Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



жүктеу 4.1 Mb.
бет4/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
Сіз өзгелермен тіл табыса аласыз ба?


Мақсаты: Қарым - қатынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйысымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.

Орындау ережесі: Төмендегі сұрақтарға “ия” “кейде” немесе “жоқ” деп жауап беріңіз.
Сауалнама.

    1. Сізді қызмет бабымен кездесу күтіп тұр. Күту сізді шаршатады ма?

    2. Ауру әбден асқынғанға дейін дәрігерге бармай жүресіз бе?

    3. Баяндама жазу хабарлама жасау сияқты іс шараларды орындау сізге қиындық тудырмайды ма?

    4. Өзіңізге таныс емес қалаға іс сапармен баруды ұсынса сіз оған бармаудың барлық әрекетін жасайсыз ба?

    5. Сіз өзіңіздің уайымыңызды басқа адамдармен бөлісуді қалайсыз ба?

    6. Көшеде таныс емес адам бір нәрсе сұрағанда( жол көрсету, уақытты айту) ашуланасыз ба?

    7. “Әке және бала” мәселесі барлығына сенесіз бе және әр жас кезеңіндегі адамдардың бір бірін түсінуі қиынба?

    8. Осыдан бірнеше ай бұрын300 теңге алып, оны қайтаруды ұмытқан танысыңыщздан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба?

    9. Ресторанда немесе асханада сізге сапасыз тамақ берді. Сіз үндемей тарелканы ашуланып сырғытып қоясыз ба?

    10. Танымайтын адаммене жеке қалғанда онымен сөйлеспейсіз және ол бірінші болып сөйлессе оны жақтырмай қаласыз. Солай ма?

    11. сізге қай жерде болмасын ( дүкенде, кітапхана, театр кассасында т.б.) ұзақ кезек күту керек болса сіз кезекке тұрудан бас тартасыз ба?

    12. талас тартыс мәселелердің қарастыратын комиссия мүшесі болудан қорықпайсыз ба?

    13. Әдебиетті өнер мен мәдениетті бағалауда сіздің өзіңізге ғана тән піәкіріңіз бар, сіз бөтен пікірлерді ескермейсіз. Солай ма?

    14. Сізге анық мәселе туралы басқа біреулердің басқаша пікір айтқанын естісеңіз, сіз үндемейсіз бе, жоқ турасын айтасыз ба?

    15. Қызметтегі сұрақтар, оқу тапсырмаларын меңгеруде басқа біреулер көмектессе, сіз қысылмайсыз ба?

    16. Сіз өз пікіріңізді (ойыңызды бағалауыңыз) ауызша айтқаннан гөрі жазбаша түрде баяндауды ұнтасыз ба?


Бағалау шкаласы.

Ия жауабы - 2 балл

Кейде - 1 балл

жоқ - 0 балл.


Нәтижесін бағалау:

Барлық баллдар қосындысы бойынша қарым қатынаста сіздің мінез құлқыңыз қандай өзгешеліктерге ие екені анықталады.

30-32 балл. Сіз ешкіммен тіл табыса алмайсыз, ешкімді менсінбейсіз, сондықтан оқшауланып жападан жалғыз жүресіз. Көкірек мінезіңіз өзіңізге де, жақын адамдарыңызға да өте қиын жағдай туғызады.Көпшілікпен араласуға және тіл табысуға тырысыңыз, өзіңіөді өзіңіз бағалаңыз.

25-29 балл. Сіз аз сөйлейсіз, томаға тұйықсыз, жалғыз болғанды қалайсыз, сондықтан сіздің достарыңыз аз. Жаңа жұмыс және басқалармен араласу сізді тұйыққа тіремесе де аз уақытқа болса да тыныштығыңызды бұзады. Өзіңіздің осы мінезіңізді білесіз және оған риза емессіз. Сіз мұндай наразылық пен шектелместен бұл мінезіңізді жеңуге күш салыңыз. Оған сіздің күшіңіз жетеді. Кейде жұмысқа беріліп кеткенде ашық жарқын болып, өзгелердің барлығымен тіл табысып кетесіз.

Сондықтан тек қана өзіңіз тұйықтығыңызды өзгерту керек.

19-24 балл. Сіз белгілі дәрежеде көпшілсіз, таныс емес ортада өзіңізді емін еркін сезінесіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды, оны орындауға шешімді тез қабылдайсыз. Дегенмен жаңа адамдармен араласуға бәсекеге түсуге пікірталастарға түсуге асықпайсыз., өзіңізді жоғары бағалайсыз, сондықтан сіздің сөздеріңізде басқаларды кекетушілік кездеседі. Бұл кемшілікті түзетуге болады.

14-18 балл. Сіз басқалармен қарым қатынасыңызды дұрыс құра аласыз. Сіз өте әуесқой, әңгімешіл адамсыз, басқаларды жақсы тыңдайсыз, қарым қатынаста ұстамдылық көрсетіп, өз пікірлеріңізді көзқарасыңызды асықпай дәлелдейсіз. Жаңа адмдармен тез араласып, тіл табысып кетесіз. Шулы ортаны ұнатасыз. Ойда жоқтағы қылықтарды, көп сөйлегенді жақтырмайсыз.

9-13 балл. Сіз ашық жарқынсыз. Өте әуесқой, сөзшең, әр түрлі сұрақтар туралы ой пікіріңізді басқаларға білдіруге құмар болғандықтан олар туралы көп айтқандығыңызсонша, кейде айналадағылар жалығып кетеді. Жаңа адамдармен танысу сізге қиын емес. Әр уақытта көпшілік ортасында болғанды ұнатасыз, ешкімнің өтініш сұранысына жоқ деп айтпайсыз, тек ол өзіңізді орындамауыңыз да мүмкін. Тез ашуланғышсыз, бірақ қайтымыңыз да тез. Егер істі өзіңіз орындағыңыз келсе, алған беттен қайтпайсыз. Жауапты мәселелерді шешуде сізге сабырлылық, батырлық, орындаушылық юетіспейді.

4-8 балл. Сіз өте епшіл көпшіл, білгірсіз.Күрделі тақырыптар басыңызды ауыртса да жарыссөздерге қатысуды ұнатасыз. Қандай да бір сұрақтарды үстіртін білсеңіз де, өз ойыңызды айтпай қалмайсыз. Барлық іс шараларға белсенді қатысып, мойныңызға алған істерді аяғына дейін жеткізе алмаса да оны орындауға белсенділікпен кірісесіз. Сондықтан да сіздің басшыларыңыз бен әріптестеріңіз сізге сенімсіз қарайды. Бұл мәселеге көңіл аударыңыз.

3 балл. Сіз ашық жарқын, көп сөйлейтін адамсыз, басқалармен өте тез тіл табысып кетесіз., бірақ бұл мінезіңізді көпшілік ұнатпайды. Сізге қатысы жоқ істердің барлығына араласып, тиісті емес мәселелердің барлығын сынап мінейсіз, сондықтан саналы және санасыз түрде айналағылардың ұрыс жанжалының себепкері боласыз. Өзіңіз тез ашуланғыш, өкпелегіш, сын көтермейтін болғаныңызға мқарамастан өзіңіз кейде ешкімнің көңіліне қарамайсыз.. жауапты жұмыстардан бас тартасыз.Әріптестеріңіздің отбасы мүшелерінің сіздің осы мінездеріңізден өте қиналатын сәттері болады. Сіз өзіңіздің мінезіңіздің жөндеуге үлкен көңіл бөлуіңіз керек. Ең алдымен өзіңізді шыдамды болуға, өзіңізді ұстай білуге адамдарды сыйлауға үйрету қажет. Сонан соң өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз, өйткені мұндай мінез құлықтар міндетті түрде із қалдырады.



2. Сіз және сіздің айналаңыздағылар.
Мақсаты:

Сіздің басқалармен тіл табысуыңызды бағалау.



Орындау ережесі: Өзгелер сізбен достсқысы келеді ме,жоқ болмаса сізден қашқақтап жүреді ме? Сіз басқалардың көңілін табуға мән бермей жүрген шығарсыз?

Осы сұрақтарға жауап беруге ұсынылып отырған тест көмектеседі. Сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз да “ а” немесе “ б” әріптерімен белгіленген жауаптардың біреуін таңдап алыңыз.


Тапсырмалар:

1.Сіз қонаққа барғанда неге көбірек көңіл бөлесіз?

А. Ыңғайлы киінуге

Б. Жағдайға қарай киінуге

2. сіз досыңыздың құмарлығын қолдамайтын болсаңыз оның сұрағына:

а. Шыныңызды айтасыз

б.бүктірмелеп айтасыз

3. Бір уақытта екі кездесуге баратындай жағдай болып қалса, қайсысына барасыз ба?

А. Бұрын айтылған кездесуге.

Б. өзіңізге ұнайтын адаммен кездесуге

4 Сіздің досыңыздың отбасындағы орын алған түсінбеушілік бойынша кеңес беру керек болса:

А. Бас тартасыз.

Б. . Сіздің ойыңызша кімдікі дұрыс екенін ашық айтасыз

5. Танысыңыз сіздің балаларға арналған телебағдарламадеп бағалайтын көрсетілім туралы үлкен қызығушылықпен пікірін айтқанда сіз оған:

А. Мен оны көрген жоқпын, көру керек екен.

Б бір рет көрген едім, бірақ ол маған ол ұнамады.

6. Танысыңыз” Жаңа машинаны өте қымбат алдым ау” – деген ойымен бөліссе, сіз шынында ол артық төледі деп есептеңіз.

А. Турасын айтасыз

Б. Жаңа машинасымен құттықтайсыз.

7. Қонақтардың біреуі сіз білетін анекдотты айтуды бастап, аяғын есіне түсіре алмаса:

А. Оны аяғына дейін жеткізесіз

Б. Үндемейсіз

8 . Атын ұмытып қалған адамды кездестіргенде:

А. Жағдайдан шығу жолын іздейсіз

Б. Есіңізге түсіре алмағаныңызды айтасыз

9. Бас қатыру немесе отбасындағы түсінбеушілік сізді мазаласа:

А. Сыр сақтайсыз

Б. Кездейсоқ адамдарға дейін сырыңызды ақтарып саласыз.
Кілті:

Берілген кілтке сай келген жауап бір баллмен бағаланады.

1А, 2Б, 3А, 4А, 5А, 6Б, 7Б, 8Б, 9А.
Нәтижесін талдау:

0-3 балл: Сіздің шыншылдығыңызды айналадағылар түсінбей қалады,сондықтан өз ойыңызды өзгелерге айудан бұрын ойланып алсаңыз қарым қатынасты проблемаларыңыз азаяды.



    1. балл: Басқалар мен тіл табысуға икемдісіз.Бірақ сіз шыншылдық білдіргенде айналадағылармен түсініспеушілік орын алуы мүмкін, сондықтан сын айтуға құмарлығыңызды басып жүріңіз.

7-9 балл: Өзгелерді өте жақсы түсінесіз, сондықтан қарым қатынас мейірімділік пен ынтымақтастық жолымен жүреді. Сізді барлығы сыйлайды, шын достарыңыз көп.

17. Сабақтың тақырыбы:

Психодиагностикалық құралдардың топтастырылуы.

Сабақтың жоспары:

Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы.

Психодиагностика әдістері және оларды жіктеу.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерге психодиагностика әдістерінің анықтамасы туралы түсінік беру және психодиагностика әдістерінің өлшемдерін анықтау.


Теориялық мәліметтер:

Қазіргі заманда ғылымға белгілі барлық психологиялық процестерін, адамның қасиеттерін және жағдайларын қамтитын психодиагностикалық әдістер пайда болып,іс жүзінде қолданылып жүр.Жаңа ғылыми ұғымдар мен олардың құбылыстарын қолдануға, ғылыми құқығының пайда болуы мен оны сипаттау, экспериментальдық зерттеуге жарайтын психодиагностика құралдарымен қатар жүреді. Ғылым ретінде психологиядағы жұмыс ХХ ғасырдың басында бір себептермен пайда болып, зерттеулер анықтағандай әдістеріне басқа ғылымдарда қолданылатын (мысалыға физикада) талаптар кең қолданылады. Олар операционализация және верификация.

Операционализация дегеніміз ұғымдағы сипатталатын құбылыс шынымен бар екеніне көз жеткізетін процедуралармен әдістерге сілтеу жасайтын талап. Операционализация кез келген зерттеуші істей алатын практикалық іс әрекеттермен тәсілдерді көздейді, зерттеуші ұғымдағы құбылыс өзіне қажетті ғана қасиеттерге ие болып тұрғанына көз жеткізу үшін керек.

Верификация дегеніміз кез келген жаңа үғым ғылыми деген статус алу үшін тексеруден өту керек. «Верификация» «тексеру» дегенді білдіреді. Мұндай тексеру психодиагностика қабылдауының көмегімен өткізіледі.

Психодиагностикалық әдістерінің көбісі бланк әдісі болып келеді. Бұл әдісте зерттелетін адамға бір қатар сұрақтар ұсынылып, оларға ауызша немесе жазбаша жауап беруі керек. Алынған жауаптарына қарап сол адамның психологиясы туралы мәлімет алуға болады. Бланк әдісі өте кең қолданылады, өйткені олардың қоданылуы оңай және алынған мәліметтерді, нәтижелерді өңдеу жағыда қолайлы. Екінші орында сұрақ әдісі қолданылады. Ауызша сұрақ қойып психолог зерттелетін адамның берген жауаптарын өңдейді. Бұл әдістің оңайлығы бланктердің дайындаудың қажеттігі жоқтығында. Бірақ бұл әдісиің кемшілігі де бар сұрақтардың таңдауда субъективті бастама бірінші орында тұрады. Бұл әдістемені стандартқа келтіру қиын. Үшінші орында психодиагностикалық суреттер әдісі қолданылады. Мұнда психологтар белгілі бір тақырыпта немесе бос тақырыпқа зерттелетін адамға сурет салдырады. Кейде зерттелетін адамға интерпретациялауға стандарттық дайын суреттер беріледі. Бұл суреттердің кейбіреулерінің мазмұнында жасырылған есептерді шешу керек.(мысалы, матрицалық Равен тесті). Бірінші мен үшінші түрлерінің екі варианты бар:

компьютерлік және қолдық. Қолдық вариантта бүл әдіс басынан аяғына дейін электрондық-есептеу техника құралдарынсыз эксперименттік материалды презентациялау және өңдеуді өткізеді. Компьютерлік вариантта психодиагностиканың келесі кезеңінде ЭВМ қолданылады. Мысалыға, мәтінді немесе суретті дисплей арқылы ұсынуға болады, ал процессорды сандық есептеулер үшін қолданады. Психодиогностикалық әдістердің ішінде жобалық әдістер бірінші орын алады. Бұл әдістер бланктық, сұраулы және суретті болады. Жылдан жылға олардың қолданылуы жиелеп келеді, осы топтың әдісі валидтік және информативтік болып бөлінеді. Келесі әдістің тобы-обьективтік-манипуляциалық. Мұндағы есептер нақты заттар түрінде беріледі, оларды жинау, жасау немесе бұзу керек. Психодиагностикалық әдістердің топтарға бөлінуіне сүйеніп, негізгі өлшемдерді анықтап, кең түрде топтастыруға болады.


18. Практикалық тапсырмалар
Басшы болуға икемділікті бағалау тесті.

_________________________________________________________________________



Мақсаты: зерттелінушінің ашық -жарқындығы мен қарым - қатынасқа икемділігін бағалау.

Орындау ережесі: ұсынылған 20 тұжырымдаманы мұқият оқып, оның әрқайсысына “иә”,немесе “жоқ” деп жауап беріңіз.
Тапсырмалар.

1. мен өзге адамды ұнататынымды ашық айтым.

2. маған достасудан гөрі қолдау көрсеткен керегірек.

3. менің жолдасымның табысқа жеткені туралы естісем абыржып қаламын.

4. достарымның алдында менің міндетімнен құқығым басым екенін сеземін.

5. өзіме - өзім қанағаттануүшін мен біреуге көмектесуім керек.

6. достарымның арасында мен ешнәрседен қам жемеймін.

7. достарым мені әбден жалықтырды.

8. мен бір нәрсе істеп жатқанымда басқалардың қарап тұрғанын ұнатпаймын.

9. мен қанша қиналсам да басқаларға көмектескеніме риза боламын.

10. досым қателессе де оны силағанымнан келісе саламын.

11. өзім жеке қалғанда қорқыныш жиі бөленемін

12. өмірдегі ең үлкен қуаныш – басқалармен қарым қатынас жасау

13. мен достарды ең жақсы және сенімділермен шектеймін.

14. көпшілік арасында болғанды ұнатамын

15. жақындарыммен ұрысып қалсам ұзақ уақыт мұңайып жүремін

16.басқаларға қарағанда менің достарым көп.

17. өзгені бағалағанда мен басқалар берген мінездемеге емес, өз сезіміммен қиялыма көбірек жүгінемін

18.мен қарым қатынастан ләззаттанудың орнына адамдардың лауазымды және қалталы юолғанына

көбірек көңіл аударамын

19.жақын достары жоқтарға жаным ашиды

20.менің жақсылық істегенімді көпшілік бағаламайды.


Кілті.

Жоғарыдағы тапсырмаларға жауаптарыңыз төмендегі кілтке сай келсе 1 балл деп бағалайсыз.

“Ия” болса: 5,6,9,11,12,13,14,15,16,19.

“ жоқ” болса: 1,2,3,4,7,8,10,17,18,20.



Нәтижесін бағалау:

10 баллға дейін – тұйықсыз, қарым қатынасқа икемсіздік білдіресіз.

11-14 баллға дейін – амбивертсіз, қарым қатынасқа икемділігіңіз орта.

15-20 балл – ашықсыз, қарым қатынасқа икемсізсіз.


2. Басшы болуға икемділікті анықтау тесті.

Төмендегі ұсынылатын тест басшы болудың жеке көрінісінң дәрежесін анықтайды.

Берілген 50 сұрақ сіздің мінез- құлқыңызды анықтау үшін берілген. 2 түрлі жауаптар бар.Сіздің пікіріңізге сәйкес келетінін таңдап алыңыз. Жаман жауаптардың жоқ екенін

біліңіз. Сұрақтарға тез ойланбай жауап беру керек.

1. Айналадағылардың назарында жиі боласыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



2. сізді қоршаған адамдардың барлғы сізге қарағанда қызметтері жағынан жоғары орында деп ойлайсыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



3. Қызметтеріңіз бірдей адаммен жиналыста бірге болғанда өз ойыңызды айту қажет емес деп ойлайсыз ба, оны айту өте керек болса да?

А. Ия Б. Жоқ



4.Сәби кезіңізде кішкентай достарыңыздың ойындарын басқару ұнайтын ба еді.

А. Ия Б. Жоқ



5.Сізге қарсылық білдірген адамның оның дұрыс еместігіне көз жеткізуден қанағаттанасыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



6.Сізді батылсыз адам деген кез болды ма?

А. Ия Б. Жоқ



7. Мынадай құжаттармен келісесіз бе? Жекелеген ұлы тұлғалардың жасағандары ғана әлемдегі ең пайдалысы?

А. Ия Б. Жоқ

8.Сіздің мамандық белсенділігіңізге сілтеме жасайтын кеңес берушіге зәрусіз бе?

А. Ия Б. Жоқ



    1. адамдармен әңгімелескенде салқынқандылығыңызды жоғалтқан кезіңіз болды ма?

А. Ия Б. Жоқ

10.Сізден айналадағыларыңыздың қорқуы сізге қанағат бере ме?

А. Ия Б. Жоқ



11.Барлық жағдайда өзіңізге көңіл аударатын және барлық жағдайды бақылауға ыңғайлы жерге отыруға тырысасыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



12.Сіздің сыртқы бейнеңізді сендіретін әсер қалдырады деп есептей ме?

А. Ия Б. Жоқ



13.сіз өзіңізді арамдаушымын деп есептейсіз бе?

А. Ия Б. Жоқ



14.Егер қоршаған алдамдар сіздің пікіріңізбен келіспесе, сіз сасқалақтамайсыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



15.Сіздің өз ұсынысыңыз бойынша жұмыс топтарын ұйымдастырған кездеріңіз болды ма?

А. Ия Б. Жоқ



16. Егер сіз белгілеген шаралар белгілі қорытындыны бермесе:

а. Сіз оны басқа біреуге тапсырғанға қуанасыз

б. Қабылданған шешіммен байоанысты барлық жауапкершілікті өзіме аламын

17. Екі пікірдің қайсысы сіздің пікіріңізге тура келеді.

А. Нағыз басшы барлық істі ұсақ түйекке дейін өзі істеу керек.

Б. Нағыз басшы басқара білу керек.

18. Қандай адамдармен жұмыс істегенді жөн көресіз.

А. Бағынышты, жуас

Б. Бірбеткей адамдар.

19.Қызу айтыстан қашқалақтайсыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



20.бала кезіңізде әкеңіздің өктемдігіне жиі ұшырадыңыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



21.мамандық туралы пікірталаста сіз өзіңіз келіспеген адамды өзхіңізге қарата аласыз ба?

А. Ия Б. Жоқ

22.мынадай көріністі елестетіп көріңіз: Достарыңыз бен орманда қыдырып жүрген уақытта сіздер жолдан адасып қалдыңыздар, кеш батып келеді.Шешім қабылдау қажет.

А. Сіз бұл мәселені топтағы ең білгір адам шешу керек деп ойлайсыз

Б. Сіз басқалардың шешіміне арқа сүйейсіз.

23. Мынадай сөз бар:” қалада екінші болғанша, ауылда бірінші бол” деген. Егер сізге таңдау керек болса, не істер едіңіз?

А. Ауылда 1 ші болу Б. Қалада 2 ші болу.



24. сіз өзіңізді басқа адамға қатты әсер етемін деп ойлайсвыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



25. Сіздің сәтсіз өткен тәжірибеңіз сізге жеке бастама бастауға кедергі кетіреді?

А. Ия Б. Жоқ



26. Сіздің пікіріңізше нағыз басшы ол:

а. Ең компетентті” өз ісін жақсы білетін)

б. Кімнің мінезі күшті.

27. сіз барлық уақытта адамдарды түсінуге тырысасыз?

А. Ия Б. Жоқ



28. Айналадағы тәртіптілікті сыйлай білесіз бе?

А. Ия Б. Жоқ



29.Басшылардың қай типі сізге құрметті болып көрінеді.

А. өзі барлығын шешетін

Б. әр кезде ақылдасып отыратын.

30. Сіздің пікіріңізше басшылардың қай типі фирманың, өндірістің жұмысына ыңғайлы?

А. Бірлесіп істейтін тип

Б. Авторитарлық тип

31. Сізді жиі пайдаланып кетеді деген әсер сізде жиі боладыма?

А. Ия Б. Жоқ



32. сіздің бейнеңізге қай портрет жақын?

А. Қатты дауыс, шапшаң қимыл, сөз үшін қалтаға түспейсіз.

Б. Бәсең дауыс, асықпай жауап беру, өзіңізді бақылап қимылдау, ойлы көзқарас.

33. Жұмыс жиналысында сіз бір өзіңіз басқаларға қарама қарсы ойдасыз, бірақ сіз өзіңіздің ойыңыз дұрыс екеніне сенімдісіз. Өзіңізді қалай ұстар едіңіз?

А. Үндемей қоя саласыз

Б. өзіңіздің ойыңыз дұрыс екенін дәлелдейсіз.

34. Сіз туралы басқалардың қызығушылығын өз мақсаиына пайдаланады деп айтады ма?

А. Ия Б. Жоқ



35. Егер сіз бір іске үлкен жауапкершілікте болсаңыз, онда сіз үрей қорқынышты сезесіз бе?

А. Ия Б. Жоқ



36.Өзіңіздің кәсіби мамандығыңыздан не күтесіз?

А. Біреуге бағыну.

Б. Тәуелді болу

37.сіз қалай қарайсыз. Жанұяның бақытты болуына маңызды сұрақты ерлі зайыптының біреуінің шешкені длұрыс па?

А. Дұрыс


Б. Дұрыс емес

38. сізге керек емес нәрсені біреудің сөзіне сеніп сатып алғансыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



39. Сіз өз ұйымдастырушылық қабілетіңіз ортадан жоғары деп ойлайсыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



40. Қандай да бір сәтсіздікпен кездескенде өзіңізді қалай ұстайсыз?

А. Сәтсіздіктен есім шығады

Б. Сәтсіздік жылдамырақ қимылдауыма көмектеседі.

41. Қызметтес жолдастарыңызға( курстастарыңызға) кенеттен кінә тағасыз ба, егер де ол кінә оған лайықты болса.

А. Ия Б. Жоқ



42. Сіз өзіңіздің жүйкеңізді өмірдің тауқыметіне шыдайды деп ойлайсыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



43. Егер сізге қайта құруды орындау керек болса,сіз қалай орындайсыз?

А. Дереу өзгеріс жасаймын

Б. Біртіндеп эвалюциялық өзгеріс енгіземін

44. Сіз өте мылжың адамды керек кезінде әңгімесін бөле аласыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



45. Сіз мына ұғыммен келісесіз бе:” бақытты болу үшін, елеусіз өмір сүру керек”.

А. Ия Б. Жоқ



46. Әр бір адам өзінің адамгершілік қасиетімен көрнекті іс жасау керек деп ойлайсыз ба?

А. Ия Б. Жоқ



    1. Сіз бала кезіңізде кім болуды армандағансыз (мына мамандықтар бойынша)?

А. әйгілі суретші, композитор, ақын

Б. Ұжым басшысы



    1. қандай әуенді тыңдағанды ұнатасыз?

А. Салтанатты,қуатты, күшті

Б. Мұңлы лирикалық



    1. Сіз маңызды адамдармен кездескенеде қобалжисыз ба?

А. Ия Б. Жоқ

    1. сіздің ерік күшіңізден күштірек адамды жиі кездестіресіз бе?

А. Ия Б. Жоқ

Нәтижесін талдау:

Сіз 1,2,4,5,7,10,11,12,15,20,21,22,23,24,26,28,31,32,33,34,37,39,41,42,43,44,46,48-ші сұрақтардың “А” жауабы 0 баллдан, 3,6,8,9,13,14,16,17,18,19,25,27,30,35,36,38,40,45,47,49,50-ші сұрақтардың “Б” жауабына 1 баллдан есептеулеріңізге болады. Барлық баллдарды қосыңыз.

25 және одан төмен – жетекшілік қасиетіңіз әлсәз білінеді.

26-35 балл – жетекшілік қасиет белгілі бір дәрежеде көрініс береді.

36-40 балл – жетекшілік қасиет күшті жоғары көрсеткішке ие.

40 баллдан жоғары – үстемділікке бейімділіктің көрсеткіші.


2. Сынып ұжымын зерттеу бағдарламасы

  1. Сынып ұжымы , топ туралы жалпы мәлімет ( оқушылардың саны , оның ішінде қыз және ұл балалар саны, жас ерекшеліктері, сыныптағылар неше жылдан бері бірге оқиды, жаңадан келгендер, жетекшілерінің өзгеріп тұруы, т.с.с. );

2 Сынып оқушыларының ұйымшылдылығы: өзін-өзі басқару деңгейі , сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарды орындайтындығы;

3 Сынып ұжымының оқу іс-әрекеті. Сыныптың жалпы үлгеріміне мінездеме ( кейбірн оқушылар үлгерімінің жеке бақылауға алынуы, оқу процесінде оқушылардың өзара көмек көрсетуі, оны ұйымдастыру түрлері );

4 Оқушылар ұжымының өзіне өзі қызмет көрсетуі, оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардағы орны. Жұмыстардың түрі. Жалпы еңбекке деген көзқарасы;

5 Оқушылар ұжымының қоғамдық -пайдалы , өндірістік іс-әрекеті:

А) сыныпта тапсырмалардың бөлудің түрлері ( үнемі немесе кезектесіп )

Б) Сыныптағы оқушылардың белсенділік деңгеиі, майталмандардың тұрақты немесе уақытша болуы;


  1. Сыныптағы оқушылардың өзар қарыым-қатынастарының ерекшеліктері :

А) балалардың ұйымшылдығы ( сыныптың жетістіктері мен кемшіліктері оқушылардың бірлесіп жұмыс жасағанды жақсы көруі, ер балалар мен қыз балалардың бір-біріне өзара көмегі және олардың ішкі негізі, сыныныптың ортақ іске деген қызығушылығы;

Б) жеке оқушылардың эмоционалдық жағдайы;



В) оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасының ерекшеліктері ;

  1. Ұжымдағы дәстүрлердің қалыптасқандығы;

  2. Ұжымның бос уақытты өткізуі, рухани, споттық өмірі, балалардың ой-өрісі ( интеллектуалдылығы ) , көркемөнер, шығармашылық кештер, компьютерлік сауаттылығы, т.с.с. көрсеткіштер бойынша бағалау.

Осы бағдарлама бойынша жиналған мәліметтерді ретке келтіріп бағалау үшін бағалауға келесі көрсеткіштерді пайдалануға болады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет