Танирбергенова Сапура Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы



жүктеу 27.88 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі27.88 Kb.
Танирбергенова Сапура

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Қоянды ауылы

35 ЖББОМ КММ биология пәнінің мұғалімі



Өзіндік жұмыстар

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Ол үшін әрбір сабақта жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалану, оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, өз беттерінше ізденушілік, өзін –өзі дамытушылық қабілеттерін оята отырып, танымдық шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Осы мақсатта 7 – сыныпта «Басаяқты ұлулар класы» тақырыбында өткізген сабақ ұсынылды. Сабақта ақпараттық, талдау, жинақтау, салыстыру, топтау негізінде кестемен жұмыс, миға шабуыл , тірек -сызбалар, танымдық ойындар секілді әдіс – тәсілдер қолданылды.

Сабақ үй тапсырмасын тексеру мақсатында « миға шабуыл» ретінде оқушыларға лездік сұрақтар қоюдан басталды.

1.Тип неліктен «ұлулар» деп аталған? Бұрын қалай аталып еді?

2.Ұлулардың буылтық құрттардан айырмашылығы неде ?

3.Бақалшақты ұлулар –

4.Бақалшақ қалдығы сақталған ұлу

5.Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат

6.Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

7.Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі ерекше без

8.Ұлулардың қантарату жұйесіндегі ерекшелік

9.Ұлулар қалай тыныс алады?

10.Ұлулар типінің кластары


2.Қосжақтаулы былқылдақдене – айқұлаққа сипаттама беру. ( бейнефильм

көрсету)


3.Жаңа сабаққа дайындық кезінде «Маллакология» - ұлуларды зерттейтін зоология ғылымының саласы туралы сөзжұмбақ шешу.

4. Жаңа сабақ . Бағдарлау -мотивациялық кезең

Мұғалім түсіндірмесі. Басаяқты ұлулар класы – ең жоғары құрылымды,

ең алып жәндіктер. Басаяқтылардың денесі бас және тұлғадан құралады. Қармалауыштары бар. Аяғы, қармалауыштары басында болғандықтан ,бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатады.Басаяқтылардық қазіргі кезде 800-ге жуық түрі бар.
5. Операциялық – орындаушылық кезең.

Бұл кезеңде оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысып, яғни оқулықпен жұмыс жасай отырып өзіндік тапсырмаларды орынлдайды.



  1. Тапсырма. Басаяқтылар деп қандай жануарларды айтады ? Анықтама бер. Суреттен басаяқтылардың өкілдерін тауып белгіле.(Суреттермен жұмыс)

  2. Тапсырма. Басаяқтыларды басқа ұлулардан ажырататын белгілерді ата.

  3. Тапсырма. Түсіндір.

  4. Тапсырма. Берілген белгілер ұлулардың қай класына сәйкес келсе , соларға «+» таңбасын қоя отырып, кестені толтыр.

  5. Тапсырма. Сипаттамасына қарап , ұлуды «таны»




  1. Тапсырма. Кестемен жұмыс




Ұлулардың маңызы

Табиғаттағы

Адам өміріндегі









Терминдермен жұмыс.

  • Глохидий - ұлулардың дернәсілі

  • Фотофора – ұлулардың бактериясы бар қапшықтары

  • Биолюминесценция – тірі ағзалардың жарықтануы

  • Автотомия - дене бөлігінің үзіліп түсуі

Қосымша материалдармен жұмыс

  • Ұлу жылына сипаттама беру.

  • Сегізаяқтар неліктен ақылды

  • Сегізаяқтардың даму тарихы. Басаяқты аммониттер (ежелгі түрі).

Басаяқтылардың алыс туыстарының аз ғана тобы – наутилустар

немесе меруерт кемелері.



  • Ең жақсы жүзгіштер – кальмарлар.

  • Сегізаяқтардың бір қызығы – денесінің түсін өзгерте алуы. «Сиялы сауытының » болуы меланин пигментіне байланысты.

6. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Тест тапсырмаларымен жұмыс.



7. Үйге тапсырма. Басаяқты ұлулар класы. Шығ.тапсырма.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет