Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



жүктеу 4.1 Mb.
бет10/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Бағалау шкаласы:

Жауап кілтке сай келсе — 2 балл;

Жауап сай келмесе - 0 балл;

Білмеймін деген жауап — 1 балл.

Өңдеу кілті

Қозу күшін анықтау үшін келесі сүрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:

"ия" - 3, 4, 7, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 24, 32, 45, 56, 60, 66, 72, 73, 78, 81, 82, 83, 94, 97, 98, 102, 105, 106, 113, 114, 117, 121, 122, 124, 130, 132, 133, 134;

"жоқ" - 47, 51, 107, 123.

Тежелу күшін анықтау үшін келесі сүрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

"Ия" - 2, 5, 8, 10,12, 16, 27, 30, 35, 37, 38, 42, 48, 50, 52, 53, 59, 62, 65, 67, 69, 70, 75, 77, 84, 87, 89, 90, 96, 99, 103, 108, 109, 110, 112, 118, 120, 125, 126, 129;

"Жоқ" - 18, 34, 36, 128.

Динамикасын анықтау үшін келесі сүрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

"Ия" - 1, 6, 9, 11, 14, 20, 22, 26, 28, 29, 31, 33, 40, 41, 43,44, 46, 49, 54, 55, 64, 68, 71, 74, 76, 79, 80, 85, 86, 88, 91, 92, 93, 95, 100, 101, 104, 111, 115, 119, 131;

"Жоқ" -25,57, 63, 116.

Қозу жөне тежелу процесстерінің көрсеткіштері 42 және одан жоғары болса, өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді. Қозу жөне тежелу процестерінің ара қатынасы жүйке процестерінің тепе-теңдігін көрсетеді. Егер ара қатынасы 1-ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады, қозу көрсеткіші басым болса - ол адамның қозғыштығын, үстамсыздығын көрсетеді, ал тежелу басым болса - ол адамның "тормоздан" шыгуы қиын, тежелгіш екенінің белгісі болады.

37. Сабақтың тақырыбы:

Тұлғалық қасиеттердің кең тараған әдістемелері .
Сабақтың жоспары:

Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сұраулық(ММРІ)

Суретті пробалар, өткізу техникасы және нәтижелерді талдау.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді тұлғалық қасиеттердің кең тараған әдістемелермен таныстыру. Эксперимент өткізу техникасы және нәтижелер анализдері туралы анықтама беру.


Теориялық мәліметтер:

Мини – Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан , 11 шкаладан (оның ішінде 3 – бағалық ) ( Адаптация Ф. Б.Березина және М.П.Мирошникова )

Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді. Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетіннің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетіннің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-тен кейін бірден 6-шы қолданылады.

6-шы шкала зерттелетіннің өкпелегіштігін сипаттайды.

7-ші шкала күдікті типті тұлғаны зерттеуге қолданылады.

8-ші шкала эмоциональдық алшақтықтың дәрежесін өлшейді.

9-шы шкала тұлғаның гипертимдік түріне жақындығын көрсетеді,белсенділікті өлшейді.

Сұраулықты өткізу уақыты шектелмеген.



38. Практикалық тапсырмалар

Жеткіншектер акцентуациясын анықтау

(Шмишек тесті)
Мақсаты — акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.

Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы түжырымдамасы алынған. К. Леонгардтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық керсеткішін анықтау тестін жасаған.



Орындау ережесі. Тест 88 сүрақтан түрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші "ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Адцын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолана беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сүрақ номері, оның түсында (+) немесе (~) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.

Сауалнамп және жауаптарды баеалау кілті



  1. Сен, әдетте, байсадцы және көңілдісің бе? (1)

  2. Сен тез ашуланып, әбіржейсің бе? (7)

  3. Жылауың оңай ма? (6)

  4. Жүмысымда қате жоқ па, деп бірнеше рет тексересің бе? (-2)

  1. Сен, өзіңнің сыныптастарыңдай күштісің бе? (-2)

  2. Сенің көңіл-күйің қуаныштан қобалжуға және керісінше
    тез өзгереді ме? (9)

  1. Сен ойын барысында жетекші болғанды үнатасың ба? (8)

  2. Себепсіз ашуланып жүретін күндерің болады ма? (5)

  3. Мүғалімнің берген тапсырмасын әрдайым адалдықпен
    орындауға тырысасың ба? (7)

  1. Жаңа ойынды ойыңнан шығара аласың ба? (1)

  2. Біреуді ренжітіп қойғаныңцы тез үмытасың ба? (-7)

  3. Өзіңці мейрімді, басқаларды аяйтын деп санайсың ба? (6)

  4. Пошта жөшігіне хат салғанда, ол бр жеріне ілініп қалды
    ма, деп тексересің бе? (4)

14. Мектепте, спорт секциясында, үйірмеде озық болуға

тырысасың ба? (8)



  1. Кішкентай кезівде иттен, найзағайдан қорқатын ба едің? (2)

  2. Балалар сені өте ынталы және үқыпты деп санайды ма? (2)

  3. Көңіл-күйің мектептегі және үйдегі жағдайларға байланысты
    ма? (9)

  1. Таныстарыңның көпшілігі сені жақсы көреді деп айтуға
    болады ма? (8)

  1. Ішіңнен қобалжып жүретін уақытың болады ма? (5)

  2. Әдетте мүнданып жүресің бе? (3)

  3. Қайғыны бастан кешкенде өкіріп жыладың ба? (10)

  4. Бір орында үзақ отыру саған қиын ба? (1)

  5. Саған әділетсіздік жасағанда өз қүқығыңцы қорғайсың ба? (7)

  6. Мысықтарды рогаткамен атқан күндерің болды ма? (6)

  1. Дастархан немесе перде қисайып түрса оған сенің жының
    келеді ме? (4)

  1. Кішкентай кезінде үйде бір өзің қалуға қорқатын ба едің? 2)




  1. Ешқандай себепсіз қуанышқа немесе уайымға бөленесің
    бе? (9)

  2. Сыныпта ен жақсы оқушысың ба? (8)

  3. Көңіл көтеріп есерленетін кез жиі болады ма? (-3)

  4. Ашулануың оңай ма? (5)

  5. Кейде өзіңці бахытты сезінесің бе? (10)

  6. Басқалардың көңілін көтере аласың ба? (1)

  7. Біреу туралы өз ойыңды ашық айтасың ба? (7)

  8. Қаннан қорқасың ба? (6)

  9. Мектеп тапсырмасын шын көңіліңмен орындайсың ба? (4)

  10. Әділетсіздіктің қүрбаны болғавдарды қорғайсың ба? (7)

  11. Қараңғы, бос бөлмеге кіруге қорқасың ба? (2)

39. Жылдамдық пен нақтылықты талап ететін жүмысқа
қарағанда жай және нақты емес жүмысты көбірек үнатасың ба? (4)

  1. Адамдармен танысу саған оңай ма? (9)

  2. Ертеңгілік пен кештерде өнер көрсетуге қүмарсың ба? (8)

  3. Үйіңнен қашып кеткен уақытың болды ма? (5)

  1. Балалармен, мүғалімдермен үрысып қалып, мектепке бара
    алмай жүрген кез болды ма? (3)

  1. Өмір сүру қиын ба? (3)

  2. Сәтсіздікке үшырағанда өз-өзіңді мазақтап күлесің бе? (1)

  1. Үрысып қалғанда, өзің кіналы болмасаң, татуласуға өрекет
    жасайсың ба? (-7)

  1. Жануарларды жақсы көресің бе? (6)

  2. Үйден шығып кеткеннен соң, бір оқиға болмасын деп,
    тексеруге қайтып ораласың ба? (4)

  3. Кейде өзіңнің немесе туысқандарыңның басына бір қауіп
    төнгендей болып сезінесің бе? (2)

  4. Көңіл-күйің ауа райына байланысты ма? (9)

  5. Сүрақтарды біле түрып жауап беруге қиналасың ба? (8)

  6. Біреуге ашулансаң төбелесесің бе? (5)

  7. Балалармен бірге болу саған үнайды ма? (3)

  8. Бірнәрсе қолыңнан келмесе оны үйренуден үміт үзесің бе?
    (Ю)

  9. Істерді, ойынды үйымдастыру қолыңнан келеді ме? (1)

  10. Қиындықтар кездескеніне қарамастан мақсатыңа жетуге
    өрекет жасайсың ба? (7)

  11. Кино көргенде, кітап оқығанда жылайсың ба? (6)

  12. Міндеттерінді орывдауға қиналасың ба? (4)

  13. Тапсырманы көшіріп алуға бересің бе? (-7)

  14. Түнде қараңгы көшемен жүруге қорқасың ба? (2)

  15. Барлық заттар өз орнында болуын қадағалайсың ба? (4)

  16. Жатарда көңіл-күйің көтеріңкі, ал түрғанда — түнжыраған
    болған ба? (9)

  17. Бейтаныс балалар арасывда өзіңді еркін сезінесің бе? (8)

  18. Басың ауырады ма? (5)

  19. Жиі күлесің бе? (-3)

  20. Егер біреуді ерекше силайтын болсаң, оны білдірмей жүре
    аласың ба? (8)

  21. Бір күннің ішінде әр түрлді жүмыс жасай аласың ба? (1)

  22. Әділетсіздікке жиі кездесесің бе? (7)

  23. Табиғатты жақсы көресің бе? (6)

  24. Үйден кетерде, үйқыға жатарда есікті, электр тетіктерін
    тексересің бе? (4)

  25. Өзіңді, қорқақпын деп санайсың ба? (2)

  26. Мерекелік дастархан басында көңіл күйің өзгереді ме? (9)

  27. Драмкружокқа қатынасуды, сахнадан өлең оқүды үнатасың
    ба? (8)

  28. Себепсіз бүртыйып, ешкіммен сөйлеспей жүретін кездерің
    болады ма? (5)

  29. Болашаққа көңілсіз қарайсың ба? (3)

  30. Қуаныштан бірден қайғы-қасыретке ауысатын кез кездеседі
    ме? (10)

  31. Қонақ күте аласың ба? (1)

  1. Ашуың ұзаққа созылады ма? (7)

  2. Достарыңның қайғысын бөліп аласың ба? (6)

  3. Жіберген қатені жөндеу үшін дөптердің бір бетін көшіріп
    жазасың ба? (4)

  4. Өзіңді сенімсіз адам дер есептейсің бе? (7)

  5. Қорқынышты түсті жиі көресің бе? (2)

  6. Өзіңді терезеден тастағың келген кез болды ма? (4)

  1. Қоршағандар уақытын шаттықпен өткізіп жатса, сенің
    көңілің көтеріледі ме? (9)

  2. Жағымсыз жағдайды уақытша үмыта аласың ба? (8)

  3. Сәтсәздәкті ойдан шығармай жүресің бе? (8)

  4. Әдетте аз сөйлейсің бе? (3)

  5. Орындаған роліңе беріліп кеткенде, өзіңнің кім екеніңці
    ұмытасың ба? (8)

Тест нәтижесін талдау

Сұрақтар соңында жақшада берілген номерлер акцентуация типін көрсетеді. Әр нөмір бойынша жиналған оң жауаптар санын кестеде көрсетілген кэффицетке көбейту арқылы акцентуацияның баллы анықталады. Нәтижесі 12 баллдан артық болса акцентуацияның сол түрі орын алғанын білдіреді. Талдауды жоғарыда берілген акцентуация түрлерінің мінездемесі бойынша жүргізіледі.



Шкала

Акцентуация

Жиналған

Коэффи-

Акцентуация

номері

типі

ұпайлар

циент

көрсеткіші

1.

Гипертимді










2.

Лабильді










3.

Сенситивтік










4.

Шизоидтық










5.

Эпилептоидтық










6.

Түрақсыз










7.

Астено-невротик










8.

Демонстративтік










9.

Циюіоидтық










10.

Аффектті-













экзальтациялық


























39. Сабақтың тақырыбы:

Тұлғалық қасиеттердің кең тараған әдістемелері .
Сабақтың жоспары:

Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сұраулық(ММРІ)

Суретті пробалар, өткізу техникасы және нәтижелерді талдау.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді тұлғалық қасиеттердің кең тараған әдістемелермен таныстыру. Эксперимент өткізу техникасы және нәтижелер анализдері туралы анықтама беру.


Теориялық мәліметтер:

Мини – Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан , 11 шкаладан (оның ішінде 3 – бағалық ) ( Адаптация Ф. Б.Березина және М.П.Мирошникова )

Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді. Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетіннің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетіннің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-тен кейін бірден 6-шы қолданылады.

6-шы шкала зерттелетіннің өкпелегіштігін сипаттайды.

7-ші шкала күдікті типті тұлғаны зерттеуге қолданылады.

8-ші шкала эмоциональдық алшақтықтың дәрежесін өлшейді.

9-шы шкала тұлғаның гипертимдік түріне жақындығын көрсетеді,белсенділікті өлшейді.

Сұраулықты өткізу уақыты шектелмеген.



40. Практикалық тапсырмалар
Зейінді бағалау (Мюнстерберг әдістемесі)
Мақсаты: зейіннің таңдамалылығын және кедергілерге көңіл аудармай іс-әрскетін тиянақты орындауын бағалау.

Орындау ережесі: әріптерден тұратын текстің ішінде мағынасы бар сөздер кездеседі. Тексті мүмкінідігінше тезірек қарап шығып, әріптер арасындағы "жасырынып" түрған сөздерді тауып, олардың астын сызып отыру керек.

Мысалы: рюкледпсихологфыврукэж. Бұл қатардағы әріптер арасында "психолог" деген сөз жасырынып түр. Тапсырма бланкісін келесі үлгі бойынша жасау керек.

Орындау уақыты 2 минут.

Мюнстерберг әдістемесін жүргізу бланкісі

Аты-жөні .....................................өткізілген күні



Тапсырма:

Блосчыхкүнігеэждрухтаңертеңбюфыкле

сменщзхъфклесмеыертегртыхтүрамынждэхшижу ыныппавыфтараныполджэалғаннанхздлос оңқрьіфятамақтаныпңкуіғкиініпкуцйіңмктепкеқщүшзқхыфбарамынһөқзщшондаждлорэқме ніңюдщүүшдостарымфцңіувсюөзж локөпдллорполарменвкғнсібіргеъхзщшса бақтардыекуцйңіңжақсылапнгшгшщщзме ңгеріпекуцййцуукзщтүсінбегенлдджағда йдакуцңғемүғалімненрооллджжкөмекн

Ууцсұраймызгшщзлотмектепгшшгеуңңөн іріъхзшгөтеңғйцуқызықщззхъхбюбькөпте генекукуцйсабақтанңғлджжьютысшзщшар аларғакуцйғңқатынасыпгшщзхқабіліктіл ігіміздііңңғьждамытпқзопрддрстажартты рамызюхззщгшжақындайкеоқудығңенбіті ремізнгшщмамандықгшшщалуғагщщзқөүа ттанамызеэждоунгшзщ.


41. Сабақтың тақырыбы:

Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасы
Сабақтың жоспары:

Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері.

Мектепке дейінгі балалардың қызығушылық процесінің психодиагностикасының әдістемелері.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді мектепке дейінгі балалардың (МДБ) психодиагностикасының ерекшеліктерімен таныстыру. Психодиагностикалық әдістемелердің стандарттық кешені туралы анықтама беру.


Теориялық мәліметтер:

МДБ бірнеше психологиялық және әрекеттік ерекшеліктерге ие болады. Оларды білу психодиагностикалық зерттеу процесінде шын нәтижелерді алу үшін керек. Бұл ерекшеліктерге сананың төмен деңгейі қатысты.

Психодиагностика контекстінде сана туралы айтқан кезде, біз ішкі бақылау туралы, баланың негізгі тану процестерінің сөйлеу реттігін, оның қабылдау, зейін, жады, ойлау туралы айтамыз. Бұл процестер өте төмен даму деңгейде болады, өйткені бұл кезде когнитивтік даму әлі аяқталмаған. Баладағы тану процесінің еркіндігі 3-4 жастан басталып жасөспірім кезінің аяғына дейін барады. Сол үшін тест тапсырмалары баладан тану процестері жоғары дамыған және оны меңгеруді талап етеді. Бала жеткен даму деңгейі туралы дұрыс ой болу үшін тест тапсырмалары когнитивтік сфераның еркін және еріксіз деңгейге лайықты болу керек. Бұл нәрсе, бір жағынан, тану процестерінің еркіндік дәрежесін адекваттық бағалайды, екінші жағынан – егер олар әлі еркін болмаса, онда оларды реалдық деңгейін бағалайды.

3-6 жасар балалар туралы айтатын болсақ, онда оларда барлық тану процестерін меңгеруде еркіндік элементтері бар. Сонымен қатар, ондай балалардың үлкен бөлігінде еркінсіз тану процестері басым болады. Айналадағы нәрсені тану үшін, бала осы аталған процестерге сүйенеді. Осы жастағы балалардың психодиагностикасы екі жақты бағыттайды: табиғи(еркінсіз) тану процестерінің дамуының детальдық зерттеуіне және еркіндік когнитивті әрекеттер мен реакциялардың нақты сипаттауына және уақтылы оларды табуына.

МДБ-дың сана-сезімнің төмен деңгейі туралы айтқан кезде біз МДБ-дың , әсіресе 4 жасқа дейінгілер, өзінің тұлғалық қасиеттерін аз сезінеді және өздерінің тәртіптеріне дұрыс баға бере алмайды. Өздерінің жақсы жақтары мен кемшіліктері туралы ешнәрсе анық білмейді және өзін-өзі бағалау мен талап деңгейі әлі қалыптаспаған.

4 пен 6-ға дейінгілердің ондай мүмкіншіліктері бар, олар өздерін тұлға ретінде бағалайды, бірақ, көбінесе үлкен адамдар көңіл бөлген қасиеттерді.

Төрт жасқа дейінгі балалардың тұлғалық және әрекеттік психодиагностика әдістері баланың сана-сезіміне бағытталған тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Бұл ережені бұзу баланың қойылған сұрақтарға жауап бермеуге немесе сұрақтардың мағынасын түсінбей, жауап беруді көздейді.

Төрт-алты жасар балаларға адекваттық өзін-өзі бағалауға сүйенетін тұлғалық және әрекеттік сұраулықтарды ұсынуға болады. Бірақ юұл жастағы балалардың өзін-өзі бағалау мүмкіншіліктері шектеулі екенін есте сақтау керек.

МДБ-дың тұлғалық және әрекеттік психодиагностикасын өткізген кезде алынған баланы жақсы танитын, кәсіби дайындықтан өткен ересек адамдарды тәуелсіз эксперттер ретінде алып , сыртқы эксперттік бағалау әдісін қолдану керек. Мектепке дейінгі үлкен жастағыларға эксперттік бағаларға баланың өзі-өзіне беретін бағасын қ осуға болады, бірақ ол туралы үлкендердің тұжырымдамаларға көп көңіл бөлу керек.

Бұл жаста психодиагностика әдістемелерді қолдануға белгілі бір қиындықтар мен шектеулер бар. Бұлар үшін тұлғаулық сұраулықтар (тіке және жанама сұрақтары бар) жарамайды. Егер оларды қолдануға мәжбүр болсаңыз, онда әр сұрақты өте жақсы, қарапайым түрде балаға түсіндіру керек.

Тағы бір ерекшелік туралы айтайық. МДБ-лар тек егер психодиагностиканы өткізу уақыты бойы әдістемелер мен психодиагностикалық тапсырмалар оларды қызықтырса, сол кезде ғана олар өзінің қабілеттіліктерді, яғни психологиялық дамуының деңгейін дұрыс көрсететін нәтижелерді көрсетеді. Қалай қызығушылық өтеді, солай бала өзінің қабілеттерін көрсетпей қалады.

Балалардың психогендық факторларды еске алу керек. Ол үшін тест тапсырмаларды өте ұзақ етіп құруға болмайды. Оптималдық уақыт1 ден 5 минутқа дейін, баланың жасы не ғұрлым кіші болса, соғұрлым уақыт кем болу керек.

Жасына қарай МДБ-дың психодиагностикасының ерекшеліктерін айтып өтейік :

1.1 ден 3-ке дейін.

2.3 тен 5-ке дейін.

3.5 тен 6-ға дейін.

Ерте жастағы (1-3 жас) балалардың психодиагностикасы тек обьективті болу керек, яғни өзін-өзі бағалауға және анализге. Баланың сырттан бақылайтын әрекеттер мен реакциялардың эксперттік бағалаумен байланысты психодиагностикалық материал өте құнды болады. Балалар туралы мәлімет жинау құралы бақылау болады, ал негізгі психодиагностикалық әдіс – табиғи эксперимент болады. Бұл кезде балаға жақсы таныс өмірлік ситуация пайда бола бастайды. Психодиагностиканың ең, жақсы нәтижесін бір затпен ойнау барысын бақылығанда алуға болады.

3 тен 5-ке дейінгі жастағы балаларға психодиагностика өткізген кезде ойының түрін, әлеуметтік белсенділіктің жаңа түрінің пайда болуын ескеру керек.

Бұл жастағы балалар бірінші рет өзінің құрдастарына тұлға ретінде қарап, олармен бірге ойнай бастайды. Сол үшін психодиагностика әдістемелерді балаларды жеке ойын әрекетте және ұжымдық ойында бақылауға мүмкіншілік беретіндей құрастыру керек.

Бұл ойынға үлкендерге қатысуы мүмкін. Психологтың өзі де осы ойынды ұйымдастыра алады.

Бұл жаста балалардың санасезімнің мәліметтеріне және басқа балаларға , үлкендерге (ересектерге) беретін бағаларға негізделуге мүмкіншілік бар. Бұл әсіресе айналадағылармен қарым-қатынас жасауда әртүрлі жеке қасиеттерді көрсетуге қатысты.

5-7 жаста аталған әрекеттер түрлеріне ережелері бар ойындар қосылады, қарапайым рефлексивтік қабілеттер пайда болады. Бұл жастағы балалар білім алу немесе ойынмен қатар, өзінің іс-әрекетін анализ жасап, өзіне және айналадағыларға баға береді. Бұл нәрсе оқушылар мен ересектердің психологиясын зерттеуге қолданылатын психодиагностикалық әдістемелерін қолдануға мүмкіншілік береді. Ең бірінші бұл тану процестерін зерттеу әдістеріне қатысты.

Барлық ескертулер мен шектеулерді психодиагностикалық әдістемелердің стандарттық кешенінде көрсетілген.

2. МДБ-дың тану процестерінің диагностика әдістері. Стандарттық кешен деп әдістемелердің жиынтығын айтамыз. Бұл кешен белгілі бір жастағы балалардың психологиясын барлық қасиеттер бойынша жан-жақты бағалайды «Стандарттық» дегеніміз барлық әдістемелерге бір бағалау шкаласын қолдануды айтамыз.

Бұл бөлімде сипатталатын әдістемелердің көбісі психологиялық дамудың стандарттық , 10 ұпайлық шкалада көрсетілген көрсеткіштерді алуға көмектеседі.

8 ден 10 ға дейінгі көрсеткіштер баланың қабілеттерінің жақсы дамуын көрсетеді.

0 ден 3 ұпайға дейін – баланың психологиялық дамуында оқаулықтар барын көрсетеді.

Егер 4-7 ұпай болса, онда баланың психологиялық дамуы басқа балалардікіне сәйкес болғаны. Әр ұсынылған әдістемелер кешенінде, оның сипаттамасынан кейін, алынған нәтижелерді бағалау әдісі, алынған мәліметтер негізіндегі бала дамуының деңгейі туралы қорытындылар шарттары мен процедурасы беріледі. Ең соңында баланың психологиялық дамуының жеке картасы беріледі. Онда баланы кешенді зерттеудің жеке психодиагностикалық әдістемелер бойынша алынған көрсеткіштер болады. Бұл картаға қайта өткізілген психодиагностикалық зерттеулерге қатысты әр жылғы мәліметтерді кіргізуге болады. Көрсеткіштер - 5-6 жасар балаға қатысты, олардың жеткен даму деңгейін кескіндейтін , сипатталған әдістемелерде қолданған ұпайлар мен мінездемелер. Егер бала 5-6 жаста болса онда алынған көрсеткіштер бойынша оның психологиялық дамуының деңгейі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл көрсеткіштер одан да жас балаларға қатысты болады, бірақ бұл жерде олар 5-6 жастағылардың даму деңгейімен салыстырмалы түрде қарастырылады.

Мысалы. 5-6 жастағы бала «Суреттерге не жетпейді?» деген әдістеменің психодиагностикасы бойынша нәтижесінде 10 ұпай алды. Осыған сәйкес оның психологиялық дамуының деңгейі өте жоғары деп бағалануы керек.

Егер 2-3 ұпай алған болса – төмен деп бағаланады. Бірақ осы методика бойынша 3-4 жасар 2-3 ұпай алған болса – төмен деп бағаланады.

Бірақ осы методика бойынша 3-4 жасар 2-3 ұпай алған болса, оның деңгейін төмен деп айтуға болмайды. Олай деп 5-6 жастағы бала туралы айтуға болады. Ол өзінің құрдастарымен салыстырғанда- орта болады. Сол үшін қорытындыда міндетті түрде «5-6 жасар балалармен салыстырғанда» деп жазу керек.

Ұсынылатын психодиагностикалық әдістемелердің кешенінде әртүрлі психологиялық қасиеттер үшін бір емес бірнеше әдістемелер бар (қасиеттерді жан-жақтан бағалайтын).




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет