Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006



жүктеу 36.37 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі36.37 Kb.
: download -> gil-kenes
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
gil-kenes -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006



Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 15-38-1/ 2-006



Ғылыми кеңес

Шешім


2 беттің беті

СМЖ «Институтты басқару»

ҮК БҮ 1-2011

Баспа 2. Дана №1





Жоба

«Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасының

2014-2015 оқу жылының жылдық есебі бойынша

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ШЕШІМІ
26 ақпан, 2016 жыл Тараз қ.,
Ғылыми кеңесте «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі З.Абдирасилова кафедраның жұмыс жоспары «Сапа бойынша мақсаттар» талаптарымен жүзеге асырылып келетініне тоқталды. «Оқу-ұйымдастырушылық», «Оқу-әдістемелік», «Ғылыми» «Тәрбие жұмысы» үдерістері бойынша 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы талаптарға сай құжаттармен қамтылған.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығы бакалавриат мамандығы бойынша 2015 жылғы АРТА рейтингісіне қатысушы жоғары оқу орындарының арасында 4 –ші орын иеленген.

Оқу-әдістемелік кешендер 45 пән бойынша жасалынды, жоспарланған оқу-әдістемелік өнімдер, біліктілікті көтеру жоспары, ғылыми мақалалар жариялау (51 ғылыми мақала) және т.б. «IT және инновациялық технология» үдерісі және т.б. жүзеге асырылуда.

Кафедрада соңғы үш жылдың көлемінде ғылым кандидаттарының саны өсті. 2013-2014 оқу жылында ғылым кандидаттарының саны - 3, 2014-2015 оқу жылында ғылым кандидаттарының саны - 4, 2015-2016 оқу жылында олардың саны - 6 жетті. Бүгінгі таңда ғылыми- педагогикалық кадрлар әлеуетінде ғылым кандидаттары 50 % құрайды.

Жалпы, 2015-2016 оқу жылында жұмыс жасаған барлық 11 оқытушының біліктілігін көтеру курстарынан 10-ы өтті. Яғни 90,9 пайызыды құрайды. ПОҚ біліктілігін көтеру нәтижелері (шетелдік, республикалық, институтішілік курстар) оқу үрдісіне белсенді енгізілуде.

Кафедраға қарасты 5В011500-«Құқық және экономика негіздері» мамандығының білімгерлер контингенті 2015-2016 оқу жылында 25 білімгер, оның күндізгі бөлім бойынша 19, сырттай қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша 6 білімгер білім алуда. Білімгерлер контингенті жыл сайын кеміп отыр.

2015-2016 оқу жылында мамандық бойынша үлгерім «Құқық және экономика негіздері» – 93,75 пайызды көрсетті. Бұл өтен жылмен салыстырғанда 2014-2015 жылы үлгерімнің 81,2 пайызды құрағанын ескерсек, 10,55 пайызға көтерілгені байқалады.

Академиялық ұтқырлық аясында Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтыменен серіктестік байланыс орнатылған. Қазіргі заманғы талапқа сай жабдықталған 4 оқу аудиториясы бар. Оқу аудиториялары интерактивті тақта, плакат түріндегі 25 комплект демонстративті дидактикалық материалдар, 18- видеофильм, 14- СД дисктермен т.б. жабдықталды.

Кафедрада маман даярлауда қол жеткізген жетістіктермен қатар, төмендегідей кемшіліктер орын алған:

Білім алушылар контингенті


  • 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығында соңғы жылдары студенттер саны тым аз және 1 курста студент жоқ.

Оқу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша:

- 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың «Жол картасын» қабылдауына байланысты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 79-қадам – білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге дайындық жұмыстары төмен;



Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша:

- Кафедра оқытушыларының гранттық және қаржыландыру конкурстарына қатысқанменен, нәтижесіз;

- Кафедрада импакт-фактор индексі бар журналдарына ғылыми мақалалар жарияланбаған.

Жоғарыда берілген анықтама негізінде Ғылыми Кеңес қаулы етеді:
1. «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі З.Абдирасилова есебі назарға алынсын.

2. «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі З.Абдирасиловаға:

2.1 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығында студенттер контингентін қалыптастырсын 01.06.2016 ж. дейін;

2.2 Дуалды білім беруді жетілдеру жұмыстары жүргізілсін – 01.06.2016 ж. дейін;

2.3 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың «Жол картасын» қабылдауына байланысты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 79-қадам – білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге және осы бағытта жүргізіліп отырған институт саясатына сәйкес кафедрада дайындық жұмыстары жүргізілсін және Даму жоспары дайындалсын – 01.04.2016 ж. дейін;

2.4 ПОҚ-ы студенттермен (өзекті тақырыптар аясында) республикалық, халықаралық бірлескен гранттық және қаржыландыру конкурстарына қатысуды қамтамасыз етсін тұрақты;

3. Қаулының орындалуын қадағалау оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Р.С.Амандосоваға жүктелсін.



Ғылыми Кеңес төрайымы Д.Қожамжарова
Ғалым хатшы Н.Асылбекова



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет