Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет5/35
Дата03.04.2016
өлшемі6.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты халыққа арнаған жолдауы. « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар

2.Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» Алматы: Ғылым, 1996

3.Ә.Кекілбай. Ұлттық рухтың ұлы тіні. Жинақ. ”Ұстаз ұлағаты”. –Алматы: Ғылым, 1999.- 568 б.

4.Жұмабаев М. Педагогика.-Алматы: Ана тілі, 1992.- 160 б (Жазушы, 2005. -3т.-232 б).

5.Ә.Кекілбай. Ұлттық рухтың ұлы тіні жинақ. ”Ұстаз ұлағаты”. –Алматы: Ғылым, 1999.- 568 б.


Аннотация. В статье рассматривается Послание Президента к народу Казахстана. В нем определен главный вектор вхождения в 30 развитых стран мира и ясные горизонты развития Казахстана до 2050 года. В Послании представлено совершенно новое видение судьбы и каждого казахстанца через национальную идею «Мангилик ел», в основе которой – процветание страны, благополучие и рост благосостояния каждого его гражданина.

Annatation. The article considers the Presidential Address to the people of Kazakhstan. It defines the main vector of entry into the 30 developed countries of the world and clear horizons of development of Kazakhstan till 2050. In his address represented an entirely new vision of fate and every citizen of Kazakhstan through the national idea "Mangilik eating", which is based - the country's prosperity, well-being and welfare of every citizen.

ӘОЖ: 374. 64. 74/76

Б 14
ҚР - ның ОРТА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН МУЗЫКА ӨНЕРІМЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ ОРНЫ
Ботамқұлова А.Б.

Жамбыл гуманитарлық -техникалық университеті, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 12 жылдық білім беру оны енгізу мен жүргізудің басым бағыттары айқындалған, жан-жақты мәселе. Уақыт өткен сайын адамның жалпы орта білімі мен кәсіби дайындығының деңгейіне қойылатын талаптар үнемі арта әрі жандана түсуде.

«Білім сапасы» атты жаңа анықтама 1993 жылы Еуропалық кеңесте XXI ғасырға бет алған білім жүйесін дамытудағы басты міндет ретінде танылды. Бұл үрдіс көптеген елдердің орта білім беретін мектептері 12 жылдық тіпті 13 жылдық мектепке айналуынан көрініс тапты. Біздің елімізде қалыптасқан білім жүйесі академиялы және түбегейлі білім береді деп бағаланатынын ескере отырып, жыл асқан сайын заман талабына сай

12 жылдық білім берудің бағадарламалары бойынша жұмыс тәжірибелері жүргізіліп жатыр. Осыған орай, қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұны жұмыс істеуде.

Мұндағы мақсат- еліміздің білім ұйымдарының бала денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру, әлемдік білім беру кеңістігімен бірігу болып табылады. Осыған байланысты мұнда тұлғаға қойылатын нақты талаптар бар: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, жоғары ой-өріс, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Мұнадай талаптар мектеп қабырғамынан қалыптасуы тиіс.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі-ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына, өз пікірін, оын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғаиынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамдық, эколономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық орта құру болып табылады. Мұнда барлығына негіз болатын- жеке тұлғаның генетикалық тегіне назар аудару жағы ерекше. /1/ . Сондықта да 12 жылдық білім берудегі мектептердің мақсатан орай оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуынан негіз болатын этно, яғни халықтық тәрбиенің қоршаған ортамен, яғни экологиялық әлеуетін біртұтас қалыптастырудың нәтижесінде этноэкологиялық мәдениетің туындап мәдениеттің темірқазыған айналуының бас қадамы екендігін ескеруіміз қажетті екендігін көрсетіп отыр.

Қазақстан жолы -2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халқына Жолдауында: «Жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа серпін берген жөн. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек»,- делінген мәдени кредосынан жеке тұлғаның дамуы ұлттық, мәдени әлеуметте, қоршаған ортада шынайы негізде өмір сүруі бүгінгі білім беру жүйесінің алғы мәселесі болып табылады. Мәселенің темірқазығы жеке тұлғаның бекзатты өмір сүруі - ұлттық құндылықтармен сусынданып өмір сүруінің мәнінде болып табылады. /2/

Қазақ халық музыкасы халықтың қоғамдық өмірімен және табиғат байлығымен тығыз байланысты. Халықтың әндерінде, күй, эпостық жырлары мен аңыз-ертегілерінде туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезім, өсімдіктер мен жануарлар туралы философиялық толғаныстар, адамның ішкі жан күйзелісі, қоршаған ортаның әсем сұлулығын түйсінулер айқын бейнеленген.

Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы саласындағы рухани мәдениетін зерттеуде М.Әуезов, Р.Бердібаев, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, М.Мағауин, С. Мұқанов, А.Оразақын, А.Сейдімбек, Р.Нұрмағамбетова, Б.Уақатов және т.б., /5;6/; музыкатануда — П.Аравин, М.Ахметова; Т.Бекхожина, О. Бейсенбекұлы, С.Елеманова, Б.Ерзакович, А.Жұбанов, А.Затаевич, Б.Қарақұлов, А.Құнанбаев, Т.Мерғалиев, А.Мұхамбетова, Б.Сарыбаев /4/; музыкалық педагогикада Ж.Акбарова, М.Балтабаев, Р.Дүйсенбинова, Т.Қышқашбаев, М.Оразалиева, С.Ұзақбаева, Ш.Б.Құлманова, Р.Рысбекова және т.б. / 2;3/, зор үлес қосты. Олардың зерттеулері қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қазынасының құпиясын ашуға, қазіргі қоғамдағы халық шығармашылығының алар орнын және оның экологиялық, адамгершілік, эстетикалық және т.б.тәрбиелік мәнінің шынайы бағасын беруге арналған.

Ғылыми әдебиеттерге жасалған сараптама біздің республикамыздағы ғалымдардың ізденістері қазақ халық шығармашылығы жанрларын жүйелеуге және жіктеуге бағытталғандығын көрсетеді. Бұл осы саладағы білімді тереңдетіп қана қоймай, жанрлардың түрлерін ажырата білудегі мүмкіндікті кеңейте түседі.

Жіктеу /классификация/ ұғымы латын сөзінен шыққан, белгілі бір нысананы осы саланың біртұтас жүйесіндегі нысаналарды классаралық заңды байланысын бекітетін, нысананың өзіне тән ортақ белгілеріне сәйкес классқа немесе бөлімге бөлу дегенді білдіреді /30, 235/.

Қазақ музыкатануында ән өнерінің анағұрлым толық жіктемесі А.В.Затаевичтің /6/ еңбегінде көрсетілген. Ол қазақ халық әндерінің негізгі жанрларын әннің сипатын, мәні мен мазмұнын терең сараптай отырып жинақтаған. Оған қоса, ол әндердің жанрларын мынадай топтарға бөледі: қисса, тарихи, тұрмыстық (той жыры, жоқтау, бесік жыры), айтыс, әзіл әндер. Осыған ол көтеріліс әндерін де қосады. Бірақ Б.Г.Ерзакович, А.Затавич ұсынған әндерді далалық, теңіздік және теңіз жағалаулық; жылқы туралы және жылқыға арналған; таулық, авторлық және басқа да жанрлық бөлінуі негізсіз деп көрсетеді /6;7/.

Дегенмен де, А.В. Затаевичтің қазақ музыкасы тарихында алғаш рет атақты халық композиторлары — Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сағырбайұлы, Жаяу Мұса Байжанов, Біржан Қожағұлұлы, Мұхит Мірәлиев, Дәулеткерей Шығайұлы, Ыбырай Сандыбаев және т.б. құнды өмірбаяндық деректері мен сипаттама берген еңбегін айтпай кету мүмкін емес.

Жанрлық бөлудің педагогикалық маңызына сәйкес, қазақ халық музыкасының қарастырылып отырған жанрларының мазмұндық сипаттамасын беріп, оның атқаратын қызметін көрсетуді жөн көрдік.



Балаларға арналған әндер — бұл, санамақтар, өлең-әзілдер, ойын кезінде айтылатын әндер, табиғат, жануарлар, құстар, тұрмыстағы заттар туралы айтылатын әндер. Көшпелі малшыларың отбасында өскен кез келген балаға жақсы таныс тұрмыстық заттардың бәрі дерлік әндерде бейнеленеді. Мысалы, ерте замандарда ер балалар мал бағуға көмектесіп, қыздар үй шаруашылығын атқаратын (тамақ дайындау, жүн иіру, т.б.).

Лирикалық әндер — бұл, туып-өскен жеріне, табиғатқа, адамға бағышталатын тамаша сезім — махаббат шығармалары. Онда адам бастан кешкен шынайы, тұңғиық сезімі, жан толқынысы көңіл күй мен толғанысы бейнеленеді. Бұл жанр бағытында туған көптеген әндер жануарлар мен құстарға арналған. Өзінің ырғақтылығы мен әуезділігінің арқасында халықтың лирикалық әндер орындауға аса ыңғайлы.

Ересектер айтатын көптеген лирикалық тұрмыстық әндерде туған өлкеге, үйге сағынышы, бала кезіндегі бейқам өмірі туралы айтылады. Солардың бірі “Туған жер”, “Әй-әй бөпем” мысал болып табылады. Сондай-ақ, көптеген лирикалық әндерге астарлау сипаты тән. Мысалы, табиғат сұлулығымен байланысып жатқан әндер де аз емес. Оған “Япурай”, “Назқоңыр”, “Қараторғай” және т.б. әндер жатады.

Лирикалық халықтық-кәсіби әндер, сондай-ақ, туған өлке, ел-жұрт, табиғат, жануарлар тақырыбында қамтиды. Адамның жан күйзелісінің барлық нәзік тұстарын, жанның қуатты да, ынтық ұмтылысын, ауыр қайғы мен жарқын қуаныш сәттерінің бәрі осы классикалық халықтық-кәсіби әндерде айшықталған /3;5/. Халықтық-кәсіби әндердің жарқын концерттік сипаты оны әуеніндегі екі қайнар көздің, яғни халықтың әндік екпін мен ақындық мақамның болуынан білінеді. Мұндай әндер тыңдармандардың кең қауымына арналған. Қазақ халқында “Аққұм”, “Қызыл бидай”, “Жиырма бес”, т.б. сияқты халықтық-кәсіби әндер кең тараған.

Халықтық-кәсіби әндердің атақты авторлары деп Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Ыбырай, Әсет, т.б. ақындар саналады. Көптеген лирикалық әндердің авторы Ақан сері Қорамсаұлы. Оның “Маңмаңгер”, “Қараторғай” және т.б. сияқты әндері халық арасына кең тараған. Ыбырай Сандыбаевтың атақты әні “Гәкку” өзінің нәзік әрі жүрек тебірентер әуенімен кербез сұлудың сыртқы келбетін табиғаттың сұлу көріністерімен сәйкестігін салыстыра отырып бейнелеуі «табиғат-адам-қоғам» байланысын көрсетеді. Мұхит Мералиевтің «Дүние” әні халыққа танымал. Жаяу Мұсаның “Шолпан”, “Адасқақ”, Біржан сал Қожағұлұлының “Айтбай” әндері өз бойына жарқын бейне, терең мазмұн мен тамаша табиғат сұлулығын сіңірген.

Ұлы ақын, композитор, қазақ қоғамының дамуына прогрессивті әсер еткен ағартушы Абай Құнанбайұлының әндері жоғары деңгейлі табиғат лирикасына ие. Абай әндерінің өткірлігі мен әуенінің әсемдігі, поэтикалық мәтінінің музыкада үйлесім табуы, шынайылығы басқа халық әндерінен ерекшелейді. Оның әндері дайындықсыз орындап отырған адамға да өте жеңіл келеді. Абайдың “Желсіз түнде жарық ай”, “Қараңғы түнде тау қалғып” және т.б. әндері табиғаттың сұлу көрінісін ғана емес сонымен қатар адамдардың табиғатқа деген адамгершілік қарым-қатынасын, олардың табиғат байлығын сақтап күте білу қамқорлығын оятатын сезімменен халық арасында зор құрметке ие болып таралғандығында. Тіптен бүгінгі ұрпақтардың Абайдың табиғат лирикасына жазылған әндерін орындау арқылы олардың табиғатқа деген қамқорлығын оятып, экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы тәрбиелік әлеуеті өте зор екендігі ақиқат.

Зерттеу барысында біз аспаптық күй музыкасының да өзіндік жанрлық жіктемесін негізге алдық. Республикамызда жүргізіліп жатқан түрлі зерттеулер осы мәселеге қатысты толассыз қызығушылықтың барын көрсетеді (П.Аравин, Е.Айтжанов, Б.Аманов, Т.Беккожина, І.Елеусізова, Т. Мерғалиев, А.Райымбергенов, А. Сейдімбек, П.Шегебаев және т.б.) /2;4;/. Солардың арасынан біздің зерттеу проблемамызқа қатысты кейбіріне қысқаша тоқталып кетейік.

Т. Мерғалиев күйдің мынадай жіктемесін береді: күй-аңыз, тарихи күй, күй-арнау, лирикалық күйлер. Т.Бекхожина сыбызғыға арналған күйді зерттеп, мынадай үш түрін ерекшелейді. Эпостық және тарихи күй-аңыздар, жан-жануарлар туралы күй, табиғат туралы күй. Е.Айтжанов пен І. Елеусізова төмендегідей түрде күйді топтастырады: мифологиялық негізгі бар ежелгі күйлер; қазақ тарихын баяндайтын тарихи күйлер, адамның ішкі жан-дүниесін ашатын күйлер және лира-эпостық күйлер.

А.Сейдімбек өз зерттеулерін күй-аңыздарға арнаған. Ғылыми және тарихи фактілерге сүйене отырып, б.з.д. V—VІІІ ғасырлардан біздің заманымыздың бүгінгі күндеріне дейінгі аралықта дүниеге келген күйлердің толық сараптамасын береді. Ол мынадай ретпен жіктеледі:

- тарихи оқиғаларға байланысты күй-аңыздар;

- күйші-композиторлардың шығармашылығы жайлы күй-аңыздар;

- табиғат пен қоршаған орта туралы күй-аңыздар;

- тұрмысқа байланысты күй-аңыздар (мерекелер, күрестер, аңшылық, айтыс, т.б.)

- күй-арнаулар туралы аңыз-әңгімелер (ана, сүйікті жар, жақын адам, балаға, табиғатқа және т.б.)

- жан-жануарлар туралы күй-аңыздар.

Музыкалық педагогика саласында бірқатар ғылыми жұмыстарға жасалған сараптама жанрлық жіктеуді қолдану, зерттеуде тиімді нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ете алатынын дәлелдеп берді (М.Х.Балтабаев, Ж. Ақбарова, Р.Дүйсенбинова, Е.Қозыбаев, М.Оразалиева) /7/. Атап айтқанда, М.Х.Балтабаев күй музыкасын жіктеуде қолданылатын тиімді нұсқа ретінде мыналарды есептейді: отбасылық-тұрмыстық, шаруашылық, батырлық, эстетикалық, лирикалық, бейнелік.

Е.Қозыбаев Б.Ғизатовтың еңбегіне сүйеніп, жоғары сынып оқушыларына қазақ халық аспаптық музыкасының жанрын зерттеу үшін келесілерді ұсынады: эпостық, тарихи-батырлық (тарихи-отансүйгіштік), лирикалық, отбасылық-тұрмыстық, ғұрыптық.

Р.К.Дүйсенбинова орта мектеп оқушыларына қазақ халық әндері жанрлық жіктемесінің төмендегідей нұсқасын ұсынады:

- ғұрыптық-отбасылық (бесік жыры, шаруа жайы, діни, той, жерлеу, қоштасу);

- өсиет-әндер;

- тарихи әндер;

- әлеуметтік қарсылық әндер.

- эпостық әндер (дастан, қисса, толғау, терме);

- айтыс;

- лирикалық әндер және т.б.

Ж.М.Акбарова орыстілді бастауыш сынып оқушыларына мынадай жанрлық жіктемені берген дұрыс деп есептейді:

- ғұрыптық-тұрмыстық шығармалар (балалар, бесік жыры, ғибраттамалық, айтыс, тартыс);

- тарихи шығармалар (халықтың басынан өткен оқиғалар туралы күй мен әндер, батырлардың ерлігі);

- эпостық шығармалар (музыкадағы ертегілер мен күй-аңыздар);

- лирикалық шығармалар (табиғат, Отан, адамдар, құстар мен жануарлар туралы).

ІІ. Тарихи әндер мен күйлер — бұл музыкада сақталып қалған халықтың жады. Қазақ халқының көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы халықтың бүкіл ғұмырында болған ірі бетбұрыстардың нақты деректерін өз бойына жинақтайды. Халықтың музыкалық шығарма-шылығында көрініс тапқан осы оқиғалар жөнінде музыкатанушы ғылымдардың көпшілігі айтады. (П.Аравин; В.Виноградов, Б.Ерзакович, А.Жұбанов, А.Затаевич, С.Елеманова, Т.Мерғалиев) /3;7/, т.б.

Дегенмен педагогикалық жұмыстар тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі кезде эстетикалық, экологиялық тәрбиелік, білімдік сипаты бар, заман талабына сай оқушыларға арналған әндер саны айтарлықтай төмендеген.

Бірақ соңғы жылдары балалар талаптылық конкурстары өтетін түрлі радио-телевизиялық бағдарламалар арқасында, олардың ішіне ең танымалылары «Айналайын», «Балақай», «Айгөлек» балалар аудиториясы жылы қабылдаған өлеңдердің саны арта түсті. Олардың көпшілігіне композиторлық стиль, жеке тұлғалық, мазмұндылығы, образының жарқындылығы, шаттылығы мен әзілі тән. Алайда, өкінішке қарай, радио мен телевидениеден жиі берілетін қазіргі заманғы балалар әнінде экологиялық тәрбие туралы әндер көптеп таралмайды. Бұл оқушылар мен оқу-тәрбие жұмысын жүргізген кезде қолданатын материалдың жоқтығын ұлғайтып, кедергі келтіреді.

Біздің ойымызша мектеп оқушыларының әндік репертуары балалардың табиғат туралы білімі мен тәрбиесінде сенімді көпфункционалды және педагогикалық «құрал» болуы керек. Сондай-ақ, онда үлкен адамгершіліктік-экологиялық әлеует болатын адамзат қоғамының өмірлік сипатының барлық қырлары қамтылуы қажет. Балалар музыкасы, ең алдымен, экологиялық тәрбиеге бағытталғаны дұрыс:

- өз мемлекетінің, туған өлкесінің табиғи байлығын құрметтеу мен қадір тұту;

- қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрімен әдет-ғұрпын құрметтеу;

- халық өміріндегі айтулы даталардың мәнін түсіну (Жаңа жыл, Наурыз, т.б.);

- табиғат флорасындағы өсімдіктер мен жануарларға, оларды қорғауға үлес қосқан адамдарға сүйіспеншілік;

- экологиялық, музыкалық білім алуға деген саналы көзқарас (мектеп өмірін бейнелейтін әндер).

Жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өмір сүретін Қазақстанда көпұлттық тәрбие, қоғамдық өмірге, әлеуметтік тұрмысқа, айнала қоршаған табиғи ортаға, өзге халықтардың мәдениетіне құрмет міндеті аса үлкен маңызға ие. Әр халық жалпыадамзаттық нормалары негіз боп қаланған, басқа ұлттарға да түсінікті табиғат қорғау туралы жеке ұлттық озық салт пен дәстүр сақтауға құқылы. Қазақ халық музыкасының өзге халықтар үшін гуманизм, адамдарға, әсіресе балаларға, айнала қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік дәстүрлі құндылық болып саналады. Өнердің өзге де түрлері арқылы, соның ішінде музыкамен әр халық өз түсінігі мен қоршаған орта шындығын қалай көретінін білдіреді.

Қорытындылай келгенде оқу-тәрбие жұмысы барысында іске асырылатын қазақ халық музыкасының барлық қызметі мақсатқа сәйкес қазақ халық музыкасының педагогикалық мүмкіндіктері біз шартты түрде топтастырған қызметтердің өзара байланысы мен серпімді қарым-қатынасы қамтамасыз етіледі.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру туралы тұжырымдамасы. Астана, Ақорда 2009.

2.Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 17 қаңтар 2014.

3.Қульманова Ш.Б. Научно-педагогические основы воспитания младших школьников средствами казахской народной музыки: Дисс.д.п.н. (Инст-т повыш.квалиф. и переподгот.кадров системы образ (ИПКСО), Алматы, 2000. – 415 б.

4.Қозыбаев Е. Формирование эстетической культуры старшеклассников средствами казахского музыкального фольклора: Автореф.дисс.. канд.пед.наук. –Алматы, 1998. – 25 б.

5.Оразалиева М.А. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыру. Пед.ғыл.канд.дисс.– Алматы, 1998. – 122 б.

6.Өтемұратова Б.С. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде қазақтың дәстүрлі көркем мәдениетін пайдалануға музыка мұғалімдерін даярлау: Пед.ғыл.канд. дисс. 13.00.01. –Алматы. 2000. – 25 б.

7.Апраксина О.А. Задачи музыкального воспитания в свете реформы школы //Музыкальное воспитание в школе / Сост. О.А.Апраксина. – М., 1986. – вып. 17. – 5-15 бб.

8.Ботамқұлова А.Б. 12 жылдық мектепте «Өнертану» бағыты бойынша оқытудың жаңаша жолдары. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жас ғалымдардың инновациялық идеялары атты Жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары Секция педагогика 11 ноябрь 2006 Астана.
Аннотация. В данной статье рассматриваются учебно-воспитательная проблема 12 летней обучении развития экологического воспитания в процессе обучения музыки. Также определяются возможности формировния экологической культуры путями казахской народной музыки.

Annotation. The following article considers the problem of teaching an ecological education in the process 12 years of studying music. Also it is asked another ways and aims of ecological education in stadying national music.


Ж 91

75/749(574)

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫНЫҢ

ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОЛӨНЕРДІҢ ӘСЕРІ
Жүнісов Е.А.

4 Құлан колледжі, Т.Рысқұлов ауданы


Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады. Адам сезімін тәрбиелеу проблемасы бірқатар факторлармен шешіледі, өның ішінде өнер басты рөл атқарады. Өнер арқылы адам өзінің шын мәніндегі өз ішкі көңіл – күйін білдіреді. Олай болса осы ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – ол адам баласының барлық әрекетіндегі сергек сезімталдықты қалыптастыру.

Ғылыми ой тікелей санамен байланысты болса, ал өнер санамен тек сезім арқылы байланысады. Оймен елестетіп, образбен көрсетуге сүйенеді. Өнер атаулы жас ұрпақтың сұлулықты қабылдауын, әсемдікке деген көзқарасын, әдемілікке деген талғамын қалыптастырып, осы тұрғыда мол тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды. Тұлғаның творчестволық қабілетін дамыта отырып, оның даралық қасиетінің көзін ашып, жан – жақты, барынша дамуына бағытталады. Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, көркемдік мәдениеті, өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын тұлғаның дамуында әсемдікті түсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан қалыптасушы тұлғаның өнерге деген қызығушылығын қалыптастыруда бейнелеу өнерінің сан – алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді.

Адамның рухани дамуы белгілі дәрежеде сұлулқты қажетсінудің пайда болуымен байланысты. Ал, рухани қажетсіну практикалық іске тікелей белсенді араласу нәтижесінде туады. Сондықтан жаңа қоғамның азаматын тәрбиелеуде практикалық іске қатысудың өзі адамның дұрыс шын мәндегі әдемілікке, әсемдікке деген көзқарасын қалыптастырады. Бұл жерде, себеп пен салдардың өзара ықпал етуі пайда болып, өнерді қабылдауда творчестволық процесс белгілі дәрежеде практикалық әрекеттен туып, ал практикалық әрекет өнерді творчестволықпен қабылдап, оның сұлулыққа деген қатынасының өзгеруін туғызады/1.3 – 5/. Бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі ретінде адамды өнердегі ұлттық айшықты, ерекшелікті сезіне білуге баулып, оның шебердің қолынан шыққан ағаштан, темірден, матадан, теріден, жүннен сондай - ақ сүйектен жасалған бұйымдар арқылы халық тұрмысын білуін, ақылмен ойластырған еңбек нәтижесін көріп, қоршаған ортаға үңіле қарауын, ой қиялын дамытып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын, көркемдік талғамын қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Демек, тұлғаның көркемдік талғамын ұлттық қолөнер негізінде қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап ететіні ақиқат. Сол себептен де қазақ халқының тәлім – тәрбие, мәдениетінің бастауы болатын – халықымыздың қолданбалы өнерді күнделікті тұрмыста пайдалануын өзек етіп, басшылыққа ала отырып «Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын ұлттық қолөнер негізінде қалыптастыру» деген мәселені арнайы зерттеуді ұйғардық.

Жеке тұлға ұғымы тереңнен тамыр алады. Бұл сөзді айғақтаушы біздің заманымыздан неше мың жыл бұрын өмір сүрген грек ойшылдары Платон, Аристотель сынды ғалымдардың тұлға мәселесін өз еңбектерінің негізгі мәселесі етуі. Бертін келе бұл мәселені американдық психолог Э.Торндайк та зерттеген. Сол сияқты Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А.Гельвецкий, Д.Дидро, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Л.И.Божовичтар еді. Ал еліміздегі тұлға мәселесі жайын сөз еткенде ең алдымен зерттеушілер арасынан қомақты жұмыс атқарып жатқан жетекшілік етуші Ж. И. Намазбаева және оның шәкірттері, яғни Л.О.Сәрсенбаева, Р.Ш.Сабірова, Л.В.Пилипчук, С.Ж.Өмірбекова, Г. Т.Бекмұратова және тағы басқалардың ғылыми зерттеу еңбектері бүгінгі таңда белсенді түрде дамуда.

Қазақ қолөнерінің «алтын кезеңі» болып есептелген XVII-XVIII ғасырлар өзге ұлт ғалымдарын да елең еткізбей қоймады. Орыстың атақты тарихшысы Я.К.Палтароцкая Алтай, Тарбағатай елді мекендерінде болып, аталмыш өнер саласына байланысты эерттеулер жазып, соның ішінде бас киімнің түрі сәукелеге арнайы тоқталады. Мұндай ғажап дүниені бұрын – соңды кездестірмегендігін айтып, аса жоғары бағалайды. Сондай – ақ Г.Н.Потанин, В.В.Стасов, Э.Масанов, Р.Ходжаев, И.Захарова еңбектері де зор үлес қосты. Бертін келе қолөнердің өте жақсы зерттеліп, дамуына байланысты бірнеше оқулықтар басылып шықты. Солардың ішінде көлемді әрі көркем жазылған А. Тәжімұратовтың «Қолөнер шеберлігі – жалпы халықтық қазына» атты өнертану – этнографиялық сипаттағы алғашқы кітаптардың бірі ретінде қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнеріне терең ғылыми талдаулар жасалады. Бұл кітаптың көрнекіліктері жақсы безендірілген және ұлттық ою - өрнек жайлы көптеген мәліметтер алуға болады. Сол секілді Х. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері», М.Мұқановтың «Қазақтың үй тұрмысына арналған қолөнері», Ө.Жәнібекковтың «Жаңғырық» атты еңбектерін атап өту орынды.

Қолөнер тарихы туралы тағы бір топ ғалымдардың қалдырған еңбектері баға жетпес дерек болып табылады. Олар: А. Янушкевич, И.Ф.Русанов, Н.М.Ядринцев, П.И.Лерх, Д.Львович, А.И.Якоби, Г.Н.Потанин. Жеке тұлғаның жалпы дамуына, ұлттық тәрбиесіне, көркемдік талғамына үлкен мүмкіндік беретін халықтық қолданбалы өнердің табиғатын, оның адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызыметінің мәнін зерттеген орыс ғалымдары: И. Я. Богусловская, В.Б. Воронов, С. М. Темерин тағы басқалар өз еңбектерінде бұл өнердің өміршеңдігін, қайталанбас көркемдік құндылығын айқындай отырып, оның тәлім – тәрбиелік маңызына да баса назар аударды.

Жалпы рухани – эстетикалық тәрбие мәселесін ұлттық үрдісте қарастырып қолданбалы өнер бейнелеу мәдениеттерін соңғы жылдары зерделеп елеулі үлес қосқан ғалымдар: Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, О. Сатқанов, Е. Асылханов, Қ. Болатпаев.

Дәстүрлі өнер табиғаты, өзіне тән даму жолдары, адам өміріндегі атқаратын қызметі жағынан бейнелеу өнері басқа түрлерінен ерекшеленеді. Сондықтан, дамушы тұлғаның жасына, танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес, әрі қолданбалы өнер туындыларын қабылдаудың, оның мәнерлілік құралдарын меңгертудің өзгеше оқу – тәрбие жүйесі жасалғанда ғана көркемдік талғамының қалыптасуы нәтижелі болады.

Ұлтық қолданбалы өнер арқылы жеке адамның көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің ғылыми – педагогикалық, әдістемелік негізін анықтау;

- көркемдік талғам табиғатын, оны қалыптастырудың эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім жүйесіндегі мәнін анықтау;

- ұлттық өнер арқылы көркемдік талғам қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау жеке тұлғаның қоршаған өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастырудағы бейнелеу және ұлттық қолданбалы өнердің, шығармашылық іс - әрекеттің маңызы туралы философиялық, эстетикалық, ілім негіздері; педагогиканың, психологияның және эстетикалық тәрбие теориясының қоғамдық мұраттарға байланысты даму заңдылықтары; жас ұрпаққа имандылық – эстетикалық тәрбие беру ісін жандандыруға бағытталған мемлекеттік ресми құжаттар, педагогикалық нұсқаулар, тұжырымдар мазмұны. Қазақ дәстүрлі қолданбалы өнер арқылы қоршаған орта мен өнердегі сұлулық жарасымдылығы туралы алғашқы сезімдік, танымдық түсініктерін көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру.


Каталог: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет