Тақырыбы: Еліктеуіш сөздерге жалпы сипаттама



Дата12.01.2020
өлшемі15.88 Kb.
  •  
  • Жоспар:
  • 1. Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы.
  • 2. Чуваш ғалымы Н.И. Ашмарин, келесі ғалым Л. Н. Харитоновтың түркі тіліндегі еліктеу сөздерді өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсетуі.
  • Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыққан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында қаралып келген. Түркі тілдерінде еліктеу сөздерді өз алдына одағайдан алғаш рет бөліп, оның 115-тен артық құрылымдық түрі барын анықтаған чуваш ғалымы Н.И. Ашмарин. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді бұдан кейінгі кезеңде өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын көрсеткен келесі ғалым Л. Н. Харитонов.
  • Қазақ тілінде де біресе үстеудің, біресе одағайдың ішінде қарастырылып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып бөлініп даралануы профессор А.Ыскақовтың есімімен байланысты. Ахмеди Ысқақов қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер» өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдейді. Бұған дейін жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тіл білімінде де жеке аталмай басқа сөз таптарының ішінде аралас беріліп келген еліктеу сөз, осыдан кейін қазақ тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп, алпысыншы жылдардан бастап ғалымдардың назарына ілінген маңызды ғылыми тақырыпқа айналды. Еліктеу сөзге арнап Ш. Сарыбаев кітап шығарса, Б.Катембаева ғылыми жұмысының тақырыбы етеді.
  • Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы, біріншіден, олардың бәріне ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының болуы. Обьективті өмірде болып жатқан дыбыстар мен бейнелер еліктеу сөздер мәні арқылы ұғынылады. Еліктеу сөздер өзінің шығуы мен құрылысы жағынан еш сөз табына қосылмайды. Адам баласы тілінің пайда болуы, тілдің шығуы туралы пікірлердің бірі - дыбысқа еліктеу теориясы бойынша табиғаттағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, ол сөздер сол заттардың атауларына айналған делінеді. Түрлі тілдерде қарқ-қарқ, мияу-мияу, гу-гу, тарс-тарс, саңқ-саңқ, қор-қор, сықыр-сықыр, ыңқ-ыңқ тәрізді еліктеуіш сөздер және олардан жасалған қарқылдау, мияулау, гуіл, гуілдеу, тарсыл, тарсылдау, саңқылдау, қорыл, қорылдау, сықыр, сықырлау, ыңқыл, ыңқылдау тәрізді туынды сөздер жасалған. Бұдан тілдің шығуы еліктеу сөздерге байланысты болған деген пікірдің жаны бар екені көрінеді. Мысалы, «көкек» сөзі құстың «ку-кук» деп шығарған дыбысына байланысты, құстың бір түріне берілген атау. Мұндай атаулар тілде көп, әрі бұл туралы түрлі теориялар қазақ тіл білімінде айтылып та жүр. Бұған Қ. Хұсайыновтың ғылыми еңбегі дәлел . Бұл ғылыми зерттеуде қазақ тілінде нағыз дыбыс пен бейнеге еліктеуден пайда болған бір топ сөздердің бары, олардың дыбыс пен бейнеге еліктеу ұғымына байланысты ортақ мағынасы болатыны, ондай сөздер еліктеу сөздер тобына жататыны ғылыми тұрғыда дәлелденді.
  • Бейнелеуіш сөздердің көпшілігі ауыспалы мағынада жиі қолданылады.
  • Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
  •  
  • Еліктеу сөздер мағыналық түрлері жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сипаттары жағынан да өзіндік ерекшелікке ие. Еліктеу сөз табына жататын сөздердің буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары бір-бірімен ұқсас, орайлас келеді.
  • 1.Еліктеу сөздердің фонетикалық сипаты олардың дыбыстық құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы арқылы анықталады. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан басқа сөз таптарындағыдай шашырап жатпай, белгілі бір заңдылыққа бағынған. Еліктеу сөздердің түбір күйіндегі дені негізінен екі, үш, төрт дыбыстан құралған бір буынды түбір сөздер болып келеді де, ал қосарланып келгенде бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамындағы дыбыстардың тіркесуінде белгілі бір қалыптасқан жүйелі заңдылықтың болуы, олардың басым көпшілігінің негізгі түбір форма екенін көрсетеді.
  • 2.Еліктеу сөздер морфологиялық құрамы жағынан жалаң және күрделі тұлғаларда келеді. Жалаң түбір еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен олардан синтетикалық тәсіл арқылы жасалынған туынды сөздер жатады.
  • Негізгі еліктеу сөздер айналадағы табиғат құбылыстарын қулақпен есту арқылы қабылдаған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін бір морфемадан тұратын түбір сөздер болып келеді.
  • Кейбір еліктеуіш сөздерге «и» жұрнағы жалғанып та етістік жасалады. Мысалы, «бүкши, секси, түкси» т.т. Осылай еліктеу сөздерден сөзжасам жұрнақтары арқылы екі сөз табының туынды түрлері жасалатын болса, «ет, бер, қақ» негізгі мәнді көмекші етістіктердің еліктеу сөздерге тіркесінен күрделі етістіктер жасалады. Мысалы, «тарс етті, лап берді, бүрсең қақты».
  • Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі
  •  
  • Еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы, Шаңқ-шұңқ айқай естілді. Қандай айқай естілді? - Шаңқ-шұңқ. Бұл - бастауышты анықтап тұрған сөз, анықтауыш мүше. - Не естілді?-Айқай. Зат есімнен болған бастауыш. Еліктеу сөз атау тұлғада зат есім сөздің орнына қолданылғанда сөйлемнің бастауыш мүшесі де бола алады. Мысалы, Төңіректі шаңқ-шұнқ басты. -Не басты? -Шаңқ-шұңқ. Мұнда еліктеу сөз заттық ұғымдағы сөздің орнына жүріп, сөйлемнің бастауышы болып тұр. Етістіктен болған баяндауыштың алдында тұрып, сөйлемнің пысықтауышы қызметін де атқара алады. Мысалы, Үй іші де ду күліпті. - Не істеді? - Күлді. -Қалай күлді? - Ду. Күлу қимылының қалай болғаны «ду» еліктеу сөзі арқылы білініп тұр.
  • Сөйлемде еліктеу сөздер көбіне жеке қолданылмайды, негізінен басқа сөздермен тіркесіп, күрдел сөздің құрамында келеді.
  • 1.Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан белгілі бір заңдылыққа бағынған жалаң түбір күйінде екі, үш, төрт, кейде бес, алты дыбыстардан тұратын сөздер. Қосарланып келгенде еліктеу сөздердің сыңарларының дыбыстық құрамы екіден бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Мысалы, зу, пыр, саңқ, ербең, жалбаң, зу-зу, пыр-пыр, сарт-сұрт,сатыр-сұтыр, қорбаң-қорбаң т.б.
  • 2.Еліктеу сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке және ашық, қысаң болуы сол сөздердің мағынасына әсер етеді Мысалы, «сарт етіп түсті» мен «селк ете түсті», «шиық етті» мен «шіңк етті» мағыналары бірдей емес. Сөз құрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер жуан дауысты дыбысы бар сөздерге қарағанда, қимылдың әлсіз, жай, қысқа болғанын білдіреді.
  • 3.Еліктеу сөздердің соңғы дыбыстары қос дауыссызға аяқталады. Оның алдыңғысы міндетті түрде үнді, кейінгісі қатаң дыбыс болады.
  • 4.Еліктеу сөздер түбір күйінде тұрғанда нақты қандай мағынаны білдіретіні білінбейді. Олардың мағыналары көбіне дыбысқа, көрініске, құбылысқа тәуелді болып келетіндіктен, еліктеудің дәл мағынасы оның басқа сөздермен тіркеске түскенінде анық білінеді. Мысалы, «сылқ, жылп, сылп» еліктеу сөздерінің мағынасы жеке тұрғанда түсініксіз. Егер бұларды «Рақима сылқ-сылқ күлді» (Б.Майлин); «Малта аузына жылп етті, екі ерні сылп етті (С.Сейфулин) сияқты сөйлемдердегідей «күл, ет» етістіктерімен тіркесте қолданғанда олардың мағынасының анықтығы мен толықтығы байқалады. Өйткені «сылқ, жылп, сылп» еліктеулері адамның күлуімен, құрт-малтаның ауыздан түсу қимылымен еріннің қозғалу қалпына қатысты бейнеден пайда болған сөздер. Егер ондай қимылдар болмаса, «сылқ, жылп, сылп» сөздері де тумас еді [6,36].
  • 5.Еліктеу сөздер «ет» көмекші етістігімен тіркесе келгенде, негізінен сөйлемнің пысықтауыш, баяндауыш мүшелерінің қызметін атқарады.
  • б.Заттанғанда болмаса, еліктеу сөздерге көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жалғанбайды.
  • 7.Есім сөздер мен етістіктерден еліктеу сөздер жасалмайды, керісінше еліктеу сөздерден есім мен етістікгер жасалады.
  • 8.Қосарлы түбір еліктеу сөздер құлаққа естілетін дыбыстың не көзге көрінетін елестің және адам организмінде болатын сезім күйдің үсті-үстіне бірнеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң-қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шоқаң-шоқаң етті де отырды.
  • 9. Еліктеу сөздер ерекше логикалық екпінге ие.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет