Тақырыбы: Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу пәндері арқылы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу



Дата17.04.2016
өлшемі40.1 Kb.
Тақырыбы: Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу пәндері арқылы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Республикалық комплекстік программаның негізі 8-ші бағытының бірі қазақстандықтарға патриоттық сезімді қалыптастыру болатын. Онымен қоса жоғары азаматтылық, ұлт аралық бірлік, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, Қазақстан Республикасының Конституциясындағы заңдарды мойындау болатын.

Оқушыларды ұлттық мәдениеттілікке тарту, Қазақстан тарихын және салт-дәстүрді оқып үйренуге, қоғамдағы достықты күшейту, бейбітшілік пен бірлікті қалыптастыру арқылы, олардың санасында туған елге деген сезім мақтанышын қалыптастыру. Отанға деген сүйіспеншілік, отбасынан басталады. Өз туған өлкесін сүю, оның тарихын білу, мәдениетін қазіргі таңдағы мәселелерін білу болып табылады.

«Білім туралы» Заңда:

«Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру», - деп жазылған.

Мен оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі және қазақ әдебиетін үйретуде негізге алатыным біріншіден, тіл үйрету, сөз үйрету, сөйлеп үйрету.

Екіншіден, менің пәндерім тарих, география, орыс әдебиеті, математика, орыс тілі пәндерімен сабақтас болғандықтан көптеген мағлұматтар қазақ тілінде, тіл үйрету мақсатымен аталған пәндерге байланысты айтылады.

Үшіншіден, тәрбиелік мақсатты көздеп қазақ тілі және әдебиетін оқытуда оқушылардың санасында патриоттық, достық, туыстық сезім қалыптастырылады.

Қазақ әдебиеті пәні 5-ші сыныптан бастап жүргізілетіндіктен патриоттық тәрбиенің бастауы мақал-мәтелдерден басталады.

Мысалы: Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу үшін мынандай мақалдардың мағынасына баса назар аударылады.


  1. Туға тағзым - тарихқа тағзым. (Поклонение знамени - поклонение истории).

  2. Туға құрмет – елге құрмет. (Уважение к знамени – уважение к народу).

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана

шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздеріңізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

Сонымен қатар мақал-мәтелдердің ішіндегі ең көлемдісі «Отан» туралы мақал-мәтел:

Мысалы:


  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. (Человек без Родины, что соловей без леса).

  2. Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе өзің жеткенің. (Родину предать, что себя заживо похоронить).

  3. Отанды сүю – отбасынан басталады. (Любовь к Родине, у семейного очага зарождается).

Мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың жан-дүниесін, көзқарасын, танымын, адамгершілік қасиеттерін байытатын ұлттық рухани дүниесін байытамын.

Сонымен қатар «Отан», «Туған жер», «Ерлік», «Достық» туралы өлеңдерді оқыту арқылы мазмұнына терең үңіле отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың осы өлеңдерден не түсінгендерін сұраймын. Қасым Аманжоловтың «Отан», Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» т.б ақындардың өлеңдері талданды. Осы өлеңдер арқылы оқушылардың бойында адамгершілік, патриоттық сезімдерді арттыру арқылы өз отанын сүюге және туған елін қорғауға тәрбиелеймін.

7-ші, 8-ші сыныптарда батырлар жыры басталады.

Батырлар жыры арқылы оқушыларға Отанын қорғау жолындағы қазақстандық батырладың ерлігін айта келіп, өз елін, жерін сүюге және өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялату.

Батырлар жыры ұрпақтан-ұрпаққа жатқа айтылу арқылы жеткен. Сондай жырларға жататындар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Ер Қосай батыр», «Арқалық батыр» т.б жырлар арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы бастан өткізген әлеуметтік тарихи жағдайы мен тарихи оқиғаларды тарихта болған адамдардың ерлік істерін, елдің ерлік, елдік салтын, әдет-ғұрпын бейнелейді.

Қазақтың батырлары, қазақ елінің өткен тарихындағы ең ардақты ұлдары. Сондықтан-да халық оларды сүйеді, батырлығын сүйсіне жырлайды. Батырлар жыры жас ұрпаққа баяғы заманда қандай елеулі оқиғалар болғанын баяндайды.

Сондай-ақ, халықтың әділетті өмір жайындағы арманы көркем сөзбен айтылады. Оқушыларды батырлар жырлары арқылы ерлікке, елжандылыққа, ата мекенін ардақтауға баулимын.

Сонымен қатар, оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сынып тазалығы мен тыныштығын қадағалау. Жауапкершілігімен, бекзаттылығымен, төзімділігімен, биік адамгершілік қасиеттерін сақтай отырып, басқаларды да төмендетпейтін қасиеттерімен айқындаймын.



Интергративтік-жалпы халықтық патриотизм, яғни халықтық, қоғамның жетілуіне белсенді араласуы.

Авторитарлық-Қазақстандық патриотизм, мемлекеттің қалыптасып ұлғайған рөлін анықтайтын қасиет.

Контрастық-дезинтегративтік, енжарлық отанын менсінбеушілік, әлеуметтік-экономикалық көзқарастың жетегінде кету.

Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі саяси тұрақтылықты Ата заңның орындалуында, әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек,- деп ойлаймын.



№ 82 Жалпы білім беру орта мектебі




Баяндама:
Тақырыбы: «Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу пәндері арқылы

оқушыларды патриоттық

сезімге тәрбиелеу».

Орындаған: Айдарбекова А.К.


Қарағанды – 2009 жыл

Каталог: files -> loader
loader -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
loader -> «550 лет Казахскому ханству». Интеллектуальная игра для старшеклассников
loader -> Әдісі: ойын- сайыс түрінде Қатысушылар: 5 а,в сыныптар Ойын барысы
loader -> Қазақ тілі Мұғалім: Мухамедкаримова К. Т. 9а, 9б сыныптары
loader -> Мағжан мен Абай сабақтастығы
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Дүние жүзі тарихы
loader -> 2. 3 с iшiнде контурды тесiп өтетiн магнит ағыны 3 Вб ден 9 Вб-ге дейiн артқан. Контурдағы индукция ЭҚК неге тең ?


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет