Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды



жүктеу 48.2 Kb.
Дата02.04.2016
өлшемі48.2 Kb.







Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
040000, Алматы облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: akimattld@mail.ru

  1. Қала әкімінің орынбасары (Е-1 санаты):

Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 150740 теңгеден 203208 теңгеге дейін.

Білімі: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқықтық, техникалық ғылым және технология.

Функционалдық міндеттері:

Экономиканы дамыту және бюджеттік жоспарлау, энергетика, шикізат өңдеу салаларын, инвестиция тарту, қаладағы салық және қаржы несиелік саясат, төтенше жағдайлардағы жұмыс, әскери дайындық, жылумен қамту, тұрғын үй кешені, күрделі құрылыс, сәулет, жер қатынастары мәселелерімен айналысады.

Экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің, «Талдықорған қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС қызметтеріне бақылауды жүзеге асыру.

Қалалық өртке қарсы қызмет, «Талдықорғанжылусервис» ҚМКК – ның, «Жетісу су құбыры» ҚМКК – ның қызметтерін үйлестіреді. Салық комитетімен, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, құрылыс кәсіпорындары, жобалау ұйымдары, отын ресурстарымен қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілерімен, қорғаныс істері жөніндегі басқарма, қазынашылық, банкілердің филиалдары мен бөлімшелерімен, «ТАТЭК» АҚ, «Талдықорған РЭС – і» ААҚ, кәсіпорындарды қайта құру мен жою жөніндегі агенттіктің филиалы, кеден бекетімен, жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі аймақтық агенттікпен, құқық қорғау органдарымен, халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара бірлесе әрекет етеді және байланыста болады. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, қылмыстық жазаны және қылмыстық құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай – ақ қылмыстық жазаны өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі қала әкімдігі жанынан консультативтік – кеңесші органның, ЖТҮ құрылысы үшін жер учаскелерін беру комиссиясының, салынып біткен құрылыс нысаналарын пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының қызметтеріне басшылық жасайды. Компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.

Кәсіби құзыреттер: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
Конкурс қатысушыларына және үміткерлерге.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) үлгі бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде өтеді. Өткізілетін орны: Алматы облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі, 256, 316 кабинет.



Байқаушылар туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.



Ішкі конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет