Талғам мен талап болмаса Тұрғанбай Маханов Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер



Дата02.05.2016
өлшемі95 Kb.
:
Талғам мен талап болмаса...

Тұрғанбай Маханов

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер

«Сыр бойы» газеті 12.03.2016 ж.

Бостандық, бірлік, тұрақтылық, өркендеу секілді құндылықтардың арасында қол жеткізген тәуелсіздік біздің басты байлығымыз.

Туған өлкеміз Сыр өңіріндегі денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер өрлеуі мен құлдырауы, еліміздің тәуелсіздік тұсындағы қайта қарыштауы менің көз алдымда өтіп келеді.

Жасыратыны жоқ, 1990 жылдардың бас кезінде облыста халықтың аурушаңдығы етек ала бастаған болатын. Әсіресе әлеуметтік мәні бар аурулардың көрсеткіші жоғарылап кетті

.

Медициналық мекемелердің құрылысы немесе күрделі жөндеуден өту мәселелері тұрылып қалған болатын. Әйелдердің туу көрсеткіші төмендеп, халықтың демографиялық көрсеткіштері азая бастады. Дәрігерлер мен орта буын мамандар саны кеміді. Егеменді ел болғалы денсаулық саласында шешімін тауып жатқан жағдайлар, қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткізіп, бұл күндері экология зардабына ұшырап келе жатқан халықтың игілігіне тиянақты істер атқарылып жатқаны баршаға аян.



Ел басы Н.Ә.Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына арнаған жолдауларында, денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді.

Қазіргі кезде денсаулық сақтау саласының өмір сүруі мен дамуының негізгі қағидасы науқастарға жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсету болып табылады. Республикада жоғары сапалы медициналық көмекті енгізу, кезінде Қазақстан Медицина Холдингке тапсырылған болатын. Нәтижесінде (4-5 жыл) халыққа сапалы медициналық көмек барлық облыстарда бастау алды.

Еліміздің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының біріңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медициа мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын біріңғайландыруға тапсырма да берілді. Медицина саласында аурулар түрлерінің барынша кең спектірін диагностикалау және емдеу, профилактикалық зерттеу «Смарт-медицина» қашықтан емдеу «электрондық медицина» қызметтері ұлт денсаулығының өзегін қамтитын негізгі басылымдар ретінде ұсынылды. Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту да күн тәртібінде тұрған мәселе. Осындай нәтижелі жұмыстардың бастауларына басты себепкер медицина қызметкерлері, оның ішінде дәрігерлер болып табылады.

Медицина саласында кемшіліктер аз емес. Бірақ, бір нәрсенің басын ашып айтуымыз керек. Бұл кеше, бүгін емес, осыдан бірнеше жыл туындаған, кеңестер одағы тұсынан келе жатқан туын десек болады. Медицинаға қанша қаржы құйғанмен, сапалы ем аяқ асты бере салатын сала емес. Сондықтан медицинаға салған қаржы тез арада шешімін табады деген ойдан аулақ болуымыз керек. Біздің бағамдауымызша білім беретін жоғарғы, орта буын мамандар дайындайтын оқу орындары, уақыт талабына сай жетілдіріп оқытуы тиіс.

Жаңа ғасыр медицина саласына күрделі міндеттер жүктей бастады. Сонау ХХ-ғасырда қатталып бір ізге түсірілген медициналық көмек үлгілері түрлі ғылыми-көпшілік еңбектердің жазылуына негіз болды. Медицина саласы алға қарай бет алуда. Бірақ қатып қалған қағида, өзгермес өлшем болуы мүмкін емес. Жылдар бойы қалыптасқан ережелердің тәртіптерінен гөрі, мәселенің ақиқатына сүйенсек, біздің диплом алып шыққан кадрларымыз, жалпыға бірдей сапалы медициналық көмек беретін шама шарықтары жетпейтінін жасыра алмаймыз.

Денсаулық сақтау саласының өрісін өсіретін де, өшіретін де дәрігер. Соңғы кездері дәрігерлер санасын тұрмыс тауқыметіне билетіп, күн көріс қаракетіне жеңдіріп алғаны да жасырын емес. Бұл өкінішті жайт. Дегенде, ауызды құр шөппен сүртіп отырған жағдайымыз жоқ.

Келісімшарт жасау арқылы мамандарды қайта даярлап, білімдерін жетілдіру соңғы жылдары жақсы өріс алып келеді. Көздегеніміз – кәсібилікті кемеліне келтіру. Өз ретімен дегендей, жоғымыз бен керегімізді тиісті орындарға айтып, дәлелін ұсынып жатқан жағдайымыз да бар. Шешімін тауып жатқан мәселелер аз емес. Нәтижесінде соңғы жылдары медицинаға қаржы бөлу, емхана мен ауруханалардың ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу ойдағыдай жүріп жатқанын айтуымыз жөн болар. Мақсатымыз медицина саласын қалыптастырып, бекіген дәстүрлі жұмыстарымызды дамытып, облыс халқына сапалы медициналық көмек көрсету.

Денсаулық саласының қазіргі деңгейі кәсіби шеберліктің ұдайы өсуін қалайтындығы ешқандай күмән келтірмейді.

Емдеу аймағындағы медицина жетісктері ерекше қызығушылық тудырады. Бұл ақыр аяғында түсінікті де, пациенттер дәрігерді оның диагноз қойғаны бойынша емес, емдеу нәтижесіне қарап бағалайды. Емдеу тәсілдерін бағалау үшін критерийлер қолданылады. Олар бар және «стандарттау» деп аталатын денсаулық сақтаудың халықаралық органдары қабылдаған, біздің кез үшін «орташа-арифметикалық» сыналған, қазіргі заманғы концепциялар мен жарғыларға негізделген .

Бұл жерде медицинада ұдайы жаңа идеялардың , жаңа тәсілдердің туындайтынын айта кету керек.

Бұл ретте дәрігерлер үшін маңызды сауал – емдік-диагностикалық процестің сапасын арттыру болып есептеледі және солай қала бермек.

Халықта -«Философия - ғылымның патшасы, алайда бүйректегі тастан құтылу үшін, сізге философ емес, дәрігер- уролог керек» деген бар.

Дәрігерлк істе көптеген құрамдас бөліктер бір-бірімен аттасып және түйісіп жатады: бұл ең алдымен дәрігер, одан кейін сырқат, әрі қарай әлеуметтік – саяси жағдайлар, шипагерлік өнер, қазіргі заманғы күрделі медициналық техника және тағы басқалар. Бүгінде ең алдымен адами тұлға өзгерді, елде қоғамның әлеуметтік-саяси құрылым басқаға айналды, тұрғындар денсаулығын сақтаудың рыноктык-экономикалық жүйесі пайда болды және ол бекіп келеді.

Бұл кезде қарама-қайшылықтың болмауы мүмкін емес.

Айта кететін жайт, мемлекетпен қамтамасыз етуші медициналық ұйымдардың тиімділігін, ақылы емдеу жүргізетін мекемелермен салыстыру, пікір әлі де болса қалыптасқан жоқ. Халыққа нарық талабына сай «ақылы қызмет» түрінің бар екенін және оны орындау басты міндетіміз екенін түсіндірудің өзі әзірге қиындау болып тұрғаны жасырын емес.

Баршамызға түсінікті жағдай, бұрынғы сарынмен жүре беруге болмайды. Өзгерістер, жаңалықтар керек. Дегенде бүгінгі жаңалықтардың негізі бұрын қаланған, кейде бұрынғыны қайталау жаңалық болу да мүмкін екенін ескеру керек.

Келешек денсаулық саласында да бәсекелестік жолға қою болып табылады. Мақсат – саланы жетілдіру, медициналық көмектің деңгейін көтеру, инновациялық идеяларды енгізіп, дамыған елдер қатарынан көріну көзделінуде. Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде жекеменшіктік медицинаны да дамыту болып табылады.

Айта кеткеніміз жөн, өткен жылдары, яғни 2011-2015, елімізде денсаулық сақтау саласының дамуына байланысты «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. Осы мерзімде аурудың алдын-алу, емдеу және диагностикалауға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2015 жылдың өзінде 30,5 млрд.тенге бөлініп, жұмсалды. Облыста ана мен бала өлімі азаюда, туу көрсеткіші көбейіп, әлеуметтік аурушаңдық көрсеткіштері де кемуде. Сонымен қатар дәрігерлердің, орта буын медицина қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатында да бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Науқастарға сапалы медициналық көмек, оның түрлері көбейіп, мақсатты тәжірибе алмасу жолға қойылып келеді. Соңғы жылдарда облыста өмір сүру ұзақтығының 70,2 жасқы деңгейге жеткені қуантады. Өлім көрсеткіші азайып, жаңа туылған нәресте өлімі көрсеткіші төмендеп келеді. Әлеуметтік науқастар саны жылдан жылға кемуде. Дәрігерлердің өз орнында, өз қызметінде жетістікке жетудің кілті, өз мамандығын жақсы көруде және жауапкершілігінде деуге болады.

Облыстық медициналық орталық заманның талабына сай денсаулық сақтау саласын дамуына және науқасқа жоғары сапалы медициналық көмек көрсетудің белгілі бір деңгейінде ықпал жасай алатын облыстағы бірде-бір аурухана болып есептеледі.

Соңғы жылдары облыста медицина орталығында дәрігерлік қызметтің 63 түрінен мемлекеттік лицензия алынған 26 мамандандырылған , 39 параклиникалық бөлімдер жұмыс жасауда. Жүрек ырғағын имплантациялық жасанды қан айналымы арқылы ашық жүрекке ота жасау жолға қойылды. Ми, жүрек, қан тамырларының кеселдерін қалпына келтіру оталары, бүйрек, зәр жолындағы тасты алудың жаңа тәсілдері қолданылуда, бас миы, жұлын қатерлі ісіктеріне ота жасаумен қатар жамбас пен тізе буындарын алмастыру қолданысқа енді. Былтырғы жылдан бастап бүйрек ауыстыру (трансплантация) отасы басталды.

Бұл денсаулық саласының инфрақұрылымдарын дамытуға бағытталған іс-шаралардың нәтижесі.

Халықаралық стандарттар негізінде ҚР пилоттық медициналық ұйымдардағы менеджментті жетілдіру туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 желтоқсанындағы № 844 бұйрығына байланысты – біздің медициналық орталық халықаралық стандартты енгізу пилоттық жобасына ұсынылған жалғыз аурухана болатын.

ОМО-ның медициналық көмектің сапасын жақсартуға қол жеткізіп, табыстары ұжым мүшелерінің бір бағытта, бір мақсатта атқарған еңбектерінің жемісі деп білеміз.

Мемлекет қабылдаған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес, азаматтарға медициналық қызметтің 2 түрлі пакеті ұсынылған болатын. Бұл денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асырудың «Жол картасы» жасалып, мүдделі құрылымдар, яғни жұмыс тобы құрылғаны белгілі.

Ауруханалар мен емханаларда қол жетімді жетістіктерімізді айттық. Енді облыс тұрғындарының, науқас адамдардың дер кезінде медициналық көмекті ұтымды пайдалануы жайлы тарқатып көреміз.

Біріншіден жоғары дәрежедегі сапалы көмекке немесе сапалы медициналық көмек алуға бөлінген қаражаттың жетіспеушілігі (мен облыстық медицина орталығын айтамын) және бөлінетін қаражат жылдан жылға кемуде.

Екіншіден, жаңа сұранысқа сай медициналық көмек көрсету дәрігерлер тарапынан, облыс тұрғындарына, науқас адамдарға облысымыздағы медициналық көмектің қол жетімді жетістіктері әлі де болса жеткіліксіз деуге болады. Осыған байланысты науқас адамдар сырт айналып медициналық көмекті басқа жақтан іздей бастайды. Бұл жергілікті дәрігерлердің кемсін тұстары.

Үшіншіден, емханалар мен ауруханалардың науқастарға медициналық көмек көрсетудің жаңалықтары мен жетістіктері жергілікті ақпарат құралдарынан, теледидар, газеттер беттерінен әлі де болса жеткіліксіз. Бұл жерде менің айтпағым барымызды бағалауымыз керек.

Шындығына келетін болсақ біздің облыста науқастарға көрсетіліп жатқан медициналық көмектің деңгейі республикамызда алдыңғы бестік ішінде тұр.

Ашығын айту керек. Барлық дерт соңы науқастың толық айығуымен аяқталмайды. Оның ондаған себеп-салдары бар. Бұған ағзаның кәріліктен әлсіреуі, өмір салтын дұрыс ұстанбау, пациенттің зиянды әдептері (қомағайлық, темекі шегу, алкогольмен шектен тыс әуестену, т.б.) дер кезінде дәрігерге қаралмау, жүйелі емделмеу, дәрігерге бұрын мәлім емес кейбір дәрі-дәрмектерге ерекше сезімталдық, кейбір ағзалар мен жүйелер дамуының ауытқулары (аномалиялар) басқа да себептер жатады.

Мұндай жағдайларда дерттің қолайсыз нәтижесінің объективті тұрғыда әрқашан жолын табу мүмкін емес.

Мемлекетіміз келешек денсаулық сақтау саласының даму жолдарында.

Мемлекет басшысы өзінің «Ұлт жоспары- Қазақстанды арманға бастайтын жол» атты мақаласында денсаулық сақтау саласын медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша соны реформа, үлкен өзгерістердің күтіп тұрғанын атап өткен болатын. Біз өз тарапымыздан бұл бастамаларды қолдап және бар мүмкіндіктерді пайдаланып, тиісті үлес қосуға міндеттіміз.

Бұл тұрғыда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мақсат-міндеті айқын деуге болады.

Өмір мен өлім күресінің ішінде біте қайнап, қолдарынан келген медициналық көмектерін, жан мен тән дертіне шалдыққан азаматтардың қиналысының жеңілдеуіне аянбай ат салысып жүрген медицина қызметкерлері қаншама. Емделген адамдар отбасына барып, тіршіліктеріне кірісіп, бақытқа бөленуде. Әрине дәрігерлерге өздерінің рахметін айтуда болар.

Дегенде, денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктеріміз де, жіберген кемшіліктерімізде бар. Болып жатқан кемшіліктерді түзеуге болады, тек сол бақытта жұмыс жүргізу керек екені белгілі.

Қазіргі таңдағы медицина мүмкіндігі мен жетістіктері жақын маңдағы ең батыл деген армандарды да басып озды. Дегенде қол жеткен табыс пен әлі шешімін таппаған мәселелерді нақты және мұқият таразылап, оптимист болып қана қоймай сонымен бірге жас дәрігерлерге медициналық деонтология мен әдептілік тұрғыда тәрбиелеу жолында кездесетін қиындықтарды бағалауда реалист болуды жүктейді.

Дәрігерлерге жастық араша бола алмайды. Сондықтан, жастарымызда инициативтік алға тарту мінезі болуға тиіс, сонда ғана профессионалдық қызмет көрсете алады. Ащы да болса айтамын «Талабы жоқ жас – қанаты жоқ құспен тең» деген дана халқымыз.

«Адам баласының ең жаманы – талапсыздық» - Абай.

Жақында аймақ басшысы Қ.Е.Көшербаев ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі Е.А.Біртановтың және аудан әкімдерінің қатысуымен «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2015 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2016 жылы алға қойылған міндеттерін (баяндамашы А.Ш.Әлназарова) алқа мәжілісі отырысында облыстағы медициналық көмек көрсетуде, қазіргі таңда ауруханалар мен емханалардың материалдық базаларының нығайуы, денсаулық саласына қаралған қаржының жылдан-жылға өсуі, ана мен бала өлім көрсеткішінің төмендеуі, жалпы аурушаңдықтың біршама азайуын айта келе, әлі де болса денсаулық сақтау саласында шешімін таппай келе жатқан мәселелердің барын, ана мен бала өлімнің облысымызда жоғарғы деңгейде қалуы, бас дәрігерлердің жауапкершілік арттыру мақсатында халық алдында міндетті түрде есеп беріп отыруын қатаң түрде ескерткен болатын.

Сонымен қатар облыс әкімі саланы дамыту мәселелері ерекше назарда болып, сала басшылары мен аудан, қала әкімдер алдында бірқатар міндеттер қойды.

Денсаулық сақтау саласындағы мақсатты жұмыстар сараланып, ең бастысы медициналық сапалы қызмет көрсету уақыт талабына сай, қолдау табатыны да ескертілді.



«Денсаулық» 2016-2019 мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, біріңғай ұлттық денсаулық жүйесі аясында денсаулық сақшылары өздерінің жұмыстарын одан әрі мақсатты түрде жүргізе беретіні сөзсіз. Биіктен көрінуіміздің белгісі осы. Адам мамандығының құлы болмай - еңбегінің құны болмайды.

Олай болса, келешекте атқарылар шаруа жеткілікті, ауқымы зор. Осы айтылған жетістіктеріміз мемлекетіміздің тәуелсіздігінің жемісі болып табылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет