Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы. Мақсаты



жүктеу 176.4 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі176.4 Kb.
: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> 4. ƏЛемдік мұхит төсенішінің ЖƏне оның континенттік жағалауларының ҚҰрылымдық элементтері
Resource -> Контрольные вопросы Что называется первообразной для функции на промежутке ?
Resource -> Тақырыбы: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде. Мақсаты
Resource -> 2 Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында
Resource -> Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> 3. геотектоникалық ТҰжырымдамалар геологияның парадигмалары ретінде ォ
Resource -> Негізге әдебиеттер
Resource -> 6. тектоникалық
Resource -> Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтенуі. Девиация және әлеуметтік бақылау. Мақсаты

  1. Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы.

  • Мақсаты: студенттерді экономикалық әлеуметтану, отбасы әлеуметтану жағдайлармен таныстыру. Оларға экономика, отбасы, неке ұғымының мәнін түсіндіру.

  • Дәріс жоспары:

1.Экономика ұғымының түсінігі.

2.Экономикалық әлеуметтанудың мәртебесі мен ерекшеліктері.

3.Экономикалық білімнің құрылымы.

4.Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық талдауы.

5.Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы.

6.Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері мен формалары,олардың даму үрдісі

7.Отбасылық саясат.

8.Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы.



  • Дәріс тезистері:

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестіг, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс - бөлу – айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.

Ғылыми тілмен айтқанда ол тауар айналамының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген талу қабілеті бар сұраныс.Нарық теориясы ұдайы өндіріс теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туыпөсуімен қатар пайда болып дами бастайды әсіресе ол қала мен ауылда натуральдық шаруашылық ыдырап қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зертттеу бұл екі процесс яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады өйткені зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың олардың топтарының мінез-құлықына аударылады.Адам және оның топтары- жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбастаушы,сатушы,сатып алушы,т.б ретінде қарастырылады.Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп,талдап отыру керек.

Мысалы: Әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері – инабаттылылығы,ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі жауапкершілігі, белсенділігі шаруашылығы т.б қоғамдық өндірісті дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы,әділеттілігі,белсенділігі,жауапкершілігі т.б қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер етуін зерттейді.

Экономикалық әлеуметтану бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады.Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды,экономикалық ынта,ықылас,мәдениет т.б мәселелерді зерттейді.

Экономика – әлеуметтанудың зерттеу объектісі

Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық экономикаға өтуде.Ал,нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайды айтамыз.

Нарықтық қатынастар – бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер(жекешелендіру,акциялендіру,аренда,фирма,корпарация,аукцион, биржа, т.б)өмірге келіп,жаңа ұғымдар түсініктерді,туғызды. Бұл құбылыстарды оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық терия тікелей зерттейді. Ал,әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен адамның,әлеуметтік топтың ,жіктің экономикалық мінез-құлқын зерттейді.Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалыққұбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен,олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Сонымен,экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы - қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға ондағы экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стеретипті ойлаудың,болып жатқан іс-әрекеттің сол уақыттағы нертоотпалылығымен түсіндіруге болады.Тек қана кейінгі 2-3 жылға ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы тиімді еенін түсініп,мойындайды.Сөйтіп,қаазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері дамуына күш салуда.Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді.



Отбасы социологиясыотбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.

Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.

Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық -функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".

Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындагы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.

Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б.

"Отбасы" ұғымы "неке" үғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

Некенің төмендегідей формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке).

ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.

Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады).

Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық

табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке-келісімшарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық.

Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режімін белгілеу мүмкіндігі жазылады.

Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың мүлік режімін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені некенің мақсаты -отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субьектіні үйленген адамдар санатына жатқызады.

Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде көрініс тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.

Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды.

Қоғамдық пікірге талдау жасау әлеуметтік- экономикалық, саяси, нақты-тарихи жағдайлар - неке отбасылық қатынастардағы қоғамдық санаға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде қоғам әмірінің барлық салаларында дәстүрлі қүндылықтарға қайта баға берілуде. Осыған байланысты әлеуметтік зерттеулерде мынадай негізгі сұрақ қойылды: неке отбасылық қатынастардағы отбасы қызметі неке

сапасы, билік қүрылымына байланысты пікірлер қай бағытқа өзгерді? Социологтарды сондай-ақ біздің елгмізде болып жатқан оқиғалардың бүтіндей отбасылық идеологияны қандай дәрежеде өзгертетіні қызықтырады.

Лонгитюдті зерттеулер неке-отбасылық қатынастарға айрықша мен берілетінін көрсетіп отыр. Біздің респонденттеріміздің жауабы отбасы мен неке құндылығының халықтың барлық тұрғындары үшін өз маңызын жоймағанын; әйелдер санының арту үрдісін көрсетеді. Әйелдар үшін отбасы - бірінші кезектегі құндылық, әйтсе де біздің қоғамымызда жұмысқа да, отбасына да бірдей қарайтын әйелдер саны көбірек (80 процентке дейін). Отбасьш құру, некелесу себептері прагматизмінің өсуіне қарамастан, респонденттердің көп бөлігінің ойынша, бұл "ең жарқын және жоғары сезімдер көзі" және "бүкіл қоғамдық өмірдің негізі".

Отбасын құрудағы занды және нақты көзқарасын зерттеулер барысында адамдардың некенің тұрақты болуы бірлесе өмір сүру кезіндегі ("сынама неке") таныстығының ұзақтығына байланысты еместігін көрсетеді. Жауап берушілер некені тіркеу қажет деп есептейді: "бірлескен өмірдің басында" (63 процент), бір жыл өткен соң" (32 процент), "2 жылдан соң" (2,5 процент), "5 жыл өткен соң"(2,5 процент).

Барлық сұралған респонденттердің тек 23,3 проценті ғана әлеуметтік және білім деңгейі күйеу мен қалыңдық үшін кедергі болады деп есептейді. Некеге дейінгі бұл фактордың құндылығына жоғары білімді 51,4 процент респондент және 44,2 процент орта білімі барлар (оның ішінде арнайы білімі барлар) жауап берді. Көпшілігі (60 процент) некеге тұру кезінде әлеуметтік жағдайы мен білім деңгейіңдегі айырмашылықты ескермеу керек деп есептейді.

Отбасындағы психологиялық ахуал қандай факторларға байланысты? "Жұбай таңдау теориясы" деген бар, бұл бойынша, жұбайлардың өздері отбасында қандай роль атқаратынын таңдауына байланысты болады. Бұл

рольдер: а) ана мен бала қарым-қатынасына біреуге арқа сүйегісі келетін күйеуіне қамқорлық жасайды; ә) күшті де, қабілетті күйеуіне жар және көнгіш, мәпелеуді қажет ететін кішкене қуыршақ тәрізді әйеліне қамқорлық жасайды; б) қожайын мен қызметші әйелдің иерархиялық қарым-қатынасына ұқсас, яғни мейірімді күйеуіне қабілетті әйелі күтім жасайтын отбасы; в) іскер әйелі қорқып және көңілі қалған еріне басшылық жасайтын отбасы.

Отбасының маңызды қызметі репродуктивті және тәрбие беру болып саналады. "Бүгінде қанша бала болған жақсы?" деген сұраққа: сұралғандардың жартысы екеу десе, 41 проценті — біреу, 7 проценті - үшеу, 2 проценті - төрт жөне одан да көп бала болғаны жақсы десе, 0,3 проценті "біреуі де болмағаны жақсы!" деп сеніммен айтады. Басқа бір социологиялық зерттеудің қорытындысы бойынша, отбасындағы баланың тууын жоспарлауға мүмкіндік бермейтін негізгі себептер айқындалды (процентпен көрсетілген):

- материалдық жағдай мүмкіндік бермейді-26,4;

- некеде тұрмаймын-15,6;

- денсаулығым көтермейді-15,4;

- тұрғын үй жоқ - қалғандары.

Отбасы мүшелерінің санының аз болуын қалайтындар тек "бюджеттегілер" (мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер және т.б) ғана емес, кәсіпкерлер мен бизнесмендер де бар.

Неміс ғалымдары қызықты формула шығарды: ананың жасы әкесінің жасының жартысына 7 жас қосқанға тең болуы керек. Зерттеушілердің байқауынша, ата-аналары ңеғұрлым үлкен және даналау болған сайын, тәрбиелеу факторы соғұрлым салмақты, баланың таланты байқалып, дами алу мүмкіншілігі көп болады. Ф.М.Достоевскийдің "Алдымен -университет, сосын бала ту",-деген сөзінің жаны болса керек.

Балалар үшін отбасындағы психологиялық климат, әсіресе, маңызды. Зерттеушілердің байқауынша, әкесінің не шешесінің болмауы немесе олардың адамгершілікке жат қылығы жеке тұлғаның девиантты (ауытқу) мінез-құлықпен қалыптасуына ықпал ете бермейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасы құрамы аса маңызды фактордың бірі десек те, бұл да әсер етпейді, ең маңыздысы - балаға эмоционалдық қарым-қатынас, қоғамның қандай тұлға алатыны оның қабылдауы мен қабылдамауына байланысты. Бала жасында қандай психологиялық қасиеттеріне ықпал еткеніне байланысты ортаның әсері қабылданады. Қолайсыз адамгершілік әсер кезіңцегі психологиялық, эмоционалдық жайсыздық, өмірлік міндеттерді шешуде индивидтің қоғамға қарсы тәсілдерді игеруі қылмысқа ұрындыруы мүмкін. Бала отбасында неғұрлым жайсыз тұрған сайын, соғұрлым қоғамның өзінде мәселелер күрделене түседі. Социологтар өз зерттеулерін жүргізе отырып, қоғамға қылмыс жасауға бейім балалардың саны артып келе жатқанын ескертеді. Белгілі бір шамада тұрақты болып есептелген 1991 жылы "Артекте" демалып жатқан пионер жасындағы

балалардың 20 проценті қылмыс жасауға қабілеттісің бе деген сұраққа сенімді түрде жауап берді (8 проценті ескертумен, 12 проценті ешқандай ескертпесіз).

Кеңейтілген отбасы ұйымшылдығы мәселесі қойылды, өйткені отбасының үлкендерінің (ата-аналарында) өз өмірінің соңына дейін балаларымен немерелерімен қалуға мүмкіншілігі шамалы: 57 проценті "жас отбасы ата-анасымен бірге өмір сүрмеуі керек" десе, 34 проценті тек обьективті жағдайларда, яғни ''тұрғын үй жоқ болса" (20 процент), ата-анасының денсаулығына байланысты (14 процент) деп жауап берсе, қалғандары (аз бөлігі) "дәстүрді сақтау үшін", "ата-анаға қартайғанда көмектесу үшін" және "ата-анамен бірге тұру экономикалық жақтан пайдалы" деп жауап берді.

Кең тараған феминистік тұжырымдамаға сәйкес, отбасы табиғатьн шын мәнінде түсіну - бұл эмоционалдық не туыстық қарым-қатынасқа талдау жасау, ал отбасының өзі - бұл әр мүшесінің мүддесі мен басқа мүшелердің және бүтіндей қоғамның мүддесімен кикілжіңге түсетін "күрес орны". Қазіргі әлемде "ұрыс алаңын" "отбасы идиллиясы алаңына" болмаса да, ең болмағаңда, жұбайлық кикілжіңдердің уытьн басып, қажеттілік болып жатса, ажырасу салдарын жеңілдеу көтеруге мүмкіндік беретін арнайы механизмдер жасалуда.

Бұл, ең алдымен, көптеген елдерде ұзақ уақыттан бері келе жатқан және кеңес дәуірінен кейінгі елдер тұрғындар санасына тек голливуд жұлдыздары мен мүхиттың арғы бетіңдегі миллиардерлерде болады деп қабылданған неке келісімшарты институты.Бұл елдерде азаматтардың келісімі сияқты некенің барлық маңызды мәселелері келісіледі, некенің бұзылу салдарларын, тараптардың мүліктік жағдайларын, кәмелетке толмаған балалардың ажырасқан жағдайда қай ата-анасымен тұратынын, ьгқылассыз жұбайға қандай айыппұл салынатынын түгел көрсету қабылданған.

Сәтті құрылған отбасыларда неке келісімшарты жұбайлық өмірдің мүмкін болатын қиын-қыстау кезеңдердің алдын алуға арналады, яғни бұл некені неғұрлым ұзақ уақыт сақтауға арналады. Мысалы, Питсбургтағы жас жұбайлардың неке келісімшарты 27 беттен тұрады, сондықтан "Гиннес рекордтар кітабына" енген, осы келісімшарттағы мына бір пункттің несі жаман: "Бюджетті қатаң сақтау, жеке қажеттіліктер мен ойын-сауыкқа аптасына 20 доллардан артықжұмсамау"? Бұл пункт өте пайдалы, әрине, оны экономикасы кұнсызданбайтын елде ғана шын мөнінде жүзеге асыруға болады.

Орта топтағы адамдар некеге кіруде қазір көбіне неке келісімшартына отырады. Әрине мұның негізгі себептерінің бірі ажырасудың санының артуына, соған сәйкес өзін егер неке сәтсіз болып жатса, моральдік болмағанымен, материалдық шығыннан сақтауға ұмтылған адамдардың санының артуына байланысты.

Неке келісімшарты отбасылық қатынастардың бастамасын анықтайды, бірақ некелесуге міндетгі шарт бола алмайды. Заң бойынша неке келісімшарты некелесуді тіркегенге дейін де некелік өмірдің кез келген

кезеңінде де жасалады. Неке келісімшарты жазбаша түрде жасалып, ол нотариалды түрде ресімделеді. Жұбайлардың барлық мүлкіне, оның жекеленген түрлері мен әр жұбайдың жеке мүлкіне бірлескен, үлестік не бөлістік мүлкі болады. Неке келісімшартына отыру сыртқы әсерге тәуелсіз болуы керек.

Мамандар неке келісімшартын құқықтық қырынан басқа құқықтық емес, яғни әлеуметтік, психологиялық және этикалық қырларын да көрсетеді. Мәселен, зерттеу барысында анықталғандай, екінші не келесі некеге тұратындар - бірінші некеден, ''кемесі қайырылғандар''. Неке келісімшартына отыруға әр жұбай кәсіпкер болып, жеке бизнесі болғанда қызығушылық танытады. Неке келісімшартына жоғарыда аталған санаттардан басқа ері мен әйелінің жас айырмашылығы едәуір болып, ерінің (не әйелінің) экономикалық базасы берік және алдыңғы некедегі ересек балаларының мүліктік мүддесі олардың ата-анасына ықпал ететіндей жұбайлар үшін де қолайлы.

Психологиялық қыры: неке келісімшартында ажырасқан жағдайда әркімге тиесілі мүлікті жұбайлар анықтай алатын болғандықтан, яғни осындай нәтиже жобаланатындықтан, некенің нәтижесі ажырасу болмай ма, неке келісімшарты - ажырасу катализаторы болып саналмай ма деген қауіп туады.

Неке келісімшартының этикалық қыры жұбайлардың бірін қолайсыз жағдайға қалдырмау мүмкіндігіне байланысты. Әр жұбайда жасалған келісімшарттан жұбайының құқы мен мүддесіне нұсқан келтіру жолымен өзіне пайда табуды көздемейтіндей іштей тыйым салынуы қажет. Келісімшартұа отыруда екі жақтың бір-бірінің құқына құрметпен қарауы сақталуы керек. Егер келісімшартқа отыру кезінде жұбайлардың біреуі өз мүлкін сақтап қалуды ғана емес, сонымен бірге екінші жұбайдың мүлкіне қол сұғуға ниет білдірсе, бұл неке келісімшартының мақсатына қарсы - некедегі мүліктік қатынастарды реттеудің не ажырасу кезінде қолданылатын

өркениетті әдісі болуы керек. Жеке тұлғаның еркіндікке құштарлығы қоғамдағы этикалық нормалардың бұзылуына әсер ететін шектен асып кетпеу керек.

Неке келісімшартына отыру маңызда қызмет атқарады: ол - білімдік қызмет, өйткені ''Неке мен отбасы туралы'' заң мазмұнымен танысу қолданыстағы заңдылықтар арқылы отбасылық өмір туралы шынайы түсінік береді; реттегіштік қызмет - отбасылық қатынастардағы құқықтар мен міндеттердің тұтас жиынтығы қарастырылады. Заң отбасындағы тараптардың теңдігінен шығады, бірақ көбінесе некедегі жұбайлардың бірі кедей, бірі дәулетті болады. Бұл әсіресе, ажырасудан соңғы материалдық жағынан, айырмашылық әсіресе кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларынан

байқалады.

Мүліктің құқықтық режімінен басқа неке келісімшартына азаматтық айналыстағы (акциядан дивиденттер, салым процентгері, усадбалық учаскедегі өнімді тапсырудан түскен өнім және т.б) заттар мен ақша түріндегі отбасы кірістеріне қатысын анықтау да кіреді. Жұбайлар, зангерлердің пайымдауынша, отбасы шығыны кең де заңда толық қамтылмағанына қарамастан, оны бөлу тәртібі де қарастырылады. Шығындар отбасының материалдық қамтылуы мен мұқтаждықтарына сәйкес (тұрғын үй, көлік, тамақпен қамтамасыз етілуі, саяжайды күтуге, соңдай-ақ білім беру, медициналық күтім, демалыс және т.б қатысты төлемдер) топтастырылады. Үй шаруашылығын басқарудан бастап, қандай да бір капиталға ие болуға дейінгі отбасы шаруашылығының көп түрлілігі келісімшарттағы занды негіздемені талап етуі мүмкін.

Үй шаруашылығын басқарудан бастап қандай да бір қаржыны иелік еткенге дейінгі шаруашылық қызметтердің әр түрлілігінің кең ауқымы заңды келісілген негіздемені талап етуі мүмкін.

Отбасы өміріндегі кең тараған жағдайлардың бірі әйел күйеуге шығып, бала туған кезде ұзақ уақытқа дейін аяқталмаған білімі немесе біліктілігінен айырылуы нәтижесінде үй шаруасындағы әйел болады. Неке бұзылған сәтте мұндай әйел өте ауыр жағдайда қалды: балаларды күтуге бөлінетін алимент аз және әсіресе, біздің кезімізде жүйелі төленбейді. Сонымен бірге алиментгер ресми танымал көздерден түскен пайдадан есептеледі, бірақ жұбайының шынайы табысы одан асып түсуі мүмкін. Сондай кезде жасалған неке келісімшарты балалар мен жұбайының алдындағы экономикалық жауапкершілігін арттырып, неке сәтсіз болған жағдайда мүліктік мөселелерге, жақың адамдарға байланысты жұбайлардың қаржылық мәселелері ақылмен шешілуі керек.

ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі некедегі не оның бұзылуы кезіңдегі жұбайлардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін анықтайтыны айтылған.

Неке келісімшартына отыру мүмкіндігі заң жүзінде 1993 жылдың қазан айынан бері белгілі. Бірақ 1996 жылдың 1 шілдесіңдегі жағдай бойынша республикада не бары 13 неке келісімшарты жасалып, нотариалды куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық). Бұл тек Алматы қаласында ғана, ал Қазақстанның өзге қалалары мен облыстарында мұндай жағдай мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика айтарлықтай өзгере қойған жоқ.

Зерттеушілер мынадай сұрақ қояды: некелелесушілер мен некеде бұрыннан тұрғандар таласты жағдайларды шешуге арналған неке келісімшарты бойынша өздерінің мүліктік құқығы мен міндеттерін шешуге тілек білдіретіндер саны неге аз? Біздің қоғамда мазасыздануға негіз жоқ шығар? Бірақ практика көрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп некелесуге өтініш білдірсе, екі жұп ажырасуға тілек білдіреді. Ажырасудың жалпы коэффициентінің арту үрдісі 2015 жылға дейін болжанған. Ал бұл әлі де көптеген отбасылық жұптар олардан рухани, дене және материалдық шығындарды қажет ететін процестерге тартылатынын көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, біздің қоғамымызда ажырасу коэффициенті өте жоғары. Бірақ отбасын жеке өмірді ұйымдастыру формасы ретінде тұрақты және

салыстырмалы түрде жоғары мәртебе санайтын отбасылар да азаймайды. Бірақ ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар жойылып кете ме? Оның үстіне, ажырасуға дәлелді себептер де негіз болуы мүмкін, оған түсіністікпен қарау керек.



  • Иллюстративті құрал: -

  • Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі

1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.

2. Андрушенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе. Харьков, 1996.

3. Антонов А.И., Медков В.М. Социология семьи. М., 1996.

4. Базарханова И.Л. Семья — основа всех основ. //Мысль, 1994.

5. Елизаров А.Н. Ценностные ориентации неблагополучных семей.

//Социологические исследования. 1995. №4.

6. Максимович Л.Б. Брачный контракт. //Комментарии. Разъяснения. М., 1997.

7. Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории, методологии и методики. М., 1989.

Қосымша:

1. Семья на пороге третьего тысячилетия. М., 1995.

2. Сергунина В.М. Брачный договор. Алматы, 1996.

3. Смелзер Н. Социология. М., 1994.

4. Социология: Учебник для вузов. /Под ред. проф. В.Н. Лавриненко. М.,


  • Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):

Отбасының пайда болуы.

Отбасының құрылымы қандай?

Отбасылық жүріс- тұрыстың типтері қандай?

Отбасы белгілерін көрсет.

Отбасындағы қатынас қалай жүзеге асады?

Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы.

Экономикалық әлеуметтанудың ерекшеліктері.

Экономика ұғымының мәні.



Экономикалық жүйенің типтері.

Экономикалық мәдениет түсінігі.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет