Тараз қаласының тарихы



Дата02.05.2016
өлшемі69.99 Kb.
Тараз қаласының тарихы
Қалалардың да адамдар секілді жастары болады. Олар ежелгі, жаңа, жас болып ерекшеленеді. Ежелгі қалалардың біріне Тараз қаласы жатады. Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен қалған: Талас, Тараз, Яны-Тараз, Наманган-Коше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл, Қаланың 2000 жылдық тарихы тікелей осы аттармен байланысты. Сол кезеңді қысқаша шолып өтейік.

Көптеген жылдар бойы ғалымдар Тараздың құрылған жылы жайында пікірталаста болды. Архелогиялық жазбаларға жүгінсек бұл қалаға халық б.э. 1 ғасырында қоныстана бастаған. Ірі ғалымдардың бірі, шығыстанушы В.В.Бартольд Тараз қаласы б.э.д. салынған деген. Өкінішке орай жазбалардың аздығынан Тараз туралы толық мәлімет жоқ. Дегенмен архелогиялық қазбалардың деректеріне жүгіне отырып. Біздің ежелгі қаламыздың қай жылы, кіммен соғылғанын білуге болады.

Б.э.д. 1 ғасырдың соңында Талас пен Сырдария өзендерінің маңында қаңлы көшпенді халхының мемлекеті өмір сүрген. Халық саны 600 000 адам, оның ішінде 120 000 әскер болған. Олар Жетісуда өмір сүрген үйсіндермен жаугершілікте болған. Үйсіндер қаңлыларды қыспаққа алғаннан кейін каңлылар ғұндармен одақ құрмақшы болып, ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді шақырады. Бұл оқиға жайында Л.Н.Гумилевтің «Б.э.д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегінде көрсеткен. Жазба деректерінде б.э.д. 55 жылы ғұн мемлекеті солтүстік және оңтүстікке бөлінгендігі айтылады. Манғолияның солтүстік батысында, Қырғыз-Нұр өзенінің маңында Чжи-Чжи өзінің мемлекетін құрады. Осы жерден ол үйсіндерге шапқыншылық жасаған. Чжи-Чжи мен Онтүстік ғұндардың басшысы арасында бәсекелестік туындайды. Бұл кезде Чжи-Чжидің қытаймен де арақатынасы нашар еді. Осындай жағдайда жүрген Чжи-Чжиге қаңлылардың басшысының Таласқа шақыруы өте қолайлы ұсыныс болатын. 3000 қолмен келген Чжи-Чжи үйсіндерге қарсы соғыста қаңлы мемлекетіне көмектесе алмады. Сөйтіп Чжи-Чжи мен қаңлылардың ара-қатынасы үзіледі. Чжи-Чжи Талас өзенінің бастамасында қалып, өзіне қала соға бастайды. 500 жұмысшының қолымен 2 жыл соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Қаланың дуалы екі қабаттан тұрды — сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерге сүйенсек, Талас деп атанған бұл қаланың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнін легионерлері де жұмыс істеген. Чжи-Чжйдін күшеюі Қытай иммпериясын дүрліктіре бастады, сөйтіп олар соғысқа дайындала бастады. Қытай қол жазбаларында осы соғыстар жайлы көп деректер жазылған: Чжи-Чжи өз атымен көпке танымал болды. Ол үйсіндерді басып алып, қаңлыларға шабуыл жасамақшы болады. Оның әскері жақсы соғысатын, көп жеңіс көрген, жылдам әрі батыл қимылдайтын болған. Қытаймен соғысқанда Чжи-Чжи өзі сауытын киіп, қолына қару алып, соғысқа шығады. Әйелдер де қолдарына садақ алып, қаланы қорғады. Осы кезде Чжи-Чжидің мұрнына садақ тиеді. Әскердің көбісі, оның ішінде әйелдерде Қытай әскерінің қолынан қаза табады. Түннің бір уақытысында қытайлықтар қалаға басып кіреді. Чжи-Чжидің батыл қорғанысына қарамастан, қытайлар сыртқы ағаш дуалды өртеп, ішкі лай дуалды бұзып, қалаға басып кіреді. Олар Чжи-Чжиді көптеген әйелдерімен, балаларымен, қызметшілерімен, барлығын есептегенде 1518 адаммен тұтқындап, бастарын алады. Бірақ қала түгелдей талқандалмай, одан әрі өмір сүре береді.

Осы деректерге сүйене отырып, Қазакстан Республикасының академигі Әлкей Марғұлан - Б.э.д. 1 ғасырда ұлы Чжи-Чжи Талас қаласы өзінің мемлекетінің астанасы қылу үшін соққан дейді. Қазақтың ғалымы Самат Утеннязов — Қытайдың бір мұражайында осы күнге дейін Таластың сол кездегі бейнесі бейнеленген жібек картасы барын айтады.

Таластың кейінгі тағдыры оның Жібек жолының бойында орналасқанына байланысты болады. Археологиялық қазбалардан табылған римнің, (кушанның) тиындары Таластың сол кезде-ақ Орта Азиямен, Орталық шығыстың елдерімен байланыста болғанын дәлелдейді. 6-8 ғ-ғы жазбаларда Талас қаласын «Көпестер қаласы» деп атағандығын айтады.

Көп жылдар бойы қаланың құрылу уақытын 568 жылы осы өлкеге Византия императоры Юстмиман 2-ші түріктерді өз жағына өткізу үшін келгендігімен байланыстырған. Ол кезде Талас 552 жылы құрылған Түрік қағанатының құрамына кіретін. 603 жылы Түрік қағанатынан бөлініп шыққан Батыс Түрік қағанаты бөлініп шыққан. Олар Шығыс. Түркістаннан Амударияға дейінгі жерді мекендеді. 629 жылы Қытайдын саяхатшысы Сюань-Цзян: Цянь-цюаньнан батысқа қарай140-150 шаршы жүргеннен кейін біз Даласы (Талас) деген қалаға келдік. Қаланың шекарасы 8-9 шаршы шақырым. Ол қалада әр елдің саудагерлері өмір сүреді екен. Жері мен табиғаты Сүйектікіндей. Олардың тілдері, салт-дәстүрлері мен заңдары қытайдікіндей, дейді.

VIII ғасырдың басында (704ж.) БатысТүрік қағанатынан Түркештер бөлініп шығады, олар Іле өзенінен келіп, Шаш (Ташкент) қаласынан Турфан. Бесбалыққа дейінгі жерді мекендеді. Бас қаласы Суяб қаласы, екінші бас қалалары Кунгут болды. Түркештер қара және сары болып екіге болінді. Қара Түркештер Талас озеніні бойын қоныстанды. VIII ғасырдың ортасында Таразды астана етіп жариялады. Мемлекеттің сыртқы саясаты қиын болды. Соғдылармен қосылып Түркештер арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстіктен Таң мемлекеті қауіп төндірді.

751 жылы Талас өзенінің маңында құрамында қара түркештері бар қытайлар арабтармен соғысты. Бұл шайхас тарихта Атлах шайқасы атымен қалды. Бұл соғыс туралы деректерде: екі жақтың әскерлері 751 жылдың шілде айында Таластың бойында жиналды. Ұрысқа бірден түсуге,батылдары бармай, 5 күннен кейін қарлұқтар қытайларға шабуыл: жасады, сол кезде екінші жағынан арабтар соққы берді. Қытайлар шегінуге мәжбүр болды. Мұсылмандар мен қарлтұқтар үлкен олжаға кенелді, ал тұтқындар Самарқанд пен Иракқа қағаз және жібек өндіру үшін жіберілді. Талас шайқасынан кейін қытайлықтар Орта Азияның тірлігіне араласуын қойды, ал арабтар жеңісіне қарамастан өз жерлеріне қайтты.

Арабтар мен үнемі соғысудың нәтижесінде түркеш қағандары әлсіреп, ақырында қарлұқтардан жеңіліп қалады, сөйтіп қарлықтар 744 жылы өз мемлекеттерін құрады. Аса ірі көшпенді және жартылай көшпенді Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның халықтары: тухси, шығылы, азкештер, түркештер, халаджы, шарұқтар, барысхандар.

766 жылдан бастап Талас - Тараз деп атала бастады. 893 жылы Ислам Ибн Асад Таразды шауып алып, ислам дінін қабылдатады. Осы соғыстан кейін Тараз — Бағдат, Кайр, Дамаск қалаларымен тікелей байланыста болды.

940 жылы Қарлұқ мемлекеті құлайды, онын орнына Қараханид мемлекеті келеді. ХІ-ХІІ ғасырларда Қараханид мемлекетінің шекарасы Мауеренахрдан батыста Жетісу, шығыста Қашқарияға дейін созылып жатты. ІХ-ХІІ ғасырларда Тараз гүлдене түсті. VIII ғасырда Тараз өз ақшасын шығара бастады, алғаш түркештің теңгелерін, кейін Қараханидтің дирхемдерін.

ХШ ғасырда Жетісу мен Орталық Азиянын басына қара бұлт үйіріледі. Орта Азияны бағындыру үшін қарақытайлар, наймандар, Хорезмшах Мұхаммед өзара қырқысты. Тараз қолдан қолға өтті. 1212 жылы Хорезмшах Мұхаммед Таразды талқандайды. XIII ғасырдың ортасында Манғолдар басып алған кезде қала қайта құрылады, бұл туралы Гильом Рубрук жазбаларында айтады. Осы жылдары Тараздың дамығаны сонша ешкімнің қолдауынсыз Самарқандты өздері басып алады. Қаланың ішіне тастан жолдар, жер асты құбырын, коптеген мовзолейлер, оның ішінде Айша-бибі, Бабаджа-Хатун, Қарахан т.б. соғады. Тараздың аты тек қана сауда орталығымен емес, түрлі-түсті металлургиясымен де шыға бастады. Бүл кезде Тараздын айналысында Жықыл, Төменгі Барысхан, Құлан, Меркі, бас-аяғы 26 қалалар мен ауылдар болды.

XII ғасырдың 1-ші жартысында қарақытайлар Жетісуды басып алды. 1211 жылы Күшлік хан қарақытайларды басып алады. 1220 жылы Манғол шапқыншылығы Тараз қаласын талқандады. ОларТараздың атын Яны (жаңа) деп өзгертті. Қала қайта құрылды. Қытай ғалымы Чянь-Чунь 1221 жылы Янынын қасынан өтіп бара жатып көрген көрінісін жазған: Шу мен Таластың тұрғындары жібек өңдеумен. шарап жасаумен айланысады. Жолдар жөнделіп, көпірлер соғылған. Бұл жылдары Тараз Шағатай ханнын ұлысы Қайдудың астанасы болатын.

XIV ғасырда Шағатайдың ұрпағының арасында билікке талас туындайды. Сөйтіп Тараз тағы да шапқыншылыққа ұшырайды.

1513 жылы Тараз туралы ең соңғы деректе Қасым ханның осы қалаға жорығы жазылған. XVI ғасырда Тараз бен оның айналасындағы қалалар, соның ішінде Шу, Қозыбас, Қордай қазақ хандығының құрамына кірді.

XVIII ғасырдың екінші он жылдығында қазақ хандығының жеріне Жоңғарлардың көзі түсе бастайды. Кең жайылымдардан басқа, Қазақстанды Ресеймен, Шығыс елдерімен байланыстырып тұрған сауда жолдары оларды қызықтырады.

1723 жылы Татас пен Қазақстанның онтүстік аймақтарын жоңғарлар шауып алып, 1755 жылға дейін билігін жүргізеді. Тарихта бұл шапқыншылық «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалған. Бұл шапқыншылықтан қазақтар мал-мүліктерін, жерлерін тастап, Ташкент, Холжент, Ферғана, Самарқандқа қашады. Сол кездегі жағдай «Елімай» өлеңінде толығымен көрсетілген.

1731 жылы Кіші жүздін ханы Әбілхайыр хан батырларымен жоңғарларға соғыс ашып көптеген жерді қайтарып алады. 1734-35 жылдары моңғолдар қазақтарға соғыс ашып, қазақ хандығы өз билігін тек XVIII ғасырдың 50 жылдарының ортасында ғана жүргізе бастайды.

1771 жылы Манғолияға көшіп бара жатқан қалмақтар жол-жөнекей қазақ ауылдарын тонап, қиратады. Осы мүмкіншілікті пайдаланып қырғыздар Шу, Іле, Талас жерлерін басып алады. Абылай ханның бастауымен қырғыздар қуылып, 1774жылы Таластың бойына Абылайхан қоныстанады. Тараздың орнына Ясы қаласын соғып, Абылайханның баласы әділ басшы болып сайланды. Осы тұста қаланың аты Әулие-Ата болып өзгерді. Себебі Қарахан мавзолейінде Әулие-Ата, яғни қараханидтердің басшысы Шах-Махмуд жерленген еді.

XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басындағы деректерде -Тараздың шекарасы көрсетілген, Қаланың солтүстік дуалы 370 м, батыс

160 м, оңтүстігі 200 м-ге дейін жалғасқан. Археологтардың қазба жұмыстарының нәтижесінде Тараздың шығыс жағынан, жылу жүйесі бар 7 бөлмелі XI ғасырдың моншасы табылған. І-де қызыл, сары плитатармен жабылған едені бар, 2-де кірпіштен жасалған хауыздар, 2-ші бөлмеден моншаның үшінші бөлмесіне өтетін есік бар, моншаның 6-шы бөлмесінде орындықтар орналасқан. Моншаға су арнайы соғылған бөлмеден келетін. Жылу жүйесі еденнің астында орналасқан.

Тараздың моншасы шығыстағы Каср-ал Хайрал-Гарби сарайындағы моншаға өте ұқсас, қабырғаларының ою-өрнектері, әсемделген дуалдары. Орталық Азияда моншалар VIII ғасырда пайда бола бастаған.

IX - XII ғасырда үлкен қалаларда моншалар 10-нан кем болмайтын. Мысалы, Самарқанд пен Бұхарада100 шақты монша болған.Аз-Макдиси қолжазбаларында: Орта Азияның моншаларының қабырғаларында жиі кездесетін суреттердің бірі - ал-Анка атты құстың бейнесін көруге болады. Бұл құстың беті адамдікі, тұмсығы бүркіттікі, екі жағынан төрт қанаты бар, ұзын тырнақты екі қолы бар. IX - X ғасырдың дәрігері Закармя ал-Рази ағзаның демалып, жаңаруы үшін моншалардың қабырғаларына жануарлар, құстардын бейнесін салуға кеңес берген.

Тараз қаласы бай сауда орталығы болған. Осы қалаға өз керуенін жібермеген ел болмаған. Мұнда әр елдің халықтары тек қана сауда емес, жаңа идеялар, ғылыми-географиялық ашылымдар, жер өңдеу, қала соғу, ән, би, ұлттық салт-дәстүрлермен де алмасқан.



Тараз қаласының ұлы Жібек Жолының бойында орналасуы бұл қалаға кең танымалдық, жылдам экономнкалық даму, саяси салмақ берді.
Мектеп.- 2011.-мамыр.-№5.- 45-46б.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет