Тақырыбы: АҚшолақов серік қуандықҰЛЫ



Дата22.05.2020
өлшемі7.07 Kb.

Тақырыбы:

АҚШОЛАҚОВ СЕРІК ҚУАНДЫҚҰЛЫ

«Даналық медициналық колледжі»

Нұр-Сұлтан 2019ж

Ақшолақов Серік Қуандықұлы
    • 1952 жылы 3 шілде Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген.

«ӘЛЕМ ДӘРІГЕРІ»

.

Қазақстандық нейрохирург дәрігері, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның Еңбек Ері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті.

Жалпы мәліметтер:

Ақтөбе медицина институтытын (қазіргі  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясы,) 1975 жылы бітірген .

1976 – 81 жылдары Ақтөбе облысы ауруханасында нейрохирург.

1981 – 89 жылдары Москва нейрохирургия ғылыми - зерттеу институтында клиникалық ординатор, аспирант.

1989 – 92 жылдары Алматыдағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында нейрохирург, 1996 жылдан сонда кафедра меңгерушісі.

1992 жылдан Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің бас нейрохирургі.

Негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстары:


Негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстары бас миы ішінен және ми қабыршағынан болатын орталық жүйке жүйесі мен жұлын ісіктерін, бас сүйек - ми жарақаттарын емдеу мәселелеріне арналған. Ақшолақов нейрохирургиялық ауруларға қатысты барлық хирургиялық әдістерді өз іс - тәжірибесінде қолдана отырып, мидың ең күрделі саналатын базальдік бөлімдеріне, ми бағанасына, қарынша жүйесіне, ми тамырларына хирургиялық операция жасайды. 8 патент пен авторлық куәліктің иегері, 150-ден астам ғылыми еңбегі және 6 монографиясы жарық көрді. Ақшолақовтың жетекшелігімен 15 клиникалық ординатор дайындалып, 2 докторлық және 18 кандидаттық диссертация қорғалды
  • 1998 жылы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері» құрметті атағы;
  • 2001 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасының Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаты;
  • 2005 жылы Тәуелсіз «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының лауреаты;
  • 2005 және 2007 жылдары ҚР тұңғыш президенті - елбасының  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  жеке алғыс хаты;
  • 2008 жылы Дүниежүзі дәрігерлер ассоциациясысының «Әлем дәрігері» құрметті атағымен марапаттады.
  • 2008 жылы Ресейдің « Н.И.Пирогова» атындағы сыйлығының лауреаты;
  • 2007 және 2009 жылдары «Жыл адамы – Алтын адам» сыйлығының иегері;
  • 2010 жылы президент қолынан «Парасат ордені» мен марапатталды.
  • 2011 жылы Республикалық нейрохирургтар конкурсының жеңілімпазы;
  • 2012 жылы «Асқақ Азамат» құрметті атағы;
  • 2013 жылы ғылым мен техника саласындағы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • 2015 жылы Президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
  • 2016 жылы 13 желтоқасанда ҚР тұңғыш президенті - елбасының  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  жарлығымен өз қолынан денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбектері үшін жоғарғы айрықша белгідегі Қазақстанның Еңбек Ері алтын жұлдызды атағымен қосыла «Отан ордені» берілді.
  • 2017 жылы Ақтөбе облысының құрметті азаматы

Марапаттары:

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет