Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет4/35
Дата03.04.2016
өлшемі6.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие / қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие/. - А., 1995.

2.Қожахметова Қ.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – А., 1993.

3.Көшеров Н.М. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің этнопедагогикалық дайындау жүйесі: кан. дис. - Алматы, 2000.


Аннотация. В данной статье используются все предметы и традиции для установление связи обучения, в этом случаи ученики получая четкие знания, будут здравомысленно усваивать, широко думать, с помощью способа запоминание рассматривается богатые обычаи и традиции нашего народа

Annotation. This article uses the tradition of all the items and for establishment of communication training, in which case the students get a clear knowledge will absorb zdravomyslenno widely thought by the method of memorization is considered rich in customs and traditions of our people

ӘОЖ: 378: 723
ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Аблаева А.И.

47 орта мектеп, Тараз қ.


Егемен ел атанып, тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атқан күннен бастап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке, ұлтжандыққа баулу ісі күн тәртібіне шығарылды. Кең байтақ қазақ даласын пана еткен тілі басқа болса да тілегі бір, түрі басқа болса да жүрегі барша халықтың бойына қазақстандық патриотизмді дарыту өте-мөте маңызды дүние. Бүгінде бүл мәселе барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, отанын сүюден туындайды. «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлтық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстанумен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру тағы басқа тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай-ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сұйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарына бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.

Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек,отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз.Бүгінгі күні егеменеді ел болып,қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай,жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ,ондағы батырлардың ешқайсысы бүгінгідей жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін,жерін,отанын қорғауда жанын,тәнін аяп қарап қалмаған.Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден,сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімінің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болады. Ұрпағымызды кеудесінде намысы бар,білімді,туған елін,жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келкшек ұрпақ тәрбиесіне аударумыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі-патриоттық тәрбиеге береді. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары өзінің «қазақстандық » екенін мақтанатындай етіп тәрбиелеу үшін педагогика халық педагогикасына сүйену қажет екенін айтады. [1]

Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды айта отырып,түсіндіру қажет. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру тарих сабағының маңызы зор. Өйткені тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи-мәдине тәжірибесін,алдымен құндылықтарын оқытып үйретуді мақсат етеді. Сабақтың тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін мұғалімге қосымша материалдар пайдалануға тура келеді.Сабақтың тәрбиелік міндетін анықтау өтілетін тақырыптың мазмұнына байланысты негізінен ,бұрыннан белгілі оқу –тәсілдерінен бөлек ,өлке материалдарын пайдалану да оқушыларға Отан тарихын ,өлке тарихын сүюге ,құрметтеуге шақырады. Өз жерінің қадір қасиетін біліп,танып өскен ұрпақ сол елдің азаматы болмақ. Тарих пәні небір қаншама тарихи фактілерді,оқиғаларды баяндайды,осылардың бәрі олардың жүрегіне ,сезіміне әсер етеді, адамгершілігі жоғары сапалы азамат болып қалыптасуына әсер етеді.3.Қазақстан Республикасы –өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет –осы мемлекеттің өркендеп өсуі халықтың әлеуметтік,экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтыі осыған өз мүмкіншілігінше үлес қосуы тиіс.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында жастарға білім және тәрбие беретін мектеп оқушыларының алдына қойылатын ерекше талап-еліміздің ертеңін ойлайтын қасиетті азамат қалыптастыру. Оқушылардың сана – сезімін ұлттық патриотизмін ояту қазір қоғамдағы тәрбиенің алға қойған негізгі мақсаты болуы қажет. Бұнда ұлттық құндылықтарды студенттердің бойына сіңіріп тәрбиелеу екендігінде ешқандай күмән жоқ. «Адамға ең бірішінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы , ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» ,- депті Әл-Фараби бабамыз Осыдан өз тағдырын өзі шешуге қолы енді жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екендігін байқаймыз.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты » деп аталатын бөлімінде – еліміздің тұтастығын , оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі , жастарымыздың отаншылдық, елжандылық , патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Қазақ халқының біртуар ұлдарының бірі- Бауыржан Момышұлы : «Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман саулығы , қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке байланысты сезіну , әр адам өзінің мемлекетке тәуелді екенін , олай болса мемлекетті нығайту жеке адамдарды күшлейту екендігін мойындау»,- деген болатын. Міне осылай жас ұрпақ, оның ішінде жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру , ол үшін патриоттық іс – әрекет ұйымдастыру , бұл шараны іске асыру үшін оқу – тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беру қажет. Осылайша оқушылардың бойына «ұлттық патриотизмді» қалыптастыруға болдаы.

Ұлттық патротизм - жеке адамның өз халқына деген сүйіспеншілігі. Ерекшелігі, тегі, территориясы, тарихи дәстүрі т.б. жағынан дербес белгілеріне байланысты. Патриоттық сезім тәрбие арқылы қалыптасады, ол жетіліп патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам ө ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп , сезініп, өз ұлтының бабаларының қаиеттерін бойына жинақтайды. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған егеменді елімізді дамыту мен қорғау міндеттерінің тереңдей және күрделене түсуіне байланысты, патриоттық тәрбие мәселелеріне басты назар аударудың қажеттігі артып отыр.

Патриоттық тәрбиенің мақсаты – халық педагогикасы негізінде тұлғаның немесе әлеуметтік топтың патриоттық іс- әрекетке саналы түрде ұмтылысын сипаттайтын саяси- моральдық, кәсіби, психологиялық және дене қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі - бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы мұрасының даму тарихына үңілер болсақ, ХV – ХVІІ ғасырлардағы Асан қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзиларындағы тәлімгерлік ой-пікірлерінен көреміз. Халқының қаситтерін ардақтайтын сезім өзі келмейді, жоқтан жаралмайды. Туған жерінің топрағынан, ана сүтінен, тәрбие арқылы ұйыған ұлтжандылықтың арқасында қалыптасатын сезім.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекешеліктерде, халықтық педагогика құндылықтарын есекере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы - педагогтардың, соның ішінде Ш.Уәлизанов, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның, М.Жұмабаевтың және тағы басқалардың да маңызды ой – пікірлері, отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие процесінде идеялық сенімділік, өз Отанына, ана тіліне, еліне, жеріне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық мақтаныш, өз халқының тағдыры үшін жоғары жауапкершілік, туған Отанының экономикалық, ғылыми, моральдық – саяси және әскери элементтерін дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси жағынан қорғауға даярлық қалыптасады. Егеменді елдің қуатты өндірістік күштері және өндірістік қатынастарын дамыту патриоттық тәрбиенің экономикалық негізін құрайды. Әлеуметтік – саяси негізге тқоғамдық және мемлекеттік құрылыс,қоғамның әлеуметтік – саси және идеялық бірлігі, шетел халықтарымен интернацоналистік және достық қарым-қатынас жатады. Тұтастай алғанда, үкіметтің ұлттық патриотизм туралы идеологиясы, дүниежүзілік және қазақ классиктерінің патриотизм ұлттық патриотизм туралы идеялары потриоттық тәрбиенің әдіснамалық негізі болып табылады.

Патриоттық тәрбие педагогика, этнопедагогика, психология, этнопсихология, әскери ғылымдардың ғылыми теориясына сүйенеді, олар жеке адамның патриоттық тәрбиелілігінің мінсіз үлгісін жәнеоған қажетті қасиетті қалыптастырудағы негізгі принциптерді, нысандар мен әдістерді айқындауға мүмкіндік береді. Патриоттық тәрбиенің құралдары болып халықтың, нақты ұлттың және оның қарулы күштерінің еңбек , ұлттық дәстүрлері табылады. Патриоттық сананы қалыптастыру барысында жеке әңгімелесу мен тағы басқа да әлеументік зерттеулер арқылы қажеттіліктерді зерттеу және оның дамуына жәрдемдесу маңызды, себебі, мұның өзі патриоттық тәрбие мәселелерін тиімді шешуге көмектеседі.

Патриоттық тәрбие процесінде идеялық сенімділік, өз Отанына, ана тіліне, еліне, жеріне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік, жалпы ұлтқа мақтаныш, өз халқының тағдыры үшін жоғары жауапкершілік, туған Отанының экономикалық, ғылыми, моральдық- саяси және әскери әлеуеттерін дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси жағынан қорғауға даярлық қалыптасады . Патриоттық тәрбие ең алдымен өз Отанының құндылықтарын танудан басталады. Тәрбие жұмысы барысында өз халқының, ұлтының ұлылығын, олардың тіршілік салтының артықшылық- жетістіктерін, халық саясаты мен жауынгерлер қызметінің прогресшілдігін терең ашып көрсету, студент жастарды ерлік- патриоттыққа тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлерді, халықтың Отанын қорғау туралы ілімін насихаттау, өмірдегі жағымсыз салттарды, шовинизмді, вигилизмді және т.б. келеңсіздіктерді дәлелді сынап отыру қажет. Біздің пайымдауымызша, тәрбие жүйесінде жастарымызды халқымыздың рухани және ұлттық құндылықтарын дұрыс бағалауға тәрбиелеу осы білімдерді пайдалануға бағытталуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев сөзімен айтқанда, патриоттық тәрбие процесінде «әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай және даңқты тарихына , оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. ..әрбір адам бала кезінен Қазақстан- менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн» .

Патриотизмге берілген анықтамалардан, оның жалпы негізгі «Отан» ұғымында жатқандығын көреміз. Олай болса, қоғамдағы жеке адамдар санасында «Отан» тусінігінің әртүрлі деңгейде орнығынуына байланысты, патриотизмнің екі деңгейін көреміз:

1.Отан туралы жалпы түсінік. Ол халқының тарихы, дамуы, қорғаныс тәсілдері, патриоттық пікірлер, көңіл-күйі мен салт-дәстүрлері мен саналы сезімі кіреді.

2.Патриоттизмнің теориялық деңгейі. Оған Отанның құрылуы, сақталуы, дамуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеру жатады. Отанға қызмет ету жөніндегі патриоттық идеялар, патриоттық мінез-құлық нормалары осы теориялық деңгейді сипаттайды.

Отан халық топтары өмір сүріп еңбек ететін белгілі бір саяси, мәдени әлеуметтік және аумақтық орта. Ғалымдар Отан құрылымы үш элементттің берік байланысы ретінде түсіндірілуге тиіс деп, былай көрсетеді.



  1. Халық тарихымен ұштасқан, сол халық субъект ретінде тарихты жасаушы ретінде көрінетін туған жері этностық аймағы.

  2. Өзінің тілі ұлттық мәдениеті, дәстүрлері бар белгілі бір халық.

  3. Мемлекет түрін анықтайтын қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік-саяси құрылыс.

Қазақстан ғалымдары патриоттық тәрбие мәселесінде жазған еңбектерінің маңызы зор. Оларға Е.Жұматаеваның “Қазақ майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру”, С.Иманбаеваның ”Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогикалық негіздері”, Н.Түйебақованың, Л.Сайдахметованың еңбектерін алуға болады. Оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде ең алдымен патриоттық құндылықтарды қалыптастыру қажет, яғни ұлттық дәстүрлерге сүйене отырып, олардың ішкі жан дүниесі—-ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыту, “қазақ” деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну…”-дегені, біздің ұстанып отырған пікірімізді қуаттай түседі.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Сейдахметов.Л «Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыру» Алматы 2009

2.Ә.Қалмырзаев «Біз,Қазақ, Ежелден Еркіндік аңсаған»Қазақстан 2030, Алматы, 2012

3.Төгісов Ә. Тәрбие арқауы-қазақстандық патриотизм./ Қазақ батыры, №4 2008.-2б

4.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012ж. 14 желтоқсан

5.Назарбаев Н.Ә. Заманның сыншысы да, тарихы да бүгінгі жастар. «Егеменді Қазақстан», 2012. 3 ақпан,-Б.1-2.


Аннотация. В данной статье рассматривается патриотическое воспитание будущего поколения каждый раз объясняя молодежи все прошедшие события казахского народа.

Annotation. This article discusses the patriotic education of the next generation of young people each time explaining all past events of the Kazakh people
ӘОЖ 37-(091)+37.01
ЖОЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Әбдіқадырова Т.Р.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арналған Жолдауында:«Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы, - дей отырып, Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтарды санамалап көрсетті. Соның ішінде ең басты құндылық, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі деді. Ал, тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани құндылықтары, рухы. Бұл бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы.

Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің халқымыз - өзгеге қыспақ көрсетпек түгіл көмекке мұқтаж кез-келген ұлттың өкілін баурына баса білген дана, мейрімді халық. Біз - аға буын халқымыздың осындай игі қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіре білгенде ғана ертеңгі болашағымыздың жарқын, еліміздің қуатты болатыны анық. Ел басы жолдауының да қасиетті құндылығы осында болар. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің:  қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқа­сында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз - тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен көркейіп өсуі. Қасиетті тәуелсіздігімізді -мықтап ұстап тұру.

Ел дегенде, жер дегенде — білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз өз әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаса Мәңгілік ел боламыз, бұл - жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі. Міне, біздің басты байлығымыз да — осы. Рухы еркін халық қана кез –келген мәселені шеше алады, әлемдік деңгейде өз орнын таба алады.

Қазақ халқы өзінің тарихи негізді ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бала алады. Бұл - біздің үшінші құндылығымыз.

Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық соғыстарға, отарлау езгiсiне, әдейi ұйымдастырылған ашаршылық пен босқыншылықтарға, саяси қуғын-сүргiндерге және т.б. озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейiн негiзгi халықтық-ұлттық дiлiн сақтаған қазақ ұрпақтарының ұлттық рухта тәрбиеленуі – аса зәру мәселе екендiгi айқын сезiледi. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» (1996) кiтабындағы пiкiрiнiң қазiргi қазақ жастарының ұлттық рухты жоғары ұстауға тиянақты бағдар болатыны да күмәнсiз: «Мен өз халқымның көнбеске көнiп, шыдамасқа шыдай бiлетiн төзiмдiлiгiне қайран қаламын. Мәңгiлiктiң қатыгез басқыны бiржолата шайып әкететiндей талай қилы кезең тұсында қиналса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бiрақ өмiрге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсенi көтерiп, тәуекелге бел буғызды», деп Елбасы ұлтымыздың ұлылығын, ұлттық ерекше қасиеттерін, намысын, төзімділігін, тәуекелшіл қасиеттерін ұлықтады.

ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтатып, тілін, дінін, ділін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын жете зерттеп, насихаттау міндеті тұр. Өйткені, қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі. Ал, «Әрбір ұлт – өзінің халқы үшін Ұлы. Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» (Ш.Айматов).

Елбасы төртінші құндылық, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім, екендігіне тоқтала отырып, әрбір қазақстандықтардың әл ауқатының жақсарып дамыған отыз елдің қатарына қосылудың бірден-бір сара жолын анықтап берді.

Қазақ халқы табиғатынан қарапайым, кешірімді, сөз құдіретін білетін, сөз құдіретіне үлкен мән беретін, түсі жылы, табиғатынан қайрымды да ақылды, жайдары халық. Халқымыздың мінез-құлқындағы бұл ерекшеліктері оның іс-әрекетінен, табиғи қарапайымдылығынан да көрініп тұрады. Бойында пайымдылық, кешірімділік, ата-баба дәстүрін құрметтеушілік қасиетін ұрпақ бойына сіңіре отырып, оларды жалқаулық пен тоғышарлықтан арылтып тәрбиелегенімізде ғана алдымызға қойған мақсаттарға жетеріміз анық. Нарықтық экономика талаптарына сай, бәсекелестікке қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді, жан-жақты дамыған, ақылды, ата-баба дәстүрін қастерлейтін ұрпақ қана кез-келген қиыншылыққа төтеп бере алатыны да белгілі.

Адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде тарихи мұраға, өткен өмірге көзқарас үнемі бірқалыпты болмағанын білеміз. Тарихи оқиғалардың қоғам дамуымен бірге өзгеріп отыратындығы да анық. Адамзаттың өркениетінде, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мәдени-рухани мұраларын зерттеу барысында жетістіктер мен кемшіліктер де баршылық. Оларды саралай отырып, рухани өміріміздің дамуына мұрындық болатын өзекті мәселелерді, ізгі ойларды, ұлы адамдардың есімдерімен байланысты іс-әрекеттерді зерттеп, сөйтіп ғасырлар тереңіне бойлау, мақтануға тұрарлық. Тарихымыздағы игі істерді кейінгі ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану, өркениетті дамыған қоғам болу, оған лайықты ұрпақ қалыптастыру мәселесі уақыт күттірмейді. Ғылым мен экономиканың дамыған, жаңарған, оның әлеуетін артыру қажеттілі туындаған уақытында өмір сүріп отырмыз.

Ел басы ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыратындығын, бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру қажеттілігін әр кез айтып жүр. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажеттілігін ғалымдардың алдына негізгі міндет етіп те қойды. Өндіріс пен ғылымды қатар алып, ғылыми жаңалықтар өндірісте тиімді пайдаланылғанда ғана индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім ала алатынымызды көрсетті. Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттырудың маңыздылығын, олардың белсенділігін стартаптарды және венчурлік мәмілелердің бастапқы кезеңдерінде қолдау көрсету қажеттілігіне тоқталды, арнайы мамандарға тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді

Бесінші құндылық, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;

Президент болашақта «жеңілдің астымен ауырдың үстімен» жүріп көзге түсетіндерді сынай отырып, қазіргі заманда «Жеңілдің асты, ауырдың үстімен» жүретін жылпостарды емес, өзін-өзі тәрбиелей білетін, қалың көпшілікке нақты атқарған игі істерімен көзге түскен, өзін ылғи дамытып өсіріп, айналасындағыларды да адал еңбек етуге ықпал ете алатын адал азаматтардың ғана сый құрметке бөленіп, абырой атаққа лайықты болатындығын айтты. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Елбасының қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады.  Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңғырту үрдістерінің табыстылығын жүзеге асыратын басты қағидалардың бірі ынталандыру екенін де жоққа шығармайды. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Елбасының адам еңбегін адал бағалау принципі де жүзеге асуда. Бұл рейтинг жүйесі. Әркім атқарған еңбегіне орай және көрсеткен нәтижесіне карай бағалануы заңдылық. Адал еңбек еткен ғана бақытты болмақ, Еңбек, еңбек және еңбек қана бәрін жеңбек.

Алтыншы құндылық, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

“Өз тарихын, өз философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай да мәдениеттің дамуы мүмкін емес”, – дейді көрнекті түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев. Шындығында, өз елінің тарихын, философиясын білу, ұлттық құндылықтарын зерттеу, солар арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, оны ұрпақ санасына сіңіру елдің ертеңін ойлаған әрбір елдің, ердің басты мұраты. Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата-баба салтын, тілін, ділін, дінін, мәдениеті мен тарихын, әдебиеті мен өнерін өзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет өрісіне қарай өрістете отырып, бүгінгі бәсекеге бейім елу елдің қатарына қосылу талабына сай жаңарта дамыту мәселесімен қатар мәңгілік ел болу идеясы күн тәртібіне қойылды.

“Ұлттың дамып өркендеуі – оның әрбір өкілінің қаншалықты және қалай тәрбиелегеніне тікелей байланысты. Ұлттың әрбір өкілі өзіне сын көзбен қарамаса, ішкі жан дүниесі нұрланбаса, ол ұлттың дамуын күту бекершілік”, – деп ислам ойшылы әрі ағартушысы Ф.Гүленнің айтқанындай отбасы, бала тәрбиесінен бастау алатын ұлттық идеяның ұдайы жетілуі, ұлттық рухани құндылықтармен толысуы адамзат үшін аса маңызды өлшемдер болып табылады. Өйткені, қазақ халқының ұлттық құндылықтарының қалыптасып, дамуына көп еңбек сіңірген ұлт зиялыларының, тарихи тұлғаларымыздың әр кезеңдегі әр саладағы ұлттық мүддені аңсаған арман-тілектері, ғылыми-танымдық, тәрбиелік, зерттеушілік еңбектері бүгіндері тәуелсіз ой-сана тұрғысынан қайта қаралып, тарих таразысына қайта салынып, жаңаша көзқараспен жүйелі түрде жазылып, ұлттық рухты асқақтатып, ұлттық тіліміз бен мәдениетімізді байытып отыр. Ана тіліңде ойлаудан, сөйлеуден қалсақ, ұлттық рухымыздан ажырайтынымыз, өз ана тіліне менсінбей, жерсінбей қарайтындардың талайларының тағдыры тәлкектікпен аяқталатындығын да тарихтан белгілі. Ұлттың ең ұлы анасы тілі екенін, тілден ажыраған шақта ұлттың да жойылатындығы айдан анық. Халықтың түпсіз даналығы, өмірден түйген өнегелері, этикалық қағидалары, эстетикалық талғамы, тәлім-тәрбиесі тілі арқылы сақталып, тілі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататындығы анық. Біздің тіліміздің байлығы мен құнарлылығы кез-келген халықтың тіліндегі шығармалармен салыстырғанда да анық байқалады. Бұл тіл - ұлы Абай мен Мұхтардың сөйлеген тілі. Ата-баба құндылықтарын сақтап, оларды жете біліп, терең меңгеру, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу аға ұрпақтың парызы. Даналардың даналығы тілі арқылы жеткізіледі. Сондықтан, ең қымбат байлығымыз – ана тіліміз. Белгілі бір ұлттың мыңдаған ғасырлар бойы бой тұмардай сақталып, аялап келген тарихы, бай әдеби мұралары, ұлттық құндылықтары да осы тілі, яғни сөз өнері арқылы ғана ұрпақ санасына сіңеді.

Ел басы «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,-жөн деп тіліміздің мәңгілік тіл болатындығын дәлелді де айқын ойларымен жеткізді. Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлері жаңа заманға жарасымды жалғасын тапты.

Шынында да, өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тағдырымен, халықтың рухани алтын қорына қосылған қомақты да қыруар ұлттық құндылықтарымен мақтана алады. Аты – Алаш, сүйегі – ағаш, шаңырағы биік киіз – туырлықты халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұлықтап жеткізуінде қарапайым қағида, өлмес өнеге жатыр.

Халық бар жерде оның даналығын дәріптер руханияты жүретіні ақиқат. Біз — қашан да өткенге салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт күткен халықпыз

Қазақ - пейіліне сай ұлан-ғайыр жері бар, асты-үсті толған кені бар, мейірбан, ақ көңіл, адал елі бар, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ері бар халық. Ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халықымыз толыққанды, тәуелсіз мемлекет болып отыр, оны әлем тануда. Мұндай бақыт арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне  бұйырмаған. Осындай  бақыт­ты кезеңде өмір сүру әрбір қазақстандықтың алдына шексіз міндет пен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Тәуелсіз, экономикалық дамыған мемлекетте өмір сүру бақытына ие болып, қызмет етуден артық еш­теңе жоқ. Осы жолда бойымыздағы бар қайрат-қабілетімдізді, білім-білігімдізді аямай жұмсап, қандай тәуе­кел­ге де баруға тиіспіз.

Жетінші құндылық, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеткендігімізді, еліміздің нығайғандығын, ұлы жетістіктерімізді еселегендігіміз Ел басы өз жолдауында қадап айтты, елдің алдына үлкен міндеттер жүктеді. Яғни «Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің» идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатқандығын атап өтті. Халықтың ұлттық рухы мен ұлттық тілі ұлттық санасы мәңгілік, рухын көтеретін, ұлттық идеяны ұлықтайтын мәңгілік ел болу – Ел басы жолдауының басты мақсаты


Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет