Тақырыбы Теория. Дебат дегеніміз не? Кіріспе Практикалық бөлім. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны



жүктеу 287.08 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі287.08 Kb.
: papk -> resurs -> zhospar
zhospar -> Бақылау диктанты. «Тоғжан аулында» Қазақ тілі 9 сынып
papk -> Сабақ «Бейнелеу өнері және сызу»
papk -> Қылмыспен күрес-көптің ісі
zhospar -> Тақырыбы: «Адамгершілік-рухани байлық» Мақсаты
papk -> Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына бағытта
papk -> Тақырыбы: Иманды ұрпақты қалай тәрбиелейміз? Мақсаты
zhospar -> Сабақтың тақырыбы: «Едендік жабындармен жұмыс істеу»
Тақырыбы Теория. ДЕБАТ дегеніміз не? Кіріспе

Практикалық бөлім .»Ұялы телефонның пайдасы мен зияны».


Мақсаты І.Білімділік. Дебат туралы мәлімет беру, шартымен, тәртібімен

таныстыру. Ұялы телефонға байланысты оқушылардың

білімдерін нығайту, тиянақтау, пәнге қызығушылығын арттыру.

ІІ Дамытушылық. Оқушылардың ұялы телефон туралы толық ой

қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық ,ізденімпаздық қасиеттерін

қалыптастыру,оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

III Тәрбиелік. Адамгершілікке, ізеттілікке техника қауіпсіздігін сақтауға

тәрбиелеу.
Көрнекілігі Нақыл сөздер.Плакаттар мен суреттер.

Әдіс Сұрақ-жауап, баяндау

Түрі Пікір-сайыс.

Сабақтың өту барысы Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Ұйымдастыру бөлімі -Дебат әлеміне қош келдіңіздер!!!

-бүгін, І-ші теориялық бөлімінде дебат туралы мәлімет аласыз,

Мұғалім сөзі. оның шартымен, тәртібімен танысасыз.

-ІІ-ші практикалық бөліміндеҰялы телефонның пайдасы мен зияны» атты пікір-сайыс өткіземіз


Слайдпен жұмыс Дебат – интелектуалдық пікір-сайыс, өз ойынды анық , әсерлі ,

нақты түрде дәлелдеуге баулиды.

ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫ
1.Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған

бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.

2.Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қарар бойынша

төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.

3.Әр топ төрт ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны

бар және міндеттері нақты белгіленген.


Пікір – сайыс тәртібі.

Пікір –сайысты жақтау тобының бірінші спикері бастайды. Оның 5 минут уақыты бар. Сөзін төрешілерді, қарсыластарын, көрермендер мен өз тобымен амандасудан бастап, өз кейсіне көшеді. Ең алдымен қарарымен келіседі ( мысалы: «Жастардың сайлауға қатыспауы ақталмайды»), содан кейін қарардағы негізгі ұғымдарды анықтайды – «сайлау», «ақталмайды», «жастар».

Негізгі ұғымдарға анықтама берудің маңызы өте зор. Сол арқылы ойыншылар осы пікір – сайыста қозғала алатын немесе қозғауға болмайтын мәселелер шеңберін анықтап алады. Анықтама берген кезде ойыншылар анықтаманың қайнар көзін ( алынған жерін), тіпті бетін көрсетуі тиіс.

Пікір – сайыс басталмай тұрып, төреші топтарға жеребе тартқызып, олардың бағытын анықтайды (жақтау / даттау), осыдан кейін топтар дайындыққа 15 минут уақыт алады. Бұның сыртында әр топтың ойын барысындағы сөздеріне, қарсы сұрақ – жауаптарға дайындалу үшін 8 минут уақыттары бар, бұл уақытты пайдалану, бөлу мәселелері топтың өз еншісінде. Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс.

Қарардың негізгі ұғымдары анықталғаннан кейін, бірінші спикер жақтау тобының критерйін енгізеді. Критерийді әр топтың өз қарарын, өз бағытын қорғаудағы негізгі мәні, сол қарарды қолдаудағы мүдделері ретінде қарастыруға болады. Критерийін жариялағаннан кейін, бірінші спикер алғашқы *********************


Ұяны бұзарлық «қабілеті» бар ұялы телефонды бүгінгі балалар неге жанынан тастамайтын болды? Тіпті ұйқыға жатарда да не себепті қасына алып жатады? Не себепті ұялы телефоны үйде қалып қойса, қимасынан айрылғандай әсерде болады?

Рас ,бұл тақырып турасында айтылып жатқан әңгіменің шет-шегін табу қиын. Пайдасын әркім-ақ біледі.Зияны бастан асады. Қараңыз.......

-«ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ « атты пікір сайысымыз ашық деп жариялаймыз.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда,жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып,тасып,

Біреу ығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді таланттар



  • Ең алдымен сіздерге осы пікір -сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық

------------------------------------------------------------

-Бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар .


1»Болашақ» командасы

2.»Келешек» командасы

Бұл топтар «ұялы телефон пайдалы ма, әлде зиянды ма»

деген тақырыптарда пікір алысады.

« Болашақ » командасы



  1. спикер.Қанатова Гүлназ

  2. спикер Дабысова Әйгерім

  3. спикер Тұрсынғалиева Мәшшүк

  4. спикер Чкалова Аяулым

«Келешек» командасы



  1. спикер Зейдуалиева Әсел

  2. спикер Бекқабылова Ақерке

  3. спикер Нұрым Райымбек

  4. спикер Ибраева Жансая



  1. Қорытынды.

Құрметті көрермендер біздің бүгінгі «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» атты дебат сайысымыз аяқталуға жақын. Ұялы телефон зиян дегеніміз «Даттаушы» жақ спикерлері тұрған бетке, ал керек дегеніміз « Жақтаушы» спикерлері жақ бетіне өтулеріңізді өтінемін.

Сөз әділ қазыларға беріледі.

Марапаттау.

Көріп – тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!!


ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ



Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.
Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.
Қалта телефонының және бір еліктіргіш тұсы – ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары – бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефон арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.
Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса телефонды несиеге әпереді. Онымен қоймай, ай сайын ішіне ақшасын да салып отырады. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке әкеледі.


Телефонсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткеніміз өтірік емес. Ұялы телефонның пайдасы да бар, зияны да бар. Бірақ пайдалы жағы басымырақ. Телефонның көмегімен көп нәрсеге қол еткізуге болады. Ал зиянды жағына келсек: телефон адам энергиясының 50% өзіне тартады. Бұл ғылымда дәлелденген нәрсе.









Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зияны бар дейді. Оны дененің кез-келген жеріне тағуға болмайды екен. Белдікке тақсаң бүйрекке зиянды әсері бар дейді, төс қалтаға салсаң жүрекке зиянды дейді. Тіпті, Ресей жақта бір қыз бала ұялы телефонның зиянды әсерінен мидың қатерлі ісігінен қайтыс болыпты. Бірақ, ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес, бар шаруаңды телефонмен бітіресің.

Ұяны бұзарлық «қабілеті» бар ұялы телефонды бүгінгі балалар неге жанынан тастамайтын болды? Тіпті ұйқыға жатарда да не себепті қасына алып жатады? Не себепті ұялы телефоны үйде қалып қойса, қимасынан айрылғандай әсерде болады?

Рас, бұл тақырып турасында айтылып жатқан әңгіменің шет-шегін табу қиын. Пайдасын әркім-ақ біледі. Зияны бастан асады. Қараңыз:


Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетіпті.

Ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамдарға қарағанда тым көп екені анықталған. Елімізде 100 мың балаға шаққанда 100-127 бала қатерлі ісік ауруымен ауырады екен. Сарапшылардың айтуынша, обырды тудыратын факторлар қатарында ұялы телефон алғашқы орындардың бірін алып отыр. Телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстатып қоюға болмайды екен.

Зерттеулер нәтижесінде телефонды жиі қолданушылар арасында ДНК-дағы, нерв клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысының бұзылулары байқалған.

Ал жақында шетелдің мықты мамандары «ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіден екі есе көп зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасады. Өйткені ұялы телефон ер адамдардың репродукциялық  (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екен.

Мамандардың айтуынша, қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың (наушник) да зияны өте көп. Ол құлақ тамырларын, жүйке талшықтарын тітір­кен­діріп, әлсіретеді. Бұдан микроцир­ку­ляция бұзылып, бірден сезіле қоймайтын жарақат пайда болады. Бастапқыда біліне қоймайтын ол уақыт өте келе инфекция әсері­нен түрлі құлақ дертін өр­шітуі әбден мүмкін деседі. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық пайдаланған адамның есту қабілеті әлсірейтіні былай тұрсын, музыка мен сыртқы дауысты қатар тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке тал­шықтары тез тозатынын айтады.

Мұндай зерттеулерді тізбелей беруге болады. Оны барлығымыз саналы түрде білгенімізбен, тіршілікте қолдана бермейміз. Расында, қазір бесіктегі балаға дейін ұялы телефонның көмегінсіз ұйықтамайтын болды. Бір келіншек айтады: «Баламды ұйықтатайын деп, бесік жырын жаттап алғанмын, бірақ оған жұбанатын бала жоқ, ұялы телефоннан ән қосып, қасына қойсам, сол мезет жұбана қояды». Мектепке бармаған бүлдіршіндер де қазір ұялы телефон көрсе, әлемнің ойыншықтарын бір бұрышқа жиып қойып, телефонмен ойнайды. Мектеп жасындағы балалар мүлде телефонсыз өмір сүре алмай қалды. Жатса-тұрса «ең жақын достары» қасында. Құшақтап ұйықтайды, құшақтап оянады. Ал ұялы телефонның балаларға «үйретпейтін» нәрсесі жоқ. Онда ойынның не шұрайы бар, сағаттап әңгіме де айта беруге болады, интернеттен не пәленің барлығын көшіріп алып, кез келген жерде алаңсыз отырып асықпай қарауға болады. Телефон кәдуілгі компьютердің кішкентай көшірмесі іспетті. Бірінші сыныпта оқитын бала телефоннан аядай тордың ішінде арыстанның адамды қанын шығарып жұлмалап жатқанын, қызтеке еркектердің түнгі клубтарда жалаңаштанып алып қалай билейтінін, кемпірдің шынашақтай баланы теуіп ұшырып жіберетінін, атпалдай еркектің қоймен вальс билеп жүргенін, түрлі шайтани секталарға кіруге уағыздайтын нәрселерді, ауыз бармайтын тағы түрлі видеоларды еш шімірікпестен көріп, мәз болып, «менде мынадай бар» деп, мақтанышпен достарына көрсететінін, достары одан да «кереметін» көрсетіп, «кімнің телефоны, кімнің видеосы мықты» екендігін айтып жарысады. Жасанды бейнекөріністер былай тұрсын, қазір нағыз болған оқиғаның не түрін — перзентханадағы әйелдердің босану сәті, екі бойжеткеннің бір-бірінің ішінен теуіп, шаштасып жатқанын, қайын атасы мен келінінің ұятсыздығы… барлығын да мектеп оқушысының ұялы телефонынан көре аласыздар.

Түрлі бейнекөріністерді айтпағанда, телефонның «мобильді агент» деп аталатын тағы бір «құдіреті» бар. Олай дейтініміз, мобильді агент пайда болғалы бері балалар былай тұрсын, үлкендердің көбі бала-шағасын, отбасын түгел телефон тұтқасына айырбастауға шақ қалды. Балалардың көбі қазір пайдалы әрекеттермен айналысатын уақыттарын телефонға арнайды. Мобильді агент туралы біздің газетімізде бірнеше рет жазылған-ды.

Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тыйым салынған. Америкада 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 75 пайызының қалта телефондары бар екен, алайда балалар сабаққа кірер алдында телефондарын арнайы орынға тапсырып, сабақтан шыққанда қайтадан алады. 2007 жылы Үндістанда оқушыларға телефон ұстауға тыйым салынған. 2008 жылы жапондар да сөйтті. 2009 жылы Тәжікстанның жалпы білім беретін мектептерінде оқушылар мен мұғалімдерге ұялы телефондарды тағып жүруге және пайдалануға тыйым салынды. Өзбекстанда балалардың телефонды пайдалануына тыйым салу туралы заң қабылдау мәселесі көтеріліп жатыр деседі.

Бізде ше?

Балаларды еліктіретін, жаман жолға бастайтын дүниелерді бойына жиып алған қалта телефонының зиянды жақтарынан қорғау үшін не жасалып жатыр?

Біздің елде оқушыларға мектепте қалта телефондарын пайдалануға тыйым салуға неге болмайды?

Мектептерде қалай?

,,,,,,,, білім беру мекемелерінің әкімшілігі өз оқушыларына ұялы телефонды пайдалануға тыйым салуға құқығы жоқ, мектептердің, колледждердің «Ішкі тәртіп ережесіне» сәйкес мектеп оқушылары ұялы телефонды барлық сабақтары аяқталғаннан кейін, ал колледж студенттері сабақ арасындағы үзіліс уақыттарында пайдалана алады. Басқарма бастығы «егер оқушы «Ішкі тәртіп ережесін» бұзып, сабақ үстінде ұялы телефонды қолданса, пән оқытушысы оқушыдан ұялы телефонын сөндіруге және оқытушының үстелінің үстіне қоюын талап ететінін, сабақ соңында түсініктеме алынып, телефон оқушыға қайтарылатынын және колледж студенті бірінші рет «Ішкі тәртіп ережесін» бұзса, онда кураторлық сағатында оның тәртібі қаралып, екінші рет қайталанса, ата-анасы шақыртылып, ескерту берілетінін, бұл ескерту бұйрығы оқушының жеке іс-қағазына тіркелетінін» айтады.

—  Ұялы телефон әр адамның жеке мүлкі болғандықтан, арнайы нұсқау болмай, оны және оның ішкі мазмұнын тексеруге мекеме әкімшілігінің және оқытушылардың құқығы жоқ. Бұл мәселені тек қана ата-аналармен байланысып шешуге болады.

Ұялы телефондардың ішінен қарауға ұялатын неше түрлі суреттерді пайдалану адамгершілікке, мәдениеттілікке жатпайтындығы туралы, оны тым жиі пайдалану адам денсаулығына зиян екендігі жөнінде дәрістерде айтылады. Жат дінді насихаттайтын видео, аудио жазбаларды құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстаған жағдайда заң алдында жауапкершілікке тартылатындығы және 7 жыл бас бостандығынан айырылатындығы туралы айтылып, ішкі істер департаментінің діни экстремизмге қарсы күрес бөлімінің мамандарымен кездесулер өткізіледі, — дейді басқарма бастығы.

Ал Ақтөбе қаласының білім бөлімі мамандары  телефонның бала денсаулығына, сабақ үлгеріміне, рухани дамуына оң немесе теріс әсер ететіні жөнінде дәлелдер, деректер жоқ екендігін айтады.

Ата-аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді, ал оның балаларының қай бағытта пайдалануын үнемі бақылай алмайды. Оқу-тәрбие үрдісінде бағдарлы талаптар және заңдар мен ережелер, нормативтік актілер аясында тәрбиеленушілерге бейморальдық ақпараттар, діни немесе т.б. үгіт-насихаттық ақпараттарға тыйым салынады. Дегенмен ақпараттық ағымды реттеп бақылау да мүмкін емес, — дейді бөлім  мамандары. Қала мектептерінде де мектеп әкімшілігі, мұғалімдері оқушыларға ұялы телефондарды сабақ үстінде пайдалануға тыйым салып, сынып жетекшілері ата-аналар жиналыстарында бұл жөнінде үнемі ескертіп отырады деседі. Ұялы телефон оқу құралдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылмағандықтан, оны пайдалану тәртіпбұзушылық ретінде қарастырылып, талаптар мен ережелерге, мектеп Жарғысына сәйкес шаралар қолданылады екен.

,,,,,,,,, баланың сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануына Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тыйым салынбаған, сондықтан бұл жағдай әр мектептің ішкі ережесіне сәйкес ата-аналардың келісімімен реттелуі тиіс. Өйткені «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес «Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар»…

Және осы заңда айтады: «… баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтіретін… дыбыс және бейнежазбаларды көрсетіп, таратып жүргендер…» жауапқа тартылады деп. Бірақ әр баланың телефонында жүрген оның «рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтіретін» жазбаларды ауыздықтауға көп ретте күш келмей жатқан секілді…



P.S. Редакцияға хат жолдаған Қобда ауданы Бегалы ауылының тұрғыны Жандыағаш Қылышбаев ақсақалдың айтуынша, барлық мәселенің қазығы   қазіргі мұғалімдердің оқушы алдында беделінің жоқтығынан. Мүмкін, солай шығар? Бірақ неге солай? Қалай ойлайсыз?

Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте  сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пікір-сайыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары (көшіру)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!         Көптеген тұтынушылар компьютердің  бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар  екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.

Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге  түрлендірген  бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз.

Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1,5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне  ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте-бірте қосыла келе көбейіп отырады.

Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте-бірте шаршау  сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы  байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы  азаяды, жүрегі сыздап, жиі-жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды.

Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен  агент төңірегінде болмақ. Сөз кезегін бүгінгі сайысымыздың жүргізушісі 11 «А» сынып оқушысы Дәни Күнсұлуға береміз.



1.Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар!

11 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны»  атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда,жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып,тасып,

Біреу ығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді таланттар

Ең алдымен сіздерге осы пікірсайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.



  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Меңлібеков Б

  2. Информатика пәні мұғалімі -  Мауленқұлова С

  3. ИФМ пән бірлестігінің жетекшісі – Байтүгелова Л

Бұл пікірталаста 11 «А» сынып оқушыларынан құралған «Жақтаушы» тобы, топ мүшелері: Тоқтарова Гүлбану, Нұрдаулет

11 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Даттаушы» тобы, топ мүшелері: Ашамай Ұлбосын, Жексен Олжас

Пікірталас шарттары:

1/ екі топ өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады, әр топқа  3 мин

2/ сұрақ-жауап кезеңі

3/ спикерлердің қорытындысы

4/әділқазылардың қорытынды сөзі

3. Сөз кезегін оқушыларға берейік:

1. «Жақтаушы» тобының спикері: Тоқтарова Гүлбану

Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі . Қазіргі уақытта кз келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ , электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.


Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2. «Даттаушы» тобының спикері :Ашамаева Ұ

Сәлем бердік  қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп, түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

3«Жақтаушы» тобының спикері Жексен Олжас

Сәлем бердік  қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

1.Алысты жақындату

2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

3.Сана-сезімді жоғарылату.

4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.

5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.

6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды

қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;


10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).

.           Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба,  солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Алда болатын ҰБТ-ға да интернет арқылы дайындалудамын. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор

Назарларыңызға рахмет.

4. «Даттаушы » тобының спикері: Нұрдаулет

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы – осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе – Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



Сұрақ-жауаптармен алмасады.

  1. . «Даттаушы» тобының спикері: Ұлбосын

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық  екеніне көзіміз жетті.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!



  1. «Жақтаушы» тобының спикері: Тоқтарова Гүлбану

Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.

Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз!Сондықтан мен «Жақтаушы» тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.

Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор, тек оны өз орнымен керек жағдайларда пайдалану керек.  «…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» – деп елбасымыз Н.Назарбаев айтып өтті. Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың Он-лайн тәсілін алға қарай дамыта беруіміз керек.

Сонымен іске сәт, жұмыстарыңыз табысты болсын!

Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!


  1. Қорытынды.

Құрметті көрермендер біздің бүгінгі «Интернеттің зияны мен пайдасы» атты дебат сайысымыз аяқталуға жақын. Интернет зиян дегеніміз «Даттаушы» жақ спикерлері тұрған бетке, ал керек дегеніміз «Жақтаушы» спикерлері жақ бетіне өтулеріңізді өтінемін.

Сөз әділ қазыларға беріледі.

Марапаттау.

Көріп – тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет


Ұқсас тақырыптар:


Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар /дербес кмпьютер, интерактивті тақта, флипчарт, Асtivotе/



Саба қтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Ақпараттық технология заманның қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Интернет алғаш 1968 жылы ARPANET деген атпен АҚШ-тың әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген желісінен құрылған. 80-жылдың аяғында INTERNET глобалды жүйеге айналды. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Интернет өмірімізге қаншалықты маңызды екенін білу үшін 8 класс оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебатты ашық деп жариялаймын.

Бұл пікірталаста 8 «в» класс оқушыларынан құралған «Намыс» тобы жақтаушы, 8 «а» класс оқушыларынан құралған «Мұрагер» даттаушы.

Сарапшыларымыз: Оразбаева Бақытгүл математика пәнінің мұғалімі
Қабылбаева Кітабия ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ибаш Қандыағаш қаласы №2 ОМ информатика пәні мұғалімі

ІІ. Тақырыппен жұмыс

1. Жүргізуші ашық пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырады:

Пікірталас шарттары:

1.Әр топ өздерін таныстырады.


2.Пікірталасу (3 мин)
3.Екі топ өзара сұрақ алмасады.
4.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
5.Көрермендердің дауысы
6. Қорытынды.Сарапшыларды тыңдаймыз

2. Топ жетекшілеріне сөз беріледі



«Намыс» тобының жетекшісі Айым

«Мұрагер» тобының жетекшісі Динара

3. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі

1.»Намыс» тобының мүшесі Айым:

Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі интернеттің пайдасы:

1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.

Адамдарды ажалдан құтқарып, зор көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалу арқылы, мейірімділік таныту, ізеттілікке итермелеу және т.б. жасалады.Және де дүкендерді араламай-ақ үйде отырып интернет магазин арқылы қалаған затымызды сатып ала аламыз. Қазіргі өтіп жатқан арқылы жүзге асырылып отыр. Қазіргі таңда интернет пайдаланушылардың саны 1,9 миллионға жетті. Бұл көрсеткіш халықтың 12,3 %-ын құрайды. Қаламыз интернетті пайдаланушылар саны 20%-ға жетіп отыр. Алдағы уақытта интернет пайдаланушылар саны бұдан да үлкен көрсеткішке жетпек.

Қорытындылай айтқанда интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн.

Назарларыңызға рахмет.

2. «Мұрагер» тобының мүшесі Динара:

Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

3. «Намыс» тобының мүшесі Гүлнұр:

Сәлем бердім карсыластарыма,интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, буклет болсын, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.

4. «Мұрагер» тобының мүшесі Сәнді:

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару.Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма?

Назарларыңызға рахмет.

5. «Намыс» тобының мүшесі Төлеген:

Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың

Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz.Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

6. «Мұрагер» тобының мүшесі Ақтолқын:

Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интенрнеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Онлайн ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

4. Сұрақ-жауап

1. Екі топ өзара сұрақ алмасады
2. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрағы

ІІІ. Қорытынд

Бағалау парағы


ЭКСПЕРТ --------------------------------------------

( аты-жөні )

Пікір-сайыс тақырыбы

Күні-------------------




Жақтаушы тобы .

Даттаушы тобы




















спикер

мазм

нақт-ы

мәд-і

бар

спикер

мазм-ы

нақт-ы

мәд-і

бар-
















































































































ҮЗДІК СПИКЕР------------------------------------------



ҮЗДІК ТОП-----------------------------------------------



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет