Тарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 0.67 Mb.
бет6/6
Дата26.04.2016
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6




Тарбағатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға
арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасы



Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2008ж. есеп

2009 ж. баға

2010 ж.

жоспар


Болжам

2010 ж. % 2009 ж-ға.

2011ж. % 2009 ж-ға

2014ж. % 2009 ж-ға

2011ж

2012ж

2013 ж

2014ж.

Мәдениет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Мәдениет ұйымдарының саны-барлығы:

 

40

42

42

43

45

47

49

100

102

116

оның ішінде мемлекеттік

бірлік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұражайлар саны -барлығы:

"

1

1

1

1

1

1

1

100,0

100,0

100,0

оның ішінде мемлекеттік

"

1

1

1

1

1

1

1

100,0

100,0

100,0

Кітапханалар саны-барлығы:

"

21

22

22

23

24

25

26

100,0

105,0

118,0

оның ішінде мемлекеттік

"

21

22

22

23

24

25

26

100,0

105,0

118,0

Мәдени -демалыс ұйымдарының саны

"

18

19

19

19

20

21

22

100,0

100,0

116,0

Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мәдениет мекемелерінің ақылы қызмет көрсету көлемі

млн.тенге

0,43

0,50

0,54

0,58

0,62

0,67

0,73

108,0

116,0

146,0

Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етудегі жалпы шығындар көлемінің материалдық-техникалық жабдықтаудағы шығындар бөлігі.

%

0,60

0,40

0,43

0,46

0,50

0,54

0,58

108,0

115,0

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы



Қ.Бейілғожин










2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік –экономикалық даму жоспарының жобасына анықтама

1. 2007-2009 жылдарға талдау

2007 жылы ауданда мәдени қызыметті қамтамасыз етуде 21 кітапхана, 18 мәдениет және клуб үйлері, 1 өлкетану мұражайы жұмыс істеді.

Мәдени-көпшілік шаралардың жаңа әдіс–тәсілдерін пайдалана отырып ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар 2007 жылы 1363 мәдени- шара өткізіліп, оған 400 мыңнан аса көрермен қауым тартылды. (оның ішінде 85 театрландырылған көріністер, 8 гала концерттер, 5 спектакль және т.б.)21 кітапхана бойынша жылына 327021 кітап беріліп, 15 мыңнан астам тұрақты оқырмандарға қызмет көрсетіледі. Аудандық кітапхананың Интернет жүйесін жылына 700 аса оқырман пайдаланады.

Аудан бойынша 2007 жылы кітап қоры 273706 дана болса, 2008 жылға 256329 дана (10345 дана тозған ескірген кітаптар есептен шығарылды). 2006-2008 жыл аралығында ауданның кітап қоры 10339 дана жаңа кітаптармен толығып, аудан оқырмандары жыл сайын 474 мың теңгенің 48 түрлі мерзімдік басылымдарын оқыды.

2008 жылдың 1 қаңтарына Тарбағатай ауданы бойынша 40- мәдениет мекемелері халыққа қызмет көрсетуде. Олар -18- мәдениет және клуб үйі (оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі , 12 ауылдық мәдениет үйі, 5 ауылдық клуб үйі ), 21-кітапхана (1 аудандық кітапхана,1 балалар кітапханасы, 19 ауылдық кітапханалар) 1өлкетану мұражайы / Ақсуат орталығында/

Аудан халқының шығармашылығын дамыту мен жетілдіруде 1806 адамды қамтыған 100 көркемөнерпаздар ұжымы мен 12 қызығушылар бірлестіктері, 2007 жылы «Халықтық» атақтарын қорғаған 14 шығармашылық ұжымдары жұмыс істейді.

2008 жылы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасына яғни, арнайы жасалған жобалық-сметалық құжаттары негізінде Ақсуат мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млн теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 474 мың теңге, музыкалық аппаратура алуға 1млн. тенге, Ақжар мәдениет үйіне музыкалық аппаратура алуға 634 мың тенге қаралды.

Аудан әкімдігінің 31.01.2009жылғы №14 санды қаулысы негізінде Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылынан кітапхана мен клуб үйі ашылып, 2009 жылдың 1 сәуіріне Тарбағатай ауданы бойынша мәдениет нысандарының саны 45 –ке жетті. Олар 19 мәдениет үйлері мен клубтар, 1 өлкетану мұражайы, 22 кітапхана, сондай-ақ, 1 бейнемобиль, 2 телетеатр халыққа мәдени-ақпараттық қызмет көрсетуде.

Аудан бюджетінен мәдениет саласына 70696,0 мың тенге, оның ішінде клуб жүйесіне 43110 мың тенге, кітапхана саласына 18835 мың тенге, мемлекетік тіл саясатын дамытуға 300,0 мың тенге, аппаратқа 4 млн. 551 мың тенге, мәдени шараға 1 млн. 940 мың тенге, есеп бөліміне 1 млн.980 мың тенге бөлінді. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасына, яғни, арнайы жасалған жобалық-сметалық құжаттары негізінде Ақсуат мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 2009 жылға 2 млн. теңге, ұлттық киім тіккізуге 500 мың теңге, стол-орындық алуға 250 мың тенге, Ақжар мәдениет үйіне сахналық киім тіккізуге 634 мың теңге, Тұғыл ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысына 3 млн. тенге, Жаңаауыл мәдениет үйіне 3 млн. теңге, Маңырақ ауылдық мәдениет үйіне 2,5 млн. тенге, Жәнтікей ауылдық мәдениет үйіне 1 млн. 700 мың теңге қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Ахметбұлақ ауылдық кітапханасына ғимарат сатып алуға 300 мың теңге, кітапханаларға компьютер алуға 300 мың теңге бөлініп, игерілді. Кітапханалар 2009 жылдың І-жартыжылдығында 238000 теңгенің 39 түрлі мерзімдік басылымдарына жазылса, ІІ-жартыжылдықта 342000 теңгенің 49 түрлі мерзімдік басылымдарына жазылып, кітап қоры 2043,0 мың тенгенің жаңадан түскен 2770 дана кітаптарымен толықты.

2. Мәдениет саласының 2010-2014 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен факторлары

2010-2014 жылдарға аудан халқының мәдени-рухани қажеттілігін қанағаттандыру, халық шығармашылығын дамыту, заман талабына сай мәдениет мекемелерінің, кітапханалардың материалдық –техникалық базасын қалыптастыру. Мәдениет мекмелерінің жалпы санын арттыру, материалыдқ-техникалық базасын нығайту.

Аудан халқына жоғары деңгейде жаңа формалы мәдени қызмет көрсету арқылы қоғамға қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай туғызу.

Мәдениет саласындағы қызметті заман талабына сай және азаматтардың рухани талабын қанағаттандыруда нарықтық бәсекелестік қызметті нығайту, бейімдеу, шығармашылық қызмет көрсету ортылқтарын ашу.

Мәдениет саласындағы қызметке жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер мен технологиялар енгізу арқылы мәдениет мекемелерінің шығармашылық қызметін жоғары деңгейге жеткізу.

Мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, республикалық өнер ұжымдары арқылы мәдени қызмет бағытындағы инновациялық жобалар мен бағдарламаларды ауылдың мәдени қызмет көрсету үрдістеріне енгізу.

Кітапханалардың дамуын ғылыми-әдістемелік, жаңа технологиялық негізде үйлестіру. Мәдениет қызметкерлерінің жоғары санаттағы кадрлық әлеуетін қалыптастыру .

2014 жылға дейін аудан көлеміндегі 17 ауылдық округке қарасты халық саны /500-ден жоғары/ жағынан тығыз орналасқан елді-мекендерден жергілікті бюджет есебінен 4 кітапхана (2011жылы Тана мырза ауылынан, 2012 жылы Жаңалық ауылынан, 2013 жылы Байтоғас ауылынан, 2014 жылы Көктүбек ауылынан), 3 ауылдық клуб (2012 жылы Үштөбе ауылынан, 2013 жылы Байтоғас ауылынан, 2014 жылы Қарғыба ауылынан) ашу және 14 ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, музыкалық аппаратуралар, сахналық киімдермен жабдықтау жоспарланып отыр.

Халықты ақпараттық қамтамасыз етуде аудан кітапханаларының кітап қоры ескірген, материалдық-техникалық базасы заман талабына сай емес, ауылдық кітапханалар компьютерлік технологиялармен жабдықтауды қажет етеді.

2.2 Мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторлары

Негізгі міндеттері:

-халық шығармашылығын дамытуда типтік жобадағы мәдениет ошақтарын қалыптастыру;

-клуб үйлері мен кітапханалардың саяси имидждарын қалыптастыру;

-Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген және «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру;


  • мәдениет мекемелерін күрделі жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базасын жақсарту;

  • интеллектуалдық, ақпараттық және мәдени орталық ретінде кітапханалардың деңгейін

көтеру;

-жергілікті халыққа эстетикалық, рухани-адамгершілік тәрбие беруде мемлекеттік мәдениет мекемлерінің құрылымын кеңейту.


Тарбағатай аудандық мәдениет және

тілдерді дамыту бөлімінің бастығы : Қ.Бейілғожин




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет