Тарифтік біліктілік анықтамалығы (48-шығарылым)



жүктеу 1.43 Mb.
бет4/8
Дата02.05.2016
өлшемі1.43 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Жұмыс үлгілер.

1) Дән, ұн, картоп, қызылша;

2) Кондитерлік масса, салма;

3) Сабын тамырының сіріндісі.

46. Қайнатушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бу қыздырғышпен қайнату қазандықтарында, бу жәшіктерінде және диссуторларда тағамдық өнімдерді қайнату процесін жүргізу. шикізатты дайындау. Оны түрлі компоненттермен араластыру немесе берілген рецептура бойынша компоненттерді мөлшерлеу. Қантты елеу. Бункерге, қазандыққа қолмен немесе механикалық немесе пневматикалық транспортер арқылы шикізатты тиеу. Қоспаны араластыру және қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының, зертханалық талдаулардың көрсеткіштері бойынша немесе көзбен өнімді қайнату, азырақ қайнату сапасын бақылау. Органолептикалық, рефрактометрмен, ареометрмен қайнатудың сапасын бақылау және аяқталу сәтін айқындау. Сынама алу, оларды талдау жүргізуге тапсыру. Будың температурасын, қысымын және беру аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Ұсату немесе сүзгілеу. Даяр өнімді, жартылай фабрикатты тиеу немесе оларды сақтау жинағына, қалыптарына немесе кейінгі операцияларға жіберу. Қызмет көрсетілетін жабдықты дезинфекциялау. Қайнату жабдығының жарамдылығын тексеру және оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың түр-түрі, түрлері және негізгі қасиеті, тағамдық шикізаттың түрлерін қайнату процесінің технологиясы, шикізат пен даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар, жабдыққа және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, жұмыс принципі және қызмет көрсету ережесі, қоспа даярлау рецептурасы, өнімнің даярлық белгілері, қайнатылған өнімнен сынама алу.


Жұмыс үлгілері.

1) Сорпа, тұздықтар;

2) Балық өнімдерінен жасалған желімді сорпа;

3) Жармалар, бұршақ, соя ақуызы;

4) Кондитерлік массалар;

5) Салмалар, повидло, шпинат, щавель, маринадтаушы құймалар, қырыққабат-саңырауқұлақ солянкасы, балалардың тамақтануына арналған өнімдер;

6) Сыра, квас;

7) Балық, таңқышаяндар және теңіз өнімдері, балық ұны;

8) Спирт шикізаты;

9) Шәрбәт, шырын, сірінді, колер;

10) Мия тамырының сіріндісі;

11) Глазурь.

47. Қайнатушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қантты пневматикалық берумен жабдықталған шәрбәт станциясында басқару пультымен шәрбәт әзірлеу процесін жүргізу. Бумен қыздырылатын автоклавтарда, вакуум-аппараттарда, автоматталған қайнату агрегаттарында шикізат пен өнімдерді қайнату процесін жүргізу. Аппараттарда шикізатты тиеу және түсіру, ұсату, мөлшерлеу. Жеміс суларына және құрғақ сусындарға арналған концентраттарға ерітінділер, купаждар әзірлеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қайнату немесе азырақ қайнату процесін, зертхана және органолептикалық талдамаларын бақылау, қайнату режимін реттеу. Электронды және пневматикалық реттегіштермен, қашықтықтан басқарумен жарақталған пульттан қайнату процесін басқару. Машинада пюрені жаншу процесін қадағалау, салқындату, күкірт ангидриді ерітіндісімен консервілеу.

Білуге тиіс: өнімнің даярлану технологиясы, құбыржолдар мен жабдықтардың тәсімі және орналасуы, қайнатуға түсетін шикізаттың, материалдардың, өнімдердің, жартылай фабрикаттардың техникалық шарттары немесе түрі мен қасиеті, олардың белгіленген шығын нормалары, сақтаудың шарттары мен тәртібі, өндірілетін өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, дайындығын айқындау әдістері, қысыммен істейтін аппараттардың жұмыс ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы, оны пайдалану және реттеу ережесі, жабдықтың жұмысын реттеу және блоктауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматты аппаратураның қызметі және қолдану принципі.


Жұмыс үлгілері.

1) Анфельции, филофорлар және тағы басқа;

2) Джемдер, повидла, томат өнімдері;

3) Жеміс-жидекті пюре, алма пюресі;

4) Шәрбәт.

48. Қайнатушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесі, оның ішінде шикізат пен өнімдерді қайнату процесі кешенін жүргізу. Үздіксіз істейтін бір және көп корпусты булау құрылғыларында қойылтылған тамақ өнімдерін қайнату, көп компонентті рецептура бойынша тамақ өнімдерін вакуум аппараттарда қайнату. Басқару пультымен автоматталған желілердегі тамақ өнімдерін қайнату процесін жүргізу. вакуум аппараттардың біркелкі, уақытылы және толық тиелуін, түсірілуін қамтамасыз ету. Рефрактометрдің көмегімен айқындалатын белгіленген тығыздыққа дейін тамақ өнімдерін қайнату. Автоматты желі машиналарының, аппараттарының, бақылау-өлшеу және реттейтін құрылғыларының жұмысын қадағалау. Желі жабдығының жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: автоматты желі машиналарының, аппараттарының, бақылау-өлшеу және реттейтін құрылғыларының құрылымы және пайдалану ережесі, тамақ өнімдерін әзірлеудің технологиялық процесі мен қайнату режимдері, булау құрылғыларының жұмыс параметрлері, тамақ өнімдерінің сапалық көрсеткіштері, даяр өнімдерден сынама алу және талдау жүргізу әдістері, бу, су және тағам коммуникацияларының орналасу тәсімдері, технологиялық процесі параметрлерін реттеудің ережесі мен тәсілдері, жабдықты тазалау және жууға арналған химиялық заттарды пайдалану ережесі.


Жұмыс үлгілері.

1) Қойылтылған шырын;

2) Томат өнімдері;

3) Қоюландырылған сүт өнімдері;

4) Асқабақ уылдырығы, баялды уылдырығы;

5) Кетчуп.

Жұмсақ ыдысты қағушы


49. Жұмсақ ыдысты қағушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қаптарды және басқа да жұмсақ ыдыстарды шаңнан, ағып кетулерден және басқа ластанулардан қолмен қағып тазарту. Жұмсақ ыдысты тазарту орнына тасымалдау. Жапсырмаларын алу. Қаптарды және басқа жұмсақ ыдыстардың өңін айналдыру, шпагат қалдықтарын жұлу. Қаптар жамау. Санаттары және ластануына қарай қаптарды сұрыптау, оларды штабельге қалау. Қамбашыға тапсыру.

Білуге тиіс: қаптарды тазалау және жамау жолдары, санатына және ластануына қарай сұрыптау әдістері, қаптардың матасының сұрыптары, қаптарды есептеу және тапсыру тәртібі, штабельге қалау ережесі.

50. Жұмсақ ыдысты қағушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі қап қағатын және ыдыс тазалағыш машиналарды тозаңнан, ағып кетулерден және басқа ластанулардан қаптарды және басқа жұмсақ ыдысты тазарту. Қызмет көрсетілетін машинаға қаптарды тасымалдау. Ластанған орындарында қолмен алдын ала тазарту. Машинаға ластанған қаптарды тиеу. Сыртын тексеріп тазалау сапасын бақылау. Қаптарды қоймашыға тапсыру. Қаптарды көлікке тиеу. Машиналарды, сүзгілерді және аспирациялық құрылғыларды майлау және ластанудан тазалау.

Білуге тиіс: қап қағатын және ыдыс тазалағыш машиналардың құрылымы және пайдалану ережесі, қаптарды көлікке тиеу тәсілдері.

Тағам өнімдерін жібітуші
51. Тағам өнімдерін жібітуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тағамдық шикізат пен өнімдерді жібіту жөніндегі жұмыстарды орындау. Жібітуге түсетін өнімдер мен шикізатты қабылдау, тасымалдау, жеткізу және жақындату. Шикізатты, өнімдердің салмағын, санын және сапасын тексеру, және оларды сұрыптау. Бу мен су жіберу. Шикізатты жібіту және бұлауларда сулау, ыдысқа салу және одан кейінгі операцияларға жіберу. Қабылданған және жібітілген өнімді есептеу. Сүт өнімдеріне: монолит беттерін тазарту, ұсату, уату, шаю. Жібіту камераларына, бұлауларына, қапшықтарға тиеу, қалау, тасымалдау. Нығыздау. Қолмен немесе механикалық араластырғышпен араластыру.

Білуге тиіс: шикізат пен өнімдердің түрлеріне қарай тағам өнімдерін жібітудің технологиялық режимдері, жібітуге және мұздатуға қабылданған өнімнің сапасына қойылатын талаптар, тағам өнімдерін есептеу тәртібі.

Механикалық жібіткіштерде шикізатты, өнімдерді жібітуде - 3-разряд.

Тағам өнімдерін мөлшерлеуші


52. Тағам өнімдерін мөлшерлеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізаттың, өнімнің немесе жартылай фабрикаттың бір түрін мөлшерлеу, тарту, өлшеу. Кесек, паста немесе қамыр тәріздес шикізатты мөлшерлеу: шикізатты белгіленген салмақтағы порцияларға, кесектерге бөлу. Стандартты салмақтан ауытқуды болдырмай қолмен немесе бөлгіште белгілі бір санын кесіп алу. Порцияларға, кесектерге қорытынды өлшеу. Сусымалы немесе сұйық шикізатты, өнімді мөлшерлеуде: қолмен, өлшемін аппараттармен немесе автоматты таразыларда санын (көлемін) белгілі технологиямен өлшеу. Шикізатпен, өнімдермен немесе жартылай фабрикаттармен өлшегіштермен толтыру. Қыздыру. Көлемін, салмағын, тығыздығын бақылау. Өлшегіштен шикізатты шығару. Ораманы есептеу және оларға этикеткалар жапсыру.

Білуге тиіс: шикізаттың түрлері және тағам өнімдерін мөлшерлеуге қойылатын талаптар, таразыларда, өлшегіш аппараттарда жұмыс істеу ережесі.

53. Тағам өнімдерін мөлшерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кезеңімен немесе үздіксіз істейтін мөлшерлегіш аппараттарда шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, өнімнің екі түрін бір уақытта мөлшерлеу. Шикізат, жартылай фабрикат, өнімді құбыржол бойынша қолмен жақындату, жіберу немесе көлік құралдары арқылы бункерлерге, қабылдағыш бактарға, мөлшерлегіштерге, өлшегіштерге жеткізу. Мөлшерленетін шикізаттың, жартылай фабрикаттың, өнімнің сапасын органолептикалық әдіспен тексеру және стандартты еместерін сұрыптау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша шикізаттың тығыздығы мен ылғалдығын, мөлшерлеу режимін бақылау. Өлшегіш немесе жинақтағышты толтыру туралы белгі беру. Қоректендіргіштің шикізатпен толып кетуінің алдын алу.

Білуге тиіс: мөлшерленетін механизмдердің, автоматтардың, жартылай автоматтардың құрылымы және қолданыс принципі, мөлшерленетін өнімдердің, материалдардың түрлері мен қасиеті, өнімдерді мөлшерлеудің кезектілігі, мөлшерлеу кезінде белгі беру, тағам өнімдерін мөлшерлеу дәлдігіне қойылатын талаптар.

54. Тағам өнімдерін мөлшерлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды, өнімді автоматталған мөлшерлеу станцияларында мөлшерлеу процесін жүргізу немесе мөлшерлейтін және қоспалайтын түрлі жүйедегі құрылғыларда берілген құрам қоспаларын мөлшерлеу және әзірлеу процесі кешенін жүргізу. Сүйек ұнын мөлшерлеу процесін жүргізу. Негізгі заттардың сапасы, ылғалдығы, құрамы өзгергенде және ол ластанғанда қоспаның құрамын түзету. Компоненттерді араластыру. Жабдық жұмысында ақаулықтарды жою. Қоспалардың сапасы және біркелкілігін талдау нәтижелерін бақылау. Мөлшерлеу кезінде өнімдерді есептеу және есептеп шығару.

Білуге тиіс: мөлшерлейтін және қоспаланатын жабдықтың құрылымы, қоспалардың рецептурасы, қоспалардың құрамын түзету тәсілдері, мөлшерлегіштердің нумерациясы мен сыйымдылығын, жұмыстың түрлі режимдерін мөлшерлеу өнімділігі, оны айқындау ережесі, мөлшерленетін өнімдердің шығу нормасы.

Мұз дайындаушы
55. Мұз дайындаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мұз генераторларында және мұздату арқылы жасанды мұз дайындау. Қалыптарды суға толтыру. Оларды мұз генераторларына орнату және мұз генераторларында мұз пайда болғанша ұстау. Мұз генераторынан қалыптарды алу, оларды еріту үшін бактарға түсіру, қалыптарды мұз блоктарынан босату. Өлшеу. Мұз сақтағыштарға қалау. Процесті журналға тіркеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты майлау. Мұздату тәсілімен мұз дайындау жұмысын орындағанда – алаңды қардан тазарту. Мұз қабаты пайда болғанға дейін мұздату алаңындағы механикалық құрылғылардың көмегімен су жіберу және құю. Мұзды кесектерге бөлу. Су науасындағы еңістердің құрылымы. Оқшаулау қабатының жарамдылығын, еріген су бұрмасын мен мұз сақтағыштардағы температураны бақылау.

Білуге тиіс: мұз генераторларында және мұздату арқылы жасанды мұз дайындау ережесін, мұз генераторының құрылымын, бақылау-өлшеу аспаптарының, бітейтін және реттейтін құрылғылардың орналасуын, оларды пайдалану ережесі, мұзды жабуға арналған оқшаулағыш материалдардың түрлері мен қасиеті, мұзды жабу және оқшаулау тәсілдері.

56. Мұз дайындаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Су қоймаларында мұз дайындау. Мұзды жинақтауға арналған алаңшаны және кейіннен ұзақ уақыт сақтауға дайындау. Алаңшаны қардан тазарту, мұзды суаттан жинақтауды және көлік кіреберістерін айқындау. Мұзды қолмен, ломмен, пешнямен, арамен немесе электр арасымен жару, аралау, кесіп алу. Мұзды суға іліктіру, бастырмалату, судан шығару және көлік құралдарына тиеу, бунттардағы немесе мұздықтардағы штабельге қалау. Мұзды оқшаулағыш материалдармен жабу.

Білуге тиіс: су қоймаларында мұз дайындау ережесі, қолданылатын жабдықтың құрылымы және жұмыс принципі, мұзды бунттарға қалау тәртібі, оқшаулағыш материалдардың түрлері мен қасиеті.

Тағам өнімдерін тиеуші-түсіруші
57. Тағам өнімдерін тиеуші-түсіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тельфердің, шығырдың, элеватордың және басқа тиегіш механизмдердің көмегімен немесе қолмен қазандықтарды, күбілерді, бактарды, бункерлерді, орау, іріктеу, ұсақтау, соғу, мөлшерлеу, ұй себу, елеу және басқа машиналары мен автоматтарды өнімдермен, материалдармен, шикізатпен, жартылай фабрикаттармен берілген деңгейге дейін жүктеу және түсіру. Ұнды ауысымына 5 тоннаға дейін немесе құймақ жасайтын ұнның құрғақ компоненттерін бекітілген рецептура бойынша себу. Елегіш жабдықтар, өзі таситын және бураттарды реттеу. Жылжу құралдарын өлшеу, орнату, қалау. Көлік құралдары (арбалар, вагонеткалар, сатысы бар жылжымалы козелдар, жүк лифті, транспортер) арқылы өнімдерді, материалдарды тасымалдау. Түсірілетін материалдарды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды тасымалдау. Технологиялық жабдықтың барлық алаңы бойынша өнімді біркелкі бөлу және теңдестіру. Бос ыдысты тасымалдау, орау. Жылжу құралдары мен тиеу-түсіру құрылғыларына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: тиелетін өнімнің түр-түрі, тиеу мерзімдері мен тәртібі, қызмет көрсетілетін жабдықтың ережесі, шикізаттың сапасын айқындаудың органолептикалық әдістері.

58. Тағам өнімдерін тиеуші-түсіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тельфердің, шығырдың, элеватордың және басқа тиегіш механизмдердің көмегімен немесе қолмен қазандықтарды, күбілерді, бактарды, бункерлерді, орау, іріктеу, ұсақтау, соғу, мөлшерлеу, ұй себу, елеу және басқа машиналары мен автоматтарды өнімдермен, материалдармен, шикізатпен, жартылай фабрикаттармен, күнжарамен және кептіру арна вагонеткаларымен желіммен және желатинмен жүктеу және түсіру. Ауысымына 5 тоннадан астам ұнды силосқа себу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың көлік тиеу механизмдерін тексеру және сынамалау. Жылжу құралдарында тиелетін және түсірілетін өнімдерді өлшеу, орнату, біркелкі бөлу және тегістеу. Тиелетін және түсірілетін өнімді, материалды, шикізатты, жартылай фабрикатты, ыстық күнжараны тасымалдау. Жәшіктерді, қораптарды, кәрзеңкелерді, өнімді, материалды, шикізатты, жартылай фабрикатты штабельдерге, стоптарға және тағы басқа орнату. Қызмет көрсетілетін жабдықтың және тасымалданатын құрылғылардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: тиелетін өнімнің негізгі қасиеті, тиелетін және түсірілетін өнімдердің, материалдардың, шикізат пен жартылай фабрикаттардың түр-түрі, сұрыптары, мөлшерлері, салмағы, сапасы, оларды тиеудің мерзімдері мен тәртібі, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және пайдалану ережесі.

Жұмсақ ыдысты тігуші

59. Жұмсақ ыдысты тігуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қап тігетін машинада даяр өнімі, жартылай фабрикаттары, кебегі, қалдығы бар қаптарды және басқа жұмсақ ыдысты тігуші. Таңбалайтын жапсырмаларды тігу. Шпагат пен жіптерді жеткізу. Қап тігетін машинаны толтыру. Қап тігетін машинаның ақаулықтарды жою және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қап тігетін машиналарды қолдану принципі, оларды теңшеудің тәсілдері, дәнімен, олардың өңделген өнімдері және тұқымдармен қаптарды тігу ережесі, улы химикаттармен дәріленген тұқымдарды ұстау ережесі, таңбалау ережесі.

Жұмсақ ыдысты қолмен тігуде – 1-разряд.

Қамыс және сабан мат жасаушы


60. Қамыс және сабан мат жасаушы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қамыс пен сабаннан қолмен мат жасау және жөндеу. Шпагат алу және дайындау, сабан немесе қамысты жұмыс орнына апару, қолмен жасауда айлабұйымның тұғырына тарту. Даяр маттарды айлабұйымнан немесе үстелден алу. Өлшемі бойынша кесу, шпагат ұштарын байлай отырып мат өлшемдері бойынша даяр таспаны кесу, оларды штабельге апару және қалау.

Білуге тиіс: мат жасауда, даяр өнімге қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар, қол тәсілімен мат жасау технологиясы, өнім ақауларының түрлері және себептері, оның алдын алу және жою ережесі.

61. Қамыс және сабан мат жасаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мат тоқу машинасында сабан немесе қамыстан мат жасау. Түсетін сабанның, қамыстың және даяр өнімнің сапасын бақылау. Мат тоқу машинасына қызмет көрсету және оның жұмысындағы ақаулықтарды жою. Сабан мен қамысты қабылдау, даяр өнімді тапсыру. Даяр өнімнің белгіленген есебін жүргізу.

Білуге тиіс: механизацияланған тәсілмен мат жасау технологиясы, мат тоқу машинасының құрылымы және жұмыс принципі, мат ақауларының түрлері мен себептері, оны жою тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

Сүйек көмірін жасаушы
62. Сүйек көмірін жасаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сүйек көмірін күйдіру процесінде, химиялық және термиялық регенерациялау процестерінде жекелеген операциялар орындау. Сүйек көмірін шаю, кальцийленген сода немесе қышқылмен өңдеу. Жарманы елеу, оны сүйек сүзгілерге жіберу. Даяр сүйек көмірін және шикізатты апару, тиеу, түсіру. Зертханалық талдауға арналған қайнататын және шаятын суды сынаудан өткізу.

Білуге тиіс: сүйек көмірінің қызметі, қолданылатын қышқылдар мен сілтілердің қасиеттері, оларды ұстау ережесі, шикізат пен даяр сүйек көмірін тиеу және түсіру тәртібі.

63. Сүйек көмірін жасаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сүйек көмірін күйдіру, химиялық және термиялық регенерациялау процесін жүргізу. Сүйек балқыту пеші реторттарында ірі крупкасын булау, кептіру және балқыту. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері арқылы және көзбен балқыту режимін, химикаттарды мөлшерлеу, сүйек көмірін тиеу, шығу нормаларын бақылау және реттеу. Химиялық талдаулардың нәтижесінде өңдеудің барлық сатыларында көмірді регенерациялаудың технологиялық режимнен ауытқуының алдын алу және себептерін жою және сапасын тексеру. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, сүйек көмірін регенерациялау технологиясы, регенерацияланған көмірдің сапасына қойылатын талаптар, сүйек көмірі түйіршіктерінің көлемі.

Сыйымдылықтарды өлшеуші
64. Сыйымдылықтарды өлшеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыйымдылықтарды тексеру нұсқаулығына сәйкес өлшеу аспаптарының, өлшегіштердің көмегімен немесе тарту жолымен цистерналардың, бактардың, күбілердің, бөшкелердің және да сыйымдылықтардың көлемін өлшеу. Сыйымдылықты таразыға орнату, сумен толтыру, өлшеу. Өлшеу нәтижелерін кесте бойынша түзете отырып журналға жазу. Ескі трафаретті алып тастау. Сыйымдылықтың көлемін, салмағын бояумен жазу немесе күйдіріп жазу. Өлшенген сыйымдылықтарды тапсыру.

Білуге тиіс: сыйымдылықтарды айқындау жөніндегі нұсқаулық және түзету кестелерін пайдалану ережесі, өлшеу аспаптарының, таразылардың, электроклеммдердің құрылымы және қызметі, сыйымдылыққа міндетті тексеру жүргізу мерзімі, сыйымдылық өлшемдері журналын жүргізу ережесі.

Тағам өнімдерін іріктеуші

65. Тағам өнімдерін іріктеуші 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Іріктеу машиналарында көкөніс дақылдарын, жемістерді және басқа өнімдерді іріктеу процесін жүргізу. шикізатты машинаға тиеу. Бункерлердегі шикізатты бір тегістеу. Берілген өлшем немесе салмақ бойынша іріктеу сапасын тексеру. Стандартты емес шикізатты іріктеу. Іріктеу машинасына бос ыдысты апару. Ыдысты толтыру. Іріктелген өнімдері бар ыдыстарды одан әрі өңдеуге, ал жарамсыздарын кәдеге жарату цехына тасымалдау. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату. Автоматты таразылардың көрсеткіштері бойынша іріктелген өнімінің салмағын журналға жазу. Шикізаттың берілгені немесе тоқтағаны туралы көкөніс қоймасына белгі беру.

Білуге тиіс: іріктелетін дақылдардың түрлері мен сұрыптары, іріктеу ережесі, іріктеуге түсетін дақылдар мен іріктеудің сапасына қойылатын талаптар, стандарты емес өнімнің белгілері, іріктеу машинасының құрылымы, қолдану принципі.

Дәнді және тұқымды салқындатушы
66. Дәнді және тұқымды салқындатушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дәнді, мақта және май тұқымдарын ылғалдықтың берілген пайызына дейін ылғалдату процесін жүргізу. Механикалық және пневматикалық көліктің көмегімен тұқымды тиеу және салқындатқыштан түсіру. Бу және су беруді бақылау-өлшеу аспабының көрсеткіші бойынша реттеу. Сынама алу және ылғалдату дәрежесін органолептикалық және зертханалық талдау нәтижелері бойынша айқындау. Салқындатқыш торшаларын тазалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты майлау. Қалдықтарды жинау.

Білуге тиіс: салқындатқыштың, ылғалдағыш жабдықтың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, салқындату режимі және процесті реттеу ережесі, сынама алу тәсілдері және өнімдерді өңдеу дәрежесін айқындау.

67. Дәнді және тұқымды салқындатушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген нормаларға сәйкес ылғалданған дәнді, дәндегі ылғалдықты қайта бөлуді жылумен өңдеу процесін жүргізу. ылғалданған дәнді пневматикалық және механикалық көлікпен жіберу. Ылғалданған дәнді берілген температураға дейін қыздыру, ұстау (булау) және салқындату. Салқындатқыштағы дәннің жіберілуін, жылу беру температурасын және дәннің қызуын бақылау-өлшеу аспаптары арқылы реттеу. Салқындату процесінің аяқталуын зертханалық талдау нәтижелері бойынша айқындау. Даяр дәнді тасымалдау. Норийді, аспирациялық құрылғыларды, батареяларды және салқындатқыш торларын тазарту. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.

Білуге тиіс: салқындатқыштар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, салқындатудың технологиялық режимдері, салқындату процесін реттеу ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері, дәннің сапасын айқындау тәсілдері, тазартудан және жуылғаннан кейін салқындатуға түсетін дәнге қойылатын талаптар.

Тағам өнімдерін бақылаушы
68. Тағам өнімдерін бақылаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ораудың, тығындаудың, герметикалықтың, толтырудың, қаптаудың, тыстаудың, таңбалаудың, желімдеудің, майлаудың, сыртқы түрін ресімдеудің, жапсырманың түрлі сатыларында, бос әйнек, ағаш және металл ыдыстың пломбаларының болуын, оның тазалығы мен құюға жарамдылығын сыртқы байқаумен толықтай немесе ішінара бақылау. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, даяр өнімнің санын ауызша есептеп немесе есептегіштердің көрсеткіштері бойынша бақылау. Өнім мен ыдыстың түзетуін анықтау, іріктеу, қайтару. Тез бұзылатын, сынғыш және күйрек өнімді қоспағанда даяр өнімді әртүрлі ыдыстарға қалау және орау.

Білуге тиіс: тығындау, орау, таңбалау, жуу сапасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптары және техникалық жағдайлар, орайтын материалдың түрлері, сұрыптары, өлшемдері, оралған өнімнің және ыдысты ұстау ережесі, ақаулықтардың, ақаудың пайда болу себептері, оларды айқындау және жою тәсілдері.

69. Тағам өнімдерін бақылаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізат, жартылай фабрикат, өнім, ыдыс өндіруді толтыру, белгілеу, қалау, өлшемі, қалыбы, түр-түрі, сұрыптығы, санаты, салқындатуы, тазалығы, мөлдірлігінің көлемі бойынша, бөгде иістің, қоспалардың болуын сәуле сүзгілердің, экрандардың, шамдардың және басқа айлабұйымдарды пайдаланып, түрлі жарық шамдарын, іріктейтін автоматтарды пайдалана отырып, өлшеу, тарту, сыртын байқау немесе бөшкелік ыдысты қарау негізінде мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкестігін тұтастай немесе ішінара бақылау. Өнімді кешенді механизацияланған және автоматтандырылған ағынды желілерінде көзбен тұтастай бақылау. Үстелдің үстіне немесе жылжып тұратын роликті конвейерге орнатылған овоскоп арқылы жұмыртқа меланжы мен ұнтақ өндіруге арналған жұмыртқаның сапасын бақылау. Банкаларға салынған шикізаттарды, дәмдеуіштерді, басқа компоненттерді және олардың сапасын рецептураға сәйкес бақылау. Таразыларды теңдеу. Гір тастарды орнату. Банканың ішіндегіні қалау, тығыздау және қақпақпен жабу. Тез бұзылатын, сынғыш және күйрек өнімді ыдыстың әр түріне қалау және орау.

Білге тиіс: шикізатқа, даяр өнімге, бөшке, қағаз, металл және шыны ыдыстарға қойылатын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар және талаптар, ақаулықтардың, кемшіліктерді бақылау әдістері, түрлері, белгілері және себептері, ақаулықтарды айқындау, кемшіліктерін анықтау және олардың пайда болу себептерін жою тәсілдері, бақылау аспаптарының, айлабұйымдардың, механизмдерді пайдалану және дәлдігін тексеру ережесі.

70. Тағам өнімдерін бақылаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, өнімдердің технологиялық өңделу сапасын қышқылдықтың, ерігіштіктің, концентрациялаудың, тығыздықтың, ылғал құрамының, белсенділіктің, тартудың ірілігін, басқа технологиялардың зертханалық талдау нәтижелері бойынша өндірістік процестің түрлі сатыларында және мемлекеттік стандартқа, техникалық шарттарға және белгіленген үлгілерге сәйкестігін тұтастай немесе ішінара бақылау. Іріктелген, жарамсыз өнімді, шикізатты, жартылай фабрикаттардың сапасының төмендеуіне немесе жарамсызын шығару бойынша бөлу. Ақауларды болдырмау шараларын қабылдау. Тағам өнімдерінің жарамсыздығына акті жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскедегі өндірістің технологиясын, стандарттарын, техникалық шарттарды, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, өнімдерді өңдеудің сапасына қойылатын талаптар, бақыланатын шикізат, жартылай фабрикаттар, азық-түліктердің сапасының төмендеуі немесе жарамсыз болуы мүмкін ақаудың түрлері, талдама жүргізу әдістері, сынама алу тәртібі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және қолдану ережесі.

Ұн тағамдары аспазы
71. Ұн тағамдары аспазы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы: Кулинарлық ұн тағамдарын дайындау. Белгіленген рецептураға сәйкес қолмен және машинада ашытқан қамырды, салма, фарш, қамырдың түрлерін әзірлеу. Қамырды илеу, араластыру, ас қатық қосу және оны белгілі бір қалыңдыққа дейін жаю. Қамырды бөлуге және пісіруге дайындығын органолептикалық айқындау. Ұн тағамдарына белгіленген пішінді беру. Фарш қуыру. Қамыр дайындамаларын пештерге салу. Түрлі жүйедегі пештерде ұн өнімдерін пісіру немесе қуыру процесін жүргізу. бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері бойынша пісіру және қуыру температурасын реттеу. Ұн тағамдарын пісіру аяқталған сәтті айқындау.

Білуге тиіс: қамыр мен салманы дайындау рецептурасы, ұнның сұрыптарын, шикізат пен даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар, шикізат шығыны нормалары, кулинарлық ұн тағамдарын әзірлеу жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы.

Үйме жасағыш машинаның машинисі
72. Үйме жасағыш машинаның машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үйме жасағыш машинаның жекелеген агрегаттарын басқару. Аудару алаңшасындағы автокөліктің кіруін және тоқтатуын реттеу. Автомобильдер мен автотіркегіштердің борттарын ашу және жабу. Конвейерлік желілерге бөгде заттардың және сапасыз қызылшаның түсіп кетуін болдырмау. Алаңшалардағы жүк түсіруді барынша реттеу. Қабылдағыш бункердің толып кетуін болдырмау. Автокөліктің жүгін толықтай түсіруді қамтамасыз ету. Жер бөлгішті қоқымнан тазарту. Май құбырларының, сорғылардың және гидрожүйенің айдамалау желісінің жай-күйін бақылау. Гидрожүйе жұмысындағы ақаулықтарды жою. Қозғалтқышты толтыру. Үйме жасағыш машина тетіктерін майлау, тазалау және жинау. Үймежасағыш машинаны және оның жекелеген агрегаттары мен тораптарын ағымдағы жөндеуге қатысу. Тракторды күту.

Білуге тиіс: үйме жасағыш машиналардың құрылғысы, оларды жұмысқа дайындау және ағымдағы жөндеуді жүргізу ережесі, жанатын және майлайтын материалдардың сұрыптары, гидротәсімдерді толтыру және редукторлар мен көтергіш механизмдерді майлау ережесі, қозғалтқышты майлау, қоректендіру және салқындату тәсімі, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ іске қосатын құрылғыларды пайдалану ережесі, орнатылған дабыл қаққышты пайдалану ережесі, гидрожүйенің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

73. Үйме жасағыш машинаның машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түсіру жұмыстарын орындауда үйме жасағыш машиналарды басқару. Үйме жасағыш машинаны жұмысқа дайындау және іске қосу. Көлденең және тік бағыттар бойынша көлбеу және қалау транспортерлерінің қозғалыс жылдамдығын реттеу. Дыбыстық дабыл қаққыштың көмегімен автомобильдерде оларды түсіргенде және алаңшалардағы түсіруді кезектестіріп жүргізушілердің іс-әрекетімен басқару. Автомашина жүргізушілерінің қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету. Үйме жасағыш машинаны жүргізу. оның тораптары мен механизмдерінің жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Үйме жасағыш машинаны ағымдағы жөндеу және баптау, монтаждау және демонтаждау. Үйме жасағыш машинаны және оның жекелеген агрегаттары мен тораптарын орта және күрделі жөндеуге қатысу. Түсірілетін өнімге қабылдау құжаттарын рәсімдеу.

Білуге тиіс: үйме жасағыш машинаның кинематикалық тәсімдері мен басқару тәсімдері, үйме жасағыш машинаны реттеу әдістері мен орта және күрделі жөндеу жүргізу, іске қосатын және негізгі қозғалтқыштарды іске қосу, тоқтату және қызмет көрсету ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, қызмет көрсетілетін машинаның технологиялық режимі, үйме жасағыш машинаның ақаулықтарының алдын алу, анықтау және жою тәсілдері, түрлі үлгідегі үйме жасағыш машиналарын монтаждау және демонтаждау ережесі, қозғалтқышты сынау тәртібі, қаланатын өнімді қабылдау-тапсыру құжаттамасын жүргізу ережесі.

Уату құрылғысының машинисі
74. Уату құрылғысының машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі азықты, минералды, техникалық, жемдік және басқа да шикізатты, жартылай фабрикаттарды алдын ала қопсыту, елеу, кесу, шабу, бөлудің түрлі жүйелі уатқыштарда немесе қолмен уату (ұсақтау) процесін жүргізу. Елек талдауларының немесе органолептикалық тексерулердің нәтижелері бойынша уатқыштардың біркелкі тиелуін, уатудың (ұсатудың) дәрежесін мен сапасын қадағалау. Уатылған өнімді түсіру. Орау, өлшеу, таңбалау. Тасымалдау және штабельге қалау. Електі, тозаң камераларын, жинағыштарды тазарту, уатқыштарды майлау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: уатқыштың құрылғысы, шикізат пен өнімдерді уату сапасына қойылатын талаптар, шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды уату машиналарына жіберу тәртібі, уатудың технологиялық режимдері.




1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет