Тапсырысшының-құрылыс салушының қызметін



Дата24.04.2016
өлшемі380.89 Kb.




Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген





 Тапсырысшының-құрылыс салушының қызметін

ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер


 

1. Осы Тапсырысшының-құрылыс салушының қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 27 маусымдағы № 635, «Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы» 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулыларына, сулет қала құрылыс және құрылыс қызметі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, қайта жаңарту, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), iске қосу-жөндеу жөнiндегi жұмыстар, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру кезінде тапсырысшының-құрылыс салушының (бұдан әрі - тапсырысшы) негізгі функцияларын белгілейді.

Қағидалар жобаны басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін құрылыс саласындағы инжинирингтік компанияның негізгі функцияларын да белгілейді.

Құрылысты ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай инвестициялық жобаны іске асыру шарттары, тапсырысшының (құрылыс салушының) басқа (қосымша) функциялары жеке заңнамалық және заңға тәуелді актілерімен анықталады. Құрылыс жұмыстарын орындау кезінде тапсырысшының (құрылыс салушының) нақты міндеттері құрылыстың мердігерлік шартын жасаған кезде тараптардың келісімімен, ал мемлекеттік қажеттіліктер үшін мердігерлік жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шартпен айқындалады.

Құрылысқа қатысу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшаларын тарта отырып, объектілердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен байланысты қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру кезінде тапсырысшының (құрылыс салушының) функциялары «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы – жобалауға арналған тапсырмаға және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындалған көлемдік-жоспарлау, конструктивтік, ұйымдастыру-технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдердің, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру үшін сметалық есептердің жиынтығы;

2) жобаны басқару – берілген бюджет және мерзім шеңберінде инвестициялық жобаның мақсатына қолжеткізу үшін тапсырысшымен жасалған шартқа сәйкес объектінің құрылысын ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау және оны пайдалануға беру;

3) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4) құрылыстағы инжинирингтік қызметтер – құрылыс саласына жататын қызметтер, оларды іске асыру кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бағалау бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады;

5) құрылыс саласындағы инжинирингтік компания – жобаны басқару бойынша қызметтерді көрсететін заңды тұлға;

6) мердігер – қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырысшымен не болмаса құрылыс саласындағы инжинирингтік компаниямен жасалатын мердігерлік шартты немесе құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыста мердігерлік жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлға;

10) тапсырысшы – өзінің мұқтажы үшін немесе коммерциялық мақсаттарда кәсіпорын, ғимарат, құрылыс салуды жүзеге асыруға ниетi бар және өзінің ниетін іске асыруға қажетті көлемде инвестициялық мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;

Тапсырысшының функциясын инвестордың (инвесторлардың) мүддесін танытатын өзге де сенім білдірген жеке немесе заңды тұлға орындай алады.

Инвестор (инвесторлар) қаржыландыратын құрылысты жүзеге асырған кезде жобаны басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін ұйым тапсырысшы бола алады.

3. Тапсырысшы (құрылыс салушы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, отандық және шетелдік заңды тұлғалар құрылыс тапсырысшылары болып табылады. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген тәртіпте тіркелген кез келген ұйымдық және құқықтық нысанда болуы мүмкін.

Тапсырысшының қажетті рұқсат беру құжаттары және қызметтің тиісті түріне лицензиясы болған кезде мердігердің қатысуысыз өз күшімен құрылыс объектілерін жүзеге асыруға құқығы бар. Бұл жағдайда ол тапсырысшы мен мердігердің міндеттерін орындайды.

5. Құрылыс саласындағы инжинирингтік компания жобаны іске асырған осы жобаға жобалау және (немесе) құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер ретінде қатысуға құқығы жоқ.

6. Жобалау және құрылыс жұмыстарына мердігер ретінде белгілі бір жобаны іске асырған кезде өзінің қызметін жүзеге асыратын тұлғаның осы жобаға құрылыс саласындағы инжинирингтік компания және (немесе) техникалық қадағалау, сондай-ақ авторлық қадағалау (жобалау жұмысын жүргізетін мердігерлік компанияны қоспағанда) жөніндегі ұйым ретінде қатысуға құқығы жоқ.

7. Тапсырысшы инвестициялық бағдарламаны іске асыруды республикалық және жергілікті бюджеттерден түскен қаражат, бюджеттік емес қаражат, сондай-ақ құрылысқа үлестік қатысу тәртібі бойынша инвестиция салған заңды және жеке тұлғаларың қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8. Тапсырысшы инвестормен жасалған шартта белгіленген талаптарда инвестордың құрылыс салу үшін бөлінген ақшалай және материалдық құралдарын иеленеді және:

1) инвестордың ресурстарын мақсатты және өз уақытында пайдалануды;

2) объектіні жобалау және салу кезінде нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды сақтауды;

3) қабылданатын жобалау шешімдердің дұрыстығын, қолданылатын материалдардың, конструкциялардың, жабдықтардың және құрылыс-монтаж жұмыстардың сапасын;

4) объектіні пайдалануға енгізу мерзімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

9. Тапсырысшының шарттық негізде құрылыс саласындағы инжинирингтік компания өзінің функцияларын беруге құқығы бар. Осындай жағдайда құрылыс саласындағы инжинирингтік компания шарттың талаптарына сәйкес тапсырысшы жүктеген міндеттерді жүзеге асырғаны үшін тапсырысшының (инвестордың) алдында жауапты болады.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын объектілер бойынша инжинирингтік қызметтерді тапсырысшы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурстық негізде сатып алады.

10. Құрылыс саласындағы инжинирингтік компанияжобалау алдындағы сатыны және жобалау сатысын қоса алғанда, егер шартты өзгеше көзделмесе, объектіні немесе бірнеше объектіні салудың және пайдалануға берудің барлық инвестициялық кезеңінде жұмысқа тартылады.

11. Егер тапсырысшы құрылыс саласындағы инжинирингтік компанияны шарт бойынша жұмысқа тартса, оның ұйымдастыру құрылымын тапсырысшы келісу қажет.

12. Мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық жобаларды іске асырған кезде тапсырысшы қызметінің, жобаны басқару және техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыруға арналған шығыстар, сондай-ақ олардың жұмысшыларының шекті саны осы Қағидаларда белгіленген мөлшерден аспауға тиіс.

Бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара қаржыландырылатын объектілерді салған кезде жобаны басқару және техникалық қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға арналған нормативтік сан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

Егер тапсырысшының объектілерінде бірнеше әртүрлі қаржыландыру көздері болса, сметалық шығыстарды әрбір инвестордың қаржыландыру көлеміне сәйкес қаражатты үйлесімді жұмсауды сақтай отырып, әрбір инвестор бекітеді (келіседі).

13. Тапсырысшы мынадай функцияларды басқа тұлғаларға бере алмайды.

1) объектінің құрылысын бастау, тоқтатып қою, консервациялау, тоқтату туралы шешім қабылдау;

2) жобалауға арналған тапсырманы бекіту;

3) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекіту;

4) жұмыс және қабылдау комиссияларын тағайындау;

5) мемлекеттік қабылдау комиссиясын тағайындау.

2. Инвестициялық жобаларды әзірлеген және іске асырған кезде тапсырысшының негізгі функциялары
2.1. Инвестициялық қызметті жоспарлау

14. Тапсырысшы инвестициялық қызметті жоспарлаған кезде:

мемлекеттік бағдарламаларға, объект құрылысының бизнес және мастер-жоспарларына қосу жөніндегі инвестициялық ұсыныстар;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін, техникалық-экономикалық есептерді дайындайды.

Қажет болған жағдайда тапсырысшы құрылыс саласындағы инжинирингтік компанияны таңдайды. Мемлекеттік тапсырысшы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес инжинирингтік компанияны таңдайды.
2.2. Жерге құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу

15. Тапсырысшы жерге құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуде:

1) жер заңнамасына сәйкес жер учаскесінің орналасуы бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана), ауданның (облыстық маңызы бар қала), жергілікті атқарушы органдарына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне, ал жер заңнамасына сәйкес құрылысты жүзеге асыру үшін жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішті, арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне арнайы экономикалық аймақ аумағына дайындайды және жібереді.

Объектілердің құрылысы үшін жер учаскесін беру елді мекендердің бас жоспарлары (немесе халқының саны бес мыңға дейін елді мекендерді дамыту және салу схемасын алмастыратын), сондай-ақ қонысаралық аумақтар үшін аудандық жоспарлаудың жобасы негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және (немесе) құрылыс салу жобасы бар болған жағдайда мүмкін болады.

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін сатып алу 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылысқа жер учаскелерін беру туралы аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап құрылыстың басталуына дейін белгіленген тәртіпте жобаны бекітудің және жобалаудың нормативтік ұзақтығын ескере отырып, жер заңнамасына сәйкес белгіленеді және рұқсат беру құжатында көрсетіледі.

Мұнай-газ көлігі инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы үшін жер учаскелерін беру жағдайында, жер учаскесін таңдау актісі және жерге орналастыру жобасы мұнай-газ көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкілетті органмен келісіледі;

2) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына сәйкес жер учаскесінің кадастр жоспарын міндетті түрде қоса бере отырып, жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді.


2.3. Жобалау құжаттамасымен қамтамасыз ету және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарлама

16. Құрылыс үшін жерге тиісті құқықты растайтын құжат бар болған жағдайда, тапсырысшы:

1) жобалау құжаттамасын әзірлеу бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес салынатын объектінің жобалауға арналған тапсырмасын жасайды.

Жобалауға арналған тапсырма жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындау шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Объектіні жобалауға арналған техникалық тапсырманы жасау үшін тапсырысшымен тиісті мамандар тартылады.

Тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалауға арналған тапсырма жобалау жұмыстары басталғанға дейін түзетілуі және нақтылануы мүмкін. Жобалауға арналған тапсырма оны тапсырысшы бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болып табылады.

2) белгіленген тәртіпте іздестіру, жобалау жұмыстарын, қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау үшін жобалау ұйымын таңдауды жүзеге асырады және бас жобалаушымен мердігерлік шарт жасасады;

3) жобалауға арналған тапсырмамен бірге:

аумақтың инженерлік дайындығы жағдайын, көркейту мен көгалдандыруды қоса алғанда, жергілікті сәулет және қала құрылысы органымен берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасын;

инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттар;

егер, шартпен инженерлік іздестірулерді орындау қарастырылмаса, инженерлік-геологиялық іздестірулер туралы есепті;

жобалау алдындағы құжаттама бар болған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшін қажетті бастапқы материалдарды жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) береді;

4) су заңнамасына сәйкес судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды, өзге де құрылыстарды салу жөнiндегi жобалық құжаттама мынадай мемлекеттiк органдармен келiсiлуi тиiс:

су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдарымен;

жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен - жер қойнауының, соның ішiнде жер асты суларының жай-күйiне әсерi саласында;

жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен;

ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен - малды, жануар тектес өнiмдер мен шикiзат дайындау (сою) әрi қайта өңдеумен байланысты кәсiпорындар мен құрылыстар жөнiнде;

төтенше жағдайлар жөніндегi уәкілетті органмен - ықтимал сел қаупi бар су oбъектiлерi жөнiнде;

су көлiгi жөнiндегi уәкiлеттi органмен - кеме жүретiн су объектiлерi жөнiнде;

балық қорлары мен басқа да су жануарлары түрлерiн қорғау, олардың өсiмiн молайту әрi пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен - балық шаруашылығын балық ресурстарын аулауды жүргiзуге арналған кәсіпорындар мен құрылыстар жөнiнде;

энергиямен жабдықтау саласындағы уәкiлеттi органмен - су объектiлерi арқылы коммуникациялар салу жобалары жөнiнде;

5) тапсырысшы немесе оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы сараптамаға жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсынады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына өнеркәсіп қауіпсіздігі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сараптама жүргізілуге тиіс.

Сараптаманың оң қорытындысы:

құрылысқа жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекітуге;

конкурстық (тендерлік) құжаттаманы бекітуге негіз болып табылады;

Бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы құрамында бекітілген құрылыстың бар нормативтік ұзақтығы мерзімінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастау туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға хабарлама жасауға негіз болып табылады;

6) заңнамада белгіленген жағдайда, негізгі бекітілетін техникалық-экономикалық көрсеткіштерді көрсете отырып, қажетті келісулер мен сараптамаларды алғаннан кейін жобалау құжаттамасын бекітеді;

8) бас жобалаушыдан саны төрт данадан кем емес қағаздағы және бір данада электрондық жеткізгіштегі жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдауды, сақтауды және мердігерге беруді жүзеге асырады;

9) құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіле басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын сараптаманы өткізу міндетті болған жағдайда оның оң қорытындысының және жер учаскесін таңдау актісінің көшірмелерін қоса бере отырып, «Әкімшілік ресімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға хабарлама жібереді.
2.4. Құрылысты ұйымдастыру және құрылыс алаңын игеру

17. Тапсырысшы құрылысты ұйымдастыру және құрылыс алаңын дайындау барысында:

1) мердігерлік жұмысты орындау үшін мердігерді таңдауды жүзеге асырады;

Мемлекеттік тапсырысшы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мердігерді таңдайды;

2) мемлекеттік сатып алуға жатпайтын жұмыстарды жүзеге асыру үшін мердігермен келіссөз жүргізеді, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) ережелерін негізге ала отырып, құрылыстың мердігерлік шартының талаптарын әзірлейді және мердігермен келіседі және шарт жасайды.

Шарттағы жұмыстарды орындау мерзімдері сараптамадан өткен және шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының күнтізбелік кестесімен белгіленуге тиіс. Бұл ретте, жұмыстарды орындаудың бастапқы және соңғы мерзімдері, сондай-ақ жұмыстардың басқа кезеңдерінің аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдері) көрсетіледі. Құрылысты ұйымдастыру жобасында (ҚҰЖ) әзірленетін негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшасында келтірілген;

3) егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігерге әзірленген және бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ инженерлік іздестіру материалдарын және құрылысқа қажетті құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен регламенттелген басқа да құжаттарды береді.

Бұл кезде, мердігер өз күшімен немесе мамандандырылған ұйымды тарта отырып, жұмыстарды жүргізу жобасын әзірлейді. Жұмыс жүргізу жобасында (ЖӨЖ) әзірленетін негізгі құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген;

4) белгіленген тәртіпте мердігердің келісімі бойынша өзінің функцияларының бір бөлігін мердігерге береді;

5) құрылысты авторлық және техникалық қадағалаумен сүйемелдей отырып жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

6) құрылыстың мердігерлік шарттарын жасау және орындау барысында туындайтын құрылысқа қатысушылардың келіспеушіліктерін реттейді;

7) қажет болған жағдайда іске қосу жұмыстарына, жобалаушының, мердігердің қатысуымен жабдыққа кешенді байқау жүргізуге (жұмыс режимінде жүктемей), қажет болған жағдайда жабдықты жасап шығаратын зауыттармен шарт жасайды;

8) белгіленген тәртіпте жұмыстар басталғанға дейін жер учаскесінің шекараларын белгілеу туралы құжатты жер органдарынан алуды қамтамасыз етеді;

9) объектіні салу үшін геодезиялық бөлу негізі құрылады. Геодезиялық бөлу негізінің құрамында тапсырысшы мердігерге:

құрылыс торын, қызыл сызықтар, ғимараттың (құрылыстың) габаритін анықтайтын бас бөлу осін, биік қадабелгіні;

инженерлік коммуникациялардың бас остерін, автожолдарды, электрмен жабдықтау желілерін, байланысты, су құбыры трассасын, кәрізді, жылу беруді, газдандыруды;

құрылыс үшін геодезиялық бөлу негізін қабылдаудың ресімделген актісін тапсырады;

10) мыналар бойынша тиісті ұйымдардан:

құрылыс алаңында орналасқан жер асты коммуникацияларының (кабель, газ құбыры, кәріз және басқа) өту орындарындағы темір жолдың бөлінген алабындағы электр берудің әуе желілері және байланыс желілері аймағындағы жұмыс жүргізуге;

егер тапсырысшының құрылысы үшін жеке газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, бумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау объектілері болмаса, құрылысты ұйымдастыру жобасына сәйкес құрылыс кезінде қалалардағы және басқа елді мекендердегі бұрыннан бар көздерден электр энергиясын, газды, суды, буды уақытша пайдалануға;

ормандарды кесу және ағаштарды отырғызуға рұқсат алу қажет;

11) құрылыстың мердігерлік шартында көзделген жағдайларда және тәртіпте бас мердігерге жұмыстарды жүзеге асыруға қажетті ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға береді;

12) жерге тиісті құқықты растайтын құжаттарды және тиісті пайдалану органдарынан алынған рұқсатты мердігерге белгіленген тәртіпте онымен келісілген мерзімде береді;

13) заңнамада белгіленген тәртіпте жерге орналастыру, жер, құрылыс, жер өңдеу, шаруашылық және басқа да назар аударарлық орындар аумағында, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарында жүргізілетін жұмыстарды келісуді қамтамасыз етеді;

14) жергілікті атқарушы органдармен қатынастарды және құрылысты бастау, тоқтатып қою, тоқтату және объектіні консервациялау туралы шешімдерді инвестордың келісімі бойынша қабылдауды қоса алғанда, құрылысты жалпы жүргізуді жүзеге асыру;

15) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның (ұйымның) және тұрғын шағын ауданның аумағындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауды бастамас бұрын тапсырысшы, бас мердігер қосалқы мердігердің және осы объектілерді пайдаланып жатқан ұйымдар өкілдерінің қатысумен:

құрылысты және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру жобалары;

объектіде белгіленген тәртіпте аттестатталған құрылыс зертханасы болған жағдайда белгіленген нысан бойынша рұқсат беру актісін ресімдейді;

16) салынып жатқан объектіге барады, қажетті атқарушы техникалық құжаттамалармен танысады;

17) авторлық және техникалық қадағалауды ұйымдастыру арқылы орындалған жұмыс түрлерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайды, олар белгіленген мемлекеттік нормативтердің талаптарына, жобалау-сметалық құжаттамаға жауап беруге, сондай-ақ шартың талаптарына сәйкес келуге тиіс;

18) жұмыстарды жүргізген кезде олар жобалау-сметалық құжаттамадан және нормативтік талаптардан, сондай-ақ жасалған құрылыстың мердігерлік шартынан ауытқитын болса, жұмыс жүргізуді тоқтатады;

19) мердігерден құрылыстың мердігерлік шартының талаптарын орындауды және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген кезде жол берілген кемшіліктер мен ауытқуларды ақысыз жоюды талап етеді.

18. Мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау органының немесе мемлекеттік құрылыс инспекторының сұрауы бойынша тапсырысшы (меншік иесі) және мердігер (бас мердігер) объекті бойынша сұрау салынған жобалау және атқарушы құжаттаманы, сондай-ақ жоба бойынша сараптаманың қорытындысын ұсынады.
2.5. Қаржыландыру, есеп беру және есептілік

19. Тапсырысшы қаржыландыру, есеп беру және есептілік саласында:

1) заңнамалық актілерде немесе мердігерлік шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіпте сметада көзделген көлемде орындалған жұмыстарға ақы төлеуді және оларды қабылдауды, сондай-ақ жабдықтарды, материалдарды, бұйымдарды жеткізу тапсырысшыға жүктелсе, оларға ақы төлеуді қамтамасыз етеді;

2) орындалған жұмыстар көлемін, баға негізділігін, сондай-ақ мердігер ұйыммен, өнім берушілермен және басқа ұйымдармен жеткізілген өнімге және басқа өндірілген шығындар бойынша олармен орындалған жұмыстарға (қызметтерді) жүргізілген төлемді тексереді.

Мердігердің, техникалық және авторлық қадағалаудың тиісті ұсыныстарының негізінде орындалған жұмыстар құнының өсуі немесе кемуі туралы шешімді қабылдайды.

Бюджеттік комиссияның оң қорытындысы болмаса, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын түзетуге байланысты құрылыстың сметалық құнын артыруға болмайды;

3) мемлекеттік күрделі салымдарға бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді және мақсатты пайдалану үшін бақылауды жүзеге асырады, күрделі салымдардың технологиялық құрылымына сәйкес қаражатты жұмсау есебі мен бақылауын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

4) бухгалтерлік есепті жүргізеді және ұйымдастырады, сондай-ақ белгіленген тәртіпте орындалған осы Қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес құрылыс жұмыстарының көлемін қабылдау актісіне, орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау актісіне және орындалған құрылыс жұмыстары және шығындар құны туралы анықтамаға қол қояды.

Мемлекеттік емес инвестициялар есебінен объектінің құрылысын жүзеге асыру кезінде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін ай сайынғы есептер тапсырысшы мен мердігер арасында келісілген нысандар бойынша жүргізілуі мүмкін (ұсынылып отырған нысандар осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген.
2.6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

20. Тапсырысшы:

1) құрылыстың мердігерлік шартына сәйкес тапсырысшыға қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алу жүктелген болса, құрылыс объектілерін жабдықтармен және материалдармен жабдықтауды, оларды қабылдауды;

2) егер материалдарды жеткізу мердігерлік шартта көзделсе, оларды объектілердің маңындағы қоймаларға жеткізуді жүзеге асырады.

Жабдықтармен бірге түскен пайдалану құжаттамасының толықтығы мен жиынтығын стандарттар талаптарына сәйкес тексереді;

3) кестеге сәйкес монтаждауға жататын жабдыққа монтаждау алдында тексеру жүргізуді және өз уақытында мердігерге жабдықты беруді;

4) белгіленген нормаларға сәйкес оған берілген материалдарды мердігердің пайдалануын бақылайды, сондай-ақ орындалған жұмыстарды қабылдағаннан-тапсырғанан кейін материалдарды жұмсау, олардың қалдықтарын қайтару немесе мердігерде пайдаланылмай қалған материалдардың құнын есепке ала отырып, жұмыстың құнын азайту туралы есеп беруді талап етеді.
2.7. Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау

21. Тапсырысшы мердігерден объектіні салу бойынша жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама және атқарушы құжаттаманың жиынтығын алғаннан кейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қабылдау рәсіміне кіріседі:

1) салынған объектінің дайындығын кешенді тексеруге кіріседі;

2) мүдделі ұйымдардың келісімі бойынша жұмыс, мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясын құрады және оның құрамын бұйрықпен бекітеді;

3) жұмыс, мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының мүшелеріне қабылдау мерзімдері (күні) туралы хабарлайды және олардың жұмысын қамтамасыз етеді, жұмыс, мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясына қажетті материалдарды ұсынады;

4) жабдыққа кешенді сынақ ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

5) «Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша техникалық паспорт ала отырып, қайта құрылған жылжымайтын мүлікке бастапқы техникалық зерттеу жүргізуге тапсырыс береді;

6) уақытында объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады;

7) қайта қабылдауды қоса алғанда, мемлекеттік қабылдау, қабылдау немесе жұмыс комиссиясының жұмысы барысында жүргізілген шығындарын өтейді;

8) салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясының қол қойылған актісін белгіленген тәртіпте алады;

Акт негізінде дайын құрылыс өніміне мүліктік құқықты тіркеуді қамтамасыз етеді;

9) сынақтан өткізу және қабылдау кезінде объектіні қабылдау режимін анықтайды;

10) мердігерден консервациялауға жататын объектілерді акт бойынша қабылдайды және орындалған жұмыстардың нәтижелерін сақтау шараларын жүзеге асырады;

11) мердігермен және пайдаланушы ұйыммен бірге пайдаланудың кепілдік мерзімі ішінде объектіні тексеруге қатысады.

22. Тапсырысшы (инвестор) жұмыс, мемлекеттік қабылдау немесе қабылдау комиссиясынан объекті (кешен) пайдалануға жарамайды деген немесе құрылыс-монтаж жұмыстары сапасыз орындалғаны туралы қорытындылар алған кезде ол бұзушылық жіберген құрылысқа қатысушыларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органға өтініш жасайды, шарттық міндеттемелерді тиісті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды, сондай-ақ:

мердігердің кінәсінен құрылыстың мердігерлік шартын өзгертуге немесе бұзуға алып келген шығындарды өтеуді талап етуге;

объектіні консервациялау туралы шешім қабылдауға;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа іс-қимылдар мен іс-шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.



3. Тапсырысшымен (инвестормен) құрылыс саласындағы инжинирингтік компанияның өзара іс-қимылы
23. Құрылыс саласындағы инжинирингтік компания осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген функцияларды қоспағанда, тапсырысшының шартта жазылған функцияларын орындайды.

24. Құрылыс саласындағы инжинирингтік компанияның толық қызметтер кешені инвестициялық жобаны жүзеге асырудың мынадай сатыларынан тұрады:

1) жоба идеясын әзірлеу;

2) инвестиция алдындағы зерттеулер;

3) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыру;

4) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы сараптамадан өткізуді ұйымдастыру;

5) объектіде жекелеген құрылыс және бақылау функцияларын атқару;

6) қаржылық бақылау және құрылысты техникалық қадағалау;

7) объектіні пайдалануға беру;

8) жабдықтарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шешімдерді әзірлеу;

9) персоналды дайындау, сервистік және жөндеу қызметтерін көрсету.

25. Құрылыс саласындағы инжинирингтік компанияның тиісті аттестаты болған жағдайда техникалық қадағалауды өз бетімен жүргізуге және (немесе) осы жұмысқа тиісті аттестаты бар сарапшыларды тартуға құқығы бар.

26. Құрылыс саласындағы инжинирингтік компания сондай-ақ тапсырысшының (инвестордың) келісімі бойынша:

1) объектінің құрылысы үшін бөлінген тапсырысшының немесе инвестордың ақшалай қаражатты және материалдық құралдарды иеленеді және оларды мақсатты әрі уақытында пайдалану үшін заңда немесе шартта қарастырылған жауапкершілікті алады;

2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға, авторлық және техникалық қадағалау жүргізуге арналған мердігерлік шарт жасайды және оны бұзады;

3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде:

тапсырысшының мүдделерін танытады және қорғайды;

қабылданған жобалау шешімдерінің тиімділігін тексереді;

тапсырысшыға жобаланып отырған учаскенің техникалық сипаттамаларын жақсарту бойынша ұсыныс береді;

жобаның техникалық сипаттамаларын жақсарту үшін жаңа құрылыс материалдарын қолдану бойынша ұсынымдар және техникалық шешімдер береді;

4) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген кезде:

мердігер ұйым ұсынған барлық құжаттарды талдайды және негізділігін тексереді;

құрылыс жұмыстарына төленген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылайды;

техникалық шешімдерге өзгерістер енгізу қажеттілігі мен орындылығы туралы шешім қабылдайды;

5) шарттың талаптарында көрсетілген өзге де мәселелерді шешеді;

27. Тапсырысшы (инвестор) құрылыс саласындағы инжинирингтік компанияның қызметіне аудиторлық тексеру жүргізе алады.



4. Жобаны басқару және техникалық қадағалау жөніндегі

функцияларды жүзеге асыруға қаражат (шығыстар лимиті)
28. Инжинирингтік компания мен сарапшылар қолданыстағы нормативтерге сәйкес объектінің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебінен қаржыландырылады.

29. Жобаны басқару және техникалық қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға арналған қаражат (шығыстар лимиті) осы Қағидаларға 1-қосымшанда белгіленген бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара қаржыландырылатын күрделі құрылыс объектілерін салған кезде жобаны басқару және техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыруға арналған шығыстар лимиттеріне және сан нормативтеріне сәйкес есептеледі.

_______________________




Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Тапсырысшының (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына

1-қосымша




Бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара қаржыландырылатын күрделі құрылыс объектілерін салу кезінде жобаны басқару және техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыруға арналған шығыстар лимиті және сан нормативтері


Бір жылғы 2001 жылғы базалық деңгейдегі бағамен алынған құрылыстың құны

(млн. теңге)




Жобаны басқару және техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыруға нормативтік шығыстар

(%)



Жобаны басқару және техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыратын жұмысшылар санының нормативі

(адам)



250 дейін

1,93

3

250-ден 350 дейін

1,81

4

350-ден 450 дейін

1,72

5

450-ден 625 дейін

1,61

6

625-тен 750 дейін

1,56

7

750-ден 1000 дейін

1,47

8 - 9

1000-нан 1500 дейін

1,36

10 - 12

1500-ден 2000 дейін

1,28

12 - 14

2000-нан 2500 дейін

1,23

14 - 16

2500-ден 3000 дейін

1,18

16 - 18

3000-нан 3750 дейін

1,13

18 - 21

3750-ден 4500 дейін

1,09

21 - 24

ЕСКЕРТУ


1. 2001 жылғы базалық деңгейдегі бағамен алынған құрылыстың құны жылына 4500 млн. теңгеден астам болса:

1) өсу қалдығына нормативтің 0,05 % қолданылады;

2) техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыратын тапсырысшының жұмыскерлер саны көрсетілген сомасы үстінен әр 500 млн. теңгеге 1 адамнан өсіп отырады.

2. Бір жылғы құрылыс құны құрылысты ұйымдастыру жобасына сәйкес құрылыстың нормативті ұзақтығына байланысты анықталады.

3. Техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін шығыстар нормативі жалпы шығыс лимитінің 70 % құрайды.







Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Тапсырысшының (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына

2-қосымша




Құрылысты ұйымдастыру жобасында әзірленетін

негізгі құжаттар тізбесі

1. Күрделі салымдарды және құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемдерін бөлу, негізгі және қосымша ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс мерзімдері мен кезектілігі анықталатын құрылыстың күнтізбелік жоспары.

2. Тұрақты және уақытша ғимараттар мен құрылыстардың, жолдардың, инженерлік желілердің орналасқан жері, электр энергиясы, су, жылу, бу көздерін көрсете отырып, қолданыстағы желілерге уақытша желілердің қосылу орны, сондай-ақ қойма алаңдарын, негізгі монтаждық крандарды және басқа механикаландырылған қондырғыларды, тарату желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды бөлу белгілерін орналастыру көрсетілген құрылыстың бас жоспары.

Ұйымдастыру-техникалық шешімдері құрылыс алаңымен жанасатын аумақты қамтитын болса, онда материалдық-техникалық база кәсіпорны, кен, тұрғын ауылдар, сыртқы жолдар (олардың ұзындығын және өткізу қабілеттілігін көрсете отырып), темір жолдар, жанасу станциялары, теңіз, өзен айлақтары, байланыс желісі, электр желісі, ағашты кесу және т.б. көрсетілген құрылыстың бас жоспарынан басқа, ахуалдық жоспар әзірленеді.

3. Ғимараттар мен құрылыстарды салудың оңтайлы жүйелілігін анықтайтын ұйымдастыру-технологиялық схемалар.

4. Негізгі құрылыс-монтаж және арнайы жұмыстар көлемдерінің ведомості.

5. Құрылыс конструкцияларына, бұйымдарына, материалдарына және жабдықтарына қажеттілік ведомості.

6. Негізгі құрылыс машиналарына және көлік құралдарына қажеттілік кестесі.

7. Құрылыс кадрларына қажеттілік кестесі.

8. Түсіндірме жазба, онда құрылыс жағдайларының сипаттамасымен қатар, жұмыстар жүргізу және біріктіру әдістері, оның ішінде қысқы жағдайдағы маусымдық сипатта орындалатын вахталық әдіспен орындалатын жұмыс қамтылады. Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар қарастырылады.

Негізгі құрылыс машиналарының және механизмдерінің, көлік құралдарының, электр энергиясының, будың, судың, оттектің, қысылған ауаның қажеттілігіне негіздеме жасалады. Олардың өндірістік қуатына сипаттамасы бар негізгі құрылысты ұйымдастырудың өндірістік тізбесі.

Кадрлардың, тұрғын үйлердің, әлеуметтік мәдени қызмет көрсетудің, құрылыстың ұзақтығының және т.б. қажеттілігін негіздейді.

Құрылысты ұйымдастыру жобасында мынадай техникалық-экономикалық көрсеткіштер қолданылады:

оның ішінде жабдықты монтаждау кезінде және дайындау кезінде құрылыстың жалпы ұзақтығы (айда),

жұмыскерлердің жоғарғы саны;

құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін еңбек шығыны (адам/күн).

Құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамы және мазмұны құрылысты ұйымдастыру жобасының жасалуы бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жоспарлау және конструктивтік шешімдер көлеміне байланысты құрылыс объектісінің күрделілігін есепке ала отырып толықтырылады.

________________________






Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Тапсырысшының (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына

3-қосымша




Жұмыс жүргізу жобасында (ЖӨЖ) әзірленетін негізгі құжаттар тізбесі
1. Жұмыс орындарын ұйымдастырудың технологиялық карталары бар Жұмыстың жеке түрлерін орындауға арналған технологиялық карталар.

2. Геодезиялық құрылыстарды және өлшеулерді орындау үшін орналастыру белгілерінің сызбасын, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауды бақылаудың қажетті нақты және техникалық құралдары туралы нұсқауларды қоса алғанда, геодезиялық жұмыстарды жүргізу бойынша шешімдер.

3. Қауіпсіздік техникасы бойынша шешімдер.

4. Бригадалық мердігердің ағымды өтпелі әдісімен жұмыстарды орындау бойынша шаралар.

5.. Вахталық әдіс бойынша жұмыс жүргізу қажет болған жағдайда жұмыстарды орындау бойынша шаралар.

6. Уақытша инженерлік-коммуникациялық желілерді төсеу бойынша, оның ішінде авариялық жарықтандыру бойынша шешімдер.

7. Технологиялық мүліктің және монтаждық жабдықтың, сондай-ақ жүкті асып қою сызбасының тізбесі.

8. Жұмыс өндірісі бойынша, соның ішінде қысқы уақытта орындалатын негізделген шешімдерімен қатар, барлық уақытша, мобильдік мүлік ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың тізбесі, материалдар мен конструкциялардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар, энергетика ресурстарындағы және оның жабыны бойынша шешімдердегі қажеттіліктер келтірілген түсіндірме жазба.

Сондай-ақ қолданыстағы және салынып жатқан объектілерді бүлінуден қорғау бойынша шаралар жүргізіледі (көктемгі су тасқынын өткізу, қысқы мерзімде орындалатын жеке жұмыстар түрлеріндегі оң температура кезінде болатын біркелкі емес ерулер).

9. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаудың ұзақтылығы мен көлемін, сондай-ақ сметамен салыстырғанда олардың өзіндік құны, еңбектің өнімділігі үшін қабылданған механикалық деңгейі және нақты жұмыстар көлемінің немесе басқа көрсеткіштер бірлігі үшін ғимараттардың 1 м3 алаңының еңбек шығынын қоса алғанда техниклық-экономикалық көрсеткіштер.

_____________________





Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Тапсырысшының (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына

4-қосымша




Нысан'>Нысан

Тапсырысшы :

Мердігер:

Құрылыстың атауы және мекенжайы:



Құрылыс жұмыстарының орындалған көлемін қабылдау

АКТІСІ

20__жылғы ____________


________ жұмыстарына


№ р/с

Негіздеме

Жұмыстың атауы

Өлшем бірлігі

Орын-далған жұмыстың саны

Орындалған жұмыстың бірлігіне бағалар, мың теңге

Барлығы

жалақы, мың теңге



Ескертпе



































































































Мердігер: _______________ Тапсырысшы: _______________
Техникалық қадағалау сарапшы(сы)(лары):

_______________






Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Тапсырысшының (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына

5-қосымша




Нысан
Тапсырысшы :

Мердігер:

Құрылыстың атауы және мекенжайы:
Орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау

АКТІСІ

20__жылғы ____________


________ жұмыстарына
2001 жылғы бағада

р/с


Норма-

тив пози-циясы-ның шифры және №



Жұмыс-

тың атауы және шығын-дар, өлшем бірлігі



Саны

Бірліктің құны, мың теңге

Жалпы құны,

мың теңге



Үстеме шығыс-тар, мың теңге -------- %

Еңбек шығындары, адам-сағат, құрылыстағы жұмысшылар

Барлы-

ғы


Маши-

наны пайда-

лану


Барлы-

ғы


Маши-

наны пайда-

лану


Құрылыстағы жұмыс

шылар


дың жалақы

сы


оның ішінде маши

нистер жала

қысы


Құрылыстағы жұмыс

шылар


дың жалақы

сы


оның ішінде маши

нистер жалақы

сы


Машиналарға қызмет көрсететін жұмысшылар

Бірлікке

Бар-лығы

































1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

































Барлық туралы шығындар

оның ішінде:

- материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың құны

- жабдықтардың құны

- өзге де шығындар

Үстеме шығыстар:

- жалақы


- еңбектің жұмсалуы

Жиыны:


Сметалық еңбек ақысы

Нормативтік еңбектің жұмсалуы


Жиыны, ағымдағы бағаларда:

Салықтар, алымдар, міндетті төлемдер

Жиыны:

ҚҚС:


Барлығы:
Тапсырысшы : Мердігер:




Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Тапсырысшының (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына

6-қосымша





Нысан


Тапсырысшы :



















Мердігер:
















Құрылыстың атауы және мекенжайы:

























Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындары туралы

АНЫҚТАМА

20__жылғы ____________
















Код

Код

Шарт

Қаржыландыру көзі

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны













Тапсырысшы

мердігер

Нөмірі

күні

атауы

коды

атауы

коды




Іске қосу кешендерінің, объектілердің атауы

Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындар, мың теңге

Қосылған құнға салынатын салық (1-баған бойынша)

Төлемге барлығы

ҚҚС қоса алғанда жылдың басынан бастап есепті айға дейін

ҚҚС-сыз есепті айда
(____ үшін)



1-бағаннан

2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының құны

соның ішінде

2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі ҚМЖ құрамына кірмейтін өзге де шығындардың құны

қосымша шығындар

есепті айда

жабдықты монтаждау бойынша

материал-дар сатып алуға

өзге де қосымша шығындар

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





































М.О.

Тапсырысшы

__________________________

(лауазымы, аты-жөні, қолы)



20___ жыл










М.О

Мердігер

__________________________

(лауазымы, аты-жөні, қолы)



20___ жыл










Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Тапсырысшының (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына

7-қосымша




Нысан
Тапсырысшы:

Мердігер:

Құрылыстың атауы және мекенжайы:
_______20__жылы орындалған құрылыс жұмыстарын қабылдау

АКТІСІ


р/с


Жұмыс түрінің атауы, техникалық сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Шарт бойынша

Құрылыс басталған кезде

Есепті кезең ішінде

Қалдық

Саны

1 бірліктің құны, теңге

Жалпы құны, теңге

%

саны

Жалпы құны, теңге

%

саны

Жалпы құны, теңге

%

саны

Жалпы құны, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15












































































































































Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет