Тамды ауылдық округі әкімінің 2014 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі



жүктеу 70.39 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі70.39 Kb.
: sites -> default -> files -> Node 4534
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысының есебі
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округінің әкімі Б. Кангужиннің 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы туралы есебі
Node 4534 -> Маржанбұлақ селолық округінің әкімі Б. Кангужиннің 2013 жылы атқарылған жұмысының есебі. Құрметті ауылдастар!
Node 4534 -> Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылда атқарған жұмыстары туралы есебі
Node 4534 -> Т. Бердалин Қарабұлақ селолық округінің әкімі атқарылар істер көп
Node 4534 -> Қарабұлақ селолық округінің әкімі Т. Д. Бердалиннің 2013 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі. «Қазақстан 2050»
Node 4534 -> Қарабұлақ селолық округінің әкімі Т. Д. Бердалиннің 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі. Құрметті жерлестер! «Қазақстан 2050»
Node 4534 -> Үшқұдық селолық округінің әкімі М. Жармухановтың 2013 жылы атқарған жұмыстар туралы есебі Әлеуметтік сала бойынша
Node 4534 -> Сарықобда ауылдық округі әкімінің 2015 жылға жылдық есебі
Node 4534 -> Ақай селолық округінің әкімі Ә. Сәрсеннің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Тамды ауылдық округі әкімінің 2014 жылда атқарылған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ
Тамды ауылдық округі бойынша 2677 адам тіркелген, оның ішінде Тамды - 2131, Талдысай – 327, Еркінкүш219. Ауылдық округ бойынша барлық аула саны – 619, Тамды – 514 аула, Талдысай – 61, Еркінкүш – 44 аула бар. Оның ішінде мал ұстайтын аула саны барлығы – 351, Тамды ауылы – 273, Талдысай – 48, Еркінкүш – 30 аула .

Тамды селолық округінің жалпы жер көлемі – 56300 гектарды құрайды, оның ішінде Тамды ауылы – 34766 гектар, Талдысай – 14386 гектар, Еркінкүш – 7148 гектар.

Қазіргі таңда Тамды селолық округі бойынша 129748 теңге мүлік салығы, 69787 теңге жер салығы, 139109 теңге көлік салығы жиналып отыр.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша

Көпбалалы, аз қамтылған және арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар 30 отбасындағы 92 балаға жәрдемақы төленді.

Бүгінгі таңда Тамды ауылының 514 үйінің 463 ауласы көгілдір отынды пайдалануда. Қалған үйлерді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Және де «Алға - Жылу» КМК – мен келісе отырып, Тамды ауылының әр үйіне су өткізіп беру жұмыстары жүргізілуде.

Тамды ауылының тұрғыны Николай Вакуленконың үйін легализациялауға көмек ретінде ауыл әкімінің ұсынысымен округтің жетекші маманы Сүйеуова А. жәрдемдесіп, құжаттары жасалынып берілді.

2014 жылдың 01 қазаны халықаралық қарттар күнін атап өтуіне байланысты «Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұжымы, ауылдық округтегі жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен Тамды ауылдық округі бойынша жасы 70-тен асқан 21 қарт адамды және Ұлы Отан соғысының 2 ардагерін жеке дара құттықтап, атаулы сыйлықтар табысталды.

2014 жылдың 12 қазан күні халықаралық мүгедектер күніне байланысты ауылдағы барлық мекемелер ұжымдарынан 1-ші және 2-ші топ мүгедектігі бар 24 азамат/ша/ларды қоғамның назарына алып, жеке дара құттықтап, атаулы сыйлықтар әр адамға 1500 теңгеден азық-түлік пакеті табысталды.

2014 жылдың қараша айында ауыл әкімінің бастамасымен Еркінкүш ауылының тұрғындары ағайынды Жиенбаеваларды аудандық мамандардың – психиатр, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жұлдыз-Звезда газетінің журналистінің қатысуымен комиссия құрылып, тексеріліп, тұрғын үй жайын зерделеу актісі толтырылды. Ауыл әкімі А.Еспағамбеттің ұсынысымен 10 000 теңге көлемінде азық-түліктер мен 1,5 тонна көмір көмек ұйымдастырылды.

Мәдениет саласы бойынша:

Мәдениет саласын дамыту үшін селолық округтің аумағында 1 мәдениет үйі мен 1 кітапхана жұмыс жасап тұр. Селолық округ кітапханасында 757 оқырман тіркелген және жалпы кітап қоры 13 724 кітапқа жетті.

Ауылдың көркем өнерпаздары аудан, облыс деңгейінде түрлі байқау сайыстарға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Тамды ауылының «Веселушки» квинтеті аудан бойынша 1-ші орын иеленді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Тамды селолық округ бойынша биылғы жаңа туылған сәбилер саны – 49. Ауыл тұрғындарына кезекті дәрігерлік тексерулер уақытылы жүргізіліп тұрды. Скрининг тексеруден 2014 жылдың 1 қаңтарынан – 1 қыркүйек айына жоспарланған адам саны – 658, соның ішінде - 658 өткізілді, яғни – 100 % орындалды.

Ал жылжымалы флюромашина бойынша жоспарланған адам саны-1350, өткізілген адам – 1350 адамды құрап, 100 % құрап отыр.

Туберкулез ауруымен бірінші рет ауырған адам тіркелген жоқ. 1 адам белсенді топта амбулаториялық ем алып жатыр. Тегін дәрімен және бала тағамымен қамтылған науқас балаларға – 458 000 теңге рецептімен дәрі-дәрмек берілді, ал ересек адамдарға оның диабетпен ауыратын, психиатр диспансерінің есебінде тұрған 5 адамға - 3500000 теңгеге берілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қыркүйек айында ауыл әкімі А.Еспағамбет бастаған мекеме басшылары, мұғалімдердің қатысуымен «Денсаулық» фестивалі аясында веложарыс өткізілді.

Білім және спорт саласы бойынша:

Округте 1 орта, 1 негізгі және 1 бастауыш мектеп, 1 балабақша, 1 аула клуб жұмыс жасап тұр. Тамды орта мектебінде 338 оқушы білім алуда. Шағын орталықта – 20 бала, мектепалдыдаярлық топтарында 36 бала білім алып, тәрбиеленуде. Тамды орта мектебі 2014-2015 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша 72,7 балл білім сапасын көрсетіп отыр. Грантпен оқуға 3 оқушы түсті.

Биылғы жылы Тамды орта мектебінің жас мамандары тарих пәнінің мұғалімдері Есетова Анар және Марат Азамат «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Тамды бөбекжай «Жұлдыз-ай» балабақшасында мектепке дейінгі 1,5 -5 жастағы балалар тәрбиеленуде. Қазіргі таңда балабақшаның 1-ші кіші «Балбөбек», 2-ші кіші «Айгөлек», «Болашақ», 3-ші кіші тобында аралас жастағы 48 бүлдіршін тәрбиеленіп, білім алуда. Балабақшаның топтарында арнаулы орта білімді 6 тәрбиеші тәрбиелеу, білім беру іс-әрекетімен айналысады. Сонымен қатар балабақшада 1 әдіскер, 1 саз жетекшісі, 1 педагог – психолог жұмыс жасайды.



Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Жыл басынан бері 968 ветеринариялық төлқұжат, 88 дана ветеринариялық анықтама берілді. Тамды ауылдық округі бойынша ауылшаруашылық малдарын бірдейлендіру жұмыстары – ұсақ мал төлі - 2650 бас, 37 бас – жылқы малы, 3 бас – түйе, ІҚМ - 777 бас, 70 бас – шошқа бірдейлендіріліп, компьютерге енгізілді.

Ауылдық округ аумағында 43 ШҚ жұмыс жасайды, оның ішінде мал шаруашылығымен – 11, бау-бақша өсірумен – 7, қалған шаруа қожалықтары шөп дайындаумен айналысады.

Ауылдық округ малдарын мал азығымен қамтамасыз ету бойынша шөп дайындаудың 2 айлық көлемі – 4700 тонна шөп шабылып, тасылып алынды. Шөп тасып жатқан шаруа қожалықтар «Алғабас - Батпақты» ШҚ, «Ержан» ШҚ, «Садко» ШҚ және Ойыл ауданынан әкелініп ауыл ішінде сатылды. 1 арба шөп – 25 000 - 30 000 теңгеден және 1 буманың бағасы – 300-350 теңгеден болды. Қазіргі таңда селолық округ толығымен шөппен қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші тұрғындар мен шаруа қожалықтар «Өсербай», «Сарыөзек», «Семья» аудан орталығында бағаны тұрақтандыру үшін өтетін жәрмеңкелерге ет,сүт, көкөніс өнімдерін саудалады.

Қазіргі таңда Алға аудандық жер қатынастары бөлімімен бірігіп, кезінде ашылып қазіргі таңда жермен айналыспайтын, ешқандай өнім өндірмейтін шаруа қожалықтардың бос жатқан жерлерін қайтару жұмыстары жүргізілуде.



Байланыс саласы бойынша:

Округ телефон байланысымен толығымен қамтылған. Барлық елдімекенде «Қазақтелеком» байланыс желісі жақсы қызмет жасайды. Селолық округ бойынша 82 телефон қондырылған.

Сонымен қатар биылғы жылы Тамды ауылдық округіне қарасты Талдысай елдімекеніндегі Желекті, Бұлақты, Досым көшелерінің ортасында орналасқан көпір және Талдысай-Тамды қатынас грейдер жолында орналасқан көпірге иесіз мүлік мәртебесі беріліп, алдағы уақытта күрделі жөндеу жүргізуге қаражат көздерін қарастыру жоспарда тұр.

Тамды ауылдық округіне қарасты «Құдайберген» шаруа қожалығының басшылары Рустам Тлегенов пен Тимур Құдайбергеновтер Тамды – Талдысай арасындағы бөгет жөндеу жұмыстарын жүргізді.



Төтенше жағдай саласы бойынша 2014-2015 жж. төтенше жағдайлардың алдын-алу шаралары аясында Тамды ауылының гидро-техникалық қорғаныс дамбасының 7 шлюздері қоқыстардан тазартылды және де Тамды ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан су ағар қоқыстардан тазартылды.

Сонымен қатар ауыл әкімінің ұсынысымен төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында қыс мезгілінде ауа-райының қолайсыз мезгілінде зардап шеккендер жолаушыларды ауылдық округ аумағынан яғни Алға-Тамды жолында орналасқан «Ақбота» шайханасы қысқы жылыту пункті болуға белгіленді.



Инфраструктура бойынша

«Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2014 жылдың Тамды ауылының басты 5 көшелерін жарықтандыруға республикалық бюджеттен 728,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмысы істеліп, 30 жарық шамы қондырылды, Тамды ауылының ішкіаралық жолдарын асфальттау үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалынды. Осы бағдарлама аясында Тамды ауылдық округіне 2 млн 408 мың теңге бөлінді, оның 1 млн 8 мың теңгесі Тамды аула клубының шеберханасының ағымдағы жөндеу жұмсалды. 200 мың теңгесі Тмды орта мектебінің ағымдағы жөндеуіне жұмсалды, 100 мың теңге Еркінкүш бастауыш мектебінің ағымдағы жөндеуіне жұмсалды және де Еркінкүш және Талдысай ауылдарын жарықтандыру жұмыстарына ЖСҚ құжаттары дайындалды. Тамды ауылының 2,200 метірін асфальтауға ЖСҚ жасалды.

Сонымен қатар 2014 жылы қараша айында Тамды ауылының орталығынан көптен күткен «Ағайын» тойханасы ашылып, 5 адамды жұмыспен қамтып, бүгінгі күні Тамды ауылының халқына өз қызметін көрсетуде.

Және де биылғы жылы Бизнестің жол картасы - 2020« бағдарламасы аясында Тамды ауылында «Даму» азық-түлік дүкені иесі ауыл тұрғыны Узаков Ш, «Родное село – Туған ауылым» азық-түлік дүкені иесі ауыл тұрғыны Олейник А ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

«Алға-Ескендір» ШҚ-ның басшысы Едрисов Бектурган Ойыл ауданы Көптоғай ауылынан еділбай тұқымды 200 бас қой сатып алды.

Санитарлық тазалық саласы бойынша

2014 жылдың 01 сәуірінен бастап екіайлық сенбілікте ауылдық округ бойынша 8 сенбілік өткізілді. Аталған сенбілікте ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтар басшылары,Тамды орта мектебінің басшылары мен мұғалімдері, Тамды бөбекжай «Жұлдыз-ай» балабақшасының қызметкерлері, Тамды әкімшілігінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлері белсенді атсалысып, және де 18 техника көмегімен 68 тонна қоқыс шығарылды. Мекемелер аумағына 235 көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, ағаш түптері қопсытылып, әктелді. Ұлы отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке әктеу, сырлау, тазалау жұмыстары жүргізілді. 2 айлықтың орындалуы барысында санитарлық талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық заңының 387 бабының 1 тармағына сәйкес 34 хаттама толтырылып, 38 526 теңге 24 тиын айыппұл салынды.

Қыркүйек, қазан айларында «Табиғатты аялайық» акциясы аясында 2 экологиялық сенбілік өткізіліп, Елек жағалауы және орманды алқап айналасы тазартылып нәтижесінде 11 тонна қоқыс шығарылды.

2014 жылдың наурыз айында Тамды селолық округі бойынша 22 мүшеден тұратын жергілікті қауымдастық құрылып өз деңгейінде жұмысын жүргізуде.

Сонымен қатар округте Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңына сәйкес 3 медиатор жұмыс жасайды.

Бүгінгі күнде шаруа қожалықтардың атынан қолма-қол бақылау шотына 153 000 теңге көлемінде қаражат аударылды.


Алдағы 2015 жылға қойған мақстаттарым:

  1. Тамды ауылының сумен қамтылмай қалған 8 көшесін сумен қамту бағытында жұмыс жасау;

  2. Ауыл көшелерін тегістеу (грейдеровка);

  3. Ауылдың су тасқынынан қорғау мақсатында 1960 жылдары салынған стратегиялық нысан қорғаныс дамбасына күрделі жөндеу жүргізу үшін құжаттарын дайындау;

  4. Талдысай, Еркінкш ауылының көшелерін жарықтандыру;

  5. Қолдағы малдарды асылдандыру мақсатында «Алтын асық», «Ырыс», «Құлан» бағдарламалары аясында жұмыс жасау.


А.Еспағамбет

Тамды ауылдық округінің әкімі



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет