Тақырыбы: «Австралия. Географиялық орны, зерттелуі, рельефі» Мақсаты



Дата03.05.2016
өлшемі31.34 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: «Австралия.Географиялық орны, зерттелуі, рельефі»

Мақсаты:

1.Австралияның географиялық орнына, зерттелу тарихына, сипаттама бере отырып, оның жағалауындағы мұхиттармен теңіздердің материк табиғаты үшін маңызын түсіндіру.

2.Оқыту барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы белсенділігін, қызығуын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.

3.Ұлтжандылыққа, әсемдікті қадірлеп, сүюге тәрбиелеу.



Типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: «Кім көп біледі», «Сен – маған, мен - саған» ойындары, ассоциация, сәйкестендіру тесті, Венн диаграммасы.

Көрнекілігі: жарты шарлар картасы, электронды оқулықтан үзінді, жетондар.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру

Топқа бөлу (3 топ)

І. «Қызығушылықты ояту» кезеңі

А) «Кім көп біледі» ойыны

1.Африка ежелгі қай материктің қалдығы (Гондвана)

2.Материктің солтүстік шеткі нүктесі (Эль-Абьяд)

3.Материк пен Мадагаскар аралын бөліп тұрған бұғаз (Мозамбик)

4.Материктің оңтүстік шеткі нүктесі (Ине мүйісі)

5.Материктің ең биік шыңы (Килиманджаро)

6.Африкадағы жер көлемі ең үлкен ел (Судан)

7.Африка мен Евразияны бөліп тұрған бұғаз (Гибралтар)

8.Материктің шығыс шеткі нүктесі (Рас-Хафун)

9.Африкадағы ең ұзын өзен (Ніл)

10.Саванна қандай табиғат зонасы(Құрғақ және ылғалды маусым кезектеседі)

11.Африканы зерттеген орыс ғалымдары (Юнкер, Вавилов)

12.Экваторды 2 рет кесіп өтетін өзен (Конго)

13.Материктің шығысындағы жарықтар (Ұлы Шығыс Африка жарығы)

14.Африканың мұнай мен газға бай аймағы (Солтүстік Африка)

15.Африкадағы бойы аласа халықтар (пигмейлер)

16.Мадагаскардың символы (желпуіш пальма, лемур)

17.Африкадағы ең ірі құс (Африка түйеқұсы)

18.Ұйқы ауруының қоздырғышын тасымалдайтын жәндік (цеце шыбыны)

19.Материктің жер көлемінің 40% -ін алып жатқан табиғат зонасы (Саванна)

20.Дүниедегі есінемейтін бірден бір жануар (керік)

21.Африкадағы «Әлемнің жеті кереметінің» қатарына кіретін ескерткіштер

( Египет пирамидалары, Александра маягы)\


Ә) «Сен-маған, мен-саған» әр топ екі сұрақтан

ІІ. «Мағынаны тану» кезеңі

Ертеде ренжіп мен ағаларға

Кетіп ем жылжып өзге жағалауға

Оңтүстік жарты шарды мекен еттім,

Талайлар келді көшіп паналауға.

Сондайлық аспан тірер тауларым жоқ,

Ойпат көп шығысымда жоталар көп.

Шағыл мен құм басады баурайымды.

Сөнбеген өзгелердей вулканым жоқ.

Тұрсамда ортасында мұхиттардың

Суына жауын-шашын қанықпадым.

Оңтүстік тропигі кесіп өтіп,

Келтірмей жүр шудасын бұлттардың.

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Австралияның географиялық орны

2.Жағалауындағы мұғиттар мен теңіздер

3.Зерттелу тарихы

4.Рельефі



ІІІ. «Ой-толғаныс» кезеңі

1.Сәйкестендіру тесті

1. А.Тасман - ХVІІІ ғ.

2. Эвкалипт - 215 м

3. Үлкен Тосқауыл рифі - 2228 км

4.Косцюшко - 12 м

5. Иорк – шығайақ

6. Карпентария – 100 м

7. Эйр көлі – ХVІІ ғ.

8. Д.Кук – астана

9. Канберра – түбек

10. Орташа биіктік – 2000 км

-Шеткі нүктелері бойынша

Солтүстігінде – Оңтүстігінде – Батысында – Шығысында –



-Зерттелу тарихы бойынша

Д.Кук – А.Тасман –


-Рельефі бойынша

ІV.Бағалау.

V.Үйге тапсырма §53, «Таң қалдырған Австралия» тақырыбына эссе жазу.
Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі

«Австралия.

Географиялық орны, зерттелуі, рельефі»

Пән мұғалімі: Қаймашева А.Т.

2013-2014 оқу жылы
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет