Тақырып Әлеуметтік қатынастар мен арабайланыстар



жүктеу 18.7 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі18.7 Kb.
: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> 4. ƏЛемдік мұхит төсенішінің ЖƏне оның континенттік жағалауларының ҚҰрылымдық элементтері
Resource -> Контрольные вопросы Что называется первообразной для функции на промежутке ?
Resource -> Тақырыбы: Әлеуметтік – демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде. Мақсаты
Resource -> 2 Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. XX ғасыр әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификациясы әлеуметтік өзгерістер аясында
Resource -> Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы. Мақсаты
Resource -> 3. геотектоникалық ТҰжырымдамалар геологияның парадигмалары ретінде ォ
Resource -> Негізге әдебиеттер
Resource -> 6. тектоникалық
Тақырып 5. Әлеуметтік қатынастар мен арабайланыстар
Адамзат дамуы барысында адамдық арақатынастар мен байланыстың сан алуан қырлары тәжірибеленіп, сыннан өтті. Әркелкі формациялық және өркениеттік даму немесе шегіністер оған өзінің салдарын тигізді, арақаты­настың өзіндік ортасын, кеңістігін жасап берді. Қалай болғанда да адамдар арабайланысы анархиялық құбылыс емес. Әлеуметтік арабайланыс теориясын негіздеуші Георгий Зиммельдің тұжырымдауынша, кіммен болса да әлеуметтік арабайланысқа түсудің алғышарты – кіммен істес болып тұрғаныңды білу.

Әлеуметтік қатынастар, арабайланыстар мен іс-әрекеттер сипатына, мазмұнына ықпал етуші факторлар баршылық. Соның кейбір жақтарына назар аударайық.

Қоғамда өмір сүруші адамдардың демографиялық жағдайы (балалар, жасөспірімдер, жастар, ересектер, егделер, қарттар), әлеуметтік орны мен ролі (әке, ана, әже, ата, бала, аға, әкім, мемлекеттік қызметкер, ұстаз, оқушы, инженер, фермер т.б.), әлеуметтік стратификациялық жағдайы (жоғары, орта, төменгі тап), ұйымдасу формасы (топ, ұжым, тобыр т.б.), саяси жүйесі (мемлекет, саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар), этникалық құрылымы, орналасуы (қала, село) т.б. арақатынастар мен арабайланыстардың әлеуметтік мәніне, бағытына, мазмұнына өз ықпалын тигізеді. Әлеуметтік институттар қойнауында оның субъектілері өзіне бекітіліп берілген қоғамдық, ұжымдық қызметін атқарады. Ал адамдар өз құзырына, әлеуметтік міндетіне лайықты іс-әрекет жасай алмаса, ол функциялық қызметтің бұзылуына, бүлінуіне, әлеу­меттік жанжалға алып келеді.

Ғылыми ортада «ауытқушы карьера» (өзінің ауытқыған мінез-қылығын адамның өзі түсінуге қабілетсіз), «корпоративтік қылмыс» (корпорация немесе корпорация атынан жасалған), «жек көрушілік қылмыс» (нәсіліне, ұлтына, діні­не, меншігіне), «жаһандық қылмыс» (есірткі айналымы, адам сату, ланкестік, ұйым­дасқан жезөкшелік) сияқты ұғымдар пайда болып, айналысқа еніп алды. Бәрі де адамдар, олардың мінез-қылығы, іс-әрекетіне негізделген арабайланыс қырлары.



Егер адамдардың жануарлардан айырмашылығы оның саналығында болса, адамдық арақатынастарды реттеудің басты негізі де, заңмен бірге адамгершілік, адамдық қасиеттер болуға тиіс. Эконо­микасы мен технологиясы жоғары дамыған елдер тәжірибесі тек одан үйрене­тін ғана емес, жиренетін жақтарын да көрсетіп берді. Бірі – рухани, моральдық, екін­шісі – материалдық кедейшіліктен. Жеке адамдар ғана емес жекелеген ел­дер­дің. Осыдан келіп, тек бәсекеге төтеп беретін экономика, озық технология емес, алдымен әлемдік жоғары дамыған рух, ар-ұят тазалығы, шынайы мәде­ниеттілік пен білімділіктің үйлесімі адамзат дамуының алдыңғы шебіне шығуға тиіс деп қорытындылауға болар, әсіресе ақпараттық дамуға тереңдеп ену жағдайында. Бостандық пен демократия, ол, алдымен, әлеуметтік жауаптылық.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет