Тақырыбы Су- тіршілік көзі



жүктеу 175.18 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі175.18 Kb.
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"
Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы

Көкжота орта мектебі

Тақырыбы

Су- тіршілік көзі

Дайындағандар: 7 сынып оқушысы : Нұрмұхамбет Самғарбек

Жұмыс жетекшісі: Физика пәнінің мұғалімі : Белдеубаева П.К


Мақсаты:
Судың баға жетпес байлық екенін біле отырып, оның қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу

Міндеті:


  1. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру

  2. Ғылими әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, судың кейбір физикалық қасиеттерін сипаттау

  3. Суды тазарту тәсілдерін оқып - үйрену

  4. Зерттеу жұмыстарының дағдыларын игеру


Жұмыс жоспары
Кіріспе: Су- тіршілік көзі
Негізгі бөлім: 1. Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы

2.Судың адам ағзасындағы алатын орны және маңызы

3.Судың агрегаттық күйлері

4 . Су қасиеттерін тәжірибе жүзінде бақылау.

5. Қорытынды
Су-тіршілік көзі

Жердегі тіршілік үшін табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес.Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Жер ғаламшарының бетіндегі су , барлық жер қыртысының 70 % алып жатыр. Химиялық айналымдардың көпшілігі тікелей судың қатысуымен іске асады. Жер бетіндегі судың қоры теңіз бен мұхитарда 1,4 млрд. км куб, мұздықтарда -30 млн. км куб, өзендер мен көлдерде-3 млн км куб.. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% –ін, ал оттегінің 50% –ін мұхиттар мен теңіздер береді. Су жердегі тіршіліктің бастауы болып саналады, өйткені адамдар мен жануарлар организмінің 2/3 бөлігі, өсімдік массасының 4/5 бөлігі судан тұрады.


судың қоры 50 км3
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз, өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына жетпейді екен. Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 жетті. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, 20-ғасырда мәдениеті дамыған елдерде о ның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.Мухиттағы су гидросфераның барлық массаның 97% құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді. Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен жасушаларының құрамына кіреді және ағзадағы өте күрделі реакциялар тек қана сумен жүре алады. Жер шарындағы климат та көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне байланысты қалыптасады.

Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы ұңғылар орнату   арқылы,   жерасты  сулары  да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты  сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі  суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады. Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға    сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты  су  қоры  бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік,  Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған   жерасты      су қорларын халық шаруашылығының      қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып     келсе,     кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің   жалпы пайдалану мерзімінө (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын  пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз. Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы “Ауыз су” талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін . Тұрғындарды   сапалы   ауыз   сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығьш сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған төмендегідей техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:



  • су пайдалану жүйелерінің маңызын және сенімділігін арттыру;

  • су тазартқыш станцияларында су өңдеу технологиясын жақсарту;

  • суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;

  • су  пайдаланудағы  нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.

Қазіргі кезеңде халықты сумен қамтамасыз ету жағдайы талаптан көп алшақ. Оны жетілдіру үшін ең алдымен жеке, немесе ұжымдық мақсатта пайдаланатын су қабылдағыштарының (водозабор) жұмысын жалпы және ішкі бақылауды қамтамасыз ету керек. Ол үшін су қабылдағыштардың, немесе су көтергіш ұңғылардың (скважина) арнайы рұқсат құжатынсыз пайдаланылуын тоқтату керек. Ондай құжат Республика Үкіметімен жасалынатын шарт және «Арнайы су пайдалану Рұқсаты» болып саналады.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:



  1. Мекеме мен тұрғындардың қажеті үшін өндірілетін жерасты суларының өндіру мөлшері тәулігіне 50 мың текше метрден асатын болса;

  2. Жерасты сулары шөлмектерге және басқа да ыдыстарға құйылып, оларды сату коммерциялық пайда көзіне айналса;

  3. Емдік қасиеті бар жерасты суларын пайдаланғанда;

  4. Температурасы жоғары жерасты сулары жылу және ыстық су көздері ретінде пайдаланылғанда.

Жерасты суларын “Арнайы  су пайдалану Рұқсатын” алу арқылы пайдалану мынадай жағдайда іске асырылады:

  1. Ауызсу және тұрмыстық-шаруашылық мақсатына және ыстық су көздері ретінде, құрамындағы минералдарды ажыратып алу мақсатында және жайылымды жерлерді суаруға пайдаланылатын жерасты суларын өндіру мөлшері тәулігіне 50 мьң гектар текше метрден кем болса;

  2. Жер қойнауынан қатты пайдалы қазбалар, мұнай   мен   газ өндіру  барысында жерасты ажыратылатын жерасты суларын пайдалану үшін, азаматтық және өндірістік құрылыс салуда, суармалы жерлерді қүрғатудағы ажыратылатын және жер қойнауын ластандыратын ошақтарды жою немесе қоршау барысында ажыратылатын жерасты сулары пайдаланылғанда;

  3. Өндірістік су қалдықтарын, коммуналдық-түрмыстық,  дренаждық әрекеттерден пайда болатын  жуынды суларды жер қойнауына жіберу үшін және су мен газды жердің сулы  қатпарына күшпен тарату үшін.Қ
    Атмосферадағы судың қоры 14 мың км3

    Өзендер мен мұхиттарда су қоры 1,4млрд. км3
    азір әлемде 800 - ден аса су тазартатын станциялары жұмыс істейді, олар күн сайын, 1,7 млн м
    3 тұщы су алады, оның 90 % - ін ауыз суы ретінде қолданылады. Біздің елімізде Атырау қаласы осындай суды пайданылады.

Тұщы сулар 150-200 м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын түздана береді. Жер астындағы тұщы сулардың көлемі жер бетілік тұщы су көлемін 100есе көп. Су табиғатта үш түрлі агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседі. Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 м3 шамасындайы жұмсалады. Судың ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна, 1 тонна күрішке 7000 тонна, 10000 тонна су жұмсалады. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңында , жерасты және жер үсті суларын қорғауға айқын жоспарлы бағыт берілген. Ол әрбір қалада өндіріс орындары қасынан су тазартқыш қондырғылар салу арқылы іске асады. Біздің республикамыздада табиғи суды зиянды қоспалардан тазартуға мемлекеттік дәрежеде мән береді . Елімізде халықты таза сумен қамтамасыз ету үшін суқоймаларының ластанбауына жүйелі түрде бақылау жасалады.Тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда, көшелерлде тазалық сақтау үшінде су қажет. Бірде-бір өнеркәсіп саласы сусыз жұмыс істей алмайды. СДүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқыда ерте заманнан өзен, көл, бұлақ әсіресе құдық суының тазалығына қатты кеөңіл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды лайламау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға « суды сабама-балығын шошытасың», «бұлақты лайлама –құсын өлтіресің » деп тоқтау сөз айтып, тәрбиелеген. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп өсиет айтқан. Бұдан қазақ халқының су тазалығын сақтауға қаншалықты мән беретіндігін көреміз . Жер бетіндегі ең лас – Жерорта теңізі болып табылады. Ағызынды сулардың зиянды әсерінен ондағы балықтардың 80 проценті қырылып қалған. Кемелердің апатқа ұшырауынан, танктер резервуарларын жуған судан және мұнай өндіру жұмыстары кезінде жыл сайын Әлемдік мұхит сулары 12-13 млн тонна мұнаймен ластанады. Судың бетіндегі мұнай қабаты атмосфера мен гидросфера арасындағы газ алмасу прцесін бұзып, оттектің жетіспеушілігінен гидробионттардың қырылып қалуына себеп болады. Сондықтан Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне сәйкес табиғатты қорғау іс-шаралары халықты таза ауызсумен қамтамасыз етумен байланысты болып отыр.

Адамзат та, табиғат та сусыз өмір сүре алмайтындығы ақиқат шындық. Бірақ әлем халқы көбейген сайын, экология мәселесі туындаған сайын таза су тапшылығы да байқала бастады. Бұл әсіресе Орта Азия елдеріне тән құбылыс. Сусыз тіршілік өмір жоқ. Адамның десаулығы, қоршаған ортаның берекесі тікелей таза суға байланысты. Табиғат биосферасы, азық-түлік өндірісі, және әлемдік экономикалық даму түгелдей дерлік суға байланысты.Бірақ күншуағы қандай еркін тараса судың да еркін қолдануы, ысырапшылықпен қолдануы кесірінен экологиялық апаттардың кездесуі аз емес. Оған әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі Арал теңізінің суалғандығы айқын дәлел.Осыдан жарты ғасыр бұрын толып тасып шалқып жатқан Арал маңайында адамдар ол теңіз байлығынан көл көсір пайдаланып, теңізде балықтың ондаған түрі өсіп өніп млндаған адамға өмір азығы болған. Ал енді Арал кемінде үштен екі бөлік суын жоғалтып, тузды су кесірінен ол аймақта балық атаулы қалмады десе болады.Ал айналадағы улы тұзды сор шөл пайда болып ол жерден көтерілген тұзды шаң он мыңдаған шақырым айналаны экологиялық апат аймағына айналдырды. БҰҰның атсалысуымен өтіп жатқан Әлемдік су күні міне осы мәселеге жіті назар аударуда.Лондондағы Сумен көмектесу қайрымдылық қорынан Редхаустың айтуынша, су мәселесіне байланысты бала денсаулығы да нашарлай түскен. Осы күн негізінде, Өмір үшін су қажет деген халықаралық декадалық шарасы басталды.- Бүкіл әлемде әр 15 секунд сайын бір бала қайтыс болар екен. Бұл бір тәулікте 6 мыңбала ол дүниелік болады деген сөз, - дейді Дейвид Редхаус.Дүниежүзі денсаулық ұйымының ресми дерегіне қарағанда 2 млд 600 мыңдай адам антисанитариялық жағдайда өмір сүрсе 1 млд 1 млндай адам лас судан пайдаланады.- Африка құрылығынан Танзанияда 12 жасар Ерика Макали су әкелу үшін таңғы сағат 4-те тұрып жолға шығар екен. 2-3 сағатта тапқаны лас су болады. Сол су кесірінен ауырып ол мектепке де бармайтын күндері аз мес екен, - дейді қор өкілі Редхаус.Өмірлік қажеттілік судың тапшылығы әсіресе соңғы ширек ғасырда Орталық Азиядағы 5 тәуелсіз елде қатты байқалады. Дегенмен ,Орта Азия аймағында кейде жаңбыр шелектеп құйып, бір шама уақытқа айналаны суға көміп ақ тастайды. Бірақ сол суды сақтап қалу мүмкіндігі аз, - дейді Стокгольмдегі Су орталығынан өкіл Бленкер.Оның пікірінше, бұрыңғы Советтік одақтас 5 ел енді суды үнемдеп қолдану жолында бір шама шараларды іске асырған көрінеді.Ал Таяу Шығыста, атап айтсақ Израильде тушшы сулы жалғыз ақ Галилей теңізі бар екен. Ол теңізге су Сирия-Ливан шегарасындағы 2 өзеннен келер екен . Өз аумағынан шығатын суды Хасбани суын өзінше бұрып алмақ болған кезде Израиль 2002-жылы әскери шабуылмен қорқытпақ болған. .Сондай-ақ, су дауы Түркия, Сирия және Ирақ арасында да баршылық. Ол 3 ел Түркиядан бастау алатын суға кіріптар. Егер Халықаралық қауымдастық бұл мәселені өзара келісіп дер кезінде шешіп алмаса, онда табиған апатынан ел зардап шеге беретін болады. Оған осы ай басында Оңтүстік Қазақстанда, Қызылорда, Сыр, Арал маңағында болған су тасқыны куә. Ол айтарлықтай апатқа Өзбекстан мен Қырғызстандағы өзбілерлендік, көрші елге орай жауапсыздық әрекеттері тікелей себепші болды. Міне енді. Шардараға қоса, тағыда бір жасанды теңіз, Көксарай су қоймасын салу күн тәртібінің төріне шығып отыр.

1. Ертіс өзенінің экологиясы

«Су құрғаған жерде тіршілік бітер», «Су - өмір көзі» ,- деп жатамыз. Ал біздің Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстарға, оның ішінде су ресурсына бай. Облыс аумағында 2000 мыңнан астам артық өзен ағып жатыр. Республикамыздың жер үсті суларының жалпы ағысының 30% - ке жуығы облысымызда шоғырланған. Ертіс өзені – облыстың бас су артериясы және трансшекаралық болуда, өйткені ол Қытай, Қазақстан, Ресей сияқты үш мемлекеттің аумағынан ағып өтеді.Облысымызда бір тұрғынға ауыз судың жалпы ресурстарының есептегенде бұл көрсеткіш жылына 50 текше метрге жуық шаманы құрайды. Бұл сан әлемдік стандарттар бойынша жоғары көрсеткіштерге жатады.Су ресурстарының сапасына әсер ететін ерекшеліктерінің бірі, тау-металлургиялық кешенінің негізгі кәсіпорындары ең тығыз су желісінде орналасқандығы. Су маңындағы жылу энергетикасының ең ірі кәсіпорындары да орналасқан. Бұл дегеніміз өндірістік кәсіпорындардың газ тәрізді. Сұйық және қатты қалдықтары ластаушы заттармен су желісіне түседі. Ертіс өзені болса Кенді Алтай шегінде ауыр металдардың аса ластануына ұшырайды. ШҚ гидрометаллургия орталығының соңғы 30 жылдарының көрсеткіштері Қазақстан қармағындағы Қара Ертіс суының азаю тенденциясын белгілеген, әсіресе бұл Бұқтырма бөгенінің жағдайына әсерін тигізді. Боран ауылында су сапасы «таза» деп танылса, Өскемен қаласының маңында Ертіс «біркелкі ластанған» болуда Мемлекеттік экологиялық инспекциясы жағынан табиғат қорғау заңнамасын, су пайдалану көлемін азайту бөлігінде табиғат ресурстарын пайдалануға деген рұқсат алу жағдайларын және су айналымы жүелерін енгізу мерзімдерін сақтау жөніндегі талаптарды нығайтқаны Ертіс өзені бассейіне ағынды сулардың төгінділерінің көлемін қысқартуға жол берді. Семей қаласының суының жағдайы. 1989 жылы Ертістің сол жағынан көлемі 200 000 м3 суды жасанды жолмен биологиялық тазалайтын құрылғының құрылысы басталған болатын, бірақ 1994 жылы республикалық бюджеттен ақша бөлінбей құрылыс тоқтатылды. 2003жылы құрылыс қайта жаңартылды, онда 1,4млрд. теңге жұмсалды, соның өзінде іске қосылмай отыр. Е

нді тазарту жұмыстарына 2013 жылға-1650 млн., 2014 жылға 1650 млн, ал 2015 жылға 2015 млн. теңге қаражат қажет болып тұр.


Адам денесінде 70% су


Трансшекаралық Ертіс өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық жағдайды тұрақтандыру өз маңыздылығына ие. Оны шешу үшін Ертістің су ресурстарын пайдалануға қызығушылық білдірген барлық жақтардың келісілген саясатын жүргізу қажет. Саясат ұстануда қоршаған ортамыздың сапасын сақтауды жан-жақты алдыға қою қажет және суды, табиғаттың басқа компоненттерін қоршауды қатаң жүзеге асыруда бүкіл адамзат ат салысу керек.

2. Судың адам ағзасындағы алатын орны

Су- адам өмірінде оттектен кейін екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам денесінің 65-70 пайызын су құрайды. Адам организміндегі с зат алмасу процесі сулы ортада жүретіні белгілі. Адам организміне кем дегенде тәулігіне 2 л су қажет. Сусыз тіршілік жоқ. Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді. Қажетті мөлшерде адам ағзасына су жетпегенде

1.Мидың жұмыс істеуі баяулайды.


2. Қан қоюланады.
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
4. Нәжіс сары түсті болады.
5. Іш қатуына (запор) себеп болады.
6. Бас ауырады.
7. Бас айналады.
8.Шаршау, әлсіздік пайда болады.
9. Ойдың тынықтығы бұзылады.
10. Тәбетсіздік туады.
11. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны дұрыс.

Судың қасиеттері: 1.Судың үш агрегаттық күйі бар: қатты- мұз, сұйық-су, газ-

бу.

2.Тіршілік көзі.

3. Су – еріткіш. Көптеген заттарды ерітіп су ерітіндіге айналады. Ас тұзы, қант сияқты заттар суда жақсы ериді. Ерітіндінің өзіне тән белгісі- мөлдірлігі және біртектілігі.Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарды ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады, жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды суда да белгілі бір мөлшерде еріген тұздар болады. Ол адам ағзасына пайдалы, әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады. Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.

3. Тазартылған су

Табиғи суды сыртқы түріне қарап таза су деуге болмайды, себебі оның оның құрамында әртүрлі қоспалар болады. Судың құрамындағы қоспалар еритін, ерімейтін болып бөлінеді. Әсіресе ірі қалалар мен өндіріс орындарыфна жақын жерлерде гі өзендерде, теңіздерде, су қоймаларында су көбірек ластанады. Суды әртүрлі қоспалардан тазартқанда тек сүзу арқылы емес, басқада тұндыру, айдау әдістері қолданады Айдау процесі үшін арнайы қондырғы қажет. Қондырғы ішінде су қайнап, буға айналып ұшады. Суығанда қайтадан сұйық суға айналады. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды. Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ депайтуға болмайды. Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады. Дистилденген суды, әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистилденген су өндірісте таптырмайтын зат.


Дистелденген суды адам кәдімгі судың орнына ішуге болмайды, себебі ол дәмсіз, әрі асқазанның және ішектің ішіндегі тұздарды ерітіп жібереді. Сондықтан оны ұзақ уақыт ішу асқазан ауруына шалдықтырады.

3. Судың агрегаттық күйлері

Су — иіссіз, дәмсіз көбінде түссіз мөлдір сұйықтық. Судың химиялық формуласы: H2O. Су молекуласының массасы — 18,0160 г/моль

Су — табиғи ортада заттардың үш түрлі агрегаттық күйлерінде бола алатын жалғыз ғана белгі зат, тіршіліктің көзі.

Су — бірегей еріткіш. Көптеген тұздар мен соған ұқсас қоспаларды ерітеді. Басқа ешқандай сұйықтық судың еріткендеріндей мөлшерде еріте алмайды.

Су — тұрақты, мығым зат. Оны қышқылдандыру, ыдырату, жағу және бөліктерге жіктеп тастау өте қиын.

Су барлық металдарды дерлік қышқылдандыра алады. Тау жыныстарын бұзып, бүлдіре алады.

Тұщы су 0°C деңгейінде қатады, 100°C деңгейінде қайнайды.

Дистилляцияланған су токты әлсіз өткізеді. Бірақ аздаған мөлшердегі тұздардың қоспасы оны өткізгішке айналдыра алады.


  1. Судың қасиеттерін тәжірибе жүзінде бақылау

Жұмыс кезеңдері

  1. Қажетті құрал жабдықтарды дайындап алу

  2. Тәжірибе жүргізу, бақылау

  3. Тиісті қорытынды шығару

Зерттеу жұмысының мақсаты: Судың диффузиясын зерттеу
Қажетті құралдар мен материалдар: екі стакан, марганцовкатүйіршігі, жасыл бриллиант ерітіндісі, ыстық және суық су, секундомер,сызғыш немесе миллилетрлік өлшеуіш.

Диффузия деп аталатын физикалық құбылыс молекулалардың қозғалысымен байланысты .Тағамды ,яғни етті немесе балықты тұздау,қанттың суда еруі,гүл иісінің таралуы диффузияның байқалу мысалдары болып табылады.



Диффузия ( жайылу,таралу)- зат бөлшектерінің бейберекет қозғалысы салдарынан бір заттың молекулалары( атомдарының) екінші заттың молекулааралық (атомаралық) кеңістігіне өзара ену құбылысы.

Диффузия қатты, сұйық, газдарда жүреді. Жүру жылдамдығы молекулалардың жылдамдығына байланысты.Денелердің температурасы құрамына кіретін молекулалардың қозғалыс жылдамдығына байланысты өзгереді.



Тәжірибе барысы:

А) 1.Судағы зат бөлшектерінің үнемі қозғалыста болатынын тәжірибе арқылы байқауға болады. Шыны ыдысқа суық су құйып, оның түбіне бір тамшы марганцовка ерітіндісі тамызылды.

2. Суды араластырмағанда, алты минут уақыт өткеннен кейін,марганцовка молекулалары судың үстіңгі қабатына жетті, ал ыстық суда марганцовка молекулалары судың үстіңгі қабатына үш минутта жетті.

Б) 1. Екі стаканның біреуіне бірдей көлемде суық су, екіншісіне ыстық су құйылды да, екеуіне бірдей мөлшерде үш тамшы жасыл бриллиант ерітіндісі тамызылды.

2. Бір минут сайын боялған және таза сулардың шекаралары сызғышпен өлшеніп отырды. Уақыт өтуіне қарай

А) Суық судың жасыл бриллант ерітіндісімен боялуы



Уақыт

Боялған судың биіктігі

Таза судың биіктігі

1

1 мин

3,5 см

7 см

2

2 мин

6.5 см

2,8 см

3

3 мин

10 см

1,5 см

Б) Ыстық судың жасыл бриллант ерітіндісімен боялуы



Уақыт

Боялған судың биіктігі

Таза судың биіктігі

1

0,5 мин

3

5см

2

1 мин

8

0

Тәжірибелер соңындағы қорытынды:


  1. Біздің марганцовкамен жасаған тәжірибемізде оның тамшыларының сумен араласқандағы диффузиясы бақыланды.Уақыт өтуіне қарай суық судағы марганцовка молекулалары бүкіл көлемге жайылды. Ал суымыз ыстық болғанда марганцовка сумен жылдам араласқанын көрдік.

  2. Жасыл бриллиант ерітіндісінің тамшыларын ыстық және суық суға тамызғанда диффузия жылдамдығы әртүрлі болды.Ыстық судағы жасыл бриллиант ертіндісінің молекулалары суық судағы молекулаларға қарағанда жылдам қозғалғандықтан, судың түсі тез боялды. Бұдан, тәжірибе көрсеткендей, диффузияның температура жоғарылаған сайын интенсивті жүретінін байқадық.

  3. Су молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, судың адамзатқа пайдасын біле отырып, оның қасиеті мен қадірін естен шығармайық. Келер ұрпаққа судың құдіреттілігін ұғындыра отырып, аманат етелік.

Қолданылған әдебиеттер:





  1. Н. Нұрахметов К. Сарманова «Химия » 8 сынып




  1. Интернет www.google.kz




  1. Башарұлы Р. және т.б «Физика және астрономия»

Атамұра, 2007ж, 7-сынып

  1. Бейсенова Ә. «Материктер мен мұхиттар географиясы» 7-сынып

Марқакөл-ел мақтанышы

Суы – тұщы

Тереңдегі 27 метр

Қазақстанның шығысында– Марқакөл

Көлдің түсі көгілдір





Ойратша, “Зеасингнор”, “Зайсан-нор”, орыс елшілері “Қызылбас”, ал “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” поэмасында “Бесіне теңіз” деп аталған.

Бұқтырма су қоймасының салынуына байланысты қазіргі Зайсан көлінің көлемі үлкейді.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет