Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



жүктеу 4.1 Mb.
бет9/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

32. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары

(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).


Интеллекттің анықтамасын беріңіз.
Интеллектуалдық коэффициент дегеніміз не?
Тест көмегімен өзіңіздің интеллектіңіздің деңгейін тексеріп көріңіз.
Танымдық және ақыл - ойдың коэфициенті туралы түсінік.
Диагностика саласындағы ақыл - ойдың дамуын зерттеу.
Эмоциялық интеллекттің базалық (негізгі) қасиеттерін бөліп көрсетіңіз.
Стресс ұғымына түсініктеме беріңіз, стрессті басқару дегеніміз не?
Көңіл-күй ұғымына түсініктеме беріңіз, эмоцияларды басқару дегеніміз не?
Айнала қоршағандармен қатынас орнату: тұлғааралық интеллект.
EQ деңгейін көтеру.
Стресстен құтылу.
Көңіл – күйді басқару.
Өзін - өзі бақылау , өзінің көңіл – күйін басқарудың амалы ретінде.

33. Сабақтың тақырыбы:

Ақыл – ой деңгейіне әсер етуші факторлар.
Сабақтың жоспары:

EQ деңгейін көтеру.

Стресстен құтылу.

Көңіл – күйді басқару.

Өзін - өзі бақылау , өзінің көңіл – күйін басқарудың амалы ретінде.
Сабақтың мақсаты:

Студенттердің ақыл – ой деңгейіне әсер етуші факторлармен таныстыру. Көңіл – күйді басқарушы , ақыл-ой деңгейінің көтерілуіне ықпал етуші әдістемені көрсету.


Теориялық мәліметтер:

EQ-да стандартты , негізделген түрдегі тест болмайды. Сондықтан тестілеудің техникалық тәсілдерін меңгеріп алудың қажеті шамалы. Алайда эмоционалдық ақыл-ой өлшенетініне немесе өлшенбейтініне қарамастан жақсаруы мүмкін. Бұл жерде мынау маңыздырақ : эмоционалдық ақыл-ойдың (интеллект) өзгеруі сіздің бүкіл өміріңізге едәуір түрде ықпал етуі мүмкін.

Дэниел Гоулмэн өзінің әйгілі «эмоционалдық ақыл-ой» кітабында эмоционалдық ақыл-ойдың бес негізгі қасиетін сипаттайды. Олар эмоционалдық ақыл-ой ұғымын енгізген Мейер мен Салоуэй анықтаған бес « басымдыққа » негізделген. Олар:

– өз эмоцияларын білу;

– өз эмоцияларын басқару;

– өзінің бастапқы себептерін анықтау;

– өзге адамдардың эмоцияларын білу;

– өзара қарым-қатынастарды басқару;

Стрессті жою.

Стресс, жұмыста, үйде және әлеуметтік жағдайларда ауыртпалықтарды сезініп жүрген қазіргі заманғы адамның көбірек тараған ауруы болып отыр. Шапшаң технологиялық даму, бәсекелестікпен байланысты болып келетін күнделікті қысым мен эмоционалдық ауыртпалық , жұмыстың тұрақсыздығы , ұйымдардың құрылым келбетінің әрдайым өзгеріп тұруы, өзгерістердің тұтастай үздіксіз кезекпе–кезек болуы – міне осының бәрі елеулі роль ойнайды. Көптеген кітап осы мәселе жайында жазылғандықтан қажетті кеңестерді тауып алу оншалықты қиын емес. « Стресске шыдамдылық » – бұл ерекше бір зиян көрмей–ақ қолайсыз жағдайлар мен стресстік жағдайларға төтеп беру қабілеті. Бұл дегеніміз стресстен оң әсер ала отырып, оны оңтайлы басқаруды білдіреді. Бұл мынаны білдіреді :



  • Стресстің сізге зиян тигізбестен бұрын оны жеңілдету мен жоюдың жолдарын іздестіру қорларына ие болу.

  • Тіптен жарақат алу секілді келеңсіз жағдайларға тап бола отырып, жұмыста, үйде және жеке өмірде тиімділікті сақтай білу.

  • Әрдайым « су бетінде қалқып тұру »

  • Өмірдегі қиындылықтарды жеңе білу қабілетіне ие болу.

  • Жеке өміріңізде стресстік жағдай қалай пайда болатынын ұғынып алу, және де оларды жоюды үйреніп олардың сізге әсерін реттеп тұру.

  • ЭГО қуаты немесе « эмоционалдық жинақылық » дегеннің болуы.

  • Өзгерістерде міндетті болуы тиіс құбылыс ретінде қабылдау, олардың сіздің өміріңізге әсерін игілікке қолдануды үйрену.

EQ-дың осы аспектісінің жоғары деңгейі, сіздің қиындықтармен бетпе–бет кездесіп, қуатты эмоциялардың өзіңізді жеңіп кетуіне мүмкіндік бермейді. Сіздің ақыл-ойыңыздың баға жетпес бұл қасиеті өмірлік тәжірибе барысында дамуы мүмкін. Қазіргі аумалы – төкпелі кезеңде мұндай қасиеттер жұмыста да отбасылық өмірде де аса қажет болады. Өзгерістер – бұл біздің көпшілігіміз үшін өмір шарты, ал олардың келтірер қысымы – болмай қоймайтын құбылыс.

Алайда, адамдардың стресске қалай жауап беретіні мен оның сол адамдар өміріне қалайша ықпал етуінің арасында едәуір айырмашылық бар. Бір адам үшін стресстік жағдай ретінде қабылданатын әсер өзге біреу үшін – рақаттанудың көзі, әсерлердің алуан түрлілігі ретінде болуы мүмкін. Кейбір адамдар стресстік жағдайлар мен соған сәйкес мінез құлықты қажетсінумен болады. Біреулердің стресс жағдайында тасы өрге домалап , олардың жетістіктері тек сырттан жасалған қысымның әсері арқасында пайда болады.

Ақыл-ойдың осы аспектісі жоғары дәрежеде дамыған адамдар өмірдің қым-қуат тіршілігінен туындаған шиеленіскен жағдайдан қутыла біледі._

Олар өздеріне бағытталған ауыр соққыларды алаңсыз тосып алады. Олар жағдайды үнемі бақылауда ұстайды. Олар төмен қарай құлдырап құлағанымен , көп жатып қалмайды. Стресстің әсерін толық дәрежеде сезіне отырып (кейде олар өзгелерден гөрі ауыртпалықтарды көбірек қабылдайды). Олар өздерін толық күйреуге дейін жеткізбейді.

« Бұл – мен бе? » деп өзіңізге сұрақ қоя отырып , өзіңіздің стресстік жағдайға деген әсеріңізді тексеріп көріңіз. Сізге мынадай сұрақтар көмектесе алады.

– Сіз қолайсыз жағдайларға шыдай аласыз ба?



  • Сіз түсіп кеткен көңіл – күйіңізді тиімді түрде басқара аласыз ба?

  • Сіз өзіңізге артық ауыртпалықтарды болдырмай өмір сүре аласыз ба?

  • Сіз белгісіздік факторы үлкен роль ойнайтын жаңа жағдайға жақсы бейімдей аласыз ба?

  • Сіз жанжалды болдырмау үшін, өзіңіздің ашуыңызды баса аласыз ба?

  • Сіз әдеттегідей түнде жақсы ұйықтай аласыз ба?

  • Сіз стресстік қысымның өскенін сезе тұрып , өзіңіздің келіспейтініңізді айтпастан өзіңізді тежеп жүруге қабілеттісіз бе?

  • Сіз өзіңізді ашындырып жіберетін, күнделікті түрде жиі қайталанып тұратын құбылыстарға қалайша бейімделе аласыз ?

  • Достарыңызбен әріптестеріңіз сізге өзіңіздің ашу-ызаңызды тежей алатыныңызды айта ала ма ? Ал сіздің отбасыңыздың мүшелері де осыны айта ала ма?

  • Сіз өзгелердің өкпе-ренішін қабылдай аласыз ба?

Стресс – бұл біздің ішкі дүниемізде болып жататын бір құбылыс, оның тек сыртқы жағдайлар мен өмірдегі оқиғаларға қатысы болмайды. Бұл біз адамдардың бірдей жағдайларға қалайша әртүрлі жауап беретінін бақылағанда ғана айқын бола бастайды. Бұл жауап ойлаудың, әдеттің , қөзқарастардың , құндылықтар мен тұлғаның ішкі интеллектісінің компоненттеріне байланысты болып келеді. Біз стрессті оның тұрақты түрде бар екендігі мен келеңсіз әсерін сезінгеннен бастап басқаруға кірісе аламыз. Содан соң оны мақсат қою мен құндылықтарды бағалау жүйесіне енгізу қажет.

Көңіл – күйді басқару.

Эмоционалдық даму тыныштық сақтау қабілетінің болуын немесе ызаны, құлазуды немесе алаңдаушылықты болдырмауды көздейді. Демек, бұл өзіңізді эмоцияның жетегінен жібермеу дегенді білдіреді. Эмоцияналдық дамудың төмен денгейіндегі адамдар әрдайым жайбарақатсыздық пен өкініш сезімдеріне бейім болады. Ал жағымсыз сезімдерге берілмегендер өмірде көбірек табыстарға қол жеткізеді. Өз сезімдеріңді басқару – бұл өз эмоцияңды түсінуге негізделетін қабілет. Міне осылайша сана-сезім эмоционалдық интеллектінің шешуші сәтіне айналады.

Эмоцияны білдіру және оны басу.

Эмоцияны басқару дегеніміз сезімдерді бөлу дегенді білдірмейді. Мұндай басу психоаналитиктерге бай азық бере алады, алайда ол «емделушінің» асқан ақылдылығының көрінісі бола алмайды. Аристотель былай деген: «Әрбір адам ашулана алады – бұл оп-оңай. Алайда соған лайықты адамға , қажетті дәрежеде, және уақытында , ізгі мақсат үшін және лайықты түрде ашулану – бұл оңай шаруа емес ». Бірақ эмоцияларды басқару дегеніміз оларды үздіксіз білдіру дегенді білдірмейді. Мәселен «арқаға жасырып қою» деген сөз кейбір жекелеген жағдайларға сәйкес келгенімен , оның эмоционалдық интеллектінің көрінісі болуы екіталай. Керісінше көпшілік жағдайларда кері қауіпті эмоцияларды жасыруға тырысу түбінде жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Сезімдерді мүлдем басқаша түрде басқару қажет. Кейбіреулер ашу–ызадан арылу үшін, оны ашық түрде білдіру қажет дейді. Алайда тәжірибелер мен бақылаулар көрсеткендей , егер де сіз ашу–ызаға ерік берсеңіз , онда ол мұны күшейте түседі. Денені босаңсыту , медитация , терең тыныс алу, керек болса жай қарапайым онға дейін санау дағдылары тиімді әрі саналы эмоционалдарда да эмоциялар әмірші мен қожайын ретінде емес, қызметші ретінде пайдалы. Кейбір эмоционалдық жауаптар интенсивті болса да бір сәтте болады. Өзгелері көп жылдық әдетке ауысып, біздің кәдуілгі көңіл-күйіміз бен себептерімізді айқындайды. Көңіл-күй жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жақсы әрі қуат беруші көңіл-күй толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Құлазыған көңіл-күй мен себептердің жетіспеушілігінің бізге тек қана зиянды әсері болуы мүмкін. Көңіл-күй бізге қалауымызға қол жеткізуге көмектесуі немесе керісінше кедергі келтіруі мүмкін. Ренішке де уақыт бар – үрей немесе жек көру үшін де орын табылуы мүмкін.

Өзінің сезімін өте әдемі білдіре алатын, бірақ оны басқара алмайтын үш жасар баланың даму деңгейі мен эмоциясын бақылауды сақтай отырып , өзіндік бір эмоционалдық жануар ретінде соған бола қалуға негіз жоқ. Интеллект адам психикасының осындай алғашқы міндетті қасиеттерін түсінуден, басқарудан және бақылаудан тұрады.

34. Практикалық тапсырмалар
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті

Бұл тесті орта сынып оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін қолдануға болады.



Мақсаты баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (нейротизмнің көрінісін) анықтау.

Орындау ережесі: "сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына "ия" немесе "жоқ" деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды; берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жеқ. Әр адамның өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз".

Сауалнама

І.Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?

2.Сізді түсінетін, жұбататын және көңліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?

3.Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?

4.Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?

5.Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?

6.Берген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба?

7.Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?

8.Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?

9.Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?

10.Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз

ба?


11.Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?

12.Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағадай болады ма?

13.Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі

болады ма?

14.Өзіңіздің айтқаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар

сізді жиі мазалайды ма?

15.Адамдар мен кездескеннен кітап оқығаңды көбірек ұнатасыз ба?

16.Сіздің намысыңызға тиу оңай ма?

17.Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?

18.Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?

19.Кейде күшіңіз тасып, тауды қапаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?

20.Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?

21.Арманға жиі бөленесіз бе?

22.Сізге дауыс көтергендерге солай ша жауап бересіз бе?

23.Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?

24.Сіз өзіңізді кінәлі деп сезінуіңіз жиі болады ма?

25.Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілеттісіз бе?

26.Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?

27.Басқалар сізді көңілді, еті тірі адам деп есептейді ме?

28.Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті "одан да жақсы орындауға болар еді" - деген ойға бөленесіз бе?

29.Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?

30.Сіз өсек айтатын кездер болады ма?

31.Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болады ма?

32.Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?

33.Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?

34.Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

35.Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?

36.Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?

37.Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?

38.Сіз ашушаңсыз ба?

39.Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс ұнайды ма?

40.Сізді, еш уақытта болмаған нешетүрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?

41.Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?

42.Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?

43.Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?

44.Сіз өте сөзшең болғандықтан өр кездескен адаммен

әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?

45.Бір жеріңіз ауырады ма?

46.Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?

47.Сіз шыдамсыз адамсыз ба?

48.Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?

49.Өзіңізге сеніміңіз күшті ма?

50.Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?

51.Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләззаттанасыз ба?

52.Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсызба?

53.Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?

54.Өзіңіз білмейтін нөрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?

55.Өзіңіздің ден саулығыңыз туралы қам жисіз бе?

56.Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?

57.Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?



Нәтижесін бағалау кілті

Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді:

Ия - 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56;

Жоқ- 5, 15,20,29, 32, 37,41, 51.

0-10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз;

15-24 балл жинасаңыз сіз экстравертсіз;

11-14 балл - амбиверт көрсеткіші болып табылады.

Нейротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:

Ия - 2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 57;

0-10 эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;

11-16 сезімталдық белгісі;

17-22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар;

23 - 24 невротизм патологияға жақындаған.

Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:

Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады.

Ия - 6, 24, 36; жоқ - 12, 18, 30, 42, 48, 54.

0-3 балл жинасаңыз сізге барлық уақытта сенуге болады.

4 — 5 — жалғандығыңыз көрініп тұр;

6 - 9 - жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей ақ қойсада болады.

Бағалау шкаласы бойынша жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына эктраверсия бойынша анықталған баллдарды түсіріп, ал нейротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек.





Сол нүктелерден түсірген перпевдикулярлардың қилысқан жері зерттелінушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандардың қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.



Көрсеткіштер бойынша мінездеме

Сангвиник-экстраверт: тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоралары көп, өмірсүйгіш.

Холерик-экстраверт: айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агресеиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күйі тұрақсыз, стресс жағдайында - психопат.

Флегматик-интроверт: тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, ден саулығын бір қалыпты сақтайды.

Меланхолик-интроверт: тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойьшша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, ден саулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.

35. Сабақтың тақырыбы:

Тұлғалық психодиагностиканың қасиеттері.
Сабақтың жоспары:

Тұлғаны зерттеудегі жобалау әдістері.

Тақырыптық апперцепциялық(қабылдауға қосымша) тест (ТАТ).

Өзін-өзі бағалаудың, мінездің, эмоциялық-сапаның, тұлғааралық қарым-қатынастардың психодиагностикасы .

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді тұлғаны зерттеудегі жобалау әдістерімен таныстыру.Тестпен қалай жумыс істеу керек екенін көрсету.Ұсынған әдістері мен өзіңізді, досыңызды диагностикадан өткізуді ұсыну.


Теориялық мәліметтер:

Жобалық әдістемелерінің саны өте көп және күннен күнге өсіп келе жатыр. Жобалау әдістемелері туралы әдебиеттердің саны 4000–нан да асып кетті. Индивидтің фантазиясын ояту үшін қысқа , жалпы нұсқаулар ғана беріледі. Сол үшін тест стимулдары нақты емес. Осыған ұқсас тапсырмалардан тұратын гипотеза индивидтың тест материалын немесе жағдай « құрылымын » қабылдау мен интерпретация әдісі оның психикасының функцияларының негізгі «фундаментальдық» аспектерін кескіндейді. Яғни тест материалы экран ретінде жұмыс істеу керек.

Жобалық әдістемелер жасырын тесттің әдістемелері болып саналады,өйткені зерттелетін адам психологиялық интерпретацияның түрі туралы сирек күдіктенеді.

Жобалық әдістемелер тұлғаны бағалауға терең қараумен сипатталады. Зейін тұлғаның бөлек қасиеттерін өлшеуде емес, жалпы суреттемесіне бағытталған. Жобалық әдістемелер тұлғаның жасырын жақтарын ашудағы тиімді процедуралар ретінде қарастырылады. Неғұрлым тест құрылымға аз негізделсе, соғұрлым ол жасырын материалға сезімді болады.

Жобалық әдістемелер клиникалық жағдайларда пайда болып, клиенттің құралы болып есептелінеді. Олардың кейбіреулері психикалық ауруларға қолданылған терапевтикалық әдістерден дамыған ( мысалы өнер шығармаларымен емдеу ). Жобалық әдістемелердің теориялық құрылысына психоанаметикалық концепциялардың ықпалы бар.

Жобалық әдістемелерге тән терең көзқарасына байланысты тек эмоциялардың , мотивациялық және тұлғааралық мінездемелер емес, тәртіптің кейбір интеллектуалдық аспекттері қарастырылады. Соңғысына жалпы интеллектуалдық деңгейді, стиль мен ерекшеліктілігін жатқызуға болады.



2. Тақырыптық апперцепциялық тест ( ТАТ )

Кіріспе.


ТАТ жобалық әдістемелер тобына жатады. Олар әлеуметтік ортада және қарым-қатынастарда көрінетін тұлғаның ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Бұлар :

а) тұлғаның позициясының ерекшеліктері (әрекеттік , ?)

б) интерперсональдық байланыстардың ерекшеліктері ( симпатия, антипатия, үйреншікті )

в) басым тенденциялары ;

г) іс-әрекет әдістері ( іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері , практикалық ойлаудың ерекшеліктері , өмірлік есептерді шығару әдістері ).

д) тұлғаның динамикалық жағы ( іс-әрекеттің ритмі , эмоциялық лабильдік , реактивтік ).

Толық тест зерттелетін адамға ұсынылатын ситуациялық суреттердің бірнешеуінен тұрады (6 – 30- ға дейін). Тест үшін арнайы , салынған ситуациялар 2 негізді талаптарға сай келетін , суреттер алынған.

Егер заттар мен адамдар анық салынбаған болса, бұл ситуациялардың композициялары да дәл сол уақытты объективті анық емес болады. Бұл суреттерді өзінше қабылдағанды талап етеді. Зерттелетін адам әр қабылдауға өзінің білімін, жеке тәжірибесін, өзінің іс-әрекет әдістерін, өзінің бағаларын қолданады.

Әр суретті еркін әңгіме ретінде көрсету керек :

а) дәл осы кезде, оның ойынша, суреттегі нәрсені сипаттау .

б) осы жағдайдың тууына не себеп болды.

в) әрі қарай не болатынын болжап көру.

г) суретте салынған адам бейнелерінің сезімдері туралы абыл беру.

д) адамдардың ойын таба білу.

Омбреданоның пікірінше барлық жобалық тесттер сияқты ТАТ тұлғаның ерекшеліктерін оның жауаптарында кескіндейді. Бірақ, басқа тесттерге қарағанда , ТАТ бұл әртүрлі өмірлік ситуациялардағы тұлға іс-әрекетінің ерекшеліктерінің толық суретін көрсетеді.

ТАТ вариантында 28 суреттер бар.

Басқа тесттерге қарағанда ТАТ нақты стимулды негізге алып, іс-әрекет бағытты таңдаудың шексіз еркіндік береді. Мысалы, Г.Роршахтың тестінен айырмашылығын ТАТ схемасын төмендегідей көрсетуге болады «нақты стимул - еркін жауап». ТАТ жауаптары өте еркін және ешқандай шектері қойылмаған. Роршах тестінде тәжірибе әрқашан бейне шектеулері анықталған, ал ТАТ-та бейне бірнеше ассоциацияларды шығарады. Бұндай ассоциациялар жай өмірде тұлға қасиеттері туралы айтатын іс-әрекетте тәртіп жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды.

Суреттердің интерпретациясы нәтижесінде алынған материал әртүрлі принциптармен өңделу мүмкін және әртүрлі эксперименттальдық есептердің қойылуын көздейді. Мысалы, Томкинс әр ұпайда есептелінетін көрсеткіштердің әртүрлі қатынастары бар және әр қатынасқа бағасы бар жүйені құрастырған. Бұл жүйенің кемшілігі бағаның критерийінің тым еркіндігінде. Мысалы 300 сөзден құралатын әңгіме норма деп саналып, одан ауытқу дұрыс емес деп саналса, онда шешендік пен ойдың нақтылы сияқты тұлғаның құнды қасиеттері байқалмай қалуы мүмкін. Мэррей басқа бір принципті «берілгенді табу» деп негіздеген. Мысалы эксперименттік материалда жұп болатын қасиеттерді іздеу керек: агрессия мен қорғау, маниактың қасиеттерімен немесе депрессия, оптимизм немесе пессимизм және т.б.

Тест сананың әртүрлі салалары мен деңгейлерін анықтау сияқты тапсырмаларды орындау мүмкін: саналы-санасыз, ашық-жасырын, шығарушы-орын басушы. Мысалы, нақтырақ тапсырмаларда беріледі: субъект іс-әрекеттілігінің дәрежесін анықтау: «бала ойлайды», «бала армандайды», «баланың орындағысы келеді», «бала бір нәрсе істеп жатыр» деген ойлаулар алдын ала іс-әрекеттіліктің әртүрлі стадиялары немесе дәрежелі есебінде бағалануы керек.

36. Практикалық тапсырмалар

Темпераментті анықтауға арналған Я.Стреляу тесті

Мақсаты — темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-тендігін анықтау.

Орындау ережесі: Тесте берілген 134 сұрақтарға жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сұрақтарға жауапты "ия", "жоқ", "білмеймін" деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. "Білмеймін" деген жауапты сирек қолданған жөн.

Сауалнама

1.Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?

2.Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нүсқау күтесіз бе?

3.Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме?

4.Ыңғайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?

5.Пікірталас болғанда тақырыпқа байланысы жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?

6.Ұзақ үзілістен соң жұмысқа қайтып оралуыңыз оңай ма (демалыс, каникул)?

7.Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?

8.Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылық пен күтесіз бе?

9.Әр түрлі уақытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытты бірдей жеңіл болады ма?

10.Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?

11.Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?

12.Шыдамдылықпен, ерінбей түсіндіресіз бе?

13.Терең ойланып істейтін істі жақсы көресіз бе?

14.Қызық емес жүмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?

15.Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?

16.Өзіңіздің күшті жагыңызды көрсетуге құмарсыз ба?

17.Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?

18.Ашуыңызды басқаларға көрсетпеу сізге оңай ма?

19.Сөтсіздікте сабырлылық сақтайсыз ба?

20.Қажет болғанда, өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?

21.Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?

22.Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?

23.Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?

24.Пікірімен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз бе?

25.Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?

26.Қажетті жауапты тез табасыз ба?

27.Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?

28.Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өтеді ме?

29.Тапқырсың ба?

30.Жүрісіңізді, тамақтануыңызды жай басарларға теңестіруіңіз оңай ма?

31.Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?

32.Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?

33.Ашулануыңыз оңай ма?

34.Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?

35.Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?

36.Шағыстырушыларға ермей қаласыз ба?

37.Басқалармен тіл табысып жүмыс істеуіңіз оңай ма?

38.Шешім қабылдау үшін барлық жағдайларды салыстырып

көресіз бе?

39.Кітап оқығанда, автордың ойын басынан аяғына дейін

қадағалап отырасыз ба?

40.Жолаушылармен өңгімелесіп отырасыз ба?

41.Егер, пікірталас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол әңгімеге қатысудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?

42.Нақты қимыл әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

43.Басқалардың пікірімен санаса отырып өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?

44.Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз

бе?


45.Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге

шамаңыз келеді ме?

46.Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?

47.Кедергі кездескенде жоспарлаған нәрседен тез бас тартасыз

ба?

48.Ұстамдылық көрсете аласыз ба?



49.Тез оянасыз ба?

50.Жылдам жауап бермей, ұстамдылық көрсете аласыз ба?

51.Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?

52.Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз

ба?

53.Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық



көрсетесіз бе?

54.Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?

55.Жаңалыққа құмарсыз ба?

56.Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі ұйқы жеткілікті ме?

57.Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі өрекет жасауды талап ететін жұмыстан бас тартасыз ба?

58.Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес

шешесіз бе?

59.Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың пікірін тындап аласыз

ба?

60.Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды



құтқаруға әрекет жасайсыз ба?

61.Қажырлы еңбек етуге қабілеттісіз бе?

62.Ескерту жасау артық болып тұрса, өзіңізді ұстап қала аласыз

ба?


63.Жұмыс орныңызға мән бересіз бе?

64.Бір жұмыстан екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?

65.Маңызды шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып көресіз бе?

66.Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?

67.Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу, қағаздарын оқымау сізге оңай ма?

68.Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?

69.Көпшілік ортасында тертіп сақтау сізге оңай ма?

70.Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?

71.Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?

72.Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

73.Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?

74.Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

75.Қиын кезенде ұстамдылық көрсетесіз бе?

76.Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?

77.Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?

78.Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтаменен әрекетіңізді жалғастырасыз ба?

79.Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?

80.Басқалар түсінбейтіндей жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?

81.Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы орындай аласыз ба?

82.Ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істей аласыз ба?

83.Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?

84.Басқалар сізді күтіп, көңіл көтеріп отырғанын біле түрып аландамай жүмысыңызды аяқтайсыз ба?

85.Төтенше сұрақтарға тез жауап бересіз бе?

86.Тез сөйлейсіз бе?

87.Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайсыз ба?

88.Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл

ме?

89.Шыдамдысыз ба?



90.Өзіңізден жай қимылдайтындардың жұмыс темпіне икемделе аласыз ба?

91.Өз уақытыңызды ұйымдастырғанда, бірнеше бір-бірімен үйлесімді жұмысты қатар орындауға шамаңыз келеді ме?

92.Көңілді компанияда қобалжығаныңыз басылады ма?


  1. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?

  2. Көшеде болған қайғылы оқиғаның куагері болсаңыз, өмірге
    деген сеніміңіз сақталады ма?

  3. Нақты қимылдарды талап ететін жүмысты үнатасыз ба?

  1. Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын кандылық
    көрсетесіз бе?

  2. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?

  3. Бейтаныс адамдар арасында, үлкен топтың ішінде өзіңізді
    еркін сезінесіз бе?

  4. Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба? (жиналыс,
    кино, спектакль басталғанда)




  1. Басқалардың жүмысты атқару ережесіне икемделуіңіз оңай
    ма?

  2. Іс-өрекет түрлерін өзгертуге қүмарсыз ба?

102. Төтенше жағдайда басқалардың өрекетін басқаруды
мойныңызға аласыз ба?

  1. Жағдай көтермейтін кезде күлкіңізді баса аласыз ба?

  2. Жүмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?

  3. Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?

  4. Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз келеді ме?

  5. Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей
    үйықтайсыз ба?

  6. Үзақ уақыт, ішкі кернеу қыспай, күте аласыз ба? (мысалы,
    кезекті)

109. Нәтижесі сөтсіз болатынын білсеңіз, оған араласпай
түрасыз ба?

  1. Тартыс-талас кезінде саспастан дөлел іздейсіз бе?

  2. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дүрыс шешімін таба
    аласыз ба?

  3. Сізге өтініш жасағанда тыныштық сақтайсыз ба?

  4. Сізге өтініш жасамай-ақ медициналық процедуралар-дан
    өтесіз бе?

  5. Бар күшіңізді салып жүмыс істеуге даярсыз ба?

  6. Демалыс өткізу, көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып
    түрасыз ба?

  7. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?

  8. Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз
    ба?

118. Спорт жарыстарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз
әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл-әрекеттер арқылы білдіресіз

бе?


  1. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жүмысты жақсы
    көресіз бе?

  2. Өзіңіз бет-өлпетіңіздің көрінісін қадағалайсыз ба?

  3. Дене күшін талап ететін жүмысты жақсы көресіз бе?

  4. Өзіңізді ержүрек адаммын деп есептейсіз бе?

  5. Күтпеген жағдайда дауысыңыз өзгереді ме?

124. Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға
шамаңыз келеді ме?

  1. Сізге өтініш жасаса үзақ уақыт танаш отыра аласыз ба?

  2. Егер күлкіңіз біреудің намысына тиетін болса, сіз өзіңізді
    үстай аласыз ба?

  3. Түнжыраған көңіл-күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай
    ма?

  4. Сізді күйгелектендіру оңай ма?

  5. Қоршаған ортаның салт-дәстүрін сақтау сізге оңай ма?

  6. Көпшіліктің алдына шығуды үнатасыз ба?

  7. Жүмысқа үзақ даярлықсыз кірісіп кетесіз бе?

  8. Өз өміріңізді төуекелге тігіп, басқаларды қүтқаруға барасыз
    ба?

  9. Қимыл-әрекеттеріңіз ширақ па?

134. Жауапкершілікті талап ететін жүмысты ынталанып
мойныңызға аласыз ба?


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет