Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



жүктеу 4.1 Mb.
бет7/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Үлкендік




Үлкендік





Балалық Балалық


Қатынастар диаграммасында көрсетілгендей, қарым-қатынастың позитивті аяқталуына пареллель трансакциялардың ықпалы зор. Ал қайшылас жүретін трансакциялар көп жағдакйда ұрыс- керіске, дау-дамайларға, қарым-қатынастың негативті аяқталуына алып келеді, нәтижесінде көптеген бүркемелі трансакциялар туындайды.

3.Ойындарды талдау

Трансактілік таклдау - стандартты хабарларда қайта-қайта өндірілетін және өзара түсінушілікке жиі кедергі болатын коммуникацияның стериотипі ( қылықтар стериоптер) тізбектерін зерттеу. Осындай қылықтар стереотиптерінде ойындар негізгі орын алады. Ойындар бұл трансакцияның стандартты тізбектері болып табылады. Ойындар спотандық ашық қарым-қатынасқа қарсы қойылады. Көптеген ойындар адамның шынайы көңіл көтеруіне бағытталған. Барлық ойындар барысында барлық әрекеттер мен эмоциялар ережелерге, келісімге негізделген болуы керек.

Ойындар белгілі бір “сый- құрметке бөлену”,ішкі кернеуді жеңілдету үшін , уақытты өткізу үшін жүзеге асырылады : ішкі эмоционалдық зорлану жағдайынан шығу, уақытты реттеу және т.с.с.

Трансакциялық талдау барысында ойындардың үш түрі ( типі) қолданылады :

1. Құрбандық жасау ( ымырашыл басшы өзін-өзі құрбандыққа келтіргендей болып отырады )

2. қудалаушы ( авторитарлы басшыға тән )



  1. құтқарушы ( демакратия жолымен басқаратын басшы ).

Трансакция арқылы адамдар өз уақыттарын реттеп, оны үнемді пайдаланады. Трансакцияны ұйымдастыру барысында ойын арқылы уақытты реттеудің 6 тәсілі анықталған. Осы тәсілдерді қолдану арқылы әр адам өз рөлін қалай атқарып жүргені жан-жақты талданады.

- түйсініп қалу тәсілі ( шет жүрушілік), қарым-қатынастан қашқақтап, трансакциямен алмасудан бас тартады;

- ритуалды кездесу тәсілі, бұл жағдайда уақытты өтшкізу реті, қолданылатын әдістері толық қалыптасқан салт-дәстүрге сай алдын ала болжамдалған. Қарым-қатынасқа түсушілердің барүлығы алдын ала кім не істейтінін біледі, сондықтан қатынас барысында қақтығыс болады – ау деген қорқыныш пен тәуекелшілік орын алмайды. Ритуалдық қатынасқа түсушілер - бірін-бірі түсініп қабылдағандар.


  • іс-әрекет тәсілі – қоршаған обьектілеріне мақсатталған әркеттер көмегімен уақытты ретке келтіру. Бұған іскерлік кездесулерді, сабақ жүргізу, кітап жазу , емтиханға дайындалу, киім-кешекті тазалау, ыдыс жуу, және т.с.с. жатады.

  • Ермекпен уақыт өткізу тәсілі. Э.Берннің айттуынша: “ тек бақытты адамдар ермектік трансакцияға дайын болады. Олардың ешқандай жалтармалы мағынасы жоқ, жартылай ритуалды трансакцияларға жатады. Невротиктер бос уақытын ермекпен өткізе алмайды.

  • Ойын арқылы уа,қытты реттеу тәсілі. Ойын дегеніміз - бір-бірін толықтыратын, алдын ала немен аяқталшатынын болжамдауға болатын трансакция. Ойын барысында өзін қолдауды қажетсініп жүргендер, бірақ өз тұлғалық жакғдайын төмен бағаклайтындар осы қажеттілікті қанағаттандыруға толық мүмкіндік алады.

  • Жақындасу тәсілі көбінесе уақытты өткізудің алғашқы бес тәсілінен бас тартқандарға тән. Трансакцияға түскен партнерлар “Мен – жақсы”, “Сен - жақсы” деген пощзи цияны ұстан,ады. Осы қатынас барысында бір-бірімен көріскенше қуанышын білдіруге ешқандай ритуалдық әрекеттер жасауды талап етпейді, сондықтан партнерлар қысылып-қымтырылмай , өз-өзін емін-еркін ұстайды.

Әр адам өз уа,қытын тиімді пайдалану үшін неше түрлі шаралар пайдаланакды, осы шаралавр жиынтығын бағдарламау деп атайды. Трансакция барысында әр адам өз уақытын 3 фактор бойынша бағдарлап реттей алатын болуы керек : материялық факторлар – қоршаған обьективтік болмыспен қатынастың өзгеруіне байланысты, бағдарланудщың әлеуметтік факторлардың орын алуын қалыптасқан салт-дәстүрді күнделікті пайдаланумен ( мысалы, сәлемдесу ритуалдары) байланысты, жекелік факторлар - уақыт өткізуге көзққарасына байланысты орын алады.

  1. Сценарийлерді талдау

Ойындар трансакциясы өте күрделі және үлкен ансамбілінің бір көрінісі болып табылады. Ол ансамбль сценарийлер деп аталады. Сценарийлерді талдау – бұл өмірді қалай сүру жайлы ертеректе, бейсана түрде қабылдаған шешімдерін табу әдісі. Трансакцияның бұл құрамды бөлігінің басқа маңызды аспектісі пассивті жүріс-тұрысты зерттеу болып тәркіленеді. Бұл жерде әрекетсіздікті емес, шешім қабылдаудан қашу деп түсініледі. Адамның барлық іс-әрекеттеріне өзін және басқаларды бағалау модалдығы өмірге деген позициясы әр адамның өзінің өмір сценарийімен байланысты дамиды.

Адамның әр түрлі жағдайдағы мінез – құлқы мен өмір сүруге деген көзқарасы кішкенгтай кезінде қалыптаса бастайды. Отбасындағы мінез-құлық стериотиптері баланың тек өмір сүру салтын ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оның ой-өрісін де анықтайды. Сондықтан трансакция барысында әр клиенттің өмір сценарийі талданады. Трансакциялық талдау бойынша адам өмірі бірнеше кезеңге бөлінеді. Әр кезең өмір сценариіне өз үлесін қосады.

Осы кезеңдерде адамдардың мінез-құлық, оның позициясы өзгере береді. Бірақ ол өзгерістердің сценарийін ата-аналар, сол адамды қоршаған үлкендер бағдарламалап қойған және оның өмірлік позициясын құрған. Позиция – бұл акдщамның қоршаған дүниеге және өзіне деген қатынастар базасында қалыптасатын, интегралды екі аспектілі нұсқау болып табылады. Осы концепция бойынша жеке адамнның қалыптасуы бірнеше кезеңде жүреді.

Адам өмірінің кезеңдері

Әлеуметтік туу.

( мектептің бірінші сыныбында )



Психологиялық туу.

( алғаш сипап сезуі)

Жаттықтырушылық

Физикалық туу.

( бірінші дем алуы)


Жасушалы тууы.

(балак бітуі)




Осы кестеде көрсетілгендеукй өмір кезеңдері бала бітуінен басталады да, ананың бала бітуіне көзқарасы оның болашақ концепциясын құра бастайды. Біртіндеп өмір кезеңдері осы позицияға өз үлесін қосады.

Жеке адам позициясы сол бағдарлама бойынша құрылады, қалыптасқан көзқарас екі аспектіден тұрады.


  1. Обьективтік көзқарасқа болмысқак көзқарасы

  2. Өзіне-өзі көзқарасы

Пеозиция бір қалыптасқаннан соң оны бұзу өте қиын. Ол үшін саналы түрде өзінің позициясының дұрыс емес екенін түсініп, басқа позицияға өту туралы шешім қабылдакуы қажет. Әр адам жақындасу теориясын қабылдағаннан соң оның өмір сценарийін талдап, өмірге деген көзқарасын анықтап, позициясының қай нұсқада екенін көрсету қажет.

Трансактілік талдау концепциясы бойынша даму барысында адамның мінез-құлық сценарийінің бакғдарламасы жасалады да оның өмірлік позициясы анықталады.

Қарапайым екі жақты позициялар бұл “ Мен” және “Сен” болып саналады. Олардың 2 модалшьдығы бар :


  1. Позитвті ( қысқаша түрде былай белгілейміз - “+”.

  2. Негативті ( сәйкесінше – “-“.

Осы белгілер бір-бірімен қосылған уақытта 4 түрлі варианттағы басқа адамды қабылдау көрініс береді :

1 Мен “-“ Сен “+” ( Мен жаман”, “Сен жақсы” деп бағалау позициясы ) . Психологиялық бұл депрессивті позиция болып табылады және ол әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі кемсітуді білдіреді. Кәсіби іс-әрекетте көбінесе бұл позиция әртүрлі адамның өзгелер алдында саналы түрде өзіне кемсітуіне түрткі болады.

2.Мен “-“ – Сен “-“ ( “Мен жаман”, “Сен жаман” деп бағалау позициясы). Бұл позиция адамды үмітсіздікке , болашақтан ешқандай жаққсыңлықтыв күтпеуге алып келеді. Осындай өмірлік позицияны қабылдау үлкендіктің психикалық дамудың бәсеңденуіне немесе тоқтап қалуына да алып келеді. Бұл болашақтан борлашақтан үміт үзу позициясы болып табылады.


  1. Мен “+” – Сен “-“ ( “Мен жақсы”, “Сен жаман” деп бағалау позқициясы).

Бұл позиция басымдық сезім туғызады, адам өзін өзгелерден артық санап, ешкімді менсінбей, мен-мен болып кетеді. Бұл позиция біреуден құтылу қажет болған жағдайға сай келеді. Бұл позиция көбінесе бейдарын,орташаларға тән.

  1. Мен “+” Сен “+” (“Мен жақсы”, “Сен жақсы” деп бағалау позициясы).

Бұл өмірлік позиция ерте барлық шақтак бейсаналы деңгейде қалыптасады және барлық уақытта табысты болу мотивациясы жетекші болады. Бұл позиция сапалы деңгейде қабылданады. Онда адамның өзі және басқа адамдар жайлы көптеген мағлұматтар бейнеленеді. Бұл позиция өзіне және сау адамның позициялары болып саналады.

Қорыта айтқанда трансакциядан мыналар көрінеді :



  • әр адам келіп жатқан мағлұматты 3 канал бойынша, яғни Э (эмоционалдық) ,т Ж (жауап реакция) және Е ( еріктік) каналдары қабылдайды және әсерленеді;

  • эмоцияналды канал (Э) - өте тез әсер ететін канал. Е каналы бойынша реакция ерік және физикалық күш-жігерді талап етеді;

  • паралель бағытталған мағлұматпен алмасу көп жағдайда гармониялық қатынасты дәлелдейді;

  • қайшылас трансакциялар қақтығыс жағдайлар туғызады;

  • Ж канал бойынша жауап реакциясы түрткі сигналдарға байланысты. Әңгімелесуші түсінбеген бүркемелі трансакциялар дау-дамаймен аяқталуы мүмкін болатын жазықсыз қарым-қатынасқа алып келеді.

  • Трансактілік талдау нәтижесінде зерттелінушінің қарым-қатынас мәдениетіне, оның жан дүниесіндегі үш негіз : “Ата-аналық Мен”, “үлкендік Мен” және “Балалық Мен” әсерлерін анықтау, олардың оң және теріс әсерін, қайшылық және сәтсіздікке жетелейтін түрлерін талдау арқылы әр адамға өзімен-өзі гармонияда болу жолдарын тауып беру болып табылады.

Трансакция элементтерін мектеп психологы оқушылардың қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыруға және өмір сүру сценарийіндегі, қарым-қатынас моделіндегі кемшіліктерді коррекциялауға қолдануға болады: Қарым-қатынас бір-бірін тану және қабылдауы ретінде ( қарым-қатынастың персептивтік жағы ) талданғанда бір адам ( бақылаушы) басқа адамды ( бақыланушы) қабылдауы жалпы түрде қалай өрістейтінін қарастырғанда бақыланушыны қабылдау тек оның сыртқы кейіпі ( физикалық сапалары мен сыртқы келбетінің безендірілуі) және жүріс тұрысы ( істеп тұрған әрекеттерімен экспрессивті реакциялары). Бұл сапаларды қабылдай отырып, бақылаушы белгілі амалдармен оларды бағалайды және қарым-қатынастағы партенрдің ішкі психологиялық қасиеттері туіралы кейбір ой тұжырымдарын жасайды ( көп жағдайда бейсаналы түрде) . Бақыланушы мінездемесіне тіркелген қасиеттердің жалпы саны оған белгілі қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді ( бұл қатынас көбінесе эмоционалды сипатта болады және “ ұнайды-ұнамайды” деген шешімнің шегінде орналасады). Жоғарыда атап өткен феномендер әлеуметтік перцепцияға жатқызылады.

25. Сабақтың тақырыбы:

Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.
Сабақтың жоспары:

Жалпы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.

Арнаулы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге жалпы және арнайы қабілеттер және олардың дамуы туралы түсінік беру. Психодиагностикалық қабілеттердің қолдану салаларымен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Жоғарыда аталған шарттардың негізінде адамның ең маңызды арнайы қабілеттіліктердің оптимальді даму жолдарын қарастырайық: математикалық, лингвистикалық, техникалық, педагогикалық және ұйымдастырушылық.



Матеметикалық қабілеттер – қазіргі математика әртүрлі саланың білімдерінен тұратын кең ұғым, сонымен қатар оларды практикада қолдана білу. Жалпы және арнайы математикалық қабілеттердің құрамына кіретін жекешеленген қабілеттердің ішінде математикалық ұғымды анықтау мен ойды нақты математикалық түрде тұжырымдауды айтуға болады; гипотезаларды құрып, логикалық ретімен оларды дәлелдеу; математикалық ұғымдармен тұжырымдамалардың арасындағы байланысты көре білу; бір математикалық есептің бірнеше шешуін таба білу; сандық қатынастарды анықтап , математикалық түрде сипаттау. Бұл салада жоғары деңгейге жету үшін ерекше қабілеттер барлық адамдарда бірдей табыла бермейді.

Лингвистикалық қабілеттер – тілді білу мен сөйлеудің дамуында көрінеді. Сөйлеуде ауызша және жазбаша түрде, монологиялық және диалогтық түрде анықталатын қабілеттерді қарастыруға болады. Тіл біліміне келетін болсақ, лексика, грамматика, марфология, стилистикаға қатысты информацияны меңгеруді айтамыз.

Ауызша сөйлеу дегеніміз тыңдау, сөйлеу, қарым–қатынас қабілеттерін қажет етеді. Жазбаша түрі стилистикалық дұрыс, көркемді, нақты, рациональды және эмоциональды түрде өзінің ойын жазбаша түрде көрсете алатындықты қажет етеді.

Монологтық сөйлеу ішінен ойлау мен ойды практикалық түрде көрсете білуіне, ал диалогтық- өз ойы мен сезімдерді басқаларға жеткізумен байланысты, бұған ақпарат алмасу қабілеттері де кіреді.

Лингвистикалық қабілеттерді дамыту үшін көп оқып, басқалармен араласып, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырып, публиканың алдында сөз сөйлеу керек. Егер басқаларды түсініп, олардың өзіңе деген реакцияларын бағалай білсеңіз, тек сол кезде ғана сіз, өз ойларыңызды нақты және қысқа жеткізіп, ауызша сөйлеуді жақсы меңгересіз, егер басқаларды түсініп, өзінің сөздеріне басқалардың реакцияларын бағалап, өз ойларыңызды нақты және қысқа айта білесіз. Сонымен қатар коммуникацияның паралингвистикалық компоненттерін пайдалана білу керек – мимика , пантомимика , қолмен қимылдату (жест)



Техникалық қабілеттердің дамуы көптеген жағдайларға тәуелді: физика заңдарын білуден, әртүрлі материалдарды өңдеу әдістерін және қасиеттерін білуден, әртүрлі приборлар, құралдар, машиналармен қолдана білу, сызу сызып оны оқып білу, техникалық құжаттарды оқып білу және т.б. Бұл қабілеттердің барлығы жас кезінен баланың әртүрлі құралдармен пайдалана білуден басталады: қайшы, пышақ, балға, сызғыш, отвертка және т.б.

Техникалық қабілеттерді дамыту үшін әртүрлі приборлар мен машиналардың істеу принципін, ішкі құрылысын шашып, қайта жинауды білу керек.



Педегогикалық қабілеттер педагогикалық теория мен практиканы білуден, педагогикалық психологияда, әртүрлі жастағы адамдарды дұрыс оқытып тәрбиелеуде көрінеді. Адамда педагогикалық қабілеттер ойындарда дамиды, мысалы бала мұғалім болып ойнайды, мектепте өзінің құрдастары мен мұғалімдермен араласқанда, жанұяда – кіші інілерімен қарындастарымен қарым-қатынасында көріне бастайды.

Ұйымдастыру қабілеті адамның басқалармен бірге әртүрлі есептерді табысты шешу үшін ұйымдастыра білуде көрінеді. Ең алғашқы қабілетті болып, лидер болудағы мақсаты, басқаларды меңгеру, психологиялық ықпал ету болып табылады. Екіншіден, сол адамның практикалық ойлауы шешуші болады. Әрбір қиын жағдайдан тез арада оптимальдық шешім таба білгендігі болады.
26. Практикалық тапсырмалар

Есте сақтау процесін зерттеу әдістемелері.

Үшінші-төртшші сынып оқушыларының таным процестерін диагностикалау және дамыту.



Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетінің даму деңгейін анықтау және ес процестерін жетілдіруге ықпал жасау. Есте сақтау қабілетін зерттеуге қолданылатын әдістемелер өте көп. Мысалы ретінде сандар қатарын есте сақтау өдістемесін келтіреміз.

Бірінші тапсырма.

Орындау ережесі: Оқушыларға тесті орындау тәртібі түсіндіріледі: "Мен сандар қатарын асықпай оқып беремін. Оларды ретін бұзбай есте сақтау керек. Бұл сандар — бірінші қатар сандары болады. Екі-үш секунд өткеннен соң мен екінші қатардағы саңдарды оқимын. Олардың көптігі тура бірінші қатардағыдай. Жаңа оқылған қатардағы бірінші санды бұрын оқылып, есте сақталған қатардағы бірінші санға қосындар.

Сол сияқты екінші қатардың екінші санын бірінші есте сақталған қатардағы екінші санға, ал үшіншіні — үшінші санға, төтіншіні -төртінші санға қосыңыздар. Барлық амалдарды ойда орындап болғаннан соң нәтижелерін берілген параққа жазындар".

Сандар бір секунд үзіліспен оқылады.

Сандар қатары:

1-ші вариант.


  1. қатар: 3 15 2

  2. қатар: 2 4 2 3
    Нәтижесі: 5 5 7 5
    2-ші вариант.




  1. қатар: 2 3 9 8

  2. қатар: 13 2 4
    Нөтижесі: 3 6 11 12

Санның ретін бұзу немесе басқа санды жазу қате деп есептелінеді.

Екінші тапсырма.

Ес көлемін өлшеу үшін 15 ондық сандар оқылады. Әр сан арасында бір секунд уақыт өткеннен соң келесі сан оқылады.



Бірінші қатар:

16, 72, 98, 53, 46, 29, 14, 93, 48, 32, 51, 74, 26, 69, 19.



Екінші қатар: бұл тапсырма сол тәртіппен орындалады.

23, 17, 43, 12, 29, 94, 67, 11, 48, 60, 37, 41, 74, 53, 96.



Бағалау шкаласы:

Реті бұзылған, ұмытылған сандар қате болып есептелінеді.

7-10 ес көлемі жақсы;

4-6 ес көлемі орта;

2-3 ес көлемі төмен.

Бұл көрсеткіштерге баланың ден саулығы, эмоционалдық жағдайы, шаршауы әсерін тигізуі мүмкін. Сандармен амалдар жүргізетін жаттығулар ес операцияларын, ойлау процесін жетілдіруге үлкен әсері бар. Сондықтан, бірнеше вариантын жасап алып қайта-қайта өткізіп түруға болады.



2. Зейінді зерттеу және дамыту әдістемелері. Бурдон тесті.

Мақсаты: зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау.

Орьшдау ережесі: "5 минут ішінде осы кестедегі әріптерді қатар бойынша оқып, "с", "қ", "ә" өріптерін былай етіп "/с", "/қ", 7 ә" сызып таста. Әр бір минут аяқталғанда (оны психолог айтып отырады) келген жеріңе белгі қойып, жұмысыңды одан әрі жалғастыра бер. 5 минут өткеннен соң нәтижесін бағалаймыз".

Тапсырманы орывдау барысывда балаларға қосымша тапсырма берудің және тапсырманы орындау ережесін қайта түсіндурудің қажеті жоқ. Тапсырмаларды орындауға берілген 5 минут уақыт аяқталғаннан соң орындау парақтарды жинап алу керек.


Баеалау шкаласы:

Әр минутта қарап шыққан өріптер көлемі жөне қате сызылған өріптер саны анықталады. Қате сызылған әріптер саны қарап шаққан қатар санына бөлінеді. Осы қатынас қанша көп болса, бала зейіні сонша төмен бағаланады.



Тапсырмалар парағы
С х қ е х а р с т у л ә с қ ж ф в д л қ ә ө т с я с в к е қ г ұ ш а і ы с м ә ы ф ж қ а с ч о р п к ә ң ж ю л д ң ә с қ о г і и м ы ж ғ ә с в п и н г қ з ш ғ с е а ә в д с щ қ н е х ф қ с ә б д л о р п қ і ә д ж б о с в п р и ғ р ә ф д ш о ө р қ е н ә я ч к е і с м қ р л ә в ж з о қ п л ы в ә с б э ч ә и п с ы д э п н і г у қ ш о л н г ә м л ы ф ч с п и в ш б ұ қ і ғ а с е п и т ы ю л ә і ң а ғ п с м и н р г ш қ ұ о г ц ң ә с ч в а о л ө л о ш қ ұ р н з в а т с ә в ы ф ч с б д о п щ г ұ т қ д ц е ә п к г т с и п э г ә в ц қ з ы е п с р п н ә з в қ ұ и м с г д в ә с ы ц й х қ б ә о р с н е к ә қ д л о з у ә л а ф қ ө ғ ң с б ш л ә и р а ө т и с қ г о р д а н ш ө т и б с я в ф ө қ ұ ү ғ ң д ө э ю я ф ы в с о у х з қ л к е ө т и д с в ж д л ә ш л н қ р п а ұ с а к ғ н ә і қ т и с г н ж ә п н қ а м қ н и р с и д г ә с в қ л ш г ә ы в с д л о э с л қ н е а қ о т в ә м д с щ н г о ц с ң с о т и қ р н ұ қ т ш і ә м с х б л ә т ш с қ о н р а е ә қ о р т и қ с а д л қ о н ә т р ы н л ә о ы ш қ и х з с ч і ә г н қ п а ц қ с м а с у а н ш қ э д ә ф о а н қ и д с в а о г з х у ш к қ с в д л т р ә в қ ш ы қ ө о д с ң н г ә в з х қ т о г ә м к ы қ т в с э ә ч я қ а д л е қ т р в

3. "Қызыл-қара кесте" тестінің модификациясы.

Мақсаты: зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аудару қажетті уақытты анықтау және осы процесті дамыту.

Бұл әдістеменің екі модификациясы қолданылады. Біріншісінде сандар қара және қызыл болып жазылған.

Ал екінші модификациясында қызыл санның орнына шеңбердің ішінде жазылған сандар қолданылады. Келтірілген кестенің "А" варианты 5-10 жас аралығындағы балалар зейінін өлшеуге және дамытуға қолданылады., "Б" варианты 11 жастан бастап үлкендерге дейін барлық жас кезендеріне арналған. Бұл кесте модификацияларьш психолог үлгі бойынша өзі жасап алуына болады. Кесте размері жөне түр-түсі берілген үлгіге сай болуға тиісті (кесте үлгісі 2-суретге берілген).




Орындау ережесі.Бұл тестің зейін аудару уақытын өлшеумен




ззззззз

осы процесті дамытуға тшізетін өсері өте үлкен. Сондықтан оны көрсетілген ретімен үш кезенде орындатқан дұрыс болады.

1-ші кезең. ПІеңбер ішіндегі сандарды тез, ретімен тауып, оларды дауыстап оқып жөне көрсетіп беру.

2-ші кезең. Шеңберсіз сандарды тез, ретімен, дауыстап оқып, оларды тауып беру.

3-ші кезең. Бір санынан бастап шеңберсіз және шеңбер ішіңдегі сандарды кезегімен атап, олардың кестеде орналасқан жерін көрсетіп беру. Мысалы: "бір-бір шеңберлі, екі-екі шеңберді т.с.с." Әр тапсырманы орындауға жіберілген "уақыт секундомермен есептелінеді.

Баеалау шкаласы:

1-ші және 2-ші кезендегі тапсырманы орындауға жұмсалған уақытпен 3-шісіне кеткен уакыттың айырмашылығы зейінді бір іс-әрекеттен екінші түріне аударуға қажет уақытты көрсетсді.

1, 2-тапсырма — 55 секундта орындалса — жақсы; 3-тапсырма — 90 секунд — жақсы; Көрсетілгеннен көп уақыт — орта жөне төмен деп бағаланады.

Жаттығуды 1-2 күнен кейін қайта орындату қажет. Бала бірнеше рет орындағаннан кейін темен нәтиже көрсетсе оның денсаулығы немесе психологиялық жағдайы нашар болып жүргенннің белгісі болуы мүмкін. Сондықтан ол баланы жеке диагностикалап, жаттығудың дамытулық әсеріне не бөгет болып тұрғанын анықтап алу керек және түзету шараларын қолдану қажет.




27. Сабақтың тақырыбы:

Жалпы және арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.
Сабақтың жоспары:

Жалпы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.

Арнаулы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге жалпы және арнайы қабілеттер және олардың дамуы туралы түсінік беру. Психодиагностикалық қабілеттердің қолдану салаларымен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Адам шұғылданатын қанша іс-әрекеттер болса, сонша арнайы қабілеттер бар. Бұл іс-әрекеттердің ішінде әсіресе қиын және кең таралғаны. Егер осыған сәйкес қабілеттер болса және олар үнемі дамып тұратын болса,осы жағдайда ғана адам осы іс-әрекеттермен шұғылданады. Бұл жерде біз ғылыми, техникалық, көркемсурет – шығармашылық, ұйымдастыру іс-әрекеттері туралы айтамыз.

Адамның әрбір іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар, олар белгілі бір қабілеттіліктерді қажет етеді. Мысалы, ғылыми іс-әрекет математикамен ,физика , биология және т.б. пәндермен байланысты , қоғамдық пәндермен (тарих, философия, экономика, құқық және т.б.), гуманитарлық пәндермен (антропология, психология, педегогика және т.б.). Техника саласындағы шығармашылық іс-әрекет әртүрлі машиналарды шығаруға қатысты (ЭВМ, космос аппараттары, байланыс құралдары, транспорт және т.б.).

Көркемдік шығармашылықта түрлер одан да көп: әдебиет, театр, кино, телевидение т.б. Жоғарыда аталған іс-әрекеттердің барлығы адамда жоғары дамыған арнайы қабілеттіліктерді талап етеді.

Осы қабілеттіліктерді жақсы дамытуға арналған жалпы шарттарды қарастырайық.

Бірінші шарт.

Іс-әрекетке сәйкес жүйелі түрде өткізілетін дәрістерге адамда тұрақты қызығушылық үнемі болу керек. Егер бұл мотивация (себеп) болмаса, онда ешқандай қабілеттер дамымайды.

Қызығушылық – адамды белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға итермелейтін, керекті арнайы қабілеттерді дамытатын негізгі шарт. Бос жерден ешқандай қызығушылық пайда болмайды, тек іс-әрекетке сәйкес өткізілетін дәрістердің барысында пайда болып, дамиды.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет