Тақырыбы: Қош бол, әліппе



Дата03.05.2016
өлшемі31 Kb.
:
Тақырыбы: Қош бол, әліппе

Мақсаты: Әліппе бөлімінен алған білімдерін тексеру және тиянақтау.


Тақтаға: «Әліппеге көп рахмет!», « Қош бол сүйікті Әліппем!», «Әліппе білім бастауы» атты сөздер жазылып ілінеді.
Мұғалім: Бастауышым-бастамам,

Білім жолын бастаған

Білім шыңы биікте

Беліңді бу жас данам.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгін сіздер 1 сынып шәкірттерінің «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. «Әліппе» – ғылым атасы, ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімін бастайтын алғашқы жол. Олай болса бүгін 1-ші сынып оқушылары сіздерге «әліппені» қалай меңгергенін, қалай жаза алатындарын көрсетеді. Мерекемізді бастаймыз.

Балалар мына сұраққа жауап беріңдерші.



-Іші толы әріпке, білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен: болашаққа жол ашар, ол сүйікті Әліппе! Ол сүйікті әліппе!

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қыибат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар: Әліппе, Әліппе!

(Әліппе ортаға шығады)

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажаптың, Әліппесін меңгерген келешегі қазақтың, басталады сендерден. Таудай болса талабын, айтары көп әріптің. Қуанышы баланың, қуанышы ананың жақсы білім – көрімдік болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік, кәне ортаға салайық.

Ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Елдана: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім.

Сауатты адам санатына кіргенім.

Диана: «Әліппе» деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Ақерке: Іші толы әріпке

Мынау әйбат Әліппе

Барлық ілім-білімнің

Әжесі ол - Әліппе.

Мирас: Бар кітапқа бас қосқан

«Әліппеден» басталған

«Әліппе» ғылым атасы

Даналықтың ағасы.


Әліппені оқимыз (мәтіндерді оқу)

Кезекті ойынға береміз. Сөз ойла, тез ойла.

1-ші, 2-ші топ А әрпінен басталатын сөзді қай топ көп айтады.

Қызықты тапсырмалар:

Мирас – шағала, әліппиді жатқа айту.

Елдана – тасбақа, тақпақ (бір дегенім бесік)

Ақерке – түлкі

Диана – көбелек

Сергіту сәті

1) Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

2) Бір, екі, үш би билейміз біз,

Бір, екі, үш бес аламыз біз.

Тақтаға шығамыз: Сөйлем жазамыз.

Елдана: Санат алма өсірді.

Диана: Орманда ағаш мол.

Ақерке: Арыс алма суарды.

Мирас: Отанымның жас қаласы – Астана.

Келесі кезекті сұрақтарға береміз.

1) Алфавиттің бірінші дыбысы? (А)

2) Күз бен жаз немен аяқталады? (З)

3) Ең биік жануарды ата? (Керік)

4) Сөйлем неден тұрады? (Сөзден)

5) Ең қысқа ай? (Ақпан)

6) Қаза алфавитінде қанща әріп бар? (42)

7) Сөйлейтін құсты ата. (Тоты)



Ән «Әліппе».

Тақпақтары: «қош бол, әліппем!»
Мирас:

Қош бол құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Елдана:

Сөйлейді олар тіл бітіп,

Не бір қызық сырларды,

Тыңдай бердім мен ұғып

Тіл біткен тақпақ, жырларды.

Диана:

Ашыла берді алдыңнан

Кең дүние есігі

Соғылған сондап алдыңнан,

әліппе білім бесігі.

Ақерке:

Қош бол, құтты Әліппем!

Тіл тұсауын кестің сен

Айыбымды кештің сен:



Ал енді біз «Ана тілін» ортаға шақырамыз.

Хор: «Ана тілі» 3-рет

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын,

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі – пәнімін

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құрағым

Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым

Ана тілім – елдігім

Ана тілім – ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кеңдігім.

Ерхан: Ана тілің – арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!



(Оқушыларға ана тілі оқулығы ұсынылады)

Айдаһар: Мен өзіммен бірге сендеоге жұмбақтар ала келдім. Кәне шешімін табыңдар?



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет