Тақырыбы: Өндірістік ортаның физикалық факторларын зерттеу әдістерін меңгеру, оларды гигиеналық бағалау және олардың орнанизмге әсері: Механикалық тербелістерді (шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс) зерттеу әдістері



жүктеу 130.38 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі130.38 Kb.
Ф КГМА 4/3-06/02

ПП КГМА 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Еңбек гигиенасы, кәсіптік аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Тақырыбы: «Өндірістік ортаның физикалық факторларын зерттеу әдістерін меңгеру, оларды гигиеналық бағалау және олардың орнанизмге әсері: Механикалық тербелістерді (шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс) зерттеу әдістері. Өндірістегі ықшам климатты гигиеналық бағалау және зерттеу әдістері. Өндірістік жарықтануды гигиеналық бағалау және зерттеу әдістері.»

Пән: «Фармацевтикалық гигиена негізі»


Мамандығы: 051103 - «Фармация»

Курс: 3 курс


Оқу сабығының көлемі: 2



Құрастырғандар: _______________ Шинтаева Н.У.

Қарағанды 2014 ж.





Еңбек гигиенасы, кәсіптік аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді


Хаттама № ____ «____» ____________________ 20 __ ж.

Кафедра жетекшісі ________________ Сраубаев Е.Н.



Студенттердің өзіндік жұмысқа дайындалуына арналған әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: «Өндірістік ортаның физикалық факторларын зерттеу әдістерін меңгеру, оларды гигиеналық бағалау және олардың орнанизмге әсері: Механикалық тербелістерді (шу, діріл, инфрадыбыс, ультрадыбыс) зерттеу әдістері. Өндірістегі ықшам климатты гигиеналық бағалау және зерттеу әдістері. Өндірістік жарықтануды гигиеналық бағалау және зерттеу әдістері.»

Сабақтың мақсаты: Студенттерге өндірістік орта факторларының негізгі физикалық зерттеу әдістерімен, оларды гигиеналық бағалау және организмге әсерімен таныстыру. Механикалық тербелістерді (шу, діріл, УД, ИД) негізгі зерттеу әдістерімен таныстыру. Студенттерге өндірістегі микроклиматты гигиеналық бағалау және негізгі әдістермен таныстыру. Өндірістік жарықтандыруды гигиеналық бағалау және негізгі әдістермен таныстыру.
Оқыту мақсаты:

  • Шу, діріл, УД, ИД, микроклимат, өндірістік жарықтандыру бақылау әдістері

  • Организмге әсері.

  • Микроклимат параметрлерін өлшеуді үйрену.

  • Технологиялық прцесстерге тәуелді микроклиматтың өлшеу нүктелерін таңдау.

  • Шу, діріл, УД, ИД, микроклимат, өндірістік жарықтандыру параметрлерін белгілі нормативті құжаттардың көмегімен бағалау.


Тақырып бойынша сұрақтар:

  • Еңбек әрекетінің негізгі түрлері және оның сипаттамасы.

  • Физиологиялық зерттеулерді жүргізу және ұйымдастырудың негізгі принциптері.

  • Күн тәртібінің хронометражы.

  • Орталық жүйке жүйесін зерттеудегі психофизиологиялық әдістері

  • Еңбек ауырлығының гигиеналық критерийі.


Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Шу түсінігі .

  2. Шудың жіктелуі.

  3. Шу ауруы. Ағзадағы өзгерістер, диагностикалық ерекшеліктері.

  4. Шуды нормалау және гигиеналық бағалау.

  5. Алдын алу шаралары.

  6. Инфрадыбыс, қолдану деңгейі.

  7. Ультрадыбыс туралы негізгі түсінік, қолдану деңгейі.

  8. Контакты жолмен берілетін ультрадыбысты нормалау .

  9. Діріл ауруы. Ағзадағы өзгерістер, диагностикалық ерекшеліктері.

  10. Инфрадыбыс, қолдану деңгейі.

  11. Ультрадыбыс туралы негізгі түсінік, қолдану деңгейі.

  12. Өндірістік микроклиматты гигиеналық бағалаудың әдістемелері.

  13. Ауаның температурасын өлшеу.

  14. Ауаның ылғалдылығын өлшеу.

  15. Ауаның жылдамдығын өлшеу.

  16. Жылу бөлінуін өлшеу.

  17. Технологиялық құрал, бөліп тұратын конструкциялардың бетінің температурасын өлшеу.

  18. Микроклимат параметрін комплексті бағалауды өлшеу және есебі.

  19. Микроклимат параметрлерін зерттеу әдістемесі.

  20. Ағзаға микроклимат әсерін зерттеу.

  21. Рациональды жарықтануды өндірістік гигиеналық маңызы

  22. Жарық көзінің салыстырмалы гигиеналық және светотехникалық бағалау

  23. Өндірістік жарықтануға қойылатын талаптар.

  24. Өндірістік жарықтану жүйелері

  25. Шамдар және олардың маңызы

  26. Өндірістік жарықтандыруды нормалау. Жарықты нормалау кезіндегі көру жұмысының негізгі және қосымша белгілері.

  27. Табиғи жарықтандыру, мүшелері

  28. Аралас жарықтандыру

  29. Көру анализаторының функционалдық жағдайын зерттеуге арналған әдістер.

  30. Люксметр арқылы жарықтандыруды өлшеу әдістері.

  31. Ағымды санитарлық қадғалау тәртібінде өндірістегі жарықтану жағдайын бағалау

  32. Өндірістік бөлмелердегі жарықтандыруды жақсарту шаралары

Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік сабақ


Әдебиеттер
Негізгі

  1. Гигиена труда. Учебник/ под.ред. Н.Ф. Измерова, В.Ф.Кириллова – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 592 с.

  2. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда (под ред. В.Ф. Кириллова). – М., Медицина, 2001 г., 399 с.

  3. Руководство по гигиене труда (под ред. В.Ф.Кириллова). – М., Медицина, в 2-х томах, 2001. – 400 с.

  4. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. – М.: Медицина, 1988-576с.

  5. Гигиена труда, под. ред. Алексеев С.В., Усенко В.Р., М.Медицина 1991г.

  6. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда, под. ред. проф. В.Ф.Кириллова, М.Медицина, 2002г.353с.

  7. Руководство по гигиене труда, Медицина труда. Под. ред. проф. Н.Ф.Измерова, А.А.Каспарова. М.Медицина, 2002г, 184-390с.

  8. Devis J.M. et al.// Occupational Health in the chemical industry. XXI Medichem Congress 18-21 October 1994. - Melbourne, Australia. - P. 106-125.

Бақылау



Тестілік сұрақтар
84. ДЫБЫС ЖИІЛІГІН ӨЛШЕУ БІРЛІГІ:
- Децибел.

- Бел.


- Паскаль.

- Байт.


+ Герц.
85. ДЫБЫС ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ БІРЛІГІ:
- Герц.

- Бел.


- Децибел.

- Фон.


+ Паскаль.
86. ДЫБЫСТЫҢ ЕСТІЛУ ТАБАЛДЫРЫҒЫ ДЕГЕНІМІЗ:
+ Адамның есту мүшесімен қабылданатын дыбыстың ең төмен күші.

- Адамның есту мүшесімен қабылданатын дыбыстың ең жоғарғы күші.

- Тынық күнде жапырақтар салдарынан шығатын дыбыс күші.

- Шу өлшегіш құралы өлшей алатын дыбыстың ең кіші күші.

- Адамның есту мүшесімен қабылданатын дыбыстың ең төменгі жиілігі.
87. ДЫБЫС ҚЫСЫМЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ОКТАВАЛЫҚ ЖОЛАҚТА ҚАНДАЙ ӨЛШЕММЕН

ӨЛШЕНЕДІ?


- Герцпен.

- Фонмен.

- Сонмен.

- Паскальмен.

+ Децибелмен.
88. ДЫБЫС КҮШІ 100 ЕСЕГЕ КӨБЕЙГЕНДЕ ДЫБЫС КҮШІНІҢ ДЕҢГЕЙІ ҚАНША БЕЛ-ҒА КӨБЕЙЕДІ?
- 10 Бел-ға.

+ 2 Бел-ға.

- 50 Бел-ға.

- 1 Бел-ға.

- 0,1 Бел-ға.
89. СТАНДАРТТЫ ДЫБЫСТЫҢ АУЫРТУ ТАБАЛДЫРЫҒЫ ҚАНДАЙ ДЫБЫС ҚЫСЫМЫНА ТЕҢ?
- 10^5 Па.

- 10^2 Па.

- 10^10 Па.

+ 2х10^2 Па.

- 2х10^5 Па.
90. ТҰРАҚСЫЗ ШУЛАР ҚАЛАЙ ЖІКТЕЛІНЕДІ?
- Аэродинамикалық,тондық,импульсті.

- Тұрақты,үзілісті,тербелмелі.

- Аэродинамикалық,импульсті,үзілісті.

+ Импульсті,үзілісті,тербелісті.

- Импульсті,үзілісті.
91. ТОНДЫ ШУ - БҰЛ:
+ Спектрінде естілетін дискретті тондары бар шу.Шудың тондық сипаты,бір жолақтағы шу деңгейі,көрші жолақтағы шу деңгейінен 10дБ-ден аса жоғары болатын жиіліктің 1/3 октавалық жолағында өлшеу арқылы анықталады.

- Жалпақтығы бір октавадан көп үздіксіз спектрлі шу.

- 8-сағаттық жұмыс уақытында дыбыс деңгейінің өзгеруі 5дБ- ден аспайтын.

- Әрқайсысының ұзақтығы 1 секундқа жетпейтін бір немесе бірнеше дыбыс сигналдарынан тұратын шу.

- Спекртрінде естілетін дискретті тондары бар шу.Шудың тондық сипаты,бір жолақтағы шу деңгейі көрші жолақтағы шу деңгейінен 10 дБ-дан аса жоғары болатын жиіліктің 1/3 октавалық жолағында өлшеу арқылы анықталады.
92. ӘРТИПТІ ЖАБДЫҚТАР ОРНАЛАСҚАН ӨНДІРІСТІК ЦЕХТАРДА,ШУ ДЕҢГЕЙІН

ӨЛШЕУДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗЕМІЗ?
+ Типтес жабдықтар орналасқан әр топ үшін 3 және одан да көп нүктелерде.

- Әрбір жұмыс орындарында.

- Жабдықтардың әрбір топтасқан жерінің ортасында.

- Цех ішінде,5 және одан көп нүктелерде.

- Цех ішінде,10 және одан көп нүктелерде.
93. ШУ ШЫҒАРУ КӨЗДЕРІНДЕ ШУ ДЕҢГЕЙІН БӘСЕҢДЕТУ МҮМКІНДІГІ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА АТАЛҒАН ҚОРҒАНЫС ТҮРЛЕРІНІҢ ҚАЙСЫСЫ ТИІМДІ БОЛАДЫ?
+ Шуды таралу жолы бойынша бәсеңдету.

- ЖБҚҚ /жеке басты қорғау құралдарын/ қолдану.

- Витаминдеу.

- Мерзімді медициналық байқау жүргізу.

- Санаторий-профилакторилар ұйымдастыру.

173. ГИГИЕНА ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ДІРІЛ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨЛЕМІ РЕТІНДЕ ҚАНДАЙ ДІРІЛ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ҚАБЫЛДАНҒАН?


+ 5 х 10^-8.

- 2 х 10^-5.

- 10^-12.

- 10^-6.


- 10^2.
174. ТІК /ВЕРТИКАЛЬНЫЙ/ ЖАЛПЫ ДІРІЛ ҚАНДАЙ ОСЬТЕ БЕЛГІЛЕНЕДІ?
- А

- В


- Х

- У


+ Z
175. ІЛГЕРІ-КЕРІ БАҒЫТЫ БОЙЫНША КӨЛДЕНЕҢ ДІРІЛ ҚАНДАЙ ОСЬТЕ БЕЛГІЛЕНЕДІ?
- А

- В


+ Х

- У


- Z
176. ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КӨЛДЕНЕҢ ДІРІЛ ОҢНАН-СОЛҒА БАҒЫТЫ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ОСЬТЕ БЕЛГІЛЕНЕДІ?
- А

- В


- Х

+ У


- Z
177. ДІРІЛ ТУДЫРАТЫН ҚОЛ МАШИНАЛАРЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНДАЙ БОЛҒАНДА

ОЛАРДЫ ҰСТАП ТҰРАТЫН ҚОНДЫРҒЫ ПАЙДАЛАНУ КЕРЕК?


- 3 кг

- 5 кг


+ 6 кг

- 8 кг


- 10 кг
178. ПАСПОРТТЫҚ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ЕКІ ҚОЛМЕН АТҚАРЫЛАТЫН МАШИНАЛАР ҮШІН ҚОЛДЫҢ ҚЫСУ КҮШІ ҚАНДАЙ?
- 10 Н-ға дейін.

- 20 Н-ға дейін.

- 100 Н-ға дейін.

- 150 Н-ға дейін.

+ 200 Н-ға дейін.
179. БІР ҚОЛМЕН АТҚАРЫЛАТЫН МАШИНАЛАРМЕН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕГІ ҚОЛДЫҢ ҚЫСУ КҮШІ ҚАНДАЙ?
- 10 Н-ға дейін.

- 20 Н-ға дейін.

+ 100 Н-ға дейін.

- 150 Н-ға дейін.

- 200 Н-ға дейін.
180. ЛОКАЛЬДІ ДІРІЛДІ МӨЛШЕРЛЕУ ҚАНДАЙ ДИАПАЗОНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
- 1-63 Гц.

- 2-63 Гц.

- 1-1000 Гц.

- 8-63 Гц.

+ 8-1000 Гц
181. ӨНЕРКӘСІПТІҢ ҚАНДАЙ САЛАСЫНДА ДІРІЛ НЕГІЗГІ КӘСІПТІК ЗИЯНДЫЛЫҚ БОЛЫП САНАЛАДЫ?
- Тас-көмір, тау-кен, текстильді,құрылыс материалдар өндіріснде.

- Тау-кен, текстильді, полиграфиялық, химиялық.

- Машина жасау,құрылыс материалдар өндірісі, текстильді, полиграфиялық.

+ Тас-көмір, тау-кен, машина жасау, құрылыс материалдар өндірісі.

- Тас-көмір, текстильді, полиграфиялық, химиялық.
182. ЛОКАЛЬДІ ДІРІЛ ДЕНЕНІҢ ҚАЙ МҮШЕСІ АРҚЫЛЫ ТАРАЙДЫ /БЕРІЛЕДІ,ӘСЕР ЕТЕДІ/?
+ Қолдары,іштің айналасы,кеуде.

- Қолдары,аяқтары,кеуде.

- Қолдары,арқа айналасы,кеуде.

- Аяқтары,іштің айналасы,кеуде.

- Аяқтары,арқа айналасы.
.
. АЖЫРАТУ ОБЪЕКТІСІ ДЕГЕНІМІЗ:
- Жылтыр жарық көзінің бұрыштық көлемі.

- Жарықтандыру мөлшерленетін жұмысшының жұмыс орны.

+ Жұмыс барысында ажырату қажет болатын зат,заттың бөлшектері немесе ақауы.

- Шағылысу коэффициенті әртүрлі бөлшектерді бір-бірінен ажыратуға тура келетін жұмыста атқарылатын шектелген жұмыс атқару беті.

- Жұмысшы көзінен барынша алшақ орналасқан қаралатын зат және оның бөлшектері.

36. ШАҒЫЛЫСУ КОЭФФИЦИЕНТІ ҚАНДАЙ БОЛҒАНДА ФОН /НЕГІЗГІ ТҮС/ АШЫҚ ДЕП САНАЛАДЫ?


+ 0,1 ден 0,3-ке дейін.

- 0,2-ден 0,3-ке дейін.

- 0,3-тен 0,4-ке дейін.

- 0,4-тен 0,5-ке дейін.

- 0,5-тен 0,6-ға дейін.

37. ШАҒЫЛЫСУ КОЭФФИЦИЕНТІ ҚАНДАЙ БОЛҒАНДА ФОН /НЕГІЗГІ ТҮС/ ОРТАША ДЕП САНАЛАДЫ?


- 0,1-ден 0,2-ге дейін.

- 0,2-ден 0,3-ке дейін.

- 0,2-ден 0,4-ке дейін.

+ 0,3-тен 0,5-ке дейін.

- 0,4-тен 0,6-ға дейін.
38. ШАҒЫЛЫСУ КОЭФФИЦИЕНТІ ҚАНДАЙ БОЛҒАНДА ФОН ҚАРАҢҒЫ ДЕП САНАЛАДЫ?
- 0,1-ден 0,2-ге дейін.

+ 0,2-ден 0,3-ке дейін.

- 0,3-тен 0,4-ке дейін.

- 0,4-тен 0,5-ке дейін.

- 0,5-тен 0,6-ға дейін.

39. ЖАРЫҚ АҒЫНЫН ӨЛШЕУ БІРЛІГІ:


- Кандела.

- Люкс.


- Нит.

+ Люмен.


- Стерадиан.
40. ЖАРЫҚТЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІГІ:
- Кандела.

+ Люкс.


- Нит.

- Люмен.


- Стерадиан.
41. ЖАРЫҚ КҮШІНІҢ ӨЛШЕУ БІРЛІГІ:
+ Кандела.

- Люкс.


- Нит.

- Люмен.


- Стерадиан.
42. КОЭФФИЦИЕНТ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ БОЛҒАНДА АЖЫРАТУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ТҮСІ МЕН ФОН ТҮСІ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ ҮЛКЕН ДЕП САНАЛАДЫ?
- 0,1-ден 0,2-ге дейін.

- 0,2-ден 0,3-ке дейін.

- 0,3-тен 0,4-ке дейін.

- 0,4-тен 0,5-ке дейін.

+ 0,5-тен 0,6-ға дейін.
43. ТАБИҒИ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КОЭФФИЦИЕНТІ /ТЖК/ ДЕГЕНІМІЗ:
- Жоғарыдан түсетін табиғи жарық көлемінің бүйірден /жанынан/түсетін табиғи жарық көлеміне қатынасы.

+ Ғимараттың ішіндегі табиғи жарық көлемінің бір уақыттағы сыртқы көлденең табиғи жарық көлеміне қатынасының процентпен берілген мағынасы.

- Табиғи жарық өтетін аралықтар /терезелер т.б.құрылыстар/ жалпы ауданының бөлме еденінің аудан көлеміне қатынасы.

- Жарықтанудың орташа көрсеткішінің бөлменің белгілі бір кесіндісіндегі жарықтанудың ең аз көрсеткішіне қатынасы.

- Жалпы жарықтандыруға жергілікті жарықтандыру шырақтары /светильники/ арқылы берілетін қосымша жарық.
44. ҚОСАРЛАНДЫРЫЛҒАН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ДЕГЕНІМІЗ:
+ Мөлшер бойынша жеткіліксіз жарық деңгейінің жасанды жарықпен толықтырылуы.

- Жоғарыдан және жанынан түсетін табиғи жарықтардың үйлесуі.

- Жалпы жарықтандыруға жергілікті жарықтандыру шырақтары /светильники/ арқылы берілетін қосымша жарық.

- Жоғарыда және жұмыс атқару аймағында орналасқан шырақтар мен жарықтандыру.

- Жарық сөніп қалған жағдайларда жұмысты жалғастыруға арналған жарықтандыру жүйесі.
Ситуациялық есептер
1 есеп

Жаз мезгілінде механизацияланған темір ұста цехының жұмыс аймағының ауа температурасы +34 оС құрайды. Жылулық сәулелену интенсивтілігі 9660 х 103 Дж/ м2. сағ (2300 ккал/ м2. сағ.).

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 %, ал оның қолғалғыштығы 0,8 м/с. Сыртқы ауа температурасы 27 оС


  1. Микроклимат гарттарын қалай бағалайсыз?

  2. Оны нормаға келтіру үшін қандай сауықтыру шаралары қажет?

2 есеп

Цехтың тұрақты емес жұмыс орындарында орташа ауырлық (ІІ б. категориялы) жұмыстары атқарылады. Әр жұмысшыға цехтың 110 м2 жұмыс алаңы келеді.

Шамадан тыс жылу 42,0*103Дж/м3ч (10ккал/м3ч) құрайды.

* Жылы және суық кезеңдерде тұрақты емес жұмыс орындарында қандай микроклиматтық жағдай орнату керек?

3 есеп

Жаз уақытында механикаландырылған мартен цехында, санитарлық норма бойынша қандай ауа температурасы болу керек, егер бұл кезеңде сыртқы ауа температурасы сағат 1300-де 240С құрайтын болса.

4 есеп

Құю цехының құю учаскелерінің жұмыс орындарында «ауалы душ» қолданылады. Суық кезеңде болатын ауа температурасы 160С, ауа қозғалысының жылдамдығы 2,5 м/с (1500ккал/м3ч) құрайды. Атқарылған жұмыс организмнің 1008,0*103Дж/м3ч (240ккал/м3ч) Энергия шығынын қажет етеді.

* «Ауалы дыш» жағдайы санитарлық нормаларға сәйкес келеді ме?


5 есеп

Автокөліктерге қызмет көрсетуші саланып жатқан кәсіпорындарында, автокөлік жөндеуші әне жуушы бөлмелерде қыздыру шамы қуаттылығы 300 Вт болатын 40 «Глубокоизлучение» светильниктерін орнату қажет. Тоқтың кернеулігі 220 Вт. Светильниктерді ілу биіктігі жұмыс орнының беткейінен 5 м. Бөлменің өлшемдері ұзындығы 40м, ені 20 м, қабырғалары мен төбесі әктеледі. Шағылу коэфициенті 10-30 % құрайды. Көру жағдайы бойынша жұмыс VI разряқа жатқызамыз.

1. Жарықтану коэфициенті қолдану әдісімен анықтаңыз.

2. Алынған жарықтануды нормаланушы қыздыру шамдарымен слыстырыңыз.

6 есеп

Өндірістік процесс автомекеменің доңғалақ жөндеу цехында орындалады.

Цехтардың көлемі: ұзындығы 50 м. Ені 20 м. Шағылыстыру коэффициенті төбесінікі 50 %, қабырғаның 30 % қамтамасыздандырылады. ЛБР екі шамды әрқайсының қуаттылығы 80 Вт ЛБР типтй ПВЛМ газразрядты шамы қарастырылған тоқтың кернеулігі 220 Вт. Светильниктерді ілу биіктігі жұмыс орнының беткейінен 4 м. Көру жағдайына қарсы жұмыс V разрядын жатады.

1. Жарықтанудың коэфициенті қолдану әдісін анықтау.



2. Алынған жарықтануды нормаланушымен салыстырыңыз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет