Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



жүктеу 4.1 Mb.
бет8/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Екінші шарт.

Қабілеттілікті тек қатаң мінез, жігерлік пен қиындықты жеңу арқасында ғана дамытуға болады. Қиындықтардың ең негізгісі адамда алғашқы қабілеттердің жоқтығы болып есептелінеді.



Үшінші шарт.

Белгілі бір іс-әрекет түрінің дәрістеріне деген жалпы қабілеттердің болуы. Элементарлық жалпы қабілеттерге жақсы жады мен дамыған интеллект жатады.



Төртінші шарт.

Жұмыс істеу қабілеттілігі. Егер адам жұмыс істей білмесе жоғарыда аталған шарттар негізінде ешқандай қабілеттер жақсы дамымайды.



Бесінші шарт.

Адамда мақсат болу керек, іс-әрекетке сәйкес мотивация. Белгілі бір іс-әрекетте жоғары жетістіктерге жету оған сәйкес қабілеттердің дамуының негізгі факторы. Адам басқалардан алда болу, мақтау есіткен кезде, жетістіктер үшін мадақтау, жоғары нәтижелерге ие болған кезде, осы іс-әрекетте жетістіктерге жету тілегі, мақсаты орындалады.



Алтыншы шарт.

Қол жеткізген нәтижелерге қанағаттанбау. Осы сезім әрі қарай дамуға стимул береді.



Жетінші шарт.

Адамның жетістіктерінің жоғары деңгейі. Адам өзінің мүмкіншіліктеріне, қабілеттіліктеріне қарай белгілі бір жетістіктерді белгілеу керек. Неғұрлым денгейі жоғары болса, соғұрлым жетістіктерге деген құштарлығы күшті болып, керек қабілеттер тез дамиды.



Сегізінші шарт.

Өзіне және өзінің мүмкіншіліктеріне сену.



Тоғызыншы шарт.

Белгілі бір іс-әрекеттерге байланысты жүйелі түрде дәрістер өткізу.



Оныншы шарт.

Қойылған есептердің шешіміне шығармашылықпен қарау. Шығармашылық есептер, жоғары деңгейлі қиындықтар адамда, жай тапсырмалардан гөрі, қызығушылық туғызады. Шығармашылық процесте адам өзіне жаңа мүмкіншіліктермен қабілеттерді ашады. Нәтижеде өзін-өзі бағалау жоғарылайды, әлеуметтік қажеттіліктер жоғары дәрежеде қанағаттандырылады.

Жоғарыда аталған шарттардың негізінде адамның ең маңызды арнайы қабілеттіліктердің оптимальді даму жолдарын қарастырайық: математикалық, лингвистикалық, техникалық, педагогикалық және ұйымдастырушылық.

Матеметикалық қабілеттер – қазіргі математика әртүрлі саланың білімдерінен тұратын кең ұғым, сонымен қатар оларды практикада қолдана білу. Жалпы және арнайы математикалық қабілеттердің құрамына кіретін жекешеленген қабілеттердің ішінде математикалық ұғымды анықтау мен ойды нақты математикалық түрде тұжырымдауды айтуға болады; гипотезаларды құрып, логикалық ретімен оларды дәлелдеу; математикалық ұғымдармен тұжырымдамалардың арасындағы байланысты көре білу; бір математикалық есептің бірнеше шешуін таба білу; сандық қатынастарды анықтап , математикалық түрде сипаттау. Бұл салада жоғары деңгейге жету үшін ерекше қабілеттер барлық адамдарда бірдей табыла бермейді.

Лингвистикалық қабілеттер – тілді білу мен сөйлеудің дамуында көрінеді. Сөйлеуде ауызша және жазбаша түрде, монологиялық және диалогтық түрде анықталатын қабілеттерді қарастыруға болады. Тіл біліміне келетін болсақ, лексика, грамматика, марфология, стилистикаға қатысты информацияны меңгеруді айтамыз.

Ауызша сөйлеу дегеніміз тыңдау, сөйлеу, қарым–қатынас қабілеттерін қажет етеді. Жазбаша түрі стилистикалық дұрыс, көркемді, нақты, рациональды және эмоциональды түрде өзінің ойын жазбаша түрде көрсете алатындықты қажет етеді.

Монологтық сөйлеу ішінен ойлау мен ойды практикалық түрде көрсете білуіне, ал диалогтық- өз ойы мен сезімдерді басқаларға жеткізумен байланысты, бұған ақпарат алмасу қабілеттері де кіреді.

Лингвистикалық қабілеттерді дамыту үшін көп оқып, басқалармен араласып, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырып, публиканың алдында сөз сөйлеу керек. Егер басқаларды түсініп, олардың өзіңе деген реакцияларын бағалай білсеңіз, тек сол кезде ғана сіз, өз ойларыңызды нақты және қысқа жеткізіп, ауызша сөйлеуді жақсы меңгересіз, егер басқаларды түсініп, өзінің сөздеріне басқалардың реакцияларын бағалап, өз ойларыңызды нақты және қысқа айта білесіз. Сонымен қатар коммуникацияның паралингвистикалық компоненттерін пайдалана білу керек – мимика , пантомимика , қолмен қимылдату (жест)



Техникалық қабілеттердің дамуы көптеген жағдайларға тәуелді: физика заңдарын білуден, әртүрлі материалдарды өңдеу әдістерін және қасиеттерін білуден, әртүрлі приборлар, құралдар, машиналармен қолдана білу, сызу сызып оны оқып білу, техникалық құжаттарды оқып білу және т.б. Бұл қабілеттердің барлығы жас кезінен баланың әртүрлі құралдармен пайдалана білуден басталады: қайшы, пышақ, балға, сызғыш, отвертка және т.б.

Техникалық қабілеттерді дамыту үшін әртүрлі приборлар мен машиналардың істеу принципін, ішкі құрылысын шашып, қайта жинауды білу керек.



Педегогикалық қабілеттер педагогикалық теория мен практиканы білуден, педагогикалық психологияда, әртүрлі жастағы адамдарды дұрыс оқытып тәрбиелеуде көрінеді. Адамда педагогикалық қабілеттер ойындарда дамиды, мысалы бала мұғалім болып ойнайды, мектепте өзінің құрдастары мен мұғалімдермен араласқанда, жанұяда – кіші інілерімен қарындастарымен қарым-қатынасында көріне бастайды.

Ұйымдастыру қабілеті адамның басқалармен бірге әртүрлі есептерді табысты шешу үшін ұйымдастыра білуде көрінеді. Ең алғашқы қабілетті болып, лидер болудағы мақсаты, басқаларды меңгеру, психологиялық ықпал ету болып табылады. Екіншіден, сол адамның практикалық ойлауы шешуші болады. Әрбір қиын жағдайдан тез арада оптимальдық шешім таба білгендігі болады.

28. Бақылау тапсырмалары

Жалпы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.
Арнаулы қабілеттер туралы түсінік және олардың дамуы.
Адамның бірінші, екінші қабілеттіліктері туралы.
Адамның қабілеттілігінің толық дамуы.
Жады, бейнелеу, ойлау, сөйлеуді дамыту үшін орындалатын шарттар.
Зейінді дамыту үшін арнайы орындалатын жаттығулар.
Бейнелеудің дамуы үшін орындалатын жаттығулар.
Жадыны дамыту үшін орындалатын жаттығулар.
С.Л.Рубинштейнның білімі, Б.М.Тепловтың теориясы.
Қабілеттіліктің факторлық теориялары

(Ч.Спирмен , Дж.Гилфорд, Л.Тестоун ).

Ұйымдастырушылық қабілет туралы.
Педагогтық қабілет туралы.
Лингвистикалық қабілеттер туралы.
Техникалық қабілет туралы.
Математикалық қабілет туралы.




Екінші аралық бақылау.





Тақырыбы

Балл

Бақылау түрі

29

Ақыл-ойдың дамуының психологиялық- педагогикалық диагностикасы.







30

Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістері.

1,5 балл

Үй тап. бойын. түсін.сұрау.

31

Ақыл-ойдың дамуының психологиялық- педагогикалық диагностикасы.







32

Ақыл-ойдың дамуының психологиялық- педагогикалық диагностикасы.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

33

Ақыл-ой деңгейіне әсер етуші факторлар.







34

Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті.

1,5 балл

Тест тапсырмалар

35

Тұлғалық психодиагностиканың қасиеттері.







36

Темпераментті анықтауға арналған Я.Стреляу тесті.

0,75 балл

Тест тапсырмалар

37

Тұлға аралық қасиеттердің кең тараған әдістемелері.







38

Жеткіншектер акцентуациясын анықтау.(Шмишек тесті).

1,5 балл

Тест тапсырмалар

39

Тұлға аралық қасиеттердің кең тараған әдістемелері.







40

Зейінді бағалау. (Мюнстерберг әдістемесі).

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

41

Мектепке дейінгі балалардың психодиагностикасы.







42

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

43

МДБ-дағы тұлға аралық қарым-қатынастардың және тұлғалық қасиеттердің психодиагностикасы.







44

Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау.(Басса – Дарки әдістемесі).

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

45

МДБ-дағы тұлға аралық қарым-қатынастардың және тұлғалық қасиеттердің психодиагностикасы







46

КЕТТЕЛДІҢ 16-факторлық тесті.(Балаларға арналған қысқартылған варианты).

1,5 балл

Тест тапсырмалар

47

Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтау әдістері және оның таным процестерінің даму деңгейінің диагностикасы.







48

Пиктограмма әдістемелері. «Отбасы суреті»әдістемесі. (Бастауыш сыныптарға арналған).

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

49

Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері.







50

Интеллектуальдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тесті.

1,5 балл

Тест тапсырмалар

51

Жеткіншектер мен жас өспірімдердің психодиагностикасы.







52

«Табиғатта кездесетін жануар»әдістемесі.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

53

Жеткіншектер мен жас өспірімдердің психодиагностикасы.







54

«Жаңбыр астындағы адам»әдістемесі.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

55

Мамандық әрекеттердің психикалық процестерін анықтау үшін психодиагностикалық әдістемелердің бағытталуы.







56

«Жануарлар мектебі» жобалау әдістемесі.

1,5 балл

Практикалық тапсырмалар

57

Жұмыс істеу қабілеттілігі мен темперамент арасындағы байланыс.







58

Жеткіншектердің интеллектуалдық даму деңгейін анықтау тесті. (ШТУР тестінің жеткіншектерге арналған модификациясы)



Тест тапсырмалар

59

Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары.







60

Жеткіншектердің таным процестерін зерттеу.

Сөздер қатарын есте сақтау әдістемесі.






Практикалық тапсырмалар




Барлығы:

20, 25 балл





29. Сабақтың тақырыбы:

Ақыл - ойдың дамуының психологиялық - педагогикалық диагностикасы.
Сабақтың жоспары:

Танымдық және ақыл - ойдың коэфициенті туралы түсінік.

Диагностика саласындағы ақыл - ойдың дамуын зерттеу.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерге ақыл - ойдың дамуының психологиялық - педагогикалық диагностикасымен таныстырып, ақыл - ой неден құралатындығы туралы түсінік беру.


Теориялық мәліметтер:

Адамның ақылы туралы біз өте аз білеміз. Соңғы жылдары ғана ғылымның қарқынды дамуының арқасында ақыл- ой мен психикаға байланысты зерттеулердің арқасында біз білімнің негізгі бөлігіне қол жеткіздік. Мысалы,IQ идеясы(ақыл- ойдың коэфициенті) ақыл- ойдың жан-жақты табиғатына сәйкес екенін білеміз. Бұл әдістеме ой қабілеттерінің белгілі бір ғана бөлігін, мәдени ортада, белгілі бір мақсатпен өлшейді. Қысқасы, ол әдістеме тілмен , логикамен, акамубен, академиялық біліммен байланысты «солдық – жартышарлық» функцияларды өлшейді , және ол интеллекттің қызығушылық қабілеттермен байланысты функцияларды өлшейді.

Интеллекттің бірнеше түрлері бар және олар өздерін әртүрлі әдістермен көрсетеді. Академиялық « милық » интеллектуал IQ жоғары деңгейімен, мысалыға, әлеуметтік мағынада мүлдем дамымаған болуы мүмкін яғни спорт, музыка, пометикалық ойлау т.б. қабілеттері жоқ болуы мүмкін. Кейбір он жасар бала,басқа ақыл- ой коэфициенті жоғары үлкен адамдарға қарағанда, өмірлік жағдайларда тез шешім қабылдауы мүмкін.

Көптеген психологтар интеллектті тума фактор етіп қарастырады. Интеллектті көздің түсі мен адамның бойы сияқты нәрселерді болжауға болады деп сенеді. Израильдік психолог доктор Ройвен Фойерштайн басқалармен қатар адамның миының функциясын кез- келген жаста жетілдіруге болатынын айтқан.

Егер біз интеллекттің түрлі анықтамаларын қарастыратын болсақ , онда ақылдың даму шегі туралы ой – пікірлер әртүрлі болып келетіні заңдылық. Барлық нәрсеге қол жеткізуге болады деген тұжырымдама дұрыс емес шығар, бірақ сіздің өз миыңыздың іске асырылмаған үлкен потенциялын меңгеруіңізге болады. Бұл нәрсені оптимизм деп айтуға болады.

Интеллект коэффициенті генетикалық факторлардың ең тәуелдісі ретінде білім беру саласында , коммерциялық іс-әрекеттерде және Батыстың барлық ресми жүйелерінде үлкен роль атқарады. Ол біздің өмірімізге жан-жақты ықпал етеді. Бірақ бұндай көзқарас маңызды шектеулерге тап болады және коммуникация қабілетіне , яғни әлеуметтік интеллектке негізгі зейін аудармайды.

Интеллекттің әр түрі адам үшін мәдениеттен немесе қоршаған ортаның тіке байланысынан тыс өзінің құндылығына ие болады. Мысалы, көптеген үйде отыратын әйелдер немесе көп балалы аналар бірден пайда болған бірнеше тапсырмаларды ойдағыдай шеше алады. Керісінше, бұл тапсырмаларды әлдеқайда ақылды адамдар, әсіресе еркектер, орындай алмайды. Интеллекттің әр түрінің құндылығы өзіңіздің өміріңіздегі ең маңызды нәрсеге тәуелді.

Ең басты, мақсатқа жету үшін дұрыс құрал таба білу . Интеллекттің түрін қалай ажырата аламыз, егер эксперттердің өздері бір шешімге келе алмай отыр? Оқытушы ма, оқушы ма? Жұмысқа қабылдаушы немесе кәсіпорын жұмысшысы ма? Студент немесе емтихан қабылдаушы ма? Менеджер – маман немесе тәуелсіз антерпренер? Интервьюер немесе интервью алушы ма? Ата – аналардан төмен интеллектуалды деңгейді алатын болсақ , онда біз не істеуіміз керек?

Ақылдың дамуы қайта оқуды қажет етеді. Біз бәріміз әдетке беріліп , өзіміздің өмірімізді өзгертуге асықпаймыз , бұл өзгеріс жақсы өмірге әкелсе де. Ең қиыны - өзіңіздің тума интеллектті қабылдап әртүрлі формада оны қолдану. Егер сізге нейрохирургиялық операциялық жасалынбаған болса , онда « аппарат » және сіздің миыңыздың ресурстары аденваттық түрде жауап береді. Бұл нейрофизиологияның мәселесі. Егер миды дұрыс пайдаланбасақ, онда адамның миы атрофияға тап болады. Бұл нәрсе мәдени және әлеуметтік жағдайлардың ықпалымен болады. Осы кезде « қайта оқу » іске кіріседі, әсіресе бұл төмен өзі-өзін бағалауға қатысты. Барлық керек емес нәрселерден босатылып, сіз өз миыңызды дамытып, өзіңіздің потенциялыңызды ашасыз.

– Интеллект жалпы ой қабілеттілік болып жасайды. Ол өзіне логикалық ойлауға, жоспарлауға , проблемаларды шешуге , абстракттық ойлауға , қиын идеяларды қабылдауға , тез білім алуға , тәжірибе негізінде білім алуға қабілеттіліктерден құралады.

– Интеллект IQ-ға тест көмегімен өлшенуі мүмкін. Вербальдық емес тесттер тек нақты қабілеттер тілмен байланысып тұрмаса ғана қолданылады.

– IQ-ға тесттер мәдени қалыптаспаған.

– Басқа өлшеу жүйелерге қарағанда IQ білім саласымен тығыз байланысты , экономикалық жағдайлармен , іс-әрекет түрлерімен және әлеуметтік ортамен. Сонымен қатар IQ-ға тесттер өлшеудің маңызды шкаласы болып табылады.

–Тума фактор қоршаған ортаға қарағанда интеллекттің құрылысына маңызды роль атқарады , бірақ орта қатты ықпал етеді.

– Тұлғалар IQ көрсеткіштен туылмайды , ол жастық шақта тұрақталып , кейін өзгеріске аздап тап болады.

Ешбір адам интеллекттің бір нақты анықтамасын бере алмайды.



30. Практикалық тапсырмалар

Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау және дамыту әдістемелері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі осы жас кезеңінің ішінде екі сатыда жүретінін ескеру қажет. Бірінші сатыда (ол шамамен 1-2 сыныптағылар) балалар ойлау өрекетінде нақтылы заттарға, оның дәл баламаларына, бейнеленулеріне сүйенеді. Ал 3-4 сыныптарда оқушылар ұтымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игере алады (мысалы: стол - зат есім), олардың логикалық ойлауы анық керініс беріп, талдау мен топтастыру, жүйеге келтіру және сол сияқты күрделі оперецияларды жасайды. Осы жас шағындағы балалардың ойлау процессін зерттеуге арналған әдістемелер мол, Олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуьша әсері өте үлкен, логикалық мағнасы барларын осы жерде келтіреміз.
Л. Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі

Мақсаты: балалардың логикалық ойлын дамыту.

Балалардың таным процестерін дамытуға арналған көптеген графикалық жәнс сөздік жаттығулар жасалған.

Ұсынылып отырған графикалық-сандық тест.

Орындау ережесі:

1 санынан 19-ға дейін мына шеңберлердің ішіне орналастыру қажет. Әр шеңбердін ішіне бір сан жазылады. Сандардың әр қайсысын бір рет қолдануға болады. Сан қайта қолданылса ол қате болып есептелінеді жөне жаттығу орындалмайды.

Сандарды дұрыс орналастырғанда қарама-қарсы орналасқан үш шеңбер ішіндегілердің қосындысы 30-ға тең болуға тиіс. Бір санды ортадағы дөңгелек ішіне ал қалған 18 санды шеңбер бойынша айналасында орналасқан дөңгелектер ішіне жазып шығу керек. Сандарды толық орналастырып болғаннан соң өр диагональ бойында орналаскан үш санды бір-біріне қосып шыққанда олардың қосындысы 30-ға тең болатындай ретін табу керек.

Дұрыс жауабы: Ортадағы шеңберге 10 санын орналастыру керек. Сонан соң, сыртқы шеңберлер ішіне 1- санынан бастап 9-ға дейін ретімен жазып шығамыз. Олардың қарсы тұсында диагональ бойымен орналасқан барлық шеңберлерге сандарды суммасы 30-ға тең болатындай етіп жазып шыққанда тапсырма дұрыс орындалады.




Оқушылардың әрекеттеріне психолог араласпай, өздері шешу жолын дербес табуына мүмкіндік беруі қажет.

31. Сабақтың тақырыбы:

Ақыл - ойдың дамуының психологиялық - педагогикалық диагностикасы.
Сабақтың жоспары:

Танымдық және ақыл - ойдың коэфициенті туралы түсінік.

Диагностика саласындағы ақыл - ойдың дамуын зерттеу.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерге ақыл - ойдың дамуының психологиялық - педагогикалық диагностикасымен таныстырып, ақыл - ой неден құралатындығы туралы түсінік беру.


Теориялық мәліметтер:

Адамның ақылы туралы біз өте аз білеміз. Соңғы жылдары ғана ғылымның қарқынды дамуының арқасында ақыл- ой мен психикаға байланысты зерттеулердің арқасында біз білімнің негізгі бөлігіне қол жеткіздік. Мысалы,IQ идеясы(ақыл- ойдың коэфициенті) ақыл- ойдың жан-жақты табиғатына сәйкес екенін білеміз. Бұл әдістеме ой қабілеттерінің белгілі бір ғана бөлігін, мәдени ортада, белгілі бір мақсатпен өлшейді. Қысқасы, ол әдістеме тілмен , логикамен, акамубен, академиялық біліммен байланысты «солдық – жартышарлық» функцияларды өлшейді , және ол интеллекттің қызығушылық қабілеттермен байланысты функцияларды өлшейді.

Интеллекттің бірнеше түрлері бар және олар өздерін әртүрлі әдістермен көрсетеді. Академиялық « милық » интеллектуал IQ жоғары деңгейімен, мысалыға, әлеуметтік мағынада мүлдем дамымаған болуы мүмкін яғни спорт, музыка, пометикалық ойлау т.б. қабілеттері жоқ болуы мүмкін. Кейбір он жасар бала,басқа ақыл- ой коэфициенті жоғары үлкен адамдарға қарағанда, өмірлік жағдайларда тез шешім қабылдауы мүмкін.

Көптеген психологтар интеллектті тума фактор етіп қарастырады. Интеллектті көздің түсі мен адамның бойы сияқты нәрселерді болжауға болады деп сенеді. Израильдік психолог доктор Ройвен Фойерштайн басқалармен қатар адамның миының функциясын кез- келген жаста жетілдіруге болатынын айтқан.

Егер біз интеллекттің түрлі анықтамаларын қарастыратын болсақ , онда ақылдың даму шегі туралы ой – пікірлер әртүрлі болып келетіні заңдылық. Барлық нәрсеге қол жеткізуге болады деген тұжырымдама дұрыс емес шығар, бірақ сіздің өз миыңыздың іске асырылмаған үлкен потенциялын меңгеруіңізге болады. Бұл нәрсені оптимизм деп айтуға болады.

Интеллект коэффициенті генетикалық факторлардың ең тәуелдісі ретінде білім беру саласында , коммерциялық іс-әрекеттерде және Батыстың барлық ресми жүйелерінде үлкен роль атқарады. Ол біздің өмірімізге жан-жақты ықпал етеді. Бірақ бұндай көзқарас маңызды шектеулерге тап болады және коммуникация қабілетіне , яғни әлеуметтік интеллектке негізгі зейін аудармайды.

Интеллекттің әр түрі адам үшін мәдениеттен немесе қоршаған ортаның тіке байланысынан тыс өзінің құндылығына ие болады. Мысалы, көптеген үйде отыратын әйелдер немесе көп балалы аналар бірден пайда болған бірнеше тапсырмаларды ойдағыдай шеше алады. Керісінше, бұл тапсырмаларды әлдеқайда ақылды адамдар, әсіресе еркектер, орындай алмайды. Интеллекттің әр түрінің құндылығы өзіңіздің өміріңіздегі ең маңызды нәрсеге тәуелді.

Ең басты, мақсатқа жету үшін дұрыс құрал таба білу . Интеллекттің түрін қалай ажырата аламыз, егер эксперттердің өздері бір шешімге келе алмай отыр? Оқытушы ма, оқушы ма? Жұмысқа қабылдаушы немесе кәсіпорын жұмысшысы ма? Студент немесе емтихан қабылдаушы ма? Менеджер – маман немесе тәуелсіз антерпренер? Интервьюер немесе интервью алушы ма? Ата – аналардан төмен интеллектуалды деңгейді алатын болсақ , онда біз не істеуіміз керек?

Ақылдың дамуы қайта оқуды қажет етеді. Біз бәріміз әдетке беріліп , өзіміздің өмірімізді өзгертуге асықпаймыз , бұл өзгеріс жақсы өмірге әкелсе де. Ең қиыны - өзіңіздің тума интеллектті қабылдап әртүрлі формада оны қолдану. Егер сізге нейрохирургиялық операциялық жасалынбаған болса , онда « аппарат » және сіздің миыңыздың ресурстары аденваттық түрде жауап береді. Бұл нейрофизиологияның мәселесі. Егер миды дұрыс пайдаланбасақ, онда адамның миы атрофияға тап болады. Бұл нәрсе мәдени және әлеуметтік жағдайлардың ықпалымен болады. Осы кезде « қайта оқу » іске кіріседі, әсіресе бұл төмен өзі-өзін бағалауға қатысты. Барлық керек емес нәрселерден босатылып, сіз өз миыңызды дамытып, өзіңіздің потенциялыңызды ашасыз.

– Интеллект жалпы ой қабілеттілік болып жасайды. Ол өзіне логикалық ойлауға, жоспарлауға , проблемаларды шешуге , абстракттық ойлауға , қиын идеяларды қабылдауға , тез білім алуға , тәжірибе негізінде білім алуға қабілеттіліктерден құралады.

– Интеллект IQ-ға тест көмегімен өлшенуі мүмкін. Вербальдық емес тесттер тек нақты қабілеттер тілмен байланысып тұрмаса ғана қолданылады.

– IQ-ға тесттер мәдени қалыптаспаған.

– Басқа өлшеу жүйелерге қарағанда IQ білім саласымен тығыз байланысты , экономикалық жағдайлармен , іс-әрекет түрлерімен және әлеуметтік ортамен. Сонымен қатар IQ-ға тесттер өлшеудің маңызды шкаласы болып табылады.

–Тума фактор қоршаған ортаға қарағанда интеллекттің құрылысына маңызды роль атқарады , бірақ орта қатты ықпал етеді.

– Тұлғалар IQ көрсеткіштен туылмайды , ол жастық шақта тұрақталып , кейін өзгеріске аздап тап болады.

Ешбір адам интеллекттің бір нақты анықтамасын бере алмайды.




1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет