Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/6
Дата26.04.2016
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Тарбағатай ауданы әкімдігінің

«31» желтоқсан 2009 жылғы



434 қаулысына № 1 қосымша

Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Ақсуат 2010

Мазмұны












1.

Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

3










2.

Мәдениет пен өнер жүйесінің қазіргі жағдайына талдау

3










3.

Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениетті дамытудағы стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері

8










4.

Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және ықтималдық қатерлер


19

5

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен бағдарламалық құжаттар тізбесі





21










Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1.Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы мен пайымдауы



Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы- аудан көлемінде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңымен қорғалатын ұлттық мәдени игілік болып табылатын мәдениет үйлері мен кітапханалардың жұмыс жүйесін жетілдіру, дамыту.

Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің пайымдауы - жергілікті халықтың рухани -мәдени топтасуын, адамгершілік-имандылық құндылықтарын өрістету, халықтар бірлігін сақтау. Жалпыхалықтық ұлттық және кәсіби мерекелер өткізу арқылы мемлекеттің стратегиялық дамуын қолдау арқылы халықты ақпараттық идеологиялық қамту.

2. Қазіргі жағдайға талдау

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерін жүзеге асыруда, мәдениет пен өнер мекемелерінің шығармашылық қызметін дамытуда, мәдени құндылықтарды сақтау мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сонымен қатар халыққа мәдени тәрбие беру жүйесін жетілдіруде біршама жұмыстар жүргізіліп отыр.

Осыған байланысты жақын жылдарда аудандағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметі жаңа үрдістермен байланысты жүргізіледі.

Біріншіден, Қазақстан Республикасында ауылдық елді-мекендердің мәдениет обьектілерімен қамтамасыз ету нормативі талаптарымен айқындалатын, ауылдық жерде мәдениетті дамыту, халыққа эстетикалық білім беру, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету үшін жергілікті бюджеттен материалдық базаны нығайтуға қаржы бөлу,

-бүгінгі күні ауданның әлеуметтік экономикалық даму бюджетінде мәдениет саласындағы басым бағыттарға бюджеттік басымдық қарастыру мәселесі оңды шешімін табуда. Аудандағы мәдениет үйлері мен клубтардың, ауылдық кітапханалардың материалдық базасын бүгінгі заман талабына сай лайықтау.



Екіншіден, мәдениет саласындағы /клуб ісі мен кітапхана/ қызметі, ҚР «Мәдениет туралы» Заңы және осы саладағы нормативтік құқықтық актілер, мәдениет қызметкерлерінің санаттарын біліктілік талаптары бойынша үйлестіру. Ауылдағы ақпараттық орталық ретінде қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызы бар, аудан көлеміндегі ауылдық кітапханалар мен клуб үйлері қызметкерлерінің еңбекақысын толық штаттық бірлікке көшіру. Аудандағы халықтық атағы бар ұжымдарға типтік ережеге сәйкес штаттар беру.

Үшіншіден, аудандағы шығармашылық қызметтің түрлі салалары

театр, музыка өнері, орындаушылық, сазгерлік, кітапхана ісі бойынша үздік шығармашылық иелеріне степендиялар беру, дарынды жастардың облыстық, республикалық деңгейдегі байқауларға қатысуына қаржылық қолдау көрсету.

ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі, ШҚО мәдениет басқармасы, Республикалық өнер ұжымдары, өнер институттары, оқу орындары арқылы театр өнері бағытындағы /драмалық, музыкалық, хореграфиялық, сатиралық, балалар мен жасөспірімдерге арналған/ сахналық туындыларды сатып алу үшін бюджеттен қаржы көздерін қарастыру.

2.1. Мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапа деңгейі

Сала инфрақұрылымының жай-күйі

Аудандағы мәдениет саласында мәдени қызметті қамтамасыз етуде 21 кітапхана, ауылдық әкімшіліктердің қарамағында 7 мәдениет үйі, 5 ауылдық клуб үйі, Ақсуат, Ақжар, Жаңа-ауыл, Тұғыл, Көкжыра, Қызыл-Кесік мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары халыққа қызмет көрсетіп отыр.

2009 жылдың 1 сәуірінде Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елді мекенінен 1 ауылдық кітапхана мен 1 ауылдық клуб ашылып, жалпы жиыны 2009 жылы аудан жұртшылығына 42 /оның ішінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын өлкетану мұражайы-1/ мәдениет мекемелері қызмет көрсетіп отыр.
Материалдық-техникалық базаны жақсартуға - аудандық кітапханаға 300 мың /компьютер алуға/, кітап қорын көбейтуге 200 мың, Ақсуат, Ақжар мәдениет үйлеріне сахналық киім алуға 1 млн, клубтарға орындық алуға 550 мың, күрделі жөндеуге-Ақсуат мәдениет үйіне 2 млн теңге, Жәнтікей мәдениет үйіне 1 млн.700 мың теңге, Маңырақ мәдениет үйіне 2млн.500 мың теңге, Тұғыл мәдениет үйіне 3млн.теңге, Жаңаауыл мәдениет үйіне 3 млн.теңге бөлінді.
Саланың табыстары мен жетістіктері
Ұлттық және Мемлекеттік мерекелер, Жаңа жыл, Наурыз мерекесі, Әйелдер күні мерекесі, Конституция күні, Тәуелсіздік мерекелерінде халықтық ұжымдардың концерттерін беру дәстүрге айналған. Ақжар халық театры Ә.Әмзиевтің «Қаракемпір», «Құдалар» драмасын, Ақсуат халық театры С.Жұматовтың «Вампир күйеу» комедиясын, Жаңа-ауыл халық театры Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» драмасын, Қызыл кесік халық театры С.Жұматовтың «Қыршын кеткен қызғалдақ ғұмыр» атты қойылымын қойса, «Сұлу саз» ән-би ансамблі, «Достар даусы» ерлер ансамблі, Б.Саятүлеков атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің концерттері аудан жұртшылығына ұсынылды.

Аудан көлеміндегі мәдениет мекемелерінің қызметін осы заманғы бәсекелестік ортаға бейімдеу, ауыл көрермендерінің сұраныстарын қанағаттандыруда мәдениет пен өнер ұйымдарының көркемдігі жоғары жаңа жобалармен жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалуда. Көрермендерге ақылы қызмет көрсету, концерттік гастролдер ұйымдастыру, өнер істеріне маркетингтік қызмет көрсетуді жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын дәстүрлі аудан көркемөнерпаздарының байқауына 2500-ден аса ауыл таланттары қатысып, 2300 көркемөнерпаздар марапатталады.

Жастар арасында аудан әкімінің кубогы үшін КВН–шілердің кездесуі, әртүрлі өзекті тақырыптарды қамтитын дөңгелек үстелдер, көрермендердің интеллектуалдық шеберліктерін дамытуға арналған түрлі сайыстар, көпшілік көрерменнің көңілді демалыстарын өткізуге арналған байқаулар нәтижесінде жылдан-жылға көрермен саны көбейіп отыр. «Сөз өнері», «Қолаң шаш ару», «Ауылдың айтқыштары», О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Інжу-маржан» дәстүрлі әндер, «Әнші балапан», патриоттық тәрбие беруге арналған әскери әндер байқаулары жаңа жобалар негізінде өткізіліп отырады.



Ауданның әлеуметтік–экономикалық бюджетіне мәдениет саласындағы басым бағыттарына қаржы бөлінуде. Биылғы жылы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жергілікті бюджеттен 39951 мың теңге бекітіліп, қаржы көлемі ұлғайды. Аудан халқының тарихи мұрасын сақтау, мәдениеті мен экономикасы, әлеуметтік дамуы жайлы Мәдени мұра бағдарламасы аясында «Тарбағатай» энциклопедиялық- анықтамалығы ауданның 80 жылдығына арналып шығарылып, аудан кітапханаларына таратылды. Аудан бойынша мемлекеттік қорғауға алынған жергілікті маңызы бар 40 тарихи және мәдени ескерткіштер қорғауға алынған. Соңғы жылдары ашылған 3 мешіт, 2 мазар тарихи ескерткіш ретінде тіркеуге алынды.

Сонымен қатар аудандық әлеуметтік мәнді іс-шаралар аудан әкімінің жүлдесі үшін өткен халықтық спорт ойындарына арналған көпшілік мәдени іс шарасы жоғары деңгейде өткізіледі.

Аудандағы барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту жүзеге асырылуда. Жыл сайын қызметкерлер республикалық білім жетілдіру институтынан кезең-кезеңмен біліктіліктерін көтеруде. Мәдениет саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруда дәстүрлі «Жыл кітапханашысы», «Жыл клуб қызметкері» байқауларын өткізу дәстүрге айналған.

Сондай-ақ, облыстық Әсет Найманбаев атындағы әншілер байқауына қатысқан М.Абуғазин 2-орын, А.Бөлекжанова мен Е.Құжиманов арнайы сыйлық алса, Тілдердің үштұғырлығы бағдарламасы бойынша өткен «Тілдарын» байқауында С.Рахимова арнайы сыйлық, Облыстық «Өз жұлдызыңды жақ - 2009» атты балалар және жасөспірімдер шығармашылығының байқауына және облыстық өңірлік дельфийлік ойындарға ауданнан Абай мектебінің оқушысы Жайна Кәдірбай қатысып, екі конкурстан да Гран-приді жеңіп алды.

«Көңіл саздары» атты эстрада әндері бойынша өткен облыстық сазгерлер байқауына С.Жұматовтың сөзіне жазылған Қ.Сапоровтың әндері ұсынылып, «Ең үздік мәтін» номинациясы бойынша С.Жұматов арнайы дипломмен марапатталса, облыстық А.Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен өткізілген «Интернет-марафон» сценарийлер байқауында «Наурыз-думан» сценарийімен І-ші дәрежелі дипломды иеленді.

Ә.Қашаубаев атындағы республикалық әншілер конкурсына облыс атынан А.Байқыдыров атындағы саз мектебінің оқытушысы, әнші А.Бөлекжанова қатысып келді.

29 -мамыр күні елімізге белгілі қаламгер, Республикалық Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени, әдеби- мемориалдық қорық мұражайының директоры Төкен Ибрагимовтың 70 жасқа толуына байланысты шығармашылық кеші ұйымдастырылды.

Облыс әкімінің тапсырмасы негізінде өткен «Туған жер - алтын бесігім» атты ауданның мәдени күні аясында бөлімнің ұйымдастыруымен облыс орталығында Гала-концерт берілді.


Мәдениет мекемелері көрсететін қызметтер.

Ауданда 280 концерт, 2 спектакль, 85 театрландырылған қойылым, жалпы 1410 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 359215 көрермен қамтылды. Жергілікті жерлерде халықтың әртүрлі топтарына арналған 10 байқау өткізілді. Мұның ішінде Тарбағатай ауданының 80 жылдығына арналған ақындар айтысы мен республикаға танымал әртістер қатысқан Гала-концерт берілді. Кітапханаларда 266 мың дана кітап қоры сақтаулы. Үстіміздегі жылы аудан кітапханаларына 3343 дана жаңа кітап алынып, 474 мың теңгенің 48 түрлі мерзімдік басылымдарына жазылды. Ауылдық кітапханалар бойынша 15551 оқырман қамтылып, оларға 335832 кітап берілді.


Мәдениет пен өнер адамдарын қолдау.

Өнертану жұмысында шығармашылық адамдарын қолдау мақсатында белгілі ақын Ә.Қайранның мерейтойы аталып, Е.Қыдырмолдановтың шығармашылық кеші Өскемен қаласында өтсе, Ә.Мағзұмов, Н.Сақпанбаев, С.Шерияздановтың шығармашылық кештері өткізілді. 2008 жылы Б.Саятүлеков атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері Ә.Мағзұмов облыс әкімінің сыйлығына ие болды. Облыстық Тұрғазы Нұқай атындағы жыр мүшәйрасына жергілікті ақындар Ә.Масалов, С.Сағдолдиндер қатыстырылды.
Мәдени іс-шаралар өткізу. Аудан көлемінде 2008-2009 жыл аралығында 15 мыңнан астам көркемөнерпаздар қатысқан 2 аудандық байқау, 5 спектакль, 13 аудандық конкурстар мен байқаулар, 1 халықтық жанрдағы республика өнерпаздары қатысқан ақындар айтысы өткізілді. 1413 әртүрлі деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізілді.

Қаржыландыру

Мәдениет саласындағы жұмыстарды жүргізу үшін 2006-2009 жылдар аралығында 205146 мың тенге қаржыны құрады.

2006 жылы – 22938 мың тенге , 2007жыл - 57796 мың тенге, 2008жыл -51560 мың тенге, 2009 жылға - 72852 мың тенге, 2010 жылға – 129352 мың теңге.

Саланың ағымдағы және келешектегі мәселелері.

Біріншіден, Бүгінгі күні ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бюджетінде мәдениет саласындағы басым бағыттарға бюджеттік басымдық қарастыру мәселесі оңды шешімін табуы тиіс. Аудандағы мәдениет үйлері мен клубтардың, ауылдық кітапханалардың материалдық базасы бүгінгі заман талабына сай емес. Мәдениет саласындағы, клуб ісі мен кітапхана қызметі, Қ.Р. Мәдениет туралы Заңы және осы саладағы нормативтік құқықтық актілер, мәдениет қызметкерлерінің санаттарын біліктілік талаптары бойынша үйлестіру жеткіліксіз. Ауылдағы ақпараттық орталық ретінде қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызы бар, аудан көлеміндегі ауылдық кітапханалар мен клуб үйлері қызметкерлерінің көпшілігі еңбекақысы 0,5 штаттық бірлікпен жұмыс істейді.

Аудандағы халықтық атағы бар ұжымдарға типтік ережеге сәйкес штаттар беру;

Аудандағы шығармашылық қызметтің түрлі салалары / театр, музыка өнері, орындаушылық, сазгерлік, кітапхана ісі бойынша үздік шығармашылық иелеріне степендиялар беру;

ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі, ШҚО мәдениет басқармасы, Республикалық өнер ұжымдары, өнер институттары, оқу орындары арқылы театр өнері бағытындағы драмалық, музыкалық, хореграфиялық, сатиралық, балалар мен жасөспірімдерге арналған сахналық туындыларды сатып алу үшін бюджеттен қаржы көздерін қарастыру;

Аудандағы барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі бойынша оқытуға қаржы бөлу;

Қазақстан Республикасында ауылдық елді-мекендердің мәдениет обьектілерімен қамтамасыз ету нормативі талаптарымен айқындалатын, ауылдық жерде мәдениетті дамыту, халыққа эстетикалық білім беру, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету үшін жергілікті бюджеттен материалдық базаны нығайтуға қаржы бөлу;

Мәдениет орындарының дербестігін күшейту, ауылдарда қолайлы-психологиялық ахуал қалыптастыру, заман талабына сай және азаматтардың рухани талабын қанағаттандыруда мәдени нарықтық бәсекелестік қызметті нығайту, өнер саласына продюссерлік, көркемдік, режиссерлік жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін мамандар жетіспейді.

Кітапханалық қызметті ақпараттандыру, кітапханалардың дамуын ғылыми-әдістемелік, жаңа технологиялық негізде үйлестіру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, кітапхананың дербес әртүрлі жобалар бойынша жұмыс істеуіне кадрлық резервтер жетіспейді. Жаңа технологиялар бойынша жұмыс істеу үшін ауыл кітапханалары компьтерлендірілуі қажет.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстарды қаржыландыруда аудандық бюджет бағдарламасында «Мәдени мұра» ерекшелігі қарастырылмағандықтан қаржы салу мүмкіндігі шешілмеген.

2.2. Мемлекеттік тілді , Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту және тілдердің үш тұғырлылығы принципін орындау

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асыруда аудан көлемінде арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген .

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының рейтингілік бағалау көрсеткіштері негізінде аудандағы мемлекеттік органдардың құжат айналымында мемлекеттік тілді қолданудың үлес салмағы 100 пайызға жетіп отыр.

Тілдердің үш тұғырлығы саясаты.

Мемлекеттік органдарда іс жүргізу тек мемлекеттік тілде жүргізеді. Барлық мемлекеттік қызметкерлер және қызметкерлердің басқа да санаттары мемлекеттік тілді еркін меңгерген мамандар .

«Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында өткен облыстық «Тілдарын -2009» олимпиадасына ауданнан С.Рахимова қатысып, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ ағылшын тілін үйренуге жағдай жасалуда.

Қаржыландыру . Мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға 2007 жылы аудан бюджетінен 340 мың тенге, 2008 жылы 176 мың тенге, 2009 жылға 300 мың тенге қаралса, 2010 жылға 324 мың теңге бөлініп отыр.

3. Тарбағатай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің стратегиялық бағыттары, стратегиялық дамуының мақсаттары және түйінді нысаналы индикаторлары.

  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет