Тақырыбы:Қазақстан бойынша мал басы саны



Дата05.12.2019
өлшемі16.34 Kb.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СРО

Тақырыбы:Қазақстан бойынша мал басы саны.



Орындаған:Сейтқазин Н.Қ.

Тобы:ТЖ-607

Тексерген:Ахметова Б.С.

Биылғы жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығындағы ішкі жалпы өнім көлемі 1,3 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 12,5% артық. Ал осы уақыттағы инфляцияны ескерер болсақ, аталған уақыттағы өнім көлемінің нақты өсімі 3,5% деңгейінде. Саладағы ішкі өнімнің өсімінің 32%-ын Алматы (224 млрд теңге) мен Түркістан (186,9 млрд теңге) облыстары қамтамасыз етіп отыр. Ал үшінші орында тұрған ШҚО-дағы өнім көлемі 167,1 млрд теңге шамасында. Одан кейінгі Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, БҚО өңірлеріндегі ауыл шаруашылығының ІЖӨ көлемі 50-100 млрд теңге аралығында болса, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Маңғыстау 6-24 млрд теңге аралығында. Ең соңғы орындағы Алматы мен Астана қалаларындағы саланың ІЖӨ көлемі тиісінше 2,1 және 0,3 млрд теңге. Ал жылдық өсім қарқыны бойынша ең алғашқы орында Маңғыстау облысы. Бұл өңірдің ІЖӨ өсімі биыл 5,1 пайызға артса, Ақтөбе мен Қостанай облыстарындағы өсім 4,8 пайызды құраған. Артынша Павлодар облысы 4%, Жамбыл облысы 3,8%, Ақмола облысы 3,7%. ШҚО 3,6%, СҚО 3,2%, Қарағанды облысы 3,1%, Алматы облысы 2,9%, Атырау облысы 2,5%, Қызылорда облысы 2,0%, БҚО 0,1% өсім көрсетсе, Алматы мен Астана қалаларындағы көрсеткіш керісінше 0,9% және 6,8% кеміп кеткен. Маусымдық факторларға сай, агроөнеркәсіптік кешен ішкі жалпы өнімінің 87,2 пайызын мал шаруашылығы құрап, 1,1 трлн теңгенің тауары мен қызметін ұсынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13,6 пайызға артық, ал физикалық көлемде 4,1 пайыз өсім бар. Әр өңірдің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, Қостанай облысында өсімді қамтамасыз етуші сектор сиыр сүті өндірісінің  6,5 пайыз, ет өнімінің – 4,9 пайыз, жұмыртқаның 0,9 пайыз артуы болса, Ақтөбе облысы тауық жұмыртқасының 27,9 пайыз, еттің – 5,8 пайыз, сиыр сүтінің 3,9 пайыз өсімі арқасында саланы алға ілгерілетті. Өз кезегінде Маңғыстау облысындағы тауық жұмыртқасының 2,1 есеге, еттің – 8,3 пайызға, сиыр сүтінің 6,9 пайызға артуы өңірді алға сүйреген. Сонымен қатар, 2018 жылдың алғашқы 7 айының қорытындысы бойынша өндірілген жұмыртқа саны 13,6 пайызға артып 3,2 млн данаға жетсе, мал мен құс етінің өнімі 4,9 пайызға өсіп 946,5 мың тоннаға, мал терісі 6,7 пайыз көбейіп 1,5 данаға және сиыр сүті 3,2 пайыз ұлғайып 3,4 млн тоннаға жетті. Малды сою көрсеткіші ғана емес, одан бөлек осы уақытта жалпы мал басы да айтарлықтай артып отыр. Мәселен, жеті айда жылқы басы 6,6  пайызға ұлғайып 2,7 млн-ға, ірі қара саны 6,4 пайыз көбейіп 7,8 млн-ға, түйе басы 6,2 пайыз артып 211 мыңға жетті. Ал құс саны 7 пайыз көбейіп 44,8 млн-ға жетті. Есесіне ешкі саны мен шошқа саны тиісінше 1,2 және 4,2 пайызға азайып 2,7 млн мен 926 мыңға дейін азайса, қой саны бар болғаны 0,7 пайыз өсіп 19,7 млн-нан асқан.

2000-шы жылдың басынан бастап мал шаруашылығы саласында мал басы мен құс санының, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсімі байқалады. Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша 2014 жылы мал басының саны мынадай болды: ірі қара мал 5,9 млн. бас, қой және ешкі 17,7 млн. бас, шошқа 0,8 млн. бас, құстар 35,2 млн. бас. Қазіргі уақытта республиканың әлеуеті толық іске асырылмаған. 1990 жылмен салыстырғанда мал басының саны мен құстардың саны азайып кетті: ІҚМ 1,6 есеге, ҰММ 2 есеге, шошқа 4 есеге, құс 1,7 есеге.

4 жылдар аралығында еттің барлық түрінің өндірісі жылына орташа шамамен 900,0 мың тоннаны құрайды (сойылған салмақпен). Осы ретте шаруашылықтарда сойылған және союға өткізілген бір мал басы мен құстың орташа тірі салмағы мынадай болды: ІҚМ – 314 кг, қой – 39 кг, ешкі – 35 кг, жылқы – 328 кг, шошқа – 101 кг, түйелер – 363 кг және құстар – 2,2 кг.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2014 жылы ІҚМ етінің өндірісі 404,8 мың тоннаны құрады, ҰММ 161,7 мың тонна, шошқа 99,8 мың тонна, құс еті 134,2 мың тонна.

Соңғы 5 жылда Қазақстандағы сүт өндірісінің орташа өндірісі 5,1 млн. тоннаны құрады. Сүт өндірісінің негізгі аймақтары Қостанай, Алматы, Оңтүстік- Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола және Шығыс-Қазақстан облыстары болып табылады. Жиынтығында аталған аймақтар барлық сүт өндірісінің 68,9%- ын құрайды. Сүттің негізгі өндірушілері жеке қосалқы шаруашылықтар болып табылады, ол барлық өндірістің 82%-ын құрайды (2013 жылғы үлес 90%-ды құрады), одан әрі өндірістің үлесімен шаруа қожалықтары 13,2% (2013 жылғы үлес 7%) және барлық сүттің 4,8%-ын ауылшаруашылық кәсіпорындары өндіреді (2013 жылғы үлес 3%).



2014 жылдың қорытындысы бойынша жұмыртқа өндірісі 4 272 млн. дананы құрады, ол 2013 жылмен салыстырғанда шамамен 400 млн. данаға көбейді. Соңғы 8 жыл ішінде жұмыртқа өндірісінің көлемі 60%-ға өсті. Жүн өндірісінің көлемі орташа деңгейде 36-38 мың тонна тұрақты болып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет