Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



бет1/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті

“Гуманитарлық білім” факультеті


“Педагогика және психология” кафедрасы

“Психологиялық – педагогикалық жеке адам диагностикасы” пәні бойынша

050103 “Педагогика және психология» мамандығының студенттерінің білімін бақылауға арналған

тапсырмалар мәтіні.

Лектор: доцент Ташкенбаева С.М.

Жетісай 2008 ж.

Алғы сөз
050103 “ Педагогика және психология “ мамандығының 2 – курс студенттеріне 3 - семестрде Психологиялық – педагогикалық жеке адам диагностикасы” пәнінен типтік оқу жоспарына сәйкес 4– кредит (180 сағат) берілген. Оның 30 – сағаты лекция, 15—сағаты практикалық сабақ, 15 сағаты лабораториялық сабақ, 60 – сағаты ОБСӨЖ, 60– сағаты СӨЖ – ге бөлінген.
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ ) ұйымдастыру маңызды орын алады.

Оқытушылардың СӨЖ ұйымдастырудағы негізгі функциялары:

- студенттерге бағыт- бағдар беру;



  • студенттерге консультациялық көмек, кеңес беру;

  • студенттердің білімін бақылау, бағалау.


Студенттердің өзіндік жұмыстағы негізгі міндеттері:

  • сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау;

  • оқытушының кеңесін негізге алып, өз бетінше дайындалу, өздеріне қатаң талап қоя білу;

  • күрделі, проблемалық ситуацияларды, күрделі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс.


Студенттердің өзіндік жұмыстарын өткізуде келесі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс:

  • СӨЖ-ді нақты жоспарлау;

  • әдістемелік қамтамасыз ету;

  • СӨЖ тапсырмаларының күнтізбелік – тақырыптық жоспарға сәйкес орындалуын студенттен талап ету.

Оқытушының басшылығымен өтетін өзіндік (ОБСӨЖ) жұмысының көлемі типтік оқу жоспарына, пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес анықталып, уақыты, аудиториясы көрсетіліп, оқу кестесіне енгізілген.


СӨЖ бақылау түрлерін, тәсілдерін таңдауда оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін, бөлінген сағат көлемімен, студенттердің дайындық сатысы ескерілген.



Бірінші аралық бақылау.




Тақырыбы

Балл

Бақылау түрі

1

Психодиагностикаға кіріспе.







2

Диагностиканы ұйымдастыру және оның әдістері.

1,5 балл

Үй тап. бойын. түсін.сұрау.

3

Психодиагностиканың психолог жұмысындағы ролі.







4

Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау. (1- сыныпқа қабылданғандарды зерттеу). Йирасек – Керн тесті.

1,5 балл

Тест тапсырмалар

5

Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негіздері.







6

Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сұраулық (ММРІ). Мини – Мульт сұраулық (опросник).

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

7

Психодиагностиканың әдістемелік негіздері.







8

Жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған сауалнама. (Л.Н. Собчик)

0,75 балл

Практикалық тапсырмалар

9

Психодиагностиканың пайда болу тарихы.







10

Филипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау» тесті.

1,5 балл

Тест тапсырмалар

11

Психодиагностиканың экспериментальдық психологияның қойнауында қалыптасуы.







12

Қақтығыс жағдайдан шығып кете аласыз ба?

К. Томас сауалнамасы.



1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

13

Ресейдегі революцияға дейінгі психодиагностика.







14

Т. Лиридің тұлғааралық қатынастарды диагностикалау әдістемесі.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

15

Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.







16

Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба? тесті.

1,5 балл

Тест тапсырмалар

17

Психодиагностикалық құралдардың топтастырылуы.







18

Басшы болуға икемділікті бағалау тесті.

1,5 балл

Тест тапсырмалар

19

Психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптар.







20

«Отбасылық қарым – қатынастың аймағы»тесті. Авторы Э. Г. Эйдемиллер.

1,5 балл

Тест тапсырмалар

21

Тесттердің сәйкестілігі(валидтығы) мен сенімділігі.







22

Социометрия әдісі.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

23

Тесттердің бейімділігі мен құрылу технологиясы.







24

Қарым –қатынас мәдениетін зерттеуде және коррекциялауда ТРАНСТІЛІК ТАЛДАУ әдісінің орны.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

25

Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.







26

Есте сақтау процесін зерттеу әдістері.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

27

Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.







28

Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.

1,5 балл

Бақылау тапсырмалар




Барлығы:

20, 25 балл






1. Сабақтың тақырыбы:

Психодиагностикаға кіріспе.
Сабақтың жоспары:

Психологиялық- педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы .

Психодиагностикалық амалдың (процедура) өзіндік ерекшелігі .
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді курстың міндеттерімен және мазмұнымен таныстыру,»психодиагностика» жайлы жалпы ұғымды және түсінікті беру.


Теориялық мәліметтер:

Психодиагностика - кез-келген психологиялық - педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістері болжам жасауда көрініс тауып , тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен , ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жағдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің , біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге , үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет.

Психологиялық кеңеспен шұғылданушы маман клиентке қандай-да бір кеңес беруден б±рын, дұрыс диагноз қоя білуі тиіс, клиентті толғандыратын психологиялық мәселенің мәнін бағалауы шарт. Маман бұл жағдайда клиентпен болған жеке сұхбат пен оны бақылаудың нәтижелеріне сүйенеді.

Егерде психологиялық кеңес өзінің барысында психологтың кеңеспен ғана шектеліп қана қоймай, клиентке өз мәселесін шешуге көмектесе отырып, сонымен бірге өз жұмысының нәтижесін бақылай отырып, сол клиентпен нақты жұмыс атқарса, онда бұл жерде»кіру» және «шығу» психодиагностикасын жүзеге асырудың міндеті пайда болады яғни кеңес берудің бастапқы кезінде және клиентпен жүргізілген жұмыстың соңындағы істің мән - жайын ерекше айқындап алу міндеті пайда болады.

Кеңес беру процесіне қарағанда психодиагностика практикалық психологиялық түзету жұмысында өте нақты болып табылады. Мәселе мынада: бұл жағдайда қолға алынған психологиялық түзету шараларының тиімділігіне тек психолог немесе тәжірибе жүргізуші ғана емес, сонымен бірге клиенттің өзі де көз жеткізуі тиіс.

Клиентте, оның психологпен бірге жүргізген жұмысының нәтижесінде, оның өзінің психологиясы мен мінез - құлқында маңызды оң өзгерістер байқалғандығы жөнінде дәлелдер болуы қажет. Бұл клиенттің өз уақытының босқа кетпегендігіне сендіру үшін ғана емес, сонымен бірге әсер етудің психологиялық түзету тиімділігін күшейту үшін де қажет. Болатын істің сәттілігіне сену - бұл кез - келген терапиялық әсердің тиімділігінің маңызды факторы. Істің нақты жағдайының дәл психодиагностикасынан кез - келген психологиялық түзету сеансы басталып, сонымен аяқталуы тиіс.

Психодиагностика оның өзге де салаларында, мәселен медициналық психологияда, патопсихологияда инженерлік психологияда, еңбек психологиясында басқаша айтқанда адамның кез келген психологиялық қасиеттерінің даму дәрежесін дәл білуді қажет ететін барлық жерлерде қолданылады.


2. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары

(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).

Ғылыми және практикалық психодиагностиканың міндеттері туралы.

Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.
Психодиагностиканың кәсіптік – этикалық бағыттары(аспектілері).
Психодиагностиканың психолог жұмысындағы рөлі қандай.
Балалардың мектепке психологиялық дайындығының диагностикалық әдістері.
Әлеуметтік - этикалык талаптар .
Психодиагностиканың құпияны сақтау принципі.
Ғылыми тұрғыдан дәйектелмеген принципі.
Нұқсан келтірмеу принципі .
Тестілеу нәтижелерінен алынған қорытындылардың обьективтілігі принципі .
Ұсынылатын кепілдемелердің тиімділік принципі

3. Сабақтың тақырыбы:

Психодиагностиканың психолог жұмысындағы рөлі.
Сабақтың жоспары:

Ғылыми және практикалық психодиагностиканың міндеттері туралы.

Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар.

Психодиагностиканың кәсіптік – этикалық бағыттары(аспектілері).
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психодиагностиканың психолог жұмысындағы рөлімен, міндеттерімен, маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптармен, психодиагносттың кәсіптік этикалық бағыттарымен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Ғылыми және практикалық психодиагностика өзіне тән бірқатар міндеттерді шешеді. Оларға мыналар жатады:



  1. Адамда қандайда бір өзгеше психологиялық қасиеттердің болуын немесе оның мінез-кұлқының ерекшеліктерін белгілеу.

  2. Осы қасиеттердің даму дәрежесінің айқындалуы белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерде байқалады.

  3. Адамның диагностикаға жататын психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін қажет жағдайда сипаттау.

  4. Түрлі адамдардағы зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесін салыстыру.

Осы келтірілген төрт міндеттің бәрі практикалық психодиагностикада, өткізілетін тексерістердің мақсатына қарай әрбірі жеке немесе кешенді түрде шешіледі.

Сонымен психодиагностика психологтан арнайы дайындықты талап ететін, оның кәсіптік іс-әрекетінің ең қиын саласы болып табылады . Психодиагностиканы игеруі тиіс, барлық білімдердің , шеберліктер мен дағдылардың жиынтығы өте кең. Ал, білімдердің, шеберліктер мен дағдылардың күрделі болатыны сонша, психодиагностика кәсіби маман психологтың жұмысында жеке маманданған сала ретінде қарастырылады.

Психодиагносттың ғылыми білімдері, оның тарапынан қолданылатын психодиагностикалық әдістер арќау болатын психологиялық теориялармен жеке танысуды қажет етеді, және де осының позициясы т±рғысынан алынған нәтижелерді талдау жүзеге асырылады.

Маман психодиагностқа қойылатын негізгі талаптар: ол адамдарды өзіне тарта білуі, олардың сеніміне ие бола білуі және жауаптардың шынайы болуына қол жеткізе білуі тиіс. Арнайы теориялық білімдерсіз, практикалық психодиагностика жоғары дәрежеде жүзеге асырылмайды. Себебі, біріншіден психодиагностикалық тесттердің көпшілігі адам санасына бағытталған сұрақтар тізімін енгізген бланкілік әдістемелерді білдіреді. Сондықтан егер де, сынаудан өтіп жатқан адам психологиялық тұрғыдан ашық болмаса және де психологқа деген сенімі болмаса, ол қойылған тиісті жауаптарға жауап бермейді. Ал егер де одан өзге жағдайда мәселен, ол өзіне деген қатынастын салқынқанды екенін сезсе қойылған сұрақтарға жауап беруден тіптен бас тартуы мүмкін немесе тіптен тәжірибе жүргізушіні әуре сарсаңға салатындай жауаптар беруі мүмкін.

Келесі маңызды талап диагностикалық әдістемелер мен оларды дұрыс қолдану шарттарын тиянақты түрде білу. Негізгі талаптарға жауап беруге тиісті психодиагностиканың ғылыми негізделген әдістерінің ішінде сенімділікті, біржақтылықты және дәлдікті атауға болады. Сонымен қатар психодиагностикалық әдістемелерді таңдауда қойылатын бірқатар басқа да талаптар бар. Олар: Біріншіден – таңдап алынған әдістеме бәрінің ішіндегі ең қарапайымы, әрі қажетті нәтижелерді алуға мүмкіндік беретіндердің ішіндегі еңбек шығынын ең аз талап ететін болуы шарт. Екіншіден әдістемеге арналған нұсқаулар қарапайым қысқа әрі қосымша түсініктемелерсіз жеткілікті түрде ұғынықты болуы шарт. Үшіншіден, таңдап алынған әдістемелер тек психологка түсінікті болып қана қоймай, психодиагностиканың өткізілуіне психологиялық және дене күші аз жұмсалуын талап ететіндей, тәжірибеден өтіп жатқан адамдарға да түсінікті әрі белгілі болуы шарт. Төртіншіден, психодиагностиканы өткізу мен өзге де жағдайлар тәжірибеден өтушінін көңілін аударатын бөтен тітіркендірушілердің болмауын қамтамасыз етуі шарт.

4. Практикалық тапсырмалар.

Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау (1-сыныпқа қабылданғандарды зерттеу)

Йирасек-Керн тесті.

Мақсаты: баланың майда нәзік қимыл әрекеттерінің қалыптасқанын және үйлесімділігін анықтау.

Бұл әдістемені әр баламен жеке дара немесе топпен жүргізуге болады. Тест үш тапсырмадан тұрады: ойға сүйене отырып ер адамның суретін салып, дене бітімін бейнелеу; жазба әріптерін үлгіден көшіріп салу; нүктелер тобын көшіріп салу. Бұл тестің тиімді жағы — балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағадар беретіндігінде. Сонымен қатар, оқуға аса қажетті саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауын және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындығы анықталынады.



1-ші тапсырма. "Ер адамның суретін салу" әдістемесі.

Орындау ережесі: "Севдер күнделікті көптеген ер адамдарды көріп жүрсіндер. Солардың сырт пішінін еске түсіріңдерші. Енді ер адамның суретін салыңдар".

Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерді ойына түсіріп сол қиялын бейнелеу бойынша салады.



Бағалау шкаласы.

Суретте адамның басы, мойны, денесі, аяқ-қолы салынған, басы мен денесінің пропорциясы сақталған, шашы, бет мүшелері толық көрсстілген, үстіне ер адамның киімі кигізілген болса, фигура біртұтас болып салынса — 1 балл деп бағаланады.

Басы, бет мүшелері, денесі, аяқ қолы салынған, бірақ шашы, мойны, қолының бір саусағы жетіспесе 2 балл.

Басы, денесі, аяқ-қолы салынған, ал шашы, мойны, құлағы, киімі, саусақтары салынбаған болса — 3 балл.

Өте қарапайым, дене мен басты жобалаған сурет — 4 балл.

Денені анық көрсетпеген, бас пен қолдың белгісі бар суретке — 5 балл.


2-ші тапсырма. "Әріптерді көшіріп салу" өдістемесі.

Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратып беріледі. Оның бетінде алты өріптен тұратын сөз жазылған. Балаға тапсырманы орындау тәртібі түсіндіріледі: "Мына парақта өріптер жазылған, оны дәл осындай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды парақтың бетінен алма".



Бағалау шкаласы.

Көшіріп салынған әріптер үлгіге өте ұқсас, әріптердің үлкендігі үлгіден екі еседен аспайды, бірінші өріп басқалардан үлкенірек болып салынған (бас әріптің белгісі тәрізді) және олар горизонталды сызық бойымен жазылғанға жақын болып түссе бұл жұмысқа - 1 балл қойылады,

Үлгі анық көшірілген, өріптер размері және горизонталдық орналасуы нашар —- 2 балл.

Көшіру барысында сөзді үш-төртке бөліп жазған, төрт өріпке дейін түсінуге болады — 3 балл.

Үлгіге ең болмаса екі әріп ұқсаған, көшірме бір қатарға түсірілген деп айтуға болады - 4 балл.

Шимайлар — 5 балл.



3-ші тапсырма. "Бір топ нуктелерді көшіріп салу" әдістемесі.

Балаға бір топ нүктелер (саны 20 дан аспауы керек) геометриялық фигураның пішініне ұқсатып салынған парақ беріліп, тапсырманы орындау шарты түсіндіріледі: "Мына параққа қара. Оның бетінде нүктелер салынған. Осындай суретті дәл қасына көшіріп сал".

Үлгіні дәл қайталаған, сурет кішірейтілген болуы мүмкін, бір нүкте қатардан кішкене шетке шыққан - 1 балл.

Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сай, екі-үш нүкте қатардан шығып кеткен — 2 балл.

Контуры үлгіге ұқсас, бойы мен кеңцігі үлгіден екі есеге дейін үлкен, кеңістукте 180 градусқа дейін бұрылған - 3 балл.

Контуры үлгіге ұқсамаған бірақ фигура нүктелерден тұрады -4 балл.

Шимайлар - 5 балл.

Барлық тапсырмалар орындалғаннан соң психолог парақтарды жинап алып оны бағалапшығады. Әр баланың үш тапсырмадан жинаған баллдарын бір-біріне қосып, жалпы суммасы шығарылады. Нәтижесіне қарай балалардың мектепке даярлығы өте төмен, төмен, орта, жақсы, жоғары деп бағаланады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында балалардың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша тапсырманы орындай алатындығы, психикалық әрекеттерінің ырықтылығы сипатталады.



5. Сабақтың тақырыбы:

Психодиагностиканың ғылыми - теориялық негіздері.
Сабақтың жоспары:

Психодиагностиканың мақсаты мен міндеттері.

Психодиагностиканың қолданылуын талап ететін арнайы тәжірибе аумақтары.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психодиагностиканың ғылыми - теориялық негіздерімен таныстырып,оның мақсаттары мен міндеттері туралы түсінік беру.



Теориялық мәліметтер:

Психодиагностика - психологиялық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық психологияның негізгі формасы болып табылады. Практикалық психология адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін танудың әртүрлі әдістерін жасауы және қолданылуымен байланысты. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады. Сондықтан, психодиагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер,яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Әртүрлі қасиеттерді зерттеуден ғылыми психодиагностиканың диагностикалық қорытындыға өту үшін белгілі бір әдістерді, тесттерді, эксперттік шкалаларды қолдануды талап етеді. Сондықтан, психодиагностиканың негізгі түсініктеріне диагностикалық қасиеттер және диагностикалық категорияларды жатқызамыз. Қасиеттерді зерттеп, тіркеуге болады. Ал категориялар негізгі зерттеуден жасырын, олар латентті (латентные переменные) болып келеді. Психодиагностиканың қиындығы қасиеттер мен категориялардың арасында қатаң байланыстың жоқтығында. Бір қорытынды жасау үшін бір қасиеттің өзі жетіспейді, ол үшін бірнеше қасиетті тесттер арқылы талдау жасау керек. Психодиагностикадағы тест деп, біз сыналатын адамға көрсететін бірнеше стандарттық қысқа сындарды айтамыз. Тесттік тапсырмалар сыналатын адамның әртүрлі жасырын факторларды анықтауға көмектеседі. Осы қысқа сынаулардың нәтижелері өлшенетін фактордың деңгейін көрсетеді. Сонымен «психодиагностика» ұғымы- психологиялық тестпен тығыз байланысты. Психологиялық тесттен басқа эксперттік(клиникалық) психодиагностикалық әдістер қолданылады.Стандарттық сандық тесттер бір топ адамдар туралы қысқа уақытта мәліметтер алу үшін және қатаң альтернативті шешім қабылдау үшін керек.( мысалы: жұмысқа қабылдау- қабылдамау, демалыс беру немесе кезектікке қою).Бұл тесттер әртүрлі әдістемелік қателерді болдырмайды. Эксперттік әдістерді көбінесе тәжірибелі мамандар психологтар қолданады. Олар белгілі бір адамның бірден - бір өмірлік жағдайына енуді көздейді, бірақ бұған ұзақ уақыт талап етеді. Бұл әдістердің тиімділігі психолог диагносттың өзі психологиялық көмек көрсетіп, психокоррекцияны, психотерапияны, тренинг және психологиялық араласудың басқа түрлерін пайдаланғандығында. Психологиялық диагноз -бір ғана сөзден тұрмайды, кең мағынада жүйелі түрде болады. Қазіргі психодиагностикада психологиялық диагноз - ауруды анықтамайды, сонымен қатар психологиялық ауруларға болжам жасамайды. Психодиагноз кез - келген сау адамға қойылып, сонымен қатар психикалық қасиеттердің комплекстік бейнесін береді,- қабілеттілігін, стилін және адамның өзіне байланысты себептерін, Мысалы,бір адамда бір уақытта бірден бірнеше қабілеттер анықталады: креативтік дамуының жоғары деңгейі, вербальдық(ауызша) интеллекттің орташа деңгейі, социалдық табысқа жетуінің негізі, себептердің негізінде зейінді концентрациялау қабілеттілігінің төмен деңгейі. Белгілі бір адамның кейбір қасиеттері мен қабілеттері кейбір жағдайларда өзара конфликтке ұшырап, әртүрлі қимылдарға итермелеуі мүмкін. Психодиагностиканың мақсаты - адамның қайсы психикалық қасиеттері өзара қайшылықтарға ұшырағанын анықтау. Бүл ішкі конфликтті шешуге көмектеседі.Психодиагностикада норма деген ұғымның үлкен маңызы бар. Норманың екі түрі болады: статистикалық және социокультуралық. Бірінші түрі- стильдік және мотивациялық қасиеттерді бағалау үшін пайдаланады. Екіншісі - қабілеттерді және жетістіктерді бағалау үшін. Статистикалық норма - өлшенетін қасиеттің орта диапазоны.

Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет