Тақырыбы: ”Ғасыр дертіне тосқауыл”



жүктеу 242.42 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі242.42 Kb.

Тақырыбы: ”Ғасыр дертіне тосқауыл”


Мақсаты: 1. Ғасыр індеттері: темекі, арақ, есірткі, жұмыссыздық, өзіне-өзі қол салу, ядролық қаруды сынау, т.б. қоғам келеңсіздіктеріне жек тұлғаның бойында, ішкі дүниесінде қарсы ой туғызу, тосқауыл қою.

2. Оқушылардың өзіндік дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.

3. Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауттылық –қа, өз мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

Түрі: Пікірсайыс.

Көрнекілігі: буклеттер, баспасөз материалдары, нақыл сөздер, т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Ой қозғау. “Ғасыр дерттері” ассоциация құру.
Қазақстан демократиялы,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ,оның қымбат қазынасы адам және адамның өмірі,”Қазақстан-2030”стратегиялық бағдарламасындағы 8 басымдықтың бірі азаматтардың денсаулығын,білімі мен әл-ауқатын жақсарту.

Бүгінгі күн тәртібіндегі әлеуметтік мәселелердің бірі-уақыттың барша адамға қойып отырған сауалы-ғасыр дерттеріне тосқауыл қою.


-Оқушылар пікір сайысына байланысты екі топқа бөлінді.Топтың екеуіне де ортақ пікір ,ой туғызатын,дүниетанымы мен білімін анықтайтын сөйлеу машығын қалыптастыратын тақырып берілді.

Категориялық топтастыру.










*** Категориялық топтастыру бойынша әр топ деректер мен дәйектер келтіре отырып, өз пікірлерін қорғайды.
Жүргізуші: Ғасыр дерттерінің кейінгі мәліметтерін мына көріністен көре аламыз.Қазақстанның бір жас отбасында дүниеге нәресте келді.Дәрігерлерді де,ата-аналарды да бұл мәселе қатты толғандырды.Дәрігер кемтар баланың болашағын,тағдырын ойлай отырып,дәрінің күшмен өлтіруді ұсынды.Бұл ұсынысты әкесі құптады,ал анасы қарсы болды.

1-ші топ әкесінің ойын қорғады.

2-ші топ анасының ойын қорғады

(Ойлануға 1 мин,пікірді қорғауға 4 мин берілді,ал сайысқа 5 мин берілді.)



1.Жақтау. 2.Даттау.

Бұдан кейін “Реанимация. Отбасы.Статистика” тақырыбында бейнекөрініс көрсетілді.

Жүргізуші осы жағдаят жөнінде пікірсайысын ашық деп жариялады.

1.Жақтау тобы -“Болашақ”

2.Даттау тобы –“Ғасыр перзенті”.

1-ші спикерлер-өз кейстерін ашып,көзқарастарын нақтылады.

2-ші спикерлер-қарсылық туғызып,өз кейстерін қалпына келтірді.

3-ші спикерлер –жалпы ойынға, спикерлер қызметіне сараптама жасады.Дебатқа екі топ қатысты-жақтаушы және даттаушы.Әрқайсысына үш спикер кіреді.Оппоненттеріне қарағанда әркімнің өз пікірі нанымды шығыуы тиіс.

Жақтаушы жақтың кейсі:

-Бүгінгі ойын барысына көшетін болсақ.біздің қарастырып отырған басты қарарымыз”Ғасыр дертіне тосқауыл” керек.

Дүниеге келген кемтар нәрестенің болашақтағы тағдыры кімді болса да ойландыратыны анық.

Бүгінгі адамзаттың қасіретіне айналып отырған нашақорлық дерті мен нашақорлыққа құмарлық Қазақстанды шаршып қана қоймай,жылдан жылға дендеп барады.Әрбір азамат нашақорға ауру деп қарап,оған емделуге көмектесуі парыз.Сонымен қатар,айта кететн мәселе,қазақтардың ағзасындағы ауруға қарсы тұратын жүйе әлсіз.Спирт пен есірткіні білмеген қазақтардың ағзасында оны қорытатын арнайы фермент жоқ.Сондықтан спирт пен есірткі жергілікті ұлт өкілінің денесін тез жаулап алады. Мұны әрбір саналы жас мектеп жасынан білуі тиіс. Өмірге қатер туғызатын бұндай індеттер жастарға өз болашағына балта шабумен бірдей. Нашақордан дені сау ұрпақ өрбімейтінін әркім- ақ біледі. Сондықтан нашақор үйленуден бұрын алдымен өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы тиіс. Дүниеге кемтар баланың кеуіне алдымен нашақор әке жауапты. Қолымен істегенді мойнымен көтеруге тиісті. Сондықтан, ҚР Конституциясының 15- бабы, 1-тармағында әркімнің өмір сүуге құқығы бар. 15- бабы, 2-тармағында “Ешкімнің де өмірін жоюға құқығы жоқ” делінген. Гиппократ антын бұзып, дәрігерлердің ой салуы қылмысқа негіз болатын нәрсе.

Осыдан келіп шығатын ең негізгі мәселеміз: адам өміріне қол жұмсау- қылмыстың өте ауыр түрі. Ал осы мәселенің туу себебіне тоқталатын болсақ:

  1. Ата-ананың жауапсыздығы.

  2. Ақ халатты абзал жан- дәрігерлердің қылмыс жасауға ой салуы.

  3. Бала әкесінің жауапкершіліктен қашуы.


Енді бұл мәселеге байланысты біздің топтың ұсынып отырған ең тиімді деген шешу жолдарымен таныстырсам.

  1. Бала денсаулығын жақсартатын барлық мүмкіндіктерді қарастыру.

  2. Ата-анасына салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, адамгершілік- моральдік бағытта ықпал ету.

Мен өз сөзімді аяқтадым. Қарсы сұрақ-жауапқа дайынмын.

Пікір-сайыс аяқталып, қорытынды сөздерге кезек берілді.

Қорытынды:

Мағжан ақынның:

Мен жастарға сенемін!” өлеңі оқылды.


Жүргізуші: Жастық шақ- адам өмірінің ең бір белсенді, ең бір өнімді кезеңі. Адам бойындағы ең асыл қасиеттер осы жастық дәуренінде бүршік атады, өміріндегі ең тамаша нәрселер дәл осы шақта жүзеге асады.
Аяжан. Елімізде әрбір адам өз қалауынша өмір сүруге құқылы. Адам және адам өмірі қымбат қазына.

Мирас: Өмір- даңғыл жол емес, ол мәңгі бақи күрес. Оның жолында дауылдар мен кедергілер болып тұрады. Бұл кедергілер өмірімізде өте қауіпті, зиянды әрекеттеріміз бен өзіміз жасайтын кемшілік- кемістіктеріміз.

Мейрамгүл: Маскүнемдік, нашақорлық тәрізді зиянды әдеттер қазіргі заманда барша қоғамның қайғы- қасіретіне айналып отыр. Бұл тажалдар аз болғандай, СПИД деп аталатын тағы бір індет жер жүзіне жайылып келеді. Бұл ғаламдық көлемде лаң берген кеселді апаттардың жолына тосқауыл қойып, қалай сақтауға болады?

Бекнұр: Бүгінгі кеш тақырыбын неліктен “Ғасыр дертіне тосқауыл” деп атағанымызды түсіне жатарсыздар.
Бір жұтым арақ, бір сорым темекі және есірткінің дәмі...
Бүгінгі әңгімеміз осылардың зардабының көрінісі болмақ...
Бірінші өз басыңмен ойлан демекшімін. Жыл сайын жүздеген жасөспірімдер есірткі мен арақтың, шылымның құрбандары болуда.
Екіншіден, келтірілген фактілерді сараптасақ, есірткіні қолдану бірден ақылдан алжасып, жындануға әкеп соқтыратын тозақ жолы.
Үшіншіден, тозаққа апаратын жолға түсуші болма. Өміріңді қауіп- қатерге тәуекел етпе!

Тақырыбы: ”Діни мейрамдар”


Мақсаты: 1. Ораза айт,жарапазан,қажылық және құрбан айттың шығу тарихымен таныстыру.

2. Оқушылардың бойына адами ізгі қасиеттерді қалыптастыру.

3. Оқушыларды халықтық салт-дәстүрді құрметтей білуге үйрету.

Түрі: Әңгіме.Танымдық сағат.

Әдісі: Баяндау.Сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Баспасөз материалдары.Сызбалар.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

2.Ой қозғау бөлімі ”Қандай діни мейрамдарды білесіңдер?” ассоциация құру.



  1. ББҮ стратегиясы” бойынша жұмыстану:

*** алғашқы 2 бөлімін толтыру.



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім












  1. Оқушыларға мәтіндер үйлестіру



Ораза айт.

Ислам дінінің қағидасы барша мұсылман дінін ұстанушылардың бәрі отыз күн ораза ұстауы керек.ораза ұстау-араб күнтізбесі барша рамазан айында таң атпай бекітіп(сәресіні сағат 4-5-терде ішеді),күн әбден батқан соң ашады.Ол кезде темекі шегу мен насыбай атуға,ойын-сауыққа,нәпсіге тыйым салады. Осы уақыттарда адамдар Алла-тағалаға арнап, Құран кәрімді, діни шариғат заңдарын оқып, рухани тазалыққа ұмтылатын болған. Ғұрып бойынша, отыз күн оразадан соң діни мейрам үш күн ораза айты болады. Ораза айтының алдында әрбір отбасы мүшелері кедейлер мен мүсәпірлерге пітір береді (пітір жанға саулық тілеп садақа беру).

Ораза айтының алғашқы күнінде ата-бабалардың аруағын еске түсіріп, құран оқыту, “жұмалық” ас беру (жеті шелпек пісіру)мұсылмандарға парыз болып саналған. Үш күн айт мейрамында үлкендер де, бала-шаға да жақсы киініп, әр үйге кіріп “Айттарың қабыл болсын!” деп тілек білдіріп, айтқа дайындалған тамақтан ауыз тиіп, құран оқып шығады.

Жарапазан


Ораза айтының кезінде кедей-кепшік, жоқ- жітік адамдар ауыл-ауылды аралап, әр үйдің жанына келіп жарапазан айтатын болған.

Жарапазанды көбінесе ақындар шығарған. Кейде ақындық өнері шамалылар немесе қайыр сұраушылар оны жаттап алып айтқан. Бұл өлеңді көбінесе бай үйлерге арнап, солардан қайыр- садақа сұраған. Мысалы:

Айтамын, балалар, сізге жарапазан,

Молдалар ертең ерте айтар азан.

Айтқанда жарапазан қайыр берсең,

Барғанда ахиретке болмас жазаң...

Жарапазанда бата-тілек те қоса айтылады. Мысалы:

Жарпазан айта келдік есігіңе

Қошқардай бір ұл берсін бесігіңе.

Қораңыз ақтылы қойға толып,

Кемімес дәулет берсін несібеңе,- дейтін бата- тілектен, адал көңілден шыққан ақ баталардың нышаны байқалады. Оның тәлімдік мәні зор екені сөзсіз.

Құрбан айт.
Ислам дінін бүкіл араб елдеріне таратушы Мұхаммед. Ол 570 жылы Мекке қаласында туып, өмір сүреді. Мұхаммед 622 жылы Меккеден басқа дінді қабылдаушылардан қуғын көріп, қашып шығып, Мәдина қаласына келеді. Ол бір қүұдайға құлшылық етіп сенуші мұсылмандарды Мәдина қаласы маңына жинап, Омар, Осман, Әли Бәкір, Әбу Талиб сияқты Әділ Халифтердің көмегімен бүкіл араб елдерінің басын біріктіреді. Ясрит арабтары Мұхаммедті “Пайғамбар құдайдың жердегі өкілі” деп танып, көктен түсірілген “құдай сүрелердің” жиынтық кітабы (Мұхаммедтің айтуы бойынша жазылған) Құранды қасиетті дін заңы ретінде қабылдаған. Бұл күн арабтардың жыл санауы бойынша 622 жылғы шілде айының 16-сына келеді. Яғни мұсылмандар Мұхаммед дінін шын мойындаған күні құрметіне мал сойып, құдай жолына құрбандық шалатын болған. Міне, құрбан айты 14 ғасыр бойы бүкіл мұсылман елдерінде жыл сайын мейрамдалатын діни мейрам ретінде аталып өтіп келеді.

Қажылық.
Жыл сайын дүние жүзінің мұсылмандары араб айының жылнамасының он екінші зул-хижжа айында Ислам дінінің шыққан жері Меккеге барып, қажылық жасайды. Мекке шаһарында қасиетті мешіт бар. Оның дәл ортасында төрт бұрышты ғимарат тұр. Оны арабтар сыртқы пішініне байланысты “қағба” деп атаған, яғни текше деген сөз. Қағба қара жібек матамен жабылған. Ол матаға алтын әріппен құран аяттары жазылған. Бұл мата Мысырда тоқылған. Қағбаның оңтүстік- батыс бұрышында Алла-тағала өзінің құдіреті мен шапағатын адамдарға білдіру үшін аспаннан түсірілген “қара тас” бар. Қағбаның жанында минералды қайнар бұлақ ағады. Меккеге барғандар осы бұлақтың суын торсыққа құйып, ішіне күміс салып, елге әкеліп, ауылдың үлкен- кішісіне бір- бір қасықтан үлестіріп дәм таттыратын болған.

Меккеге қажылыққа барушы мұсылман үстіне ақ киім- ихрамды киіп, алдымен қағбаны жеті рет айналады. Сонан соң Сафа төбешігінен Мәруа төбешігіне дейін көшені бойлап жүгіреді. Оны сағи деп атайды. Одан кейін Меккеге отыз шақтай жердегі Арафат тауына шығады. Содан соң Меккенің сыртындағы Мін деген жылға өзекте мал сойып, құрбандық шалады. Малдың қан- жынынан басқасын түгел асып пісіріп, аш-арыққа, кәріп- кәсерлерге үлестіріп береді. Оларға қайыр- садақа да үлестіреді. Міне, осы дәстүрді орындаған мұсылман қажы атанады. Қажылар Мәдина шаһарындағы Мұхаммед пайғамбардың зиратына барып, дұға оқиды. Қажылық құрбан айт мейрамымен аяқталады.

Құрбан айты ораза айтынан кейін 70 күн өткен соң болады.

*** Мәтінмен танысып болғаннан кейін ББҮ стратегиясының 3- бөлімі толтырылады. Әр оқушы өзінің толтырған жұмысымен таныстырады.
Қорытынды: - Балалар, осындай халқымызда сонау ерте заманнан келе жатқан діни мерекелерді есте сақтап, орындай біліңдер. Мәнін жоймай, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жалғасын таба берсін.


Тақырыбы: Ұлттық экологиялық ұғымдардың мәні



Мақсаты: 1. Ұлттық экологиялық ұғымдарды саралап, оқушыларға меңгерту. 2. Ұлттық экологиялық ұғымдарды мән- мағынасына қарай топтай білуге, адам мен табиғаттыің егіз ұғым екенін саралай білуге үйрету. 3. Экологиялық сауаттылықты қалыптастыру.

Түрі: Әңгіме.Танымдық сағат.

Әдісі: Баяндау.Сұрақ-жауап.СТО элементері

Көрнекілігі: Баспасөз материалдары, сызбалар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, т.б..
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Ми шабуылы: Ұлттық экологиялық ұғым, ол- ...

*** Оқушылардың пікірі тыңдалады.

2. Мұғалім сөзі:

    • Ұлттық экологиялық ұғымдарды мән- мағынасына қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.




      1. топ: Ұлттық экологиялық тыйым сөздер

- Экологиялық тыйым сөздерді табиғат байлықтарына қарай жеке тақырыптарға жіктейміз.



  • Суға арналған тыйым сөздер:

Суға түкірме”, “суды ылайлама”, “өзенге өлген ит тастама”, т.б.


  • Өсімдікке байланысты тыйым сөздер:

Көкті жұлма”, “Көкті таптама”, “Жалғыз ағашты кеспе”, т.б.


  • Жануарларға қатысты тыйым сөздер:

Құмырсқаның илеуін бұзба”, “Құстың ұясын бұзба”, “Аққуды атпа”,т.б.
2- топ: Ұлттық экологиялық мақал- мәтелдер, нақыл сөздер
*** Суға арналған мақал- мәтелдер, нақыл сөздер:

Судың да сұрауы бар”, “Бұлақтың көзін аша жүр, жақсы істен мұра шаша жүр”, “Судың басындағы ел су ішеді, сағасындағы ел у ішеді”, т.б.



  • Өсімдікке байланысты мақал- мәтелдер, нақыл сөздер:

Бір ағаш кессең он тал ек”, “Бақ өсіргеннің бағы жанады”,

Ағашқа балта шапқаның, өміріңе залал тапқаның” т.б.




  • Жануарларға қатысты мақал- мәтелдер, нақыл сөздер:

“Киіктің де киесі бар”, “Дуадақ шөлін сүйеді, аққу- қаз көлін сүйеді”, “Құлан- қырда, құндыз- суда”, т.б.



  1. топ: Ұлттық экологиялық аңыз әңгімелер.




    • Ертеде жоңғар шапқыншылары бейбіт елді ата- қоныс жерінен қуған басқыншылық заманда Төле би бабамыз жалғыз өзі үйін жықпай отырған. Мұны көрген әскер басы бабаға келіп мән- жайды сұрайды. Сонда Төле би бабамыз шаңырағына ұя салған қарлығаштың қызылшақа балапандарын аяп отырғанын айтады. Осыны естіген әскер басы далалардың дана абызының айтқанына таң қалып, асқан адамгершілік қасиетін сыйлап, бабаның өзіне де, қарлығаш ұя салған шаңырағына да тимеген екен.




  1. топ: Ұлттық экологиялық салт- дәстүрлер.


- Бұл бағыттағы дәстүрлердің бірі- Наурыз мейрамы. Бұл табиғаттағы ерекше құбылыс- күн мен түннің көктемгі теңескен күні. Наурыз мейрамының да басты мақсаты табиғат пен адам арасындағы табиғи экологиялық тепе- теңдікті сақтауға негізделген. Мысалы: бұл кезде басты су көздері- бұлақ,бастау, өзен, көл, бұлақ жағасында ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту және т.б. жұмыстар атқарылады.

- Қазақ халқының өмір- тіршілігі, күнделікті тұрмыс жағдайы және дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысуының бәрі де табиғат аясында өткендіктен, табиғатқа деген сүйіспеншілігі, аяушылық сезімі халықтың қанына да, жанына да сіңген.



- Халқымыздың мұң- мұқтажына жанашырлық танытып, Жерұйықты іздеген Асан қайғы бабамызды дала данағөй экологы деп атауымызға әбден болады. Бұл бабаларымыздың Қазақстанның әрбір өзені мен көліне,шұрайлы жері мен тауына берген бағасының өзі ең құнды ұлттық экологиялық шығарма деп мақтаныш сезіммен дәріптеуге болады.


  1. Оқушылар шығармашылығы.

*** Оқушылардың үйден дайындап келген өлең- жырларымен, суреттермен танысу.



  1. Бекіту.

Категориялық топтастыру:







  1. Қорытынды: - Балалар, осындай ұғымдарды есте сақтап өссеңдер, біріншіден- халқымыздың абыройын асқақтатар едіңдер, екіншіден- табиғатқа жақын тұрып, сүйіспеншілік мейірім- сезімдерің оянар еді деп ойлаймын. Бабалардың ұран тектес аманатын естен шығармайық дегім келеді:


Қылса да дұшпан қастығын,

Жолдасы бол жақсының.

Елді, жерді сақта деп,

Балам саған тапсырдым.


Тақырыбы: Мінез- жанның айнасы



Мақсаты: 1. Оқушыларға бозбала мен бойжеткеннің жеке басынан дараланып байқалатын психикалық сипаттарының бірі- мінез бен темперамент жайлы айту.

2. Әрқайсысының жеке дара өзгешеліктері мен мінез- құлықтарын анықтау.

3. Жақсы мінез- құлықтарды бойына сіңірген, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайтын азамат пен азаматша тәрбиелеу.

Түрі: Әңгіме.Танымдық сағат.

Әдісі: Баяндау.Сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, темперамент топтары, мақал-мәтелдер, т.б.

Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Кіріспе: Мұғалім сөзі

- “Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң, айтпа сөз” деп Абай атамыз тегін айтпаған. Әрбір есі кіріп, етек жапқан адам- белгілі бір қоғамның мүшесі, оның азды- көпті өмір тәжірибесі бар. Яғни, білімі, жеке дара өзгешеліктері болады. Сендер де осы қоғам мүшесісіңдер. Сендердің де қоғамда өз орындарың бар. Әрқайсысыңа мінез- құлық тән.Бозбала менбойжеткеннің жеке басынан дараланып байқалатын психикалық сипаттардың бірі- мінез бен темперамент. Ерте заманнан- ақ мінез- құлық 4 түрге бөлініп келген.

Холерик- қажырлылық, қуат-құмарлық.

Сангвиник- қозғалғыштық, мейірімділік,еті тірі.

Меланхолик- сезімі терең, ұстамды.

Флегматик- асықпайтын, сабырлы, селқос.

-Мінез- даралық, өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының негізі. Кісіні мінез әр қырынан көрсетіп тұрады.

- Мінез- иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, салғырт, т.б. сапаларға бөлінеді.

3. Темперамент типтері:

Холерик- ұстамсыз, ұшқалақ тип. Қимыл әрекетті сүйеді. Әдетте, оның қимыл- қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Ой әрекеттің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл- қозғалыстарын билей алмай, күйіп- пісуге дайын тұрады. Олардың сөздері жылдам, кейде қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді тез ұйытады. Олар өте сезімтал, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның мұндай мінез ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

Сангвинник- жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады. Бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез айнып кетуі ықтимал. Ақыл- ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сөзі жылдам, анық, түсінікті. Сөзді мәнерлеп айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара жағы басым келеді. Көбінесе, эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Олардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан олар өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

Флегматик- сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді. Дауыс екпіні баяу, асықпай- аптықпай сөйлейді, сөзі ым- ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Ұқыпты, парасатты, ақылды. Зейіні тұрақты. Қызығушылықтары да тұрақты. Жаңа іске жай қосылады, бір істен екінші іске ауысуы да баяу.

Меланхолик- ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Барлық эмоциялары ішінде, өте сезімтал, жасқаншақ, өз күшіне сенбейді. Жалғыздық пен тұйықтыққа бейім, байланысқа түсуі қиын. Қызығушылықтары тұрақты, жаңа ортада кей жағдайларда қысылмайды.
4. Мектеп психологы Г.Темірғалиева жүргізілген психологиялық тексеру қорытындысы бойынша әр оқушының мінез-құлық, темперамент ерекшеліктері туралы айтып өтті.

5. Мінез- құлыққа байланысты мақал- мәтел айтудан сайыс:
Мысалы: “Сырдың суы сирағынан келмейді”,

Көңілсізден күлкі шықпас”,

Жақсы әке- жаман балаға қырық жыл азық”,

Адал- көңілден азады”,

Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші екеуі біріккенде- бұлар адамшылық қасиеттердің басын табады”,

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты”,

Тәуір мінез білімнің аздығынан гөрі жігердің жетіспеуінен жапа шегеді”,

Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады”.


6.Әдеби бет.

Қанатты сөздер:

    • Мінез принцип бойынша әрекет етуге қабілетті”.

    • Жақсы мінез- бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы”.

    • Сенім әдет болып қалыптасқанда ғана мінезге айналады”.

    • Мінез-құлық- әркім өзінің кейпін көрсететін жиынтық”.

    • Жағдайдың өзгеруі, мінезді де өзгертеді”.



Мінез


Пана болып көрген жоқ иықтар,

Мәртебелі де сондықтан биік тұрар.

Жаманшылық жасаса жақтырмаймын,

Жақсылыққа жайым бай сый ұқтырар.
Көргенім жоқ кеудемнен сырды бүгіп,

Жабырқамас жаным да жүрді күліп.

Қатарымның алдында биік болып,

Достарыма тұрамын құлдық ұрып.
Қаңқу сөзден шошынам, ал бір кетік,

Мір оғындай жүрекке бар кіретін.

Кемшілігін біреудің бетке басып,

Көргенім де жоқ менің әңгіме етіп.



  1. Қорытынды: -Тәрбиелі мінез адамда имандылық қасиеттердің бар екенін көрсетеді. Сондықтан да көпшіл, ізетшіл жандар адамға қамқор болып, өз міндетін орындауда адамгершілік, жауапкершілік жүгін сезіне де біледі.

Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді.

Міне, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздан алған жақсы әсерлеріңді, жаман әдеттен жирене отырып, бойларыңа сіңіре біліңдер. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніңіздер.

Тақырыбы: «Сынып лидері »
Мақсаты: 1. Ғылым, білімге жетелейтін білімді жас ұрпақ тәрбиелеу.

2. Оқушыларды жүйелі ойлауға дағдыландыру, білім- білік дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс

Әдісі: Сұрақ-жауап



Көрнекілігі: Нақыл сөздер, техникалық құралдар,т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Сайыстың жұргізілуі:

Жүргізуші: Қайырлы күн, біздің қымбатты ақылды оқушыларымыз! «Сендерді ХХ ғасыр көшбасшысы» деп аталатын зияткерлік ойынға қатысуларыңмен құттықтаймыз!

«...О біздің білімпаз жандар

Таңдантар бізді әлі де.

Қиындық та болар күйретер,

Даналық та сонда үйренер»

А.С. Пушкин

Ұлы ақынның бұл сөзі бүгінгі кездесуіміздің эпиграфына айналсын, ал ұраны-«Үздік боламын деп армандамайтын оқушы жақсы емес»

Бүгінгі ойынға қатысушыларды құттықтап қояйық.Білім додасына қатысушы оқушыларымызды ортаға шақырайық.
*** Әділқазылар алқасын тағайындау.

Тыңдаңыздар! Ойынымыздың І туры басталады.

Ол «бәйге» деп аталады.


  1. Мемлекеттік Тудың авторы? /Ш. Ниязбеков/

  2. Ом заңын ашқан кім? /Ом/

  3. ТӨЛ сөзі қандай сөз табы? /Зат есім/

  4. Әшекейлер мен зергерлік бұйымдар жасалатын қылқынды жапырақты ағаштың шайыры? /Янтарь/

  5. Құстар қыстаған жерінде ұя сала ма? /Жоқ/

  6. Қандай металл ұшады? /Алюминий/

  7. Санның жүзден бір бөлігі? /1%/

  8. Қазақ тілі қандай тіл тобына жатады? /түркі тілдер тобына/

  9. Атақты Лувр музейі қай елде? /Францияда/

  10. Шаршы-параллелограмм ба? /иә/

  11. Кәдімгі үй шыбынының ұзындығы шамамен 7 мм. Ол миллион есе ұлғайса ұзындығы қанша болар еді? /7мм ∙ 1000 000=7км/

  12. Қиярды тұздау қандай физикалық құбылысқа негізделеді? /сіңу, кірігу/

  13. Профессор кешкі сағат 8-де ұйқыға жатады, ал сағат қоңырауын таңғы сағат 9-ға қояды. Профессор қанша сағат ұйқтайды? /1 сағат/

  14. Таяқты 12 бөлікке аралап бөлу керек, Неше жерден аралау керек болады? /11/

  15. Қолда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? /50/

  16. Күн жүйесінің ең үлкен жұлдызын ата. /Юпитер/


Жүргізуші: Әділқазылар алқасы, бұл турдың нәтижесін жариялаңыздар.

Ойынымыздың ІІ туры «Полиглот» деп аталады
Оның қызықтығы сол, ол қатысушылардың үш тілді білуін талап етеді /қазақ, орыс, ағылшын немесе неміс/. Қойылған сұраққа жауап үш тілде беріледі. Әрбір сөз-10 балл, демек, үш тілде жауап берілсе, тиісінше-30 балл болады.

  1. Ойын арзан-....қымбат. (час-сағат-hour)

  2. Құс қауырсынымен, ал....ақылымен көрікті. (человек-адам-man)

  3. Бір....-жақсы, ал екеу болса тіпті жақсы. (голова-бас-head)

  4. ....теңгең болғанша,.....досың болсын. (сто-жүз-hundred)

  5. Сөз-күміс, үндемеу-.... (золото-алтын-gold)

  6. Тазалық-....кепілі. (здоровье-денсаулық- health)

  7. Ескі....жаңа екі.....-тан артық. (друг-дос-friend)

  8. Жалқауға күнде-.....(праздник-мейрам-holiday)

  9. Сырын білмей....түспе. (вода-су-water)

  10. Жеті өлшеп,...рет кес. (один-бір-one)

  11. .....түбі тоқу. (учиться-оқу-lean, study)

  12. .....-де сүйек болмайды. (язык-тіл-language)

  13. .....тас жарар,тас жармаса бас жарар. (слова-сөз-word)

  14. .....тамақ тәңірден. (утро-таңғы-morning)

  15. Ботқаны.....бүлдірмес. (масло-май-butter)


ІІІ тур айтарлықтай күрделі
Бұл жерде сендердің әрқайсыларың жауап беру үшін құны 20-б, 30-б, 40-б сұрақтарды таңдап алу арқылы өз баллдарыңды көбейтулеріңе болады.

Таблоға қарап, сұрақтарды таңдап алыңдар.


20 б

Қазақ тілі

Орыс әріптеріне негізделген қазақ алфавитін жасаған кім? (Алтынсарин)

20 б

Орыс тілі

В каком местоймении два звука, но одна буква? (Я)

20 б

Биология

Түйе өркештерінде ненің қорын жинайды? (майдың)

30 б

Математика

Қай кезде екі санның қосындысы олардың айырмасына тең болады? (кез келген санмен 0)

30 б

Физика

Кірпіш қандай жағдайда тұрғанда жер бетіне көп салмақ түсіреді: жалпағынан ба, әлде қырынан ба? (қырынан тұрғанда)

30 б

Тарих

Гректерде жеңісті бейнелейтін құдай-әйел? (Ника)

40 б

Информатика

Ақпаратты енгізу және беру құрылғысы қалай аталады? (Шеткі немесе шеткері)

40 б

Химия

Неге озонмен тыныс алуға болмайдвы? (озон оттектің үш атомынан тұрады,ал оттек тыныс алу атомы ретінде қауіпті)

40 б


География

Экватор аумағында өмір сүретін оңтүстік америкалық лама жануарының жүні неліктен ұзын болады? (лама-биік таулы аймақта өмір сүретін жануар, ал биік таудың климаты салқын болады.)


ІV тур. Жанды сұрақтар.

  1. Математика.

  2. Биология.

  3. Литература (орыс тілі)

  4. Музыка

  5. География

  6. Тарих

  7. Қазақ тілі

  8. Шетел тілі


Жүргізуші: Сонымен, төрт турдың нәтижесі бойынша ойында ең жоғары балл жинаған үш қатысушы қалды. Біз оларды толғанысқа шақырамыз.
«Егер мен.....болсам» деп аталатын ойынның V турын бастаймыз-10 б.
«Егер мен қала әкімі болсам...» тақырыбына толғанысты бастаймыз.

Дайындық мерзімі-3 минут. Әділқазылар тек қана жауап мазмұнын емес, оның ерекше болуын да бағалайды.

V тур қорытындысы.

«Шешен» қорытынды туры (2 минут)

Компьютер: дос па немесе жау ма?

Неге барлық балалар компьютерді, нақтырақ айтсақ, компьютер ойындарын жақсы көреді? Мультиктер мен кітаптар айдалада қалды. Психологтардың айтуынша, мультфильм көргендегідей оқиға барысын жай бақылаушы ғана болмай, өзіңнің басшылық жасай алуың қызықтыратын көрінеді. Алайда көптеген ата-аналар балаларының бұл қызығушылығына қауіптене қарайды. Олардың қауіптенуі дұрыс па, әлде дұрыс емес пе?

VІ тур қорытындысы.
3. Қорытынды: - Оқушылардың ұпайлары есептеліп, жеңген оқушыны мақтау қағазымен марапаттау.

Тақырыбы: Қатыгездік қайдан шығады?



Мақсаты: 1. Оқушыларды ойлауға, ой түйіндеуге, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын қорғауға, дәлелдеуге үйрету.

2. Жеке тұлғаның санасын ситуациялық сұрақтар, пікірталас көмегімен дамыту.

3. Қылмыстық әрекеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: Дөңгелек үстел. Пікірталас.

Әдісі: Баяндау.Сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, баспасөз материалдары, үлестірмелі қағаздар, т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Ой қозғау. “Қатыгездік қайдан шығады?”

(оқушылар пікірін тыңдау)

2. Кіріспе. Мұғалім сөзі.

    • Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген- деп,

Ж. Молдағалиев жырлаған халықпыз. Сол халықтың жастары да осал болмауы тиіс. Осал емес те. Бекзат, Бақтияр сынды жастарымыз еліміздің намысын биікке асқақтатты. Бірақ, әттеген- ай дейтін жеріміз де баршылық.

Бұл- бүгінгі жасөспірімдердің қылмысқа бой ұрып бара жатқандығы. Яғни, қылмыскерлердің жасы жасарып бара жатыр. Жастардың қатыгездікке, қылмысқа бой алдыруы- заман проблемасына айналды. Сондықтан бүгінгі әңгіме жасөспірімдер арасындағы қылмыс жөнінде болмақ.

3. Негізгі бөлімі: Жағдаятқа байланысты пікірталас.


    • Мен жанұяда жалғыз бала болдым. Сондықтан ба әке- шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. 13 жасымнан бастап қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола бастадым. Әке-шешем ақшаны аямай беретін болғандықтан, қымбат темекі шегетінмін. Барлық зат оңайлықпен келетін болған соң, өмірге жеңіл қарадым. Қанша рет арақ ішіп, милицияға ұсталдым. Әкем таныстары арқылы ақшасының арқасында шығарып алатын еді. Өзімнің жаза тартпайтыныма масайрап, қылмыс жолына түсе бастадым. 17 жасымда әкем жол апатынан қаза болды. Жалғыз анам маған ештеңе жасай алмады. Сол кезде қасымдағы өзім сияқты жаман жолға түскен балалармен көрші шағын аудандағы Ернар есімді баланы өлімші етіп сабадық. Оның бар жазығы менің досым жақсы көретін Айна есімді қызбен достығы еді. Бәріміз де қамалдық. Шығарып алатын әкем жоқ. Осы жерде ғана мен өз өмірімді бүлдіргеніме бірінші рет өкіндім. Үш бала болып бес жылға сотталдық. Темір тордың арғы бетіндегі өткізген бес жыл мен үшін бес жүз жылға тең болды. Бүгінде босап келіп, жаңа өмір бастап жатырмын. Өмірімді қайтадан бастағым келеді.

    • Жастарға айтарым, кейін өкінбейтіндей өмір сүріңдер, бар қызық алдарыңда. Арақ-шарап, есірткі- бірінші жауларыңыз”- дегім келеді.




      • Мұғалім: - Осы жайға байланысты өз ойларыңызды ортаға салыңыздар. Бұл баланың өмірі неліктен қылмыспен басталды? Осы жөнінде ой бөлісейік.

      • Оқушылардың пікірін тыңдау.




      • Сұрақ-жауап кезеңі:

1. Қасыңдағы жолдасыңның қылмыскер екенін білсең, не істер едің?

2. Неліктен қазіргі жастар бір-бірін аяусыз ұрып-соғып, тіпті өлтіруге дейін барады? Кім кінәлі?


  • Оқушылар жауаптарын тыңдау.




  • Тағы бір жағдаятқа тоқталайық:



- “Біздің үй үнемі ұрыс- керістен арылмайды. Кейде жанжал аяқ астынан шығады. Шешем: “Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың шамалы” деп ызыңдаудан жалықпайды. Әкем ішіп алғанда талай рет қол жұмсады. Шешем көбінесе екеуімізді бөлек тамақтандырады. Мен ата- анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады. Кейде бір қылмыс жасап түрмеге де түскім келеді? Не істерімді білмей жүрмін” дейді.


  • Мұғалім: Бұған не айтар едіңдер?

  • Оқушылар жауаптарын тыңдау.




  1. Бекіту:











*** Оқушылардың жеке пікірін тыңдау.


  1. Қорытынды: - Өмір дегеннің өзі қыраттардан, ойлы- қырлы белестерден тұрады. Алдыңда не кездесетінін білмейсің. Одан ойдағыдай шығудың жолы адамның өзіне, жігеріне байланысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында жастар ісіне, жастардың білім алуына көп көңіл бөліп отыр.Салауатты өмір салтын ұстануға бағыт береді. Тек салауатты өмір салтын ұстанған адамның қылмысқа бармасы анық.

Адам барлық қиындықты еңбекпен ғана жеңеді. “Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық- аздырар адам баласын” деп ұлы Абай бекер айтпаған.


Тақырыбы: “Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді”
Мақсаты: 1. Өзін- өзі және өзгені тану қабілеттерін дамыту.

2. Ой өрістерін дамыту, жақсы мінез, айналасындағылармен жақсы қарым- қатынас қалыптастыру.

3. Оқушыларды өз ойларын ашық айта білуге, шыншылдыққа, қарым- қатынасты реттеуге үйрету.
Түрі: Тренинг

Әдісі: Еркін қарым- қатынас

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, каррточкалар, “Күн” және “Түн” суреттері,т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
Ой қозғау. “Өзіңді білу”, “Өзіңді тану” тіркестерінің мағынасы жөнінде пікірлерін тыңдау.

2. Кіріспе:

- Өзіңді тану- өзіңнің көңіл күйіңді, мінез- құлқыңды, қабілетіңді, сезіміңді, ойыңды, жалпы болмысыңды тану. Табысқа жетудің бір кепілі- жақсы мінез- құлық. Жақсы мінез- құлық айналадағылармен жылы қарым- қатынасқа құрылған мәнді өмір негізі. Адам өз бойындағы жағымсыз мінездерінен арылуға ұмтыла отырып өзін-өзі тәрбиелейді.


3. Негізгі бөлімі. Тренинг жаттығулары


  1. Мен кіммін” жаттығуы

Нұсқау: тренингке қатысушыларға “Мен” бейнесін жазбалар, сурет, қимылдық бейне, ән арқылы ашуға, ойлануға уақыт беріледі. (арттерапия әдісі). Басқалар осы бейненің бұл адамға қаншалықты сай келетінін талқылайды.

Қорытынды: мен- Адаммын, Адам бола білу- ең қиын мамандық.
2. “Күн мен түн” жаттығуы

Нұсқау: Қатысушы күн суретінің астына тұрып өзінің жақсы жақтарын, түн суретінің астына тұрып кемшіліктерін айтады.

Қорытынды: “Жетістікке таспа, кемшілікке баспа”.
3.“Мейірім” жаттығуы

Нұсқау: өзіңнің жақын туысқаның не танысың туралы жақсы сөздер айту.

Қорытынды: “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”.


  1. Көңіл күйді тану” жаттығуы

Нұсқау: қатысушылар түрлі көңіл- күйдегі адамдар бейнеленген карточкалардың ішінен өзінің сол сәттегі көңіл күйіне сәйкес келетінін айтады. Таңдау себептерін айтады.

Қорытынды: көңілділік айналаға күлкі сыйлайды. Күлкі- ең тамаша ем.
4. Бекіту:










5. Қорытынды: - “Жақсыға ұмтыл, жаманнан тыйыл”. Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді. Адамгершілік- мәнді өмір бастауы. Алдағы өмірлеріңе сәттілік тілеймін.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет