Тайпақ ауылдық кітапханасы



жүктеу 52.4 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі52.4 Kb.
: zkolib -> rus -> nav
nav -> Аудандық кітапхана. Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау»
nav -> Шағырлой ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 751 Кітап берілімі: 15100 дана
nav -> Аудандық балалар кітапханасы
nav -> Ұзынкөл ауылдық кітапханасы
nav -> 1920 жылдары Ілбішінде қызыл әскерлер горнизонының Чапаев атындағы клубы ашылды. Клубта алғашқы кітапхана, оқу бөлімі, үйірме ұйымдастырылды. Тұрғындар рухани құндылықтармен оқу бөлмелерінде отырып ой бөлісті, сауат ашып
nav -> Бұлан ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 515 Кітап берілімі: 10276 дана
nav -> Түрлі сайыстар,ойындар,байқаулар; оқырман конференциясы, әдеби талқылау, дауыстап оқу; ақпаратты шолулар, ұсыныс әңгімелер т с. с өткізіледі
nav -> Абай ауылдық кітапханасының шежіресі
nav -> Оян ауылдық кітапханасы
nav -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
Тайпақ ауылдық кітапханасы

Аудан орталығынан оңтүстікке қарай 142 км жерде Тайпақ ауыл округі орналасқан. Округ қарамағына Томпақ, Шабдаржап елді- мекендері кіреді.

Тайпақ 1996 жылға дейін Калмыков селосы деп аталып келген. Ауылда 4 орта, 2 орталау мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, мәдениет үйі, 4 кітапхана, дәрігерлік-амбулаториялық және 3 фельдшерлік-акушерлік пункт орналасқан.



Тайпақ ауылдық кітапханасы

мәдениет үйі ғимаратының

156 кв.м көлеміне орналасқан
1875ж. уездік қалаға айналған. Мұнда 1884 ж. «Тургенев кітапханасы» деп аталатын кітапхана, мектеп, медпункт ашылады. Мәдениет ошағының көзі «Қызыл Отау» болды.

1950 - 1960 жылдары аудан шаруашылықтарында кітапханалар ашыла бастады.

1962 жылдың 30 желтоқсаны күні Қазақ ССР – нің Указы бойынша Тайпақ ауданы таратылып Чапаев ауданына қосылды.

1964 жылы Тайпақ ауданы қайта ашылды.

1951-1959 жылдары Компартияның ХХ-ХХІ съездерінің шешімдерін, КПСС орталық комитетінің Қаулыларын Қазақстан Ком партиясының Х съезінің шешімдерін халыққа түсіндіру кітапхана жұмысының негізгі мақсаты болды.

1952 жылы кітап қорында 8091 дана кітап оның ішінде 3366 дана кітап қазақ тілінде болып, 180 оқырманға 1592 дана кітап берген. Кітапханашы болып Дінекешова жұмыс атқарған. Кітапхана тарихын жинақтаған кезде, мына кісілердің кітапханада әр жылдарда жұмыс істегендері анықталды. Олар:



Байқұтова Қалима 1967 – 1976

Жұмағалиева Кенжетай

Имашева Сара

Адилова Қазымжан 1964 - 1991

Молдағалиева Санеш 1968 – 1996

Даулетова Магия 1966 - 1991

Жұмағалиева Мағрипа 1960 - 1985

Жұмақаева Гүлжан 1972 – 1979

Саркенова Кайша 1973 – 2006

Ескендирова Жұпар 1966 - 2007

Мұқашева Марфуға 1983 - 1987

Кенбаева Жұмағыз 1973 - 1998

Назиева Сәуле 1987 - 1998

Рустемова Күлаш 1979 - 1996

Маймурина Гүлсім 1979 - 1995

Есенова Нұрбике 1979 – 1985

Омарова Света 1979 - 1990

Жұмақаева Алия 1984 - 1998

Нурсапина Алмагүл 1991 - 1996

Жұмағалиева Аққойқын 1989 - 1991

Имангазиева Биғайша 1989 - 1994

Альденова Эльмира 1994 - 1999

Харесова Гүлсім 1987 - 1992

Мазимова Раушан 1996 – 2002
Кітапхана өміріне белсене араласқан кітапхана қызметкерлері, «Кітапханашы» атты құрметті мамандықтың мерейін үстем етер таңдаулы мамандары еді.

1965 жылдары ауданымызда 13 селолық кітапхана болса, 1971 жылы 2 аудандық кітапхана – 18 селолық кітапхана, 1 Қызыл отау халыққа қызмет еткен.

1974 жылы аудан бойынша 121 597 кітап қоры бар, 25 кітапхана халыққа қызмет көрсетті.

Халық Депутаттары Тайпақ аудандық Кеңесі атқару комитетінің «Мәдени мекемелерді ашу туралы» 27-ші наурыз 1990 жылы №50 хатына сәйкес «Қурайлысай селолық Кеңесінің аумағында орналасқан «Шәкір » елді-мекенінде орталықтандырылған кітапхананың №32 бөлімшесі 1990 жылдың 1 апрельден бастап іске қосылды.

1978 жылы ауданда барлық кітапхана заман талабына сай бір орталыққа біріктіріліп, 23 бөлімшеден тұратын 122663 дана кітап қоры 9763-ке жеткен оқырман саны бар арнайы салаға айналды. 10 жыл уақыт өткеннен кейін кітапхана жүйесінде 31 кітапхана жұмыс жасап, кітап қоры 238000 дана кітапқа, оқырмандар саны 12742-ге жетті. Орталықтандырылған жүйеге көшу кітапханалық жұмыстың мазмұнын жақсарта түсті.

Кітапхананың ішкі қызмет функциялары ерекше тәртіппен бір жүйеге көшіріліп, арнайы бөлімдерге бөлінді. Олар: әдістеме- кітапханалық, оқырмандарды қамту, кітап қорын толықтыру мен өңдеу және бірыңғай қорды ұйымдастыру мен пайдалану бөлімдері.

1979 жылы аудандық кітапхана жанынан ауданның экономикалық профиліне байланысты ауыл–шаруашылық әдебиеттерін насихаттау секторы ашылды.

Кітапханааралық абонементтің жұмыс жасауына байланысты кітап қорындағы жоқ әдебиеттерді басқа жерден алып беру мүмкіндігі туды. Жаңа жүйе бойынша кітапхана бөлімшілерінде әдістемелік басшылық беру ісі тәртіпке салынды. Оларға әдістемелік көмек беруде, жаңа әдебиеттерді жеткізуде арнайы автобиблиобус қамтамасыз етеді.

1986 жылы Қарауылтөбе ауылдық балалар кітапханасы ашылып, кітапхананың кітап қоры аудандық кітапхана қорынан жинақталып алынып берілді. Кітапхана меңгерушісі болып Дүзбаева Қайырлы қызмет етті. Аудандық кітапхана 22 филиалмен жұмыс жасады.Олардың ішінде 1 аудандық,1 балалар, 1 ауылдық балалар кітапханасы жұмыс жасады.

1987ж. Жаңакөл кітапханасының атауы Қарабек ауылдық кітапханасы болып өзгертілді.

1988ж. Ақжайық ауданының таратылуына байланысты төмендегі кітапханалар Тайпақ ауданына беріліп, Тайпақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарады.

Олар:


  1. Есенсай ауылдық кітапханасы – 1

  2. Кеңсуат ауылдық кітапханасы - 1

  3. Тасоба ауылдық кітапханасы - 05

  4. Ақшкол ауылдық кітапханасы – 05

  5. Өлеңті ауылдық кітапханасы - 1

  6. Әтібек ауылдық кітапханасы - 1

Аудандық кітапхана жүйесі осы жылдары 31 бөлімшемен жұмыс жасап, штаттық кесте 58,5 болды. Аудандық кітапхана жүйесіндегі кітапханалар саны:




  1. Аудандық кітапхана

  2. Аудандық балалар кітапханасы

  3. Сайқұдық

  4. Қараултөбе

  5. Қырыққұдық

  6. Жыланды

  7. Экспедиция

  8. Базартөбе

  9. Қарабек

  10. Қызылжар

  11. Қадыркөл

  12. Базаршолан

  13. Баянтөбе

  14. Сұлтан

  15. Есим

  16. Жанама

  17. Сарман

  18. Харкин

  19. Краснояр

  20. Октябрь

  21. Котельниковская

  22. Антоновская

  23. Жантемір

  24. Жаманқұдық

  25. Есенсай

  26. Кеңсуат

  27. Караултөбе ауылдық балалар кітапханасы

  28. Тасоба

  29. Акшкол

  30. Өлеңті

  31. Әтібек

  32. Шәкір

1982 жылы «Рауан»- атты әуесқойлар клубы, 1988 жылы «Сырласу»- әуесқойлар клубы жұмыс жасады.

1997ж. Тайпақ ауданының таратылуына байланысты, Тайпақ аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Тайпақ ірілендірілген ауылдық кітапханасы болып өзгертілді. Тайпақ ауданының аумақтық құрамындағы кітапханалар Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарады.

1998 жылы алғашқы рет «Үздік кітапханашылар» байқауы өткізілді.

Байқауда Котельный ауылдық кітапханасының менгерушісі Калитова Алуа «Үздік кітапханашы» атағын жеңіп алды.

1999 жылдан «Қарлығаш» - атты қыз- келіншектер клубы жұмыс жасайды.

Клубтың мақсаты жастарымызды адамгершілік қасиетке, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

2002 жылы біздің облысымызда «Еуразия – мәдениет және кітапханалық ресурстар интеграциясы» тақырыбында өткізілген республикалық конференцияға С.Тлекеева қатынасты.

2003-2005жылдар «Ауыл жылы» болып жариялануына байланысты ауылдың рухани дамуы мен ақпараттың қамтылуына зор көңіл бөлінуде, кітапхананың үлгілік қалыпқа сай қызмет етуі үшін компьютерлік жабдықтау қолға алынып, кітапханаға 1 дана компьютер берілді.

2002 жылдан кітапхана көгілдір отынды пайдаланады.

Кітапхана «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша облыстық мәдениет басқармасы мен Ж.Молдагалиев атындағы кітапхананың ұйымдастырумен оздырылған «Шағын Отан» байқауына қатынасып, Дипломмен марапатталды.

Кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Бөлімнің оқырмандарға қызмет көрсетудегі басты мақсаттары

- оқырманды кітап қоры байлықтарымен таныстыру

- қордың барлық салалары бойынша пайдалануға мүмкіндік беру

- оқырман сұраныстарын зерттеу

- кітапхананы жарнамалау

- оқырмандарға сапалы және уақытылы қызмет көрсету


Бөлім қызметкерлері орта, жоғарғы оқу орындарында сырттай оқитын студенттермен, қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды. Кітапханашылар жастар тобымен де жұмыс жүргізеді көпшілік шаралар арқылы жастарды кітапханаға тартуда жұмыстанады. Оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыруға көңіл бөледі. Кітапхананың оқу залында мәдени-шаралар, түрлі кездесулер, кітап көрмелері ұйымдастырылып тұрады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет