Тамырлас тағдырлар



жүктеу 77.86 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі77.86 Kb.
: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Байғали Досымжанов
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ақын әрі әкім досқа жауап
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ШАҒабутдин маржани
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Танант дегеніміз мінез
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай қос қайырым мағауияның БӘйтерегі
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТҰҢҒыштар тынысы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай нағыздың нығызы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Қаржаубай Сартқожаұлы туралы
Тамырлас тағдырлар
Тартысқа толы адам тағдырының толғаулы сырын, кейіпкер характерінің қақтығыстарын күрделі де кесек оқиғалар арқылы бейнелейтін мол тынысты жанр – роман. Оның ішінде революциялық кезеңдердің тынысын суреттейтін тарихи туындының қамтитын тақырыбы, творчестволық толғамы, көркемдік шешімі сан-салалы. Психологиялық тартыстары мен философиялық тұжырымдары да халық тағдырымен астасып, оқиға өзектесе өрбіп, соны арнаға ауысады. Оқырманның жүрегіне ерекше нұр құйып, ынтызарын арттыратын күштің қайнар көзі де сонда жатса керек. Бұл бағыттағы жазылған шығармалардың әлеуметтік мәні де ерекше екені анық. Қазақ даласындағы революциялық қозғалыстың дамуын, тап тартысының күресін, әр қилы көзқарастағы адамдардың көңіліндегі көлеңке мен күншуақты суреттеп, оқырмандардың назарын аударған шығармалардың бірі Бекежан Тілегеновтың «Аққайнар», «Уақыт» диалогиясы. Сонымен қатар жазушының «Көктем де ызғарлы» атты повесінің сюжеттік желісі мен идеялық нысанасы екі кітаптың айтар ойы мен тұжырымын одан әрі жалғастырады.

«Жұлдыз» журналының соңғы сандарында жарияланған «Уақыт» романы «Аққайнардың» оқиғасымен тікелей өзектесіп, кейіпкерлер бейнесі толығып, сомдала түскен. Бұл қаламгердің үлкен мақсатын, іргелі ізденісін танытады. Кешегі мен бүгінгі күннің оқиғасын, ұрпақтардың өзгерген көзқарасын, өркендеген өңір мен өмірді сабақтастыра суреттеуді мұрат тұтқан.

Бүгінгі таңдағы роман жанрының өзін психологиялық, тұрмыстық, әлеуметтік, хроникалық, философиялық, ?????????? деп даралап жіктеп, оның құрылысын мазмұнына сай құбылу - әдебиеттің аса байсалды саласының іштей өсу өрісін байқатады.

Қаһарманның сана-сезімін, жан дүниесін, іс-қимылын көркем тілмен баяндай отырып, шындықтың шымылдығын ашып, оқырманды толғандырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Бекежан Тілегеновтың «Аққайнар» романы психологиялық толғанысқа желі тартқан, іштей саралауға (внутренней анализ) құрылған әлеуметтік жылдары мол шығарма.

Оқиғаның өзегіне лирикалық шегіністер мен тебіреністер өзектесе өріліп, өмір сүрудің мәнін тіршіліктегі көріністер арқылы тұжырымдап, толғанады. Бастапқыда стихиялы түрде туындаған Сәлмен мен Жұмабектің наразылығы жан ашуына ұласып, қақтығысқа жетелейді. Толық мүдденің түсінбесе де, жүрегіне жарық сәуле нұрын төгіп, әлеуметтік көзқарастары қалыптасады. Сан рет сағы сынып барып, қателесе жүріп әділдіктің шұғыласына қол созған, жеке басының қайшылығы көп, екі адамның арасындағы кекті қуамын деп жүріп, таптық күрескер дәрежесіне көтерілген кейіпкер – Сәлмен. Оның мінез-құлқы, іс-әрекеті эволюциялық жолмен өсе отырып, рухани түлейді. Дүниедегі пысықтыққа, әділетсіздікке жаны қарсы, әлсізді басынғандардың озбырлығына мойынсынғысы келмейді. Кектенген жауының жағасынан алатын өр мінез, әрі аңғал. Оның осы мінезін Омар сияқты зымиян, дүниеқоңыз, айлакер байлар иінін тауып пайдаланып, Сәлменнің қолымен от көсеп, ел арасына іріткі салады. Ердәліде кеткен есесін қайыру ниетімен барымта мен қарымтаның қырсығына шырмалып, ақыры зұлым Омардың құрған тұзағына түседі. Абақтыға айдалады.

Осы арада автор өз кейіпкерінің эволюциясының танымдық түсінігін кеңейте отырып, қанға сіңген әдет пен ұлттық психологияның ықпалын да ашады. Қаншама азапты басынан өткізсе де Сәлменнің ауылға оралғанда кек қайтармақ оймен барымтаға қатысуы соны танытады. Шындықтың ащы сабағы Сәлменнің өмірін соны бағытқа бұрады. Алайда ол бірден большевик аттанбайды. Нұрлы идея жолында ұзақ адасады, қателікке де ұрынады. Ол таптық көзқарас мәнін ақтардың әскерімен қоса тұтқынға алынып, Григорий арашалап алған соң, онымен бірге партизан отрядында жүрген шағында терең сезініп, революциялық күрестің ықпалы бойына шым-шымдап сіңіп, берік орнығады.

Қашанда көркем шығарманың кейіпкерлерін жағымды, жағымсыз деп бөлу шарттылыққа, жасандылыққа соқтырады. Өмірдің шындығынан алшақтатып, жалаң баяндауға жетелейді. Осы орайда Сәлмен бейнесінің шынайы шаққаны автордың ізденісін танытады. Бастапқы тараудағы барымташы Сәлменнің мінез-құлқы, «жалғыз көзімен жан-жағын жалмаған» қатыгез Сәлменнің қылықтары оқырман жүрегіне тікендей қадалады. Бірінші бөлімнің соңында жапан түзде, түн ішінде қансырап далада қалған шағындағы Сәлменнің ішкі монологтары оның рухани күйрегендігін, қалған өмірінде басқаша мұратпен, өзге әуенмен ғұмыр кешу қажеттігін меңзейді. Психологиялық толғанысқа құрылған ой ағымы арқылы дүниеге деген көзқарасының өзгергендігін, бұрынғыша тіршілік етудің болмайтынын түсінеді. Оқырман Сәлменнің өміртанымында басқаша ұғым мен тұжырымның ұшқын атарын сезгендей.

Ол өткен өміріне есеп беріп, өз қателігін мойындайды. Ашынады. Бірақ қандай әрекет істеу керектігін білмейді. Бұйрыққа тіреліп, дағдарысқа ұшырайды. Тек автордың: «...мына сақа бүркітте біраз нәрсені көріп, талайды бастан кешіріп, талай уақиғалардың куәсі болған шығар-ау. Мына, қыртысы тапталып, мүйіздей қатқан жер бетінде нелер бір қырғын оқиға, сансыз табыр өтіп, талай жыр жырланып, қыбырлаған талай жан зар илемеді дейсің бе. Бұл жазықтың төсінде нелер бір қуаныш, той-думан, азалы қайғы тізбектеліп өтіп жатады. Адал ниет жақсы іс, зорлық-зомбылық, қиянат қоса жүрген болар. Соның бәрін биіктен шолып, төбеден қараған шығар-ау мына қыран», - деген суреттеуінен Сәлменнің мынау дүниеге соны түсінік-түйсікпен қарағанын, сезім әлемінің жаңғырғанын аңғарып, кейіпкердің көңіл-күйін дала қыранының тағдырымен шендестіріп, символикалық астарлы ой айтады. Жаралы қыран – Сәлмен. Ал көктегі құс – анық болашақ мұраты, ертеңгі есейген, өмірдің күншуағы мен көлеңкесін қатар бажайлайтын, байсалды Сәлмен.

Шендестіру, символикалық бейне арқылы түйіндеу – көркем әдебиеттегі соны жаңалық емес. Бірақ, соны ұтымды пайдаланып, қажетті жерінде кіріктіру – қаламгердің талғамына байланысты. Бекежан Тілегеновтың бұл көркемдік шешімі бірінші бөлімнің оқиғасын қорытындылап, психологиялық иірімнің ағысымен сәтті түйіндеген. Осындай формалық құбылтулар романдағы қақтығыстардың әлеуметтік мәнін терең сыпаттап, кейіпкердің күйініш-сүйінішін жан-жақты жеткізуге мүмкіндік жасаған.

Романның оқиғасы екі желімен дамып, ширатыла есіліп, күрмеуі күрделеніп, қақтығыстар мен қарым-қатынастарда әлеуметтік-таптық сыпаттар даралана көрінеді. Жаңа заманның нұрлы шұғыласына жиіркенішпен қарап, кеудесін ащы запыран қыжылдатқан, халықтың бақытын қасірет деп, қуанышын күйініш деп қабылдаған Омар мен кулак Игнаттың қастандық әрекеттері мен арандаулары, олардың әрбір қылмысты асқан айлакерлікпен ілгері қас образды толыққанды етіп шығарған. ?????????? шонжарлардың революцияға қырын көзқарастарын ұлттық ерекшеліктерімен бейнелеп, дара тұлға жасайды. Омардың психологиясы қазақ байларының сараңдығы мен бақай қулығына сәйкес өрілсе, Игнаттың бойында бұл қасиет басқаша қырымен қылаң береді. Оның айласы терең тамыр алып, тұңғиыққа жетелейді. Алыстан арбап, іштен тынады.

Бірақ екі алыпқа ортақ нәрсе – дүниеқоңыздық, қандарына сіңген озбырлық. Екеуінің айла-тәсілі бір-бірінен асып түседі. Өзара бақтарын таластырса да реті келгенде тізе қосып қимылдап, қанқұйлы әрекеттерді жүзеге асырады. Астықты Омардың қой қорасына жасырады, ал Игнат оның ұрлық малын сіңіріп береді. Сөйте тұра сырттарынан сатып, ас ұсыныса отырып, саптаяқтың сабынан қарауыл қарайды. Зұлымдық мінездері романда нанымды көрсетіледі. Алтынға таласқан Степанның өз әкесі Игнатты өлтіруі, ал қысылтаяң шақта Қарабақайдың Омарды тастап қашып кетуі –бұлардың бойындағы адамгершіліктен гөрі азғындықтың, салиқалылықтан сатқындықтың, өмірден көрі пысықтықтың қасиеті басым екендігін әшкерелейді. Екі ұлдың аярлық мінездері әке тәрбиесінің әсері. Олардың бойында мейірім, аяушылық, Отанды сүю сияқты игі ниет жоқ, дүние, байлық, атақ-даңққа құмарту басым. Әкелері оларды осыған баулыған. Ақыры өз балаларының қолынан қаза табады. Автор әке-бала арасындағы қарама-қайшылықты нанымды суреттеген. Олардың рухани күйреуі шынайы шыққан.

«Аққайнардағы» ерекше назар аудартатын, аз суреттелсе де бірден жадыңда жатталып қалатын екі образ бар. Ол – сауатты, сыртқа сырын бермейтін Мырзаш пен аузын ашса көмекейі көрінетін, еспе де, бөспе мінезді Тынышбай. Екеуінің пікірі де, түсінігі де кереғар. Олардың бейнесі типтік қаһармандардың қатарына қосылады. Мырзаш буржуазиялық қоғамның төл өкілі. Ол қиырға көз тігіп, алысты шалып, ойын сыртқа шығармай, сақтықпен қимылдайды. Еш дауға араласпайды. Бірақ жаңа өмірдің күн сайын тынысы кеңейгеніне іші ашиды, алайда сескенеді. Тіпті қалыңдығы Гүлбаршынды да қорғауға жарамайды. Ауыл совет қызметіне араласады, ашық әрекетке ұмтылмаса да, Игнат пен Омардың тілеуін тілейді. Тырнақ арасындағы кір сияқты жасырып қалған, ертеңгі халық дұшпаны осы Мырзаш. Автор оны айтпайды, дегенменде Мырзаштың мінезі, іс-әрекеті соны аңғартады.

Тынышбай – кедей, айыбы – басы таз. Оған өзін кем тұтпайды. Реті келгенде паңсынады, өзінше кісімсиді. Сәлменнің атын жетектегенге мәз. Ол тап күресін анық аңдамайды. Суайттығы мен аусарлығы өзін күлкіге қалдырады. Сырт қарағанда іс-әрекеті «Қалың малдағы» Итбайдың образын еске салады. Оның: «Белсенді деген – белсендімін... Өкіметті қолымен орнатқанның бірімін. Астыма бір асау ат мінгізіп, ел билейтін жұмыс тауып бер дедім. Сәлмен жаман састы. Ақыры бүкіл кәмөнас, кәмсөмәлдәрін жиып алып, маған жұмыс іздеді», - деуі, оған қоса шабармандығын өсіре «ауданнан, сонау қаладан әкім келсе алдымен мені шақырып ап, менімен ақылдасады. Менсіз қия баспайды... бірден бір мекеменің тұтқасымын. Үлкен әкім болғанша осы жұмысты місе тұта тұрармын», - деп қоқилануы Тынышбайдың өзіне жарасып тұр. Ұнатқан бай қызы Гүлбаршынға жаны ашып, көзіне жас алуы Тынышбайдың психологиялық тебіренісін байқатады. Романдағы халық өкілінің бейнесі сәтті сомдалған.

«Аққайнардың» соңғы беттерінде Жұмабектің өмір, күрес туралы толғамдары берілген. Ол Григорийдің қазасынан соң ширап, таптық тартыстың қызу майданына белсене араласты. Жұмабек аренаға енді шықты. Жазушы өзінің «Уақыт» атты екінші кітабында бейнені сомдай түскен. Әрине, журналдық нұсқаға қарап қолжазба қақында пікір білдіру асығыс та. Дейтұрғанмен де Жұмабек-Назира линиясының арасындағы байланыстарды кеңірек қамтып, әлі де тереңірек зерттеп, екеуінің мөлдір махаббатын жеткізе суреттеу қажет сияқты. Сонымен қатар «Аққайнардың» соңғы тарауында Жұмабек қашқындарды қуып жүріп, махаббат мәселесін қозғауы кейіпкердің сол сәттегі күйзелісін алаңға толы күйін жеңілдетіңкіреп жіберетін тәрізді. Сондай-ақ «Уақыттағы» Сәлменнің бандылар қолынан қаза табатын тұсында асығыстық аңғарылды. Екі романның ??????? арқау болған, тағдыры қиын да қызықты адам қазасын драмалық, тіпті трагедиялық қақтығыспен аяқтауға болады. Ол – ұлы өзгерістерді басынан өткерді. Демек кесек оқиға мен шиеленіскен түйінді, оралымды көркемдік шешімді тілеп тұрғандай. Сәтті шығарманың шырайына нұр қосса деген игі ниет, оқырман ойы ғой бұл.



Бір қызығы, назар аударатын нәрсе жазушы Бекежан Тілегеновтың шығармаларының арасынан өзара үндестік пен жақындық аңғарылады. Қаламгердің бұдан біраз жылдар бұрын жарық көрген, үстіміздегі жылы қайта басылған «Көктем де ызғарлы» атты повесі оқиға желісімен мазмұн тұтастығы жағынан алып қарағанда «Аққайнар» мен «Уақыттың» жалғасы іспетті. Оқиға бүгінгі күн тақырыбына арналса да, ішінара кездесетін лирикалық шегіністен қос романдағы қақтығыстардың үзіктері ойыңа оралады. Тіпті, кейде «соқыр Сәлменнің» аты да ұшырасады. Ал адал да әділ, әрі қатал Серғазы қарт кешегі Жұмабектің есейген кезіндей көрінеді. Шымырбаймен Шегебай қулық-сұмдығын ішіне сақтап, бас сауғалап аман қалған Мырзаштың көлеңкесі іспетті. Кейіпкерлердің аттары басқа болса да, олардың іс-әрекеттері мен психологиясынан іштей үндестік, тұтастық байқалады. Адамдардың тағдыры сараласа өріліп, бір-бірін толықтырады. Соған қарағанда автор бұл оқиғаға өмірлік деректі өзек етіп, Тарбағатай өңірінде совет өкіметін орнату жолында белсене күрескен, аты аңызға айналған «Таудың қызыл қырандары» атты партизан отрядының ерліктерін романға айналдырған сияқты. Үш кітаптағы қаһармандардың тамырлас тағдырлары соны меңзейді.

Қорыта айтқанда жазушы Бекежан Тілегеновтың «Аққайнар» романы мен «көктем де ызғарлы» атты повесінен, бұл екі шығарманы өзара сабақтастырып тұрған «Уақыт» атты шығармасынан өмір шындығын, замана тартысын, сан қилы адамдардың психологиясын, күйініш-сүйінішін бағамдап, ой тұжырымдаймыз. Қаламгердің қарышты қадамы, іргелі ізденісі, ең бастысы көркемдік шешімі қуантады. Өзара өзектескен үш туынды бір-бірінің мазмұнын толықтырып, философиялық ойын тереңдетіп, әлеуметтік мәнін арттырып тұр. Кітаптағы ішкі саралаулар, символикалық тұспалдар, лирикалық шегіністер шығарманың формалық құрылымының ажарын ашқан. Б.Тілегеновтың «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Аққайнар», «Көктем де ызғарлы» атты шығармалары мен «Уақыттың» журналдық нұсқасын оқығанда көңілге түйген пікіріміз, міне, осындай.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет