Тапсырыс беруші: «Нұрбанк» АҚ Нысан: Алматы қ., Желтоқсан көш. 168 Б



жүктеу 61.15 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі61.15 Kb.
: up files
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> Календарь знаменательных
up files -> Краткий бизнес-план: пассажирские перевозки
up files -> Директорлар Кеңесі Төрағасының және «kegoc» АҚ Басқарма Төрағасының Үндеуі 2
up files -> Модемдеріне арналған Интернет желісіне қосылуды ретке келтіру
up files -> D-link модемдеріне арналған қосылуды ретке келтіру dsl-2740U dsl-2740B
Алматы қ., Желтоқсан көш. 168 Б мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ-ның әкімшілік ғимаратына орнатуға арналған жаңа ДГҚ сатып алудағы

ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА


  1. Тапсырыс беруші: «Нұрбанк» АҚ

  2. Нысан: Алматы қ., Желтоқсан көш. 168 Б (Жұмыс нысанының мекенжайы)

  3. Жалпы мәліметтер:

Бұл Техникалық тапсырма Алматы қ., Желтоқсан көш. 168 Б мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ-ның әкімшілік ғимаратына орнатуға арналған жаңа ДГҚ сатып алудағы техникалық және бағалық даярлықтың негіздемесі болып табылады.

Конкурсқа қатысатын әлеуетті қатысушылардың өздері, өз есептерінен «Нұрбанк» АҚ-ның (бұдан былай – Тапсырыс беруші) Нысанына зерттеу жүргізеді, техникалық ұсыныс пен баға өтінімін дайындауға қажетті мәліметтер жинайды, оған техникалық шешім әзірлеу, техникалық және атқару құжаттарын ұсыну, Дизель Генератор Қондырғысын (бұдан былай – ДГҚ) таңдау, есептеу, жеткізу, сонымен бірге жаңа ДГҚ жұмысын қосу-баптау мен әртүрлі жұмыс режимінде жабдықтарды кешенді түрде тәжірибеден өткізу жұмыстары кіреді.




  1. Басты талаптар:




    1. Ұсынылған ДГҚ қосалқы бөлшектері жеткізушінің ҚАҚБ қоймасында міндетті түрде болуы тиіс. Жеткізуші ҚАҚБ қоймасындағы ұсынылған ДГҚ қосалқы бөлшектерінің тізімін тапсыруы тиіс.

    2. Шығарушы сертификаттаған 2-ден кем емес маманның жеткізушде болуы.

    3. ДГҚ-ның кепілдік пен жүргізілетін жұмыстар мерзімі ДГҚ өткізілген сәттен бастап 1 (бір) жылдан кем болмауы тиіс. Кепілдік кезеңі ішінде ДГҚ-ның жұмысына байланысты апатты жағдайлар туындаған жағдайда, мұндай апаттың орын алғаны туралы хабарлама алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде апатты жою үшін ДГҚ-ның тоқтауына себепші болған ДГҚ-ның бөлшегін/қосалқы бөлігін (мотор, генератор бұған қосылмайды) лайықты сападағы сайма-сай бөлшекке/қосалқы бөлшекке өз есебінен ауыстыруы үшін Жеткізушінің өкілдері келуі міндетті. Егер кепілдік мерзімі ішінде ДГҚ екіден көп рет істен шықса (генератор, мотор, автоматика проблемалары), Жеткізуші екі айға жетпейтін мерзімде, өз есебінен бұзылған бөлшекті сайма-сай қосалқы бөлшекке ауытыруға міндетті.




    1. Банк сатып алған ДГҚ моделі өндірістен алынбауы тиіс және ол төмендегі кестеде көрсетілген талаптарға сай келуі міндетті:







Сипаттама

1

2

1

Жазғы және қысқы режимде моторды қыздыру режимі бар дизель-генератор, инновациялық опция:

- ЕВРО -3, ЕВРО -4 европалық нормаларға сәйкес арнайы катарлитикалық бейтараптандырғыштар жүйесі.

- негізгі жанармай тазартқышты қорғау ісін атқаратын жанармай тазалау жүйесінің 2 деңгейлі алдыңғы жүйесі.

- табиғи жауынның тікелей әсерінен толықтай қорғау функциясын қатар атқаратын, дыбыс деңгейінің жоғарғы талапқа сәйкес келтіруге арналған шуды басатын қосымша жүйе.

- TCP/IP протоколы бар Ethernet жергілікті жүйесінде қашықтан мониторинг жүргізу жүйесі.

- шаңғақарсы камера жүйесі (жұмыс жүйесін қорғау);



2

Генератордың негізгі режимдегі қуаты – 250 кВА/200 кВт кем емес

3

Генератордың қосалқы режимдегі қуаты – 275 кВА/220 кВт кем емес

4

Генератор щеткасыз болуы тиіс, 4 полюсті


5

Жиілігі – 50 ГЦ

6

Шығатын кернеу 380 Вольт

7

Мотор ауыр жағдайларда қолдануға арналған, дизелді, сумен суытылатын болуы тиіс

8

Өндірістік шубасқыш пен темір қолғап

9

Суыту көйлегі мен мотордың картеріндегі суытқыш сұйықты жылытқыш

10

Дизель-генератор аккумуляторға қуат беретін жабдықпен қамтылуы тиіс.

11

Дизель-генераторда суытқыш сұйықтығының деңгейін анықтайтын датчик, суытқыш сұйықтығы температурасының деңгейін анықтайтын датчик, май қысымын анықтайтын датчик, майдың төменгі деңгейін анықтайтын датчик, сондай-ақ генераторды қолдану дайындығы мен сынықтарды көрсететін, генераторды автоматты түрде тоқтатып, сынықтарды көрсететін СК-дағы бақылау аспабы болуы керек.

12

Жанармай багы түгелдей металдан жасалып, дизел-генератордың темір рамасына бекітілуі тиіс. Жанармай багының сыйымдылығы 500 литрден кем болмасын.

13

Жанармай төгу үшін жапқыш краны бар төккіш мойын болуы тиіс

14

Тосол мен дизелдің майын төгу ыңғайлы болуы үшін жапқыш крандары бар төгу шлангалары қарастырылуы тиіс.

15

Металл рамасы бұранда және/немесе тойтарма арқылы қосылмаған, түгелімен бүтін пісірілген болуы тиіс. Рама дизель-генератор жасалған кәсіпорында әзірленуі тиіс.

16

Жабдықтары ISO 8529 нормалары деңгейінде жобалануы, ISO 9001 талаптарына сәйкес жасалып, СЕ сертификаттарына сәйкес келуі керек

17

Қорғаныс тобындағы шуизоляция сапасы 2000/14/EC бойынша Европалық нормаларға сәйкес келуі тиіс. ДГҚ шуизоляциялы қаптамаға орнатылып, 72 дБ-ден аспайтын шу дәрежесінде болуы керек.

18

100% жүктемемен жұмы істегендегі жанармай шығыны 60 л/сағ аспауы тиіс.

19

Дизелді мотор мен генераторды қолданудың орыс тіліндегі нұсқаулығы болуы тиіс.

Әрбір әлеуетті жеткізуші бірнеше баға (коммерциялық) ұсыныстар жасауға құқылы:

1-Ұсыныс - ТТМ кезінде жоғарыда аталған қаптамадағы ДГҚ-ны жеткізуде ұсынылған баға.

2-Ұсыныс - қаптамасыз ДГҚ-ны жеткізуде ұсынылған баға (жоғарыда аталған ТТМ кезіндегі ашық нұсқасы), Жеткізушінің қолындағы (қолдағы ДГҚ-ға) қаптаманы монтаждау бағасы.

Ұсынылған баға келесі мәліметтерден тұруы тиіс:


  • жаңа жабдықтың атауы мен сипаттамасы;

  • коммерциялық ұсыныс:

    • жабдықтың құны көрсетілген:

    • монтаждауға қажетті жұмыстардың тізімі, оның бағалары: ДГҚ жеткізу, алаңға орнату, электр қоректендіргішке қосу, жүктеме кезінде ДГҚ тексеру қоса есептеледі, орындалған жұмыстарды актімен тапсырыс берушіге өткізу

    • Жеткізушінің істен шыққан ДГҚ-сын демонтаждауға қажетті жұмыстардың тізімі, оның бағасы;

Бағалар теңгеде, ҚҚС және басқа алымдар мен салықтар қоса есептелген.

  • төлем шарттары (дұрысы: жабдық үшін 100% посттөлем және нақты орындалған жұмыстар үшін 100% посттөлем);

  • ұсынылған жабдық, қосалқы бөлшектері, ауыстырылатын метариалдар туралы ақпараттар (өндіруші, саплық сипаттамасы, орыс тілінде);

  • ұсынылған жабдыққа кепілденген және сервистік қызметтер көрсететін сервис орталықтар;

  • ұсыналған ДГҚ мен ауысатын материалдарының прайс-қағазы;

  • ДГҚ жылдық сервис көрсету шарттары (кепілдік және кепілдік біткеннен кейінгі 2-3 жыл ішінде қызмет көрсету шарттары). Кепілдік кезеңіндегі сервистік қызмет көрсетілген кезең ішінде көрсетіліетін қызметтер тізімі, бағасы, кепілдіктен кейінгі қызметтің бағасы толығымен көрсетілсін.

  • Ерекше шарттар: ұсынылған ДГҚ-да тапсырыс берушіндегі Қосалқы бөлімді Автоматты Қосу пултінен берілген бұйрыққа сәйкес қосу және тоқтату жүйесі болуы тиіс.

Орнатылатын орынды қосымша көру үшін келесі тұлғалармен байланысыңыз:

Бас энергетик - Смирнов В.В., 2 599 710 ішкі 5537.



Орын. В.В. Смирнов

Ішкі тел. 5537



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет