Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



жүктеу 4.1 Mb.
бет14/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

5.Фигураның үстінде түрған бөлшектер:

Олар пайдалы немесе тек сән элементі болуы мүмкін:

Қанат, қосымша аяқтар, қармалауыштар, сауыт, қауырсындар — энергия, жан-жақты даму, өзіне деген сенімділік, белсенділік белгісі.

Бұйралар, гүлдер — өзіне басқалардың көңілін аударуға қүмарлық, демонстративтік.

Құйрық — өзінің іс-әрекетіне, шешіміне, ойына, істеген жұмысына көзқарасын білдіреді: құйрық оңға бұрылған болса -(+), солға қараған болса - (-), жоғарыға қараған - (+) сенімді, жақсы, төмен қараған (-) өзіне өзі риза емес, тұндыраңқы.

6.Фигураның нүсқасы:

Инелер, сауыт салынған, қараланған - қоршаған ортадан қорғану.

Бүрыш-бүрыш сурет ~ агрессиялық қорғанысты білдіреді.

Жоғары қараған қалқан — өсек, келеке, беделдің жоқтығынан қорғану.

Дененің басқа жерлеріндегі қалқаншалар — қорғанысқа даярлық.
Шеңбер төрізді фигура — түйық, сырын ешкімге айтпайтын адам.

7.Жалпы энергия:

Егер суретте тек қана жануарларды сипаттайтын элементтерден түратын болса — энегая үнемделген; суреттің сызықтары әрең көрінеді - созылмалы аурудың белгісі.

Қосалқы элементтерге бай (штрих, бояуы қою, детальдары көп болса — энергия өте жоғары.


  1. Тақырыпқа байланыстылыгы: салынган жануар алушының бейнесі болып табылады.

  2. Адамға ұқсастығы; тік жүретін (екі аяқты), Адам киімін
    киетін, түрі адамдарға ұқсас болса - инфантилизм, эмоционалдық
    дамуы жетілмеген.

10.Дененің жанды жерлерін көрсетуі: көзге лампочка бұрап,
қүйрыққа электрошнур, басына пропеллер қадап, аяқ орнына
трактордың немесе танктің шынжыр табаны болса —
психологиялық дамуында ауытқу бар екені анық байқалады.

/ /. Шығармашылық мүмкіндіктері:

дайын, табиғатта бар жануарға үқсастық — нәрсіз, ешқандай жаңалык жоқ;

ерекше фигура — шығармашылық белгісі;

12. Атаулары: үшқыш қоян, бергемот — рационалдылық, шаншылдық белгісі;

латыншаға үқсас келген атаулар — эрудиция белгісі;

мағнасыз атаулар - жеңілтектік белгісі;әзіл атаулар - қоршаған ортаға деген көзқарасы;

қайталану (тру-тру) - инфантилизм;өте үзақ атаулар -фантазиясы жақсы дамыған.


2. "Менің отбасым кешқұрым" әдістемесі

(орта буын және жоғары сыныптарға арналған)

Мақсаты: баланың отбасындағы қарым-қатынасын және статусын диагностикалау.

Пиктограмманың срекшелігі оған қатысушының өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, баланың отбасындағы өр адамға көзқарасы, мазасыздануды шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Отбасындағы жағдайды баланың өзі де, ата-анасы да өте жақсы бағалауы мүмкін.

Дегенмен астыртын өсерін тигізетін факторлар болып афессиясын жоғарылатып, мазасыздануын толғандырып жіберуі мүмкін.

Құрал-жабдықтар: бір парақ қағаз, түрлі-түсті қалам, өшіргіш.

Зерттеу барысы: Мына параққа өз отбасыңның кешқүрымдық жағдайын көрсететінсуретін сал. Отбасындағы әрбір адамның белгілі бір іспен айналысып жатқанын көрсеткен дүрыс болады деп тапсырма түсіндірілгеннен соң балар сурет салуға кіріседі. Суретті салып болганнан соң, өр баламен әңгімелесе отырып, келесі сүрақтарға жауап алу керек:

а)мына суретте кімнің отбасы салынған, өзінің, қандай да бір


досының немесе ойдан шығарған кейіпкерлер болуы да мүмкін;

б)бейнеленген кейіпкерлер қай жерде және қазіргі кезде немен


айналысып түрғанын көрсету;в) егер, әрбір кейіпкерді бөлек алатын
болсақ, онда оның отбасында қаңдай роль атқаратынын анықтау;

г)суреттегілердің қайсысы сүйкімді және неге, қайсысы


жағымсыз жөне оның себебі неде, бала олардың қайсысын және
не үшін үнатады;

д)егер кейіпкерлердің барлығын жеңіл көлікпен серуенге алып


бара жатырсың, бірақ, өкінішке орай олардың біреуіне орын
жетпейтін болса, кімді үйде қалдырар едің;

е)егер балалардың біреуі өзін тәртіпсіз үстаса, онда ол қалай


жазаланатынын көрсетіп беру т.сх.

Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен түрады:

1.Суреттің құрылымын талдау.

2.Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара


әрекеттесуінің ерекшеліктері.

  1. Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне
    кеңіл аударуы.

  2. Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын
    талдау.(Жоғарыдағы пиктограммаларды талдау ережесі толық
    пайдаланылады).


53. Сабақтың тақырыбы:

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің психодиагностикасы.
Сабақтың жоспары:

Жеткіншектер мен жасөспірімдер психодиагностикасының ерекшеліктері.

Психологтың жасөспірімдермен жүргізетін жұмысы.
Сабақтың мақсаты:

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің психодиагностикасының ерекшеліктерімен таныстыру. Жасөспірімдермен психологтың жұмысындағы негізгі моменттерді анықтау.


Теориялық мәліметтер:

Жеткіншектер-балалықтан өтіп, бірақ, әлі үлкендердің қатарына қосылған жоқ. Сол үшін оларға өте ерекше психодиагностикалық әдістерді қолдану керек, олардың балалық және үлкендік қасиеттерді ескеру керек.

Өзінің интелектуалдық даму жағынан жеткіншектер үлкендермен қатар болады. Сондықтан олардың тану процестерін зерттеген кезде, үлкендерге арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдер мен ұғымдарды қолдануда абай болу керек. Тұлға мен тұлғааралық қатынастарға келетін болсақ, бұл жерде көптеген шектеулер бар, оларды орындау керек. Жеткіншектер-жартылай балалар, сол үшін оларға тесттің жартылай балалық және жартылай үлкендердің түрлерін қолдану керек. Ол түрдің негізгісі болып ойын түрі болып есептелінеді, ал тапсырмалары балада қызығушылық тудыру керек.

Тәуелсіздікке құштарлық тест барысында көп дербестікті талап етеді. Көп тесттер тапсырмалардың стандарттық шешулері бар, бірақ олардан ауытқулар да болуы мүмкін. Үлкендер жағынан жеткіншектің стандарттық емес шешілерін қолдауы оның интеллектуалдық дамуының деңгейін толық көрсететін мәліметтерді алуға көмектеседі. Керісінше, қызығушылықтың жоқтығы, тест тапсырмаларды шешкісі келмегендігі, бұның бәрі ой дамуының деңгейі төмен екен деген қате пікірге келуді көздейді.

Жеткіншектердің психодиагностикасына қолданылатын әдістемелерге әлеуметтік нормалардың тұжырымдамаларды, кейбір арнайы ғылыми ұғымдарды кіргізуге болады. Көбінесе, ондай ұғымдарды қарапайым сөздермен ауыстыруға тура келеді, өйткені, көп жеткіншектер арнайы ұғымдарды түсінбей қалуы мүмкін.

Мысалдар өмірден алынған және балаға таныс адамдарға қатысты болу керек: ата-аналардан, құрдастардан, мұғалімдерден, кітап және фильм кейіпкерлерден.

Бала эксперттік және лидерлік іс-әрекетте өз-өзін көрсете білу керек, сол кезде ол өзінің білімі мен қабілеттерін толық іске асыра алады. Жеткіншектерді тек зерттелетіндердің рөлінде ғана емес, экспериментатор ретінде тестке қатысу керек. Егер зерттеуші баланы тесттің құрастыруына және бағалауына (егер мүмкін болса), тестті өткізу үшін қолайлы жағдай жасаса, оның нәтижелерін өндесе, бұл нәрсе әрине, баланың тестке қатысуын өте қызықтырады.

Ерте ержетуі-бұл барлық салаларда: финанстық өзін-өзі қамтамасыз етуінде, моральдық ойлаудағы тәуелсіздік, саяси көзқарастар мен әрекеттерде әлеуметтік-психологиялық тәуелсіздігінің орнатылуының бастамасы.

Ерте ержетуі-адама психологиясының өзгеше бетбұрылысы. Өмірдегі, баланың түсініксіз өмірдегі қарама-қайшылықтарды сезінуі: мораль нормалары мен адамдардың, олардың іс-әрекеттердің, идеалмен іс жүзіндегі, қабілеттерімен, мүмкіншіліктері; әлеуметтік құндылықтармен өмірдің іс-жүзіндегі нәрселермен.

Ерте ержетуі-бұл адамның басқалары үшін жауапкершілікті сезіну, өзі үшін жауапкершілікті сезукезеңі. Бұл үлкендердің қиын өміріне адаптациясының бастамасы. Бұның бәрі жасөспірімдерге үлкендерге арналған тестті толық қолдануға болатының білдіреді. Бірақ үлкендер үшін актуальды проблемалар жасөспірімдер үшін түсініксіз болауы мүмкін. Сондықтан әдістемелердің керекті кешенін тапқан кезде жасөспірімдердің жан-жақты психодиагностикасына арналған, дәл солардың жасына актуальды нәрселерге көңіл бөлу керек. Мысалыға, олар үшін терең өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ішкі нәзік сезімдердің қарым қатынастардың анализіне талпыну – бұл психологиялық проблемалар жасөспірімдер үшін ең маңызды нәрселер болып есептелінеді; екінші жағынан – бұндай сұрақтар, өмірдің мағынасы мен мақсаты, жалғыздық, өмірдің түрі мен кәсіби жетістіктер жасөспірімдерден гөрі, үлкендерді көбірек ойландырады.

Сондықтан, ерте ержетудің психодиагностикасындағы кейбір шектеулер тек тұлға мен тұлғааралық қатынастардың салаларымен байланысты тесттерге қатысты. Олардың интеллектуалдық, тану процестеріне ешқандай қатысы жоқ, бұларды зерттеу үшін ерте ержетуде ешқандай шектеулерсіз үлкендерге арналған әдістемелері мен тесттер қолданатын еді. Сол үшін интеллект тесттерде ең төмен жас шектеуі 16-17 жас деп белгіленген.

Бозбалалар мен бойжеткендердің психодиагностикасын бағалаған кезде, олардың жеке мәліметтерді үлкендерге арналған нормалармен емес, тесттен өткізілетін жасөспірімдермен жасты адамдарды сипаттайтын нормалармен салыстыру керек. 16-17 жасар балалар әлі үлкендерге толық жатқызу қиын. Балаларға үйреншікті жағдайларда тест өткізілу керек. Олар-мектептегі дәрістер, психологиядан дәрістер болуы мүмкін. Психодиагностика әдістемелерімен практикалық танысуы бағдарламаға кіреді, сол үшін тест процедурасы оған оңай енеді.

2. Жеткіншектер мен психологтың жүргізілетін жұмысы.

Жеткіншектермен жүргізілетін жұмысы осы кезеңге тән проблемаларға негізделген. Жеткіншектер кезеңі деп 11-ден 16-ға дейінгі балалардың даму кезеңін айтамыз. Бұл кезеңде өте күшті психофизиологиялық дамуы және баланың әлеуметтік белсенділігінің қайта құруы өтеді. Баланың өмірлік іс-әрекеттеріндегі барлық салалардағы күшті өзгерістер бұл кезеңді «өтпелі» етеді. Бұл жас қиыншылықтармен, ұйымдармен, кризистермен өте бай. Бұл кезеңде іс-әрекеттің тұрақты түрі, мінезінің қасиеттері, эмоциялық реакцияның әдістері құралады. Бұл кезеңде балалық көзқарас жоғалып, психологиялық дискомфорт пайда болады.

Жеткіншектер кезеңін өте жиі дамудағы диспропорция кезеңі деп атайды. Бұл кезде өзі-өзіне көңіл бөлу көбейеді, өзінің физикалық ерекшеліктеріне, айналадағылардың пікіріне реакциясы ұлғаяды, өкпелегіштігі көбейеді. Физикалық кемшіліктер жиі үлкейтіліп көрінеді.

Жеткіншектердің психофизиологиялық дамуының негізгі моменті болып жыныстық даму, жыныстық идентификация болады. Олар дискомфортты төмендегі нәрселерден сезінеді:

- эмоциялық сфераның тұрақсыздығынан ;

- ситуациялық күдіктіктің жоғары деңгейінен ;

- жоғары жүйке іс-әрекетінің ерекшеліктерінен .

Ең информативті диагностикалық әдістемелер төмендегілер болуы мүмкін:

- жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтаудың аппаратуралық әдістер;

- «Жүйке жүйесінің қасиеттерінің көрсеткіштер анамистикалық схемасы» сұраулығы ;

- Аизенк сұраулығы (жеткіншектер үшін вариант)

- В.М.Русалов темпераменті құрылымының сұраулығы (балалар үшін вариант)

- МТК (мінезбен темпераменттің қасиеттері) сұраулығы;

- темпинг тест (жүйке жүйесінің қасиеттерін Я.Стрелец темпераментінің құрылымының психо-мото-сұраулығы бойынша анықтау)

- САН сұраулығы (эмоционалдық жағдайлардың бағалау) жеткіншектің тану қабілеттерінің даму ерекшеліктері мектептегі оқудың қиындықтардың себепкері болады : оқудан қалып кетуі, адекваттық емес іс-әрекет. Жақсы оқу мотивацияға тәуелді, тұлғалық стимулдан іс жүзінде жеткіншек оқудың ешқандай қажеттілігін сезінбейді және керісінше, оқуға өте табан тіреседі.


54. Практикалық тапсырмалар
"Жаңбыр астындағы адам" әдістемесі

Графикалық әдістер көбінесе дербес жөне көмекші ретінде қүрастырылады. Мамандарда олардың нәтижесі сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалауға жөне өз бетінше елестетуге мүмкіндік береді. Сурст белгілі дәрежеде адамның жеке түлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайывдарын, қарым-қатынасын көрсетеді. Сондықтан қазіргі кезде практиктер сурет тесттерді жиі қодцанады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданғаны және олардың көмегімен қандай мөлімет алынғандығы түсінікті.

Психодиагностикада жобалау әдістемелерін пайдалану оның нәтижесінің психокоррекция барысында қолдану арқылы балаға өзінің ішкі дүниесін көреетуіне жөне өзін түсінуге ықпал жасайды. "Жаңбыр астындағы адам" әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты жөне мәліметті өдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы түру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің қасиеттері мен жеке түлға резервтерін ашуға көмектеседі.

Нұсқау

Нұсқау қарапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік Бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу үсынылады, ал бүдан кейін дәл сондай басқа параққа бөлек - жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады.

Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда, өмірдің қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттелушінің барлық әрекеттеріне назар аудару керек. Көбірск сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге қосымша сүхбатжүргізуге болады.

Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интепретацияда үсыныстарға сүйене отырып, логикалық көзқараспен барлық арнайы датальдарды талдауға болады. "Жаңбыр астындағы адам" суретін "Адам" суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқавдауға болады. Екінші суретте адамның бейнесі экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Егер адам біреуді күтіп түрғандай бейнеленсе, онда бүл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашуға да байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі қүс үшатын биіктіктен бақыланғавдай бейнеленсе).

Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеулушінің өрекеттен қашуға бейімділігі, сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.



Кескіннің өзгеруі (трансформация)

Кескіннің көлемінің үлғаюы кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбіне күшті жөне өздеріне сенімді болғавдығын білдіреді.

Кескіннің кішіреюі зерттелушінің өзін қорғау мен жақтаушылықты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адмдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге үялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нөтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.

Егер де "Жаңбыр астындағы адам" суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, қүлақ, көз) салынбаса, овда бүл қорғаныс механизмдерінің өзгешеліктерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін байқатады. Киімнің болмауы мінез-қүлықтың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.



Жаңбыр белгілері (атрибуттары)

Жаңбыр — адамдарда болатын кедергілер, жағмсыз әсерлер. Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сирек тамшылар - уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызықтар -қиын, үздіксіз жағдайлар.

Жаңбырдың қайдан "келетінін" (адамның оң немссе сол жағынан) жөне қандай бөлік көп жағдайда әрекетке дүшар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мөнімен қатысты жүргізіледі.

Қара бүлт жағымсыз жағдайларды күтү белгісі болып табылады. Бүлттар, қара бүлттардың санына, олардың мөлшерінің қалывдығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бүлт бейнеленеді.

Шалшық су, батпақ,балшық бүл үрейлі жағдайдың садцарын, "жаңбырдан" кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді. Шалшықты бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (формасы, тереңдігі, шашырандылығы). Ддам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды.

(Кескеннің артқы жаганан немесе алдьщғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта түр ма?).



Қосымша бөлшектер

Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына үстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.

Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін қүрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің басталуын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.

Қолшатырдың сырты жағымсыз нөсерлерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бйнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін. Мысалы үлкен қолшатыр — саңырауқүлақ адам — адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқүрайдылығын дәлелдеуі мумкін.

Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі өрекетінің қарқындылығын көрсетеді.

Бөлшектердің бұрмалануы мен өткізілуі

Қатысты бөлшектердің болмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы бала өміріндегі қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауын көрсетуі мүмкін.



Суреттердегі түстер

Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қалавды қолдануды қалайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шыгарузың қажеті жоқ.

Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайды да бейнелеуі мүмкін.

Жақсы бейімделген эмоциялық қалапты бала өдетке 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы бала өз өмірінде болатын эмоциялық жағдай өзгергенде қорқынышты болуын көрсетеді.



Қорытындылау кезеңі

Суреттің иктерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады, нәтижесі жүйеге келтіріледі.


55. Сабақтың тақырыбы:

Мамандық әрекеттердің психикалық процестерін анықтау үшін психодиагностикалық әдістемелердің бағытталуы.
Сабақтың тақырыбы:

«Жетістікке жету қажеттілігі» әдістемесі.

Жұмысқа қанағаттандыру бағасы.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді әртүрлі психодиагностикалық әдістемелермен таныстыру.

Оларды практикада қолдану, оқыту.
Теориялық мәліметтер:

Психологиялық анализдің қажеттілігін ескеріп, тұлғаның адаптациялық мүмкіншіліктерін бағалау керек. Әлеуметтік жұмыс бойынша маманның кәсіби маңызды қасиеттерді зерттеуге ерекше көңіл бөлу керек, әсіресе: эмпатикалық ерекшеліктеріне, коммуникативтік қабілеттеріне, төмен конфликттікке.



1 дәріс. «Жетістікке жету» әдістемесі.

Теоретикалық негіздеу. Әдістеме Ю.М.Орловпен құрастырған. Ф.Хоппе ұғымдан жетістікке жету қажеттілігі туралы түсінік бастама алады. «Мен» - деңгейі. Адам санасезімінің неғұрлым жоғары деңгейде жоғары талап деңгейі көмегімен ұстап тұру талпынуы. Кештеу бұл ұғым «жетістікке жету мотивіне» айналды. Х.Хенхаузен оны өзінің қабілеттерін жоғарылату талпынысы етіп анықтаған.

Мақсаты. Кез келген іс-әрекетте жетістікке жетудің адамның қажеттілігінің анықтау дәрежесін шығару.

Нұсқау. Ұсынылатын әдістеме тест-сұраулық түрінде болады, 23 бөлімдерден тұрады. Зерттелетін адам «ия», «жоқ» деп жауап беру керек.

Тест материалы.

1. Өмірдегі жетістік бір жағдайға, есептен гөрі тәуелді.

2. Егер мен ұнататын істен айырылсам, өмірдің мәні жоғалады.

3. Кез келген істі орындау барысы қызықтырады, нәтиже емес.

4. Адамдар, менің ойымша, жұмыстағы кемшіліктерден жақындармен нашар қатынастардан гөрі көп зардап шегеді.

5. Көп адамдар, менің пікірімше, алыс мақсаттармен, жақын емес, өмір сүреді.

6. Менің өмірімде басқа нәрседен жетістіктер көбірек болды.

7. Әрекеттік адамдардан гөрі, эмоционалдық адамдарды ұнатамын.

8. Қарапайым жұмыстың өзінде оның кейбір элементтерін жетілдіргім келеді.

9. Жетістікке жетемін деп, қорқудыда ойламаймын.

10. Менің жақындарым мені жалқау деп ойлайды.

11. Менің төмендеуімде жағдай кінәлі, өзім емес.

12. Менің ата-анам мені өте қатал бақылайды.

13. Менде қабілеттіліктерден шыдамым басым.

14. Жалқаулығым қойған мақсаттардан айнытады.

15. Өзім-өзіме сенімді адаммын.

16. Жетістікке жету үшін қауіп-қатерге ұшырауымда мүмкін.

17. Мен еңбекқор емеспін.

18. Барлық нәрсе ойдағыдай болса, менің кұшім көбееді.

19. Мен журналист болғанда, оқиғалар туралы емес, адамдардың ойлап тапқан жаңалықтар туралы жазар едім.

20. Менің жақындарым жоспарларымды қолдамайды.

21. Менің құрдастарымнан гөрі, өмірге деген талаптарым төмен.

22. Қабілеттіліктерден табандылық менде көбірек.

23. Күнделікті істерден босасам, мен одан көп жетістікке жетер едім.

Нәтижелерді өңдеу. Әр жауап үшін 1-ұпай қойылады:

«ия» -2,6-8, 14, 16, 18, 19, 21-23 бөліктер бойынша.

«жоқ» -1, 3-5, 9-13, 15, 17, 20 бөліктер бойынша.

Жетістіктерге қажеттілік (ЖҚ) «ия» мен «жоқ» жауаптарының қосындысын тең. Бағалау шкаласы 0-ден 23-ке дейін.

Нәтижелердің интерпретациясы. Неғұрлым көп ұпай жинаса, соғұрлым онда ЖҚ көп.

2 дәріс. Жұмыспен қанағаттанудың бағасы.

Теоретикалық негіздеу. Бұл әдістеме В.А.Разоновамен құрылған. Жұмыскердің тиімділігі көбінесе жұмысымен қанағаттануға тәуелді. Егер жұмыс істеуге жақсы жағдай жасалған болса, бастықпен, әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болса, айлығының деңгейі кәсіби өсуінің перспективасы бар болса, онда жұмыскер өзінің жұмысына қанағаттанып жүреді.

Мақсаты. Еңбек жағдайымен, іс-әрекеттің мазмұнымен, бастықтармен әріптестермен жақсы қарым-қатынасымен және басқа факторлармен қанағаттануды зерттеу.

Нұсқау. Зерттеу жеке және топта өткізілуі мүмкін.

Зерттелетіндерге анкетаны береді (табл.35), оларда 14 тұжырымдамалар, жауаптық 5 варианты (бағалау шкаласы 1-5 ұпай)

Әр тұжырымдаманы бағалау керек, оны шеңберге аласыз.

1 ұпай - өте қанағаттанарлы

2 ұпай - қанағаттанарлы

3 ұпай - онша емес

4 ұпай - қанағаттанарлықсыз

5 ұпай - өте қанағ-сыз.


Тест материалы.

Тұжырымдама

өте қанағат

қанағат

Онша емес

қанағ-сыз

өте-қанағ-сыз

1. Мекемемен қанағат-тануыңыз

2. Физикалық жағдайлар-мен қанағаттануыңыз

3. Жұмыспен қанағат-тануыңыз

4. Жұмыскерлердің бірлі-гімен қанағаттануыңыз

5. Бастықтың стилімен қанағаттануыңыз

6. Бастығыңыздың кәсіби біліктілігімен қанағат-тануыңыз

7. Еңбек жалақысымен қанағаттануыңыз

8. Басқа мекемелермен салыстырғанда еңбек жа-лақымен қанағаттануыңыз

9. Кәсіби жоғарлауымен қанағаттануыңыз

10. Жоғарлау мүмкінші-ліктермен қанағаттануыңыз

11. Өз тәжірибеңізді және қабілеттеріңізді қолдану-ыңызбен қанағаттануыңыз

12. Интеллектіңізге талап-тарымен қанағаттануыңыз

13. Жұмыс күнінің ұзақ-тығымен қанағаттануыңыз

14. Жұмыспен сол дәрежеде қанағат-тануыңыз, басқа жұмыс іздеуге ықпал ететін.





















1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет