Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы



жүктеу 296.7 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі296.7 Kb.
: content info -> npa
npa -> Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы «31» мамырдағы №27-488қ қаулысына қосымша
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 1488-ХII Заңы

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.


      Ескерту. Мәтiнде "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - IX" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 9" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша: "бөлiм" деген сөз "-тарау"; "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органды", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органмен", "уәкiлеттi органға", "Уәкiлеттi органның", "Уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      Осы Заң тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мақсаттарды, мiндеттер мен құқықтық негiздердi айқындайды.


      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра


              объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

      2-бап. Осы Заңның мақсаты


 
      Осы Заңның мақсаты:
      1) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;
      2) тарихи-мәдени мұра объектiлерiне тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесiн бекiту;
      3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтау саласындағы құқықтары мен мiндеттерiн регламенттеу;
      4) мемлекеттiк органдардың тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау саласындағы құзыретiнiң аражiгiн ажырату;
      5) тарихи-мәдени мұра объектiлерiне залал келтiргенi үшiн жауапкершiлiк шараларын белгiлеу болып табылады.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


 
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) алдын-ала есепке алу тiзiмi - тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң тiзiмi;
      2) ансамбльдер - оқшауландырылған немесе бiрiктiрiлген ескерткiштердiң, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкiмшiлiк, сауда, өндiрiс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ дiни мақсаттағы ескерткiштер мен құрылыстардың топтары, оның iшiнде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттерi;
      3) археология ескерткiштерi - тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгi қоныстардың, бекiнiстердiң, өндiрiстердiң, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгi қорымдар, тас мүсiндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгi елдi мекендердiң тарихи мәдени қабатының учаскелерi және ежелгi адамның өмiрi мен қызметiнiң iздерi бар өзге де орындар;
      4) қала құрылысы мен сәулет ескерткiштерi - сәулет ансамбльдерi мен кешендерi, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елдi мекендердiң ежелгi жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсiптiк, әскери, ғибадат ету сәулетiнiң, халық сәулетшiлiгiнiң құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтiк, сәндiк-қолданбалы және бақ-саяжай өнерiнiң туындылары, табиғат ландшафты;
      5) қорғау мiндеттемесi - тарих және мәдениет ескерткiшiнiң осы құжатты ресiмдеу кезiндегi жай-күйi және меншiк иесiнiң немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткiшiн күтiп-ұстау шарттары тiркелетiн құжат;
      6) тарих және мәдениет ескерткiштерi - Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзiлген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттiң дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бiрлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрiктi жерлер;
      7) тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi археологиялық жұмыстар - археология ескерткiштерiне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерiн жүргiзу;
      8) тарихи-мәдени қорық - айрықша тарихи, ғылыми және көркемдiк құндылық болып табылатын ескерткiштердiң ансамбльдерi мен кешендерi;
      9) тарих және мәдениет ескерткiшiн пайдаланушы - осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiн оның меншiк иесiмен жасалған шарт негiзiнде пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      10) тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстары - тарих және мәдениет ескерткiштерiнде жүргiзiлетiн археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлерi;
      11) тарихи-мәдени мұра объектiлерi - тарихи оқиғалар нәтижесiнде пайда болған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтiк мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсiн, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттiң өзге де заттары бар жылжымайтын мүлiк объектiлерi;
      12) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган (уәкiлеттi орган) - тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      13) тарихи-мәдени сараптама - тарихи-мәдени мұра объектiсiнiң тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесiн белгiлеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық iс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды;
      14) тарихи-сәулет тiрек жоспары - тарихи, ғылыми, көркемдiк және мәдени құндылық болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң және жаңадан анықталған объектiлердiң орналасуын тiркейтiн құжат.
      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      4-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң түрлерi,


              оларды қорғау және пайдалану
 
      1. Тарих және мәдениет ескерткiштерi мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) қала құрылысы және сәулет ескерткiштерi;
      2) археология ескерткiштерi;
      3) ансамбльдер.
      2. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану:
      1) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;
      2) тарихи-мәдени мұра объектiлерiне тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн бекiтуге;
      3) жоюдан, тағылық актiлерiнен, өңiн айналдырудан, жалған дәрiптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерiстер енгiзуден, тарихи түпмәтiннен үзiп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;
      4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;
      5) олардың сақталуы қамтамасыз етiлетiн нормаларға сәйкес күтiп-ұсталуына;
      6) этномәдени ортаны қайта түлету процесiнде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелiк мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесiн қамтиды.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      5-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң мәртебесi


 
      Тарихи-мәдени мұра объектiлерi тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өздерi тарих және мәдениет ескерткiшi деп танылған кезден бастап иеленедi.
      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiне енгiзу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұсынылады.
      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiнде бекiту арқылы баянды етiледi. Археология ескерткiштерi олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн алады.
      Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды мәртебеден айырудың ерекше құқықтық режимi болады.
      Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға, оны Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiнен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнiн жоғалтқан жағдайда ғана уәкiлеттi органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясымен келiсiлген ұсынысы бойынша, тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен ғана жол берiледi.
      Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектiлерi алдын ала есепке алу тiзiмiне енгiзiледi және олар өздерiнiң мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.
      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

      6-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң түрлерi

      Ескерту. 6-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      7-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра


              объектiлерiн қорғау, сақтау және пайдалану
              жөнiндегi құзыретi

      Қазақстан Республикасы тиiстi мемлекеттiк органдардың атынан тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етедi.


      Халықаралық шарттарға сәйкес:
      1) Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, бiрақ басқа мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан;
      2) басқа мемлекеттердiң меншiгi болып табылатын, бiрақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан;
      3) басқа мемлекеттердiң меншiгi болып табылатын, солардың аумақтарында орналасқан, бiрақ тарихи тұрғыдан Қазақстан Республикасымен байланысты тарихи және мәдени ескерткiштер де қорғалуға, сақталуға және пайдаланылуға жатады.
      Қазақстан Республикасы өзiнен тыс жерде орналасқан және Қазақстан халқының тарихи-мәдени игiлiгi деп танылған тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және тарихи отанына қайтару жөнiнде шаралар қолданады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

2-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiне меншiк
құқығын жүзеге асырудың ерекшелiктерi

      8-бап. Меншiк қатынастарын реттеу

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледi. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк құқығын жүзеге асырудың ерекшелiктерi осы заңмен белгiленедi.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

      9-бап. Меншiк құқығының объектiлерi

      Осы Заңда белгiленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткiштерi деп танылған тарихи-мәдени мұра объектiлерi тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк құқығының объектiлерi болып табылады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      10-бап. Меншiк құқығының субъектiлерi

      Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар тарихи-мәдени мұра объектiлерiне меншiк құқығының субъектiлерi болып табылады.
      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      11-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне


               мемлекеттiк меншiк

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектiлерге тиесiлi емес тарих және мәдениет ескерткiштерi Қазақстан Республикасының ерекше меншiгi болып табылады.


      Қазақстан Республикасы қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын тарихи-мәдени құндылығы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне меншiк құқығын олардың меншiк иелерiмен жасалған шарттар бойынша сатып алуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткiштерге меншiк иесi өкiлеттiгiн тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган, ал жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

      12-бап. Меншiк субъектiлерiнiң құқықтары

      Меншiк иесiне тарих және мәдениет ескерткiштерiне өз бетiмен құрту құқығын қоспағанда, меншiк иесiнiң оларды меншiк объектiлерi ретiнде иеленуге, пайдалануға және оларға билiк етуге құқығы бар.
      Меншiгiнде тарих және мәдениет ескерткiшi бар азамат, егер меншiк объектiсi өзiне мұрагерлiк құқығы арқылы тиесiлi болса және шығу тегi немесе мазмұны жағынан мұра етiп қалдырған адамның жеке басымен немесе меншiк иесiнiң ата-бабасымен байланысты болса, ол ескерткiштiң мазмұнын елу жыл мерзiмге дейiн жария етпеудi немесе зерттеу мен жария көрсетуге жол бермеудi талап етуге қақылы.
      Меншiк иесi тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану және iске қосу нәтижесiнде пайда табуға (табыс алуға) құқылы, бұл құқық оларды қорғау жөнiндегi мiндеттемелермен шектеледi.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

      13-бап. Меншiк иелерiнiң мiндеттерi

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi оларды сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады және:
      1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;
      2) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.
      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарын меншiк құқықтарының болуы мүмкiн немесе болған өзгерiстерi туралы хабардар етуге;
      4) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.
      5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзудi - уәкiлеттi органмен, жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзудi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсуге;
      6) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгiленген тәртiп пен шекте тарих және мәдениет ескерткiшiне ғылыми, мәдени және өзге де мақсаттарда қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Тарихи және мәдени ескерткiштердiң меншiк иелерi мен оларды пайдаланушылардың мiндеттемелерi облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары беретiн қорғау мiндеттемесiнде тiркеледi.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттемелер тарихи және мәдени ескерткiштердi пайдаланушыларға да бiрдей дәрежеде қатысты.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.21 N 307 Заңдары ымен.

      14-бап. Күтiмсiз ұсталатын тарих және мәдениет


               ескерткiштерiн алып қою

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иесi осы ескерткiштердi күтiп ұстамай, бұл олардың өз маңызын жоғалту қаупiн төндiретiн жағдайларда, мемлекет мұндай ескерткiштердi меншiк иесiнен сот шешiмi бойынша сатып алу арқылы алып қояды немесе олар, осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, жария сауда-саттықта сатылады.


      Меншiк иесiнен жеке меншiгiндегi оның тұрғын үйi немесе тұрғын жайы болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiшiн алып қою оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзге тұрғын жай берiлмей және шарт бойынша тиiстi өтемақы төленбей жүзеге асырылмайды.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      15-бап. Ескерткiшке меншiк құқығын сатып алу


               кезiндегi артықшылықтар

      Жалпы үлестiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткiшiнiң бiр бөлiгiнiң меншiк иелерiнде осы ескерткiштiң басқа бөлiктерiн меншiгiне сатып алуға артықшылық құқығы бар.


      Тарих және мәдениет ескерткiшiнiң басқа бөлiктерiн сатып алудың осы баптың бiрiншi тармағында көзделген артықшылық құқығы сатып алушы меншiгiнiң ескерткiш мәртебесi болмаған ретте де қолданылады.
      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жария сатқан кезде, осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде айтылған реттердi қоспағанда, мемлекеттiң оларды нарық (аукцион) бағасы бойынша артықшылықпен сатып алуға құқығы бар.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

3-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау саласындағы
мемлекеттiк басқару

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      16-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау, сақтау
               және пайдалану саласындағы лауазымды адамдар және
               мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi

      Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау, сақтау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқаруды:


      1) Қазақстан Республикасының Президентi;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      3) уәкiлеттi орган;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарихи-мәдени


               мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану
               саласындағы құзыретi
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
      2) уәкiлеттi орган туралы ереженi бекiтедi;
      3) мемлекет меншiгiндегi тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгiлейдi;
      4) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп-ұстау ережелерiн бекiтедi;
      5) тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережелерiн бекiтедi;
      6) тарих және мәдениет ескерткiштерiне қорғау мiндеттемелерiн беру ережелерiн бекiтедi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      7) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      7) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге лицензиялар беру ережелерiн бекiтедi;
      8) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру тәртiбiн бекiтедi;
      9) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртiбiн және пайдалану режимiн бекiтедi;
      10) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307, өзгерiс енгiзiлдi - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      18-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,


               астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
               қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының
               құзыретi

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:


      1) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      2) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.
      3) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;
      4) мемлекет меншiгi болып табылатын, жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру туралы мәселенi шешедi;
      5) алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.
      6) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;
      7) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;
      8) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;
      9) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгiзедi;
      10) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
      11) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;
      12) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;
      13) тиiстi аумақтарда жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң пайдаланылу және күтiп-ұстау тәртiбiн, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      14) тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерiне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар бередi;
      15) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiздерде және тәртiппен әкiмшiлiк ықпал етудiң өзге де шараларын қолданады;
      16) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары өз аумағында:
      1) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;
      2) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;
      3) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;
      4) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi;
      5) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      6) тарихи-мәдени сараптама негiзiнде тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалатындығын жариялау туралы ұсыныстар енгiзедi;
      7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерiс енгiзiлдi - 2007.07.21 N 307, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      19-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi


 
      Уәкiлеттi орган:
      1) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану саласында бағдарламалар әзiрлейдi және мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      3) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      4) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялар бередi;
      5) уәкiлеттi органның арнайы комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
      6) мемлекет меншiгi болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға беру жөнiнде шешiм қабылдайды;
      7) тарихи-мәдени сараптама жүргiзудiң ережелерiн бекiтедi;
      8) тарих және мәдениет ескерткiштерi бар қалалар мен басқа елдi мекендердi жоспарлау, салу және реконструкциялау жобаларын келiседi;
      9) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi;
      10) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануды және оларды күтiп-ұстау тәртiбiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      11) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiздерде және тәртiппен әкiмшiлiк ықпал етудiң өзге де шараларын қолданады;
      12) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiн орнатуды бақылауды жүзеге асырады;
      13) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындаудың тәртiбiн және пайдалану режимiн әзiрлейдi;
      14) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307, өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      20-бап. Қазақстан Республикасының архивтердi және


              құжаттаманы мемлекеттiк басқару органының
              тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану
              саласындағы құзыретi

      Ескерту. 20-бап алынып тасталды - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      20-1-бап. Мемлекеттiк бақылау
 
      1. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Уәкiлеттi орган жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау:

      1) барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және олардың күтiп-ұсталу тәртiбiн;

      2) тарих және мәдениет жаңа ескерткiштерiнiң орнатылуын;

      3) лицензиаттың берiлген лицензия шарттарын сақтауын;

      4) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын бақылауды қамтиды.

      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау:

      1) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және оларды күтiп-ұстау тәртiбiн мемлекеттiк бақылауды;

      2) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды қамтиды.

      4. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тексерулер нысанында жүзеге асырады.

      5. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен .

      6. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен .

      7. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 , өзгерту енгiзiлдi - 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-тарау. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану
саласын қаржыландыру

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

      21-бап.
      Ескерту. 21-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

  5-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра


                объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi
                iс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы

      Ескерту. 5-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

      22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени
               мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану
               жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы

      Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiштерiн насихаттау мен танымал етуге қатысады, тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына жәрдемдеседi.


      Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларға қамқоршылық жұмыстарын белгiлеуге құқылы.
      Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

      23-бап. Қазақ тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау


              қоғамының тарихи-мәдени мұраны қорғау және
              пайдалану жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға
              қатысуы

      Ескерту. 23-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

      24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
              академиясының тарихи-мәдени мұраны
              қорғауға және пайдалануға қатысуы

      Ескерту. 23-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.



6-тарау. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн
мемлекеттiк есепке алу

      25-бап.


      Ескерту. 25-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      26-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн халықаралық,


              республикалық және жергiлiктi маңызы бар
              ескерткiштер санаттарына жатқызу

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алуды және қорғауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында ескерткiштер мынадай санаттарға бөлiнедi:

      1) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енген халықаралық маңызы бар тарихи, ғылыми, сәулеттiк, көркемдiк, мемориалдық тұрғыдан құнды тарих және мәдениет ескерткiштерi;

      2) бүкiл елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi;

      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      27-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң


              тiзiмiн бекiту тәртiбi

      ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енгiзу үшiн ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынады.


      Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi .
      Жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiмiн уәкiлеттi органның келiсуiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi),  өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.

       28-бап. Уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясын құрудың


              тәртiбi және оның құрамы

      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыны әзiрлеу үшiн уәкiлеттi орган арнайы комиссия құрады, оның құрамына ғалымдар, мамандар, мәдениет пен өнер қайраткерлерi, шығармашылық одақтар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енедi.


      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.

  7-тарау. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану


                тәртiбi

      Ескерту. 7-тараудың атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

      29-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану

      Тарих және мәдениет ескерткiштерi Қазақстан халықтарының рухани және дәстүрлерiн түлету және дамыту мақсатында, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелiк мақсатта пайдаланылады.


      Қалалар мен басқа да елдi мекендердiң тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану режимi тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану ережелерiне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн оларды қорғау аймағы жобаларында айқындалады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.

      30-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалануға


              берудiң тәртiбi мен шарттары

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жеке және заңды тұлғаларға ғылыми, мәдени-ағарту, туристiк және өзге де мақсаттар үшiн пайдалануға беру осы Заңмен белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.


      Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi осы Заңға сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша пайдалануға берiледi.
      Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi уәкiлеттi органның шешiмi бойынша пайдалануға берiледi.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.

      31-бап. Музейлердiң, кiтапханалардың, архивтердiң, оқу


              орындарының, басқа да мекемелер мен ұйымдардың
              өздерi пайдаланып отырған тарих және мәдениет
              ескерткiштерiнiң қорғалуы мен сақталуын
              қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi

     Ескерту. 31-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

      32-бап. Тарих және мәдениет ескерткiшiн пайдалану
              құқығынан айыру

      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланып отырған жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiштерiн сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану жөнiндегi мiндеттерiн бұзып, соның салдарынан тарих және мәдениет ескерткiшiне жойылу немесе бүлiну қатерi төнген жағдайда, олар пайдалану құқығынан айрылады.


      Тарих және мәдениет ескерткiштерiн оның санатына қарай пайдалану құқығынан айыру, егер тарих және мәдениет ескерткiшiн қорғау мiндеттемесiнде өзгеше көзделмесе, тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иесiнiң немесе уәкiлеттi органның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының өтiнiшi негiзiнде соттың шешiмiмен ғана жүзеге асырылады.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21. N 307 Заңдарымен.

        33-бап. Пайдалануға берiлген жерлерде тұрған тарих


               және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын
               қамтамасыз ету

      Жеке және заңды тұлғалар өздерiне пайдалануға берiлген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.


      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

      34-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi


              ғылыми-реставрациялау жұмыстары
 
       1. Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстарына:

      1) ғылыми зерттеу - тарих және мәдениет ескерткiшiн сақтау жөнiнде жобалау-сметалық құжаттама жасау және қажеттi жұмыстар жүргiзу мақсатында оның сапасын және сақталу деңгейiн зерделеуге, бағалауға бағытталған iс-шаралар кешенi;

      2) консервациялау - тарих және мәдениет ескерткiшiн одан әрi бұзылудан сақтайтын және ескерткiштiң тарихи қалыптасқан келбетiн өзгертпей оның конструкциялық бөлiктерi мен сәндiк элементтерiн бекiтудi және қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi. Ескерткiштiң бүтiн сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да консервациялауға жатады;

      3) реставрациялау - тарих және мәдениет ескерткiшiн құндылығы жоқ және ескерткiштiң келбетiн бұзатын қабаттардан тазарту жолымен оның тарихи, сәулеттiк-көркемдiк келбетiнiң сақталуы мен ашылуын, ғылыми негiзделген деректер арқылы ғимараттың, ансамбльдiң, кешеннiң жоғалған элементтерiнiң орнын толтыруды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi;

      4) қайтадан жасау - жеткiлiктi ғылыми деректерi мен тарих және мәдениет ескерткiшiнiң айрықша тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе өзге де мәдени маңызы болған кезде жоғалған тарих және мәдениет ескерткiшiн қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

      5) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткiшiнiң техникалық жай-күйiн оның келбетiн өзгертпей, кезеңдiк жұмыстар жүргiзу жолымен күтiп-ұстау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;

      6) бейiмдеу - тарих және мәдениет ескерткiшiнiң тарихи, көркемдiк құндылығына және сақталуына нұқсан келтiрмей, оның қазiргi заманға сай пайдаланылуы үшiн жағдай жасау мақсатында жүргiзiлетiн iс-шаралар кешенi.

      2. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстары - уәкiлеттi органның бақылауымен, жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.

      3. Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстары бюджет қаражаты, инвестициялар тарту есебiнен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушыларының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      4. Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегi ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негiзiнде жүзеге асырады.


      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.21. N 307 Заңымен.

      35-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерi бар қалалар


              мен басқа да елдi мекендердi жоспарлаудың,
              салудың және қайта салудың жобаларын
              уәкiлеттi органмен келiсу

      Қалалар мен басқа да елдi мекендердi жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобалары, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерi бар жердi пайдалану карталары уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.


      Ескерту. 35-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

      36-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау


               аймақтары
 
       1. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгiленедi.

      2. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары (мәслихаттар) бекiтедi және олар тиiстi жердiң тарих және мәдениет ескерткiштерi мен жаңадан анықталған объектiлердiң орналасуы тiркелетiн тарихи-сәулет тiрек жоспарына және карта-схемасына енгiзiледi.

      3. Уәкiлеттi орган көзделген аймақтардың шегiнде Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiздерде және тәртiппен әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдануы мүмкiн.
      Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      37-бап. Тарихи-мәдени қорықтарды қорғау

      Айрықша тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе өзге де мәдени қазына болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң ансамбльдерi мен кешендерi, аумақтар тарихи-мәдени қорықтар деп жариялануы мүмкiн, оларды қорғау олар туралы арнаулы Ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      38-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын


               ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салу
 
      1. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салынады.
      Тарих және мәдениет ескерткiшiнiң жетпiс процентiнен астамы бұзылған не оның тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған жағдайда:
      1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен;
      2) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша уәкiлеттi органның шешiмiмен уәкiлеттi органның арнайы комиссиясымен келiсе отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негiзiнде ғана олардың орнын ауыстыруға және өзгертуге жол берiледi.
      2. Мұндай шешiм алған жеке және заңды тұлғалар ескерткiштiң орнын ауыстыруды немесе оларды өзгертудi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi, ал уәкiлеттi орган тарих және мәдениет ескерткiшiн ғылыми зерделеу және тiркеу бойынша жұмыстар жүргiзуге мiндеттi.
      3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткiшiнiң орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешiм алған жеке және заңды тұлғалардың есебiнен жүргiзiледi.
      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      39-бап. Аумақты игеру кезiнде тарихи-мәдени мұра


               объектiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету

      1. Аумақтарды игеру кезiнде жер учаскелерi бөлiп берiлгенге дейiн тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау жөнiнде зерттеу жұмыстары жүргiзiлуге тиiс.


      2. Тарихи, ғылыми, көркемдiк және өзге де мәдени құндылығы бар объектiлер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрi жұмыс жүргiзудi тоқтата тұрып, бұл туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      3. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталып тұруына қатер төндiруi мүмкiн жұмыстарды жүргiзуге тыйым салынады.
      Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      40-бап. Археологиялық ескерткiштерде қазба


               және барлау жұмыстарын жүргiзу

      Археологиялық ескерткiштерде қазба және барлау жұмыстарын жүргiзуге лицензиясы бар болған жағдайда ғана жол берiледi.


      Қазақстан Республикасының аумағында тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензияны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бередi.
      Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң заңды ұйымдары мен нақты адамдарының Қазақстан аумағында жүргiзген археологиялық зерттеулерi нәтижесiнде алынған барлық материалдар мен табылған заттар ғылыми тiркелiп, өңделгеннен кейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк музейлерiне берiледi. Олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетiлуiне тыйым салынады.
      Ескерту. 40-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

      41-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн


               әкелу және әкету

      Ескерткiштердi Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. P991105



8-тарау. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра
объектiлерiн қорғау және пайдалану жөнiндегi заңдарын бұзғаны
үшiн жауапкершiлiк және олардың орындалуын бақылау

      42-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени


               мұра объектiлерiн қорғау жөнiндегi
               заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      Ескерту. 42-баптың тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы заңдарының бұзылуына кiнәлiлiгi әрекетiнен немесе әрекетсiздiгiнен көрiнген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Тарих және мәдениет ескерткiшiне немесе оның қорғау аймағына зиян келтiрген жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкiн болмаған кезде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi. Тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiру уәкiлеттi органның бақылауымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 42-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), 2007.07.21 N 307 Заңдарымен.

      43-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және


               пайдалану туралы Қазақстан Республикасы
               заңнамасының орындалуын бақылау
 
      Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды:
      1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары;
      2) уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 307 Заңымен.

9-тарау.

      Ескерту. 9-бөлiм алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.



      Қазақстан Республикасының
      Президентi



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет