды дәл сондай қорғауға міндеттіміз.

Бүгінгі біздің сабағымыз да дәл осы мақсатты көздейді. Бүгін біздің ауылға қонақтар келіп отыр екен. Енді сол қонақтардың бастаушысымен сөйлесіп, қай ауылдан келгенін білейік. Жөн сұрасайық.

Топ басшылары келіп өздерінің «Сүйіктілер мен сүйкімділер» деген синонимдер ауылынан, «Ойлылар мен ойлы жерлер» деген омонимдер ауылынан келгенін айтып танстырады.

Үй тапсырмасын сұрау: /өткен тақырыптарды қайталау/

«Ғажайып алма» ойыны арқылы өткенді қайталау.

Тақтаға шыққан оқушы, бір алманы алып,

берілген сұрақтарға жауап береді.

1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

/мысал келтір/

2. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? /мысал келтір/

3. Көп мағыналы сөз дегеніміз не? /мысал келтір/

4. Омоним дегеніміз не? /мысал келтір/

5. Синоним дегеніміз не? /мысал келтір/

Ал, жақсы өткен тақырыпты пысықтып, қайталап өттік, енді жаңа сабағымызға көшейік


Жаңа сабақ: Антонимдер

Тарихтан, шежіреден қозғайын. Ертеде лексика атты елде Омоним, Синоним, Антоним атты ағайынды үш жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір күні үшеуін шақырып алып, «Дүниеде не тәтті?» деп сұрапты. Үшеуі әбден ойланыпты. Омоним айтыпты: Түс.

Синоним айтыпты: Шекер, қант тәтті.

Антоним жауап бермепті.

Әкесі «Халықтан сұрасандар біледі. Елден сұраңдар»- депті. Содан үшеуі ел аралап кетіпті.көп уақыттар өтіпті, Антоним үйіне қайтып келіпті де, Омоним мен Синоним алыстап тұрақтап қалыпты деседі.

Ал балалар, бұл аңыз. Ал шындығында дүниеде не тәтті? Дүниеде ең тәтті адамзат үшін ананың сүті екен. Зейнолла Қабдоловтың ана туралы мына сөзі өте дәл, анық айтылған.

«Күн нұры, таң самалы, гүл иісі... Осының бәрі сені тапқан анаңның қасиетінен таралған, мейірімен жаралған. Рахат екен ғой! Тіршіліктің бар қызығы ананың саған деген дымы қалмай, діңкесі құрып, елжіреп қараған көз шарасына сиып, сонда ғана тұрады екен ғой!»

Ананың құдіреттілігі мен биіктігін, адамзат үшін асыл екендігін, сезімнің тереңі де тек сол үшін екендігін бұдан артық жеткізу мүмкін емес сияқты.

Мына сөзжұмбаққа қарасақ, бүгінгі өтетін тақырыбымыз шығады.

А










Н







Т



















О













Н










И










М






















1. Баланың панасы (ана) 5. Адамның пейілі (ниет)

2. Ас атасы (нан) 6. Тігінші құралы (ине)

3. Өткен өмір (тарих) 7. Білім ордасы (мектеп)

4. Ортақ үйіміз (Отан))



Антоним дегеніміз не?

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз. Мысалы: Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Ащы мен тұщыны татқан білер,

Жақын мен алысты жортқан білер (мақал)

Жылатып – күлдіріп, арлы-сорлы, әдепті-әдепсіз, ащы-тұщы, жақын-алыс сөздері бір біріне мағыналары жағынан қарама-қарсы сөздер болады.

Сол сияқты биік-аласа, кең-тар, суық-ыстық, жақын-алыс, дос-қас, қалың-жұқа, жаңа-ескі сөздерді мысалға келтіруге болады.



Тақтамен жұмыс : 87-жаттығу. тез, жақсы, ақылды, жас, сұлу, -

сөздерінің антонимдерін тауып жазу, антонимдеріне ауызша сөйлем құрау.



Жаңа сабақты « МЕН МҰНЫ ТҮСІНДІМ»

пысықтау: /СТО технологиясы/

Жазба жұмыстарымен білімді шыңдау.

Оқушыларға үлестірме қағаздар беріледі, оны сарапшылар қарап тексереді, барлық тапсырмалар біткен соң сабақ соныңда ортақ балл шығарып, оқушылар бағаланады.

І-жұмыс

Синоним және антоним сөздерінің сыңарын табу

синоним

антоним

Сындыру,бұзу, қирату

Жіңішке-жуан

Күш-мықты,әлді,қарулы,қажырлы

Аз-көп

Ежелден-бұрыннан,баяғыдан

Тез-баяу

Тәуелсіз-егеменді, еркіндік

Жақын-алыс

Қымбат-құнды,бағалы

Аласа-биік

ІІ-жұмыс

Мына сөздерге фонетикалық талдау: Ағаш, жапырақ

Ағаш- асыл-

А- а-


Ғ- с-

А- ы-


Ш- л-

ІІІ-жұмыс

Мына сөздерден синоним, антоним, омоним қатарларын тауып, тұсына жазу

Ауырып, науқастанып-синоним

Естірту, айту, білдіру-синоним

Үйіне келу, қонаққа келу-омоним

өрісі, туысы, ағайыны-синоним

шарт сыну, тез сыну-омоним

ақ,қара-антоним

жуандау,арықтау-антоним

құмар,ынтық-синоним



ІY-жұмыс

Антоним сыңарларын тап.

Жаман-жақсы

Кедей-бай

Қара-ақ

Батыл-қорқақ

Қастық-достық

Жабық-ашық

Мол-аз

Ү-жұмыс

Мына сөздерге керекті антонимді теріп жаз.

Қатыгез-момын

Дөрекі-сыпайы

Ұятсыз-әдепті

Ұқыпсыз-салақ

Үндемейтін-мылжың

Керекті сөздер- салақ, момын, сыпайы, әдепті, мылжың.

Сергіту сәті: Шешімін тап.

1.шығады,жылу береді,нұр төгеді /күн/

2. жүгіреді, қабады,ырылдайды./ ит/

3. ұшады, өлең айтады /құс/

4.өседі,сарғаяды, жерге түседі- /жапырақ/

Ағады, сарылдайды /өзен/



Дәптермен жұмыс: Сөз тіркестерін жазып, антонимдерін тап.

Үлгілі оқушы, Жақсы бала, Білімді ұстаз, мәдениетті адам, еңбекқор ата, сауатты әже, көп орындықтар.



Жаңа сабақты бекіту:

1. Антоним дегеніміз не?



2. Мысал келтір

САБАҚТЫ БЕКІТУ: Сөз мағыналары

«Ойлан да тап»




Мысалдар

Сөздің ауыспалы

мағынасы

Тура мағына

Омоним

антоним

Синоним






А

Ә

Б

В

Г

1

Қайратты, қуатты













+

2

Қара







+







3

Жақсылық, жамандық










+




4

Ниеті қисық

+













5

Сабыр,шыдам













+

6

Арық –семіз










+




7

Есті,ақылды













+

8

Көргенді, көргенсіз










+




9

Жылы сөз

+













10

Көкірегі ояу

+













11

Жуас,асау










+




12

Қайғы-мұң













+

13

Ертелі –кеш










+




14

Қара хабар

+













15

Ұзақ жол




+










Сабақты қорытындылау: ИНСЕРТ ӘДІСІ:

Оқушылар осы бүгінгі сабақтан нені білгенін, болашақта нені

білгісі келетінің мына үлестірме қағаздарға өз ойларың жазып береді.

БІЛЕМІН

БІЛДІМ

БІЛГІМ КЕЛЕДІ










Үйге тапсырма: Антоним ережесін жаттау.

89-жаттығу 42 бет

92-жаттығу 43 бет

Бағалау: Ортақ бал бойынша бағалау.



Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет