«Тарихи таным»



жүктеу 90.91 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі90.91 Kb.
: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"
« Тарихи таным » интеллектуалды ойыны
Мақсаты: ( экраннан көрсетіледі)
Өткізілу формасы: ХХI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық бағдарлама негізінде.
Барысы:
1-ші жүргізуші: _____________________________________

Қазақстан – Республикам бұл менің

Кең маңдайын сүйгізіп тұр күнге елім,

Ұлан – ғайыр далам берген пейіл бар

Адал достан бөлерім жоқ берерім.
2-ші жүргізуші______________________________________

Қазақстан – Республикам бұл менің

Бақ санаған тыныштығын іргенің

Қызғанбаған жер иесі қазағым

Басқалардың бақытты өмір сүргенін.

1-ші жүргізуші

Сонау ежелгі өркениет кезеңдерінен-ақ адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми әрі теориялық, тәжірибелік ізденістерін ұсынумен келеді.Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес. Ұлы Абай, Ыбырай,Шәкәрім сынды алыптарымыздың осы жолда көрсеткен тәлімі мен білімі еш ұмытылмақ емес.

2-ші жүргізуші:

Ал Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен, өмір бойы білім алу моделіне көшуге тиіспіз»-деп білімнің маңызын айрықша бағалаған.

1-ші жүргізуші

Ендеше,құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі туындаған ХХI ғасырдың,тәуелсіз еліміздің болашақ көшбасшылары – білім додасына қош келдіңіздер!

2-ші жүргізуші

«Бұл дәуірдің бетін сендер аштыңдар,

Болашаққа еркін қадам бастыңдар.

Сендер - әлі жан баспаған асқардың

Тура көшін тура жолмен бастаңдар.

Біздер көрдік мынау ғажап ғасырды,

Тарихы оның сіздерменен ашылды.

Жаңа көшті алып келген еліме,

Құрметтеңдер, ХХI ғасырды» - дей отырып,

Ата-бабамыздың қолымен келген қасиетті Тәуелсіздікті берік етер,іргесін сөкпей, алдыңғы 50 елдің қатарына жетелер ХХI ғасырдың Қазақстандық көшбасшылары,құрметті қонақтар, тәуелсіздігіміздің 20 жыл толуына орай өткізілетін «Тарихи таным» атты интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-ші жүргізуші

Олай болса,зеректік ойынымыздың қатысушылары, төр сіздердікі!

2-ші жүргізуші

Әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Таныстыру.

1-ші жүргізуші

Сайысымызда білімі мен тапқырлығы сыналатын қатысушыларымызды таныстырайық:

№1-ші қатысушымыз______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе, әрқашан да үміткер бол жеңіске»

2-ші жүргізуші

№2-ші қатысушымыз______________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Ұраны: «Досқа жан тәнімен берілу сенімді тірек, бақытқа барынша ұмтылуда білімде керек».

1-ші жүргізуші

Сайысымыздың №3 қатысушысы______________________________________________

_____________________________________________________________________________

Ұраны: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп»

2-ші жүргізуші

№4 сайыскеріміз___________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Ұраны: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

1-ші жүргізуші

№5 ойыншымыз__________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Ұраны: «Бақытты болашақ қамы үшін, барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін»

2-ші жүргізуші

Соңғы, №6 сайыскеріміз___________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Ұраны: « Білім таппай мақтанба, ғылым таппай шаттанба»


1-ші жүргізуші: Сайысымыздың өту барысымен таныстырайық:

1-бөлім «Ойлан-тап» деп аталады. ( Топтық жарыс, бұл кезеңде сайыскерлер сыныбына қарай 3 командаға бөлінеді. Әрбір сұрақтың жауабы – 10 ұпайға тең.Дұрыс жауап берген команда мүшелері 5 ұпайдан тең бөледі.Қарсылас топтың жауап беруіне мүмкіндігі бар, мұндай жағдайда ұпай сол қомандаға беріледі)
Экранда ұяшық астында жасырылған сұрақтар 6 тақырып бойынша берілген.

Тақырыптар: 1. Астана 2.Н.Назарбаев 3.Д.Қонаев 4. Б.Момышұлы 5. Олимпиада

6. Қазақстан-Республикам менің.

Астана туралы сұрақтар. 1.Астана күнін жыл сайын 6-шы шілдеде атап өтетініміз белгілі.Неліктен? Жауабы: 1994 ж 6-шілдеде ҚР Жоғарғы Кеңесі «ҚР-ның астанасын көшіру туралы» Қаулы қабылдады.

2. Тәуелсіздік символы-«Астана-Бәйтерек»-тің биіктігі қанша метр? Ж: 97 метр.

3. 1999 жылы ЮНЕСКО Астанаға қатысты қандай шешім шығарды?

Ж: Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен марапатталды.



Б.Момышұлы туралы сұрақтар: 1. Б.Момышұлының туған жерін атаңыз?

Жауабы: Жамбыл облысы,Жуалы ауданы,Көлбастау ауылы

2. Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың атасы жайлы жазған кітабын атаңыз?

Жауабы: «Шуақты күндер»

3. Б.Момышұлына қашан Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді?

1990 жылы желтоқсанда



Д.А.Қонаев туралы сұрақтар. 1. Д.А.Қонаев қай жылдарда өмір сүрді? 1912-1993ж

2. Д.А.Қонаев үздіксіз 22 жыл бойы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы болды. Бұл қай жылдар? 1964-1986жж

3. Орта мектепті бітірген соң қандай институтта білім алды?

Мәскеудің Түсті металдар институтында, тау-кен мамандығы бойынша



Олимпиада бойынша сұрақтар: 1. Олимпиада алтынын ең алғаш жеңіп алған қазақты ата, ол қай жылы, қайсы спорт түрінен жеңіп алған еді?

Әлжан Жармұхамедов, 1972 ж Мюнхенде ХХ жазғы олимпиадада, баскетболдан.

2. Қазақстан спортшылары жазғы Олимпиадалық ойындарға қай жылдан бастап тәуелсіз мемлекеттің командасы ретінде қатынаса бастады?

1996ж Атлантадағы ХХVI олимпиадада

3.Қазақстандық боксшылар арасында ең алғаш «шебер техникасы үшін» берілетін Вэл-Баркер кубогін жеңіп алған боксшы кім?

Балқаштық боксшы Василий Жиров, 1996ж Атланта олимпиадасында



Қазақстан – Республикам менің! 1. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы қашан қабылданды? 1997ж, 10 қазан

2. Тәуелсіз еліміздің жаңа әнұраны алғаш рет қашан және қандай оқиғаға байланысты орындалды? 2006ж, 11-қаңтарда, елбасын ұлықтау рәсімінде.

3. Қазақстан Республикасы құрылымы жөнінен қандай мемлекет? Унитарлы

Н.Ә.Назарбаев туралы сұрақтар:1. Н.Ә.Назарбаевтың жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша Президент болып сайланған мерзімі: 1991ж, 1-желтоқсан

2. 1984 – 1989 жылдарда қандай лауазымда қызмет атқарды?

Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы.

3. Мына шығармалардың қайсысы Н.Назарбаевтікі емес...

“Сындарлы 10 жыл”, “Тарих толқынында”, “Ғасырдан да ұзақ күн”
«Жер бетінде адам өмір өткізер, даналыққа білім ғана жеткізер» - деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, сайысымыздың келесі, 2-ші бөлімін бастайық.

2-ші бөлім . «Жорға» бөлімі деп аталады. ( Әр сайыскерге 4 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс сұрақтың жауабы – 10 ұпайдан)

1-ші сайыскерге:

1. «Құтты Білік» дастанын 30 жыл дайындап, бір жарым жылда жазып шыққан қай ғалым? Жүсіп Баласағұн.

2. Тасқа салынған сурет қалай аталады? Петроглиф.

3. Орта ғасырларды Түркістан қаласы қалай аталған? Йасы.

4. Қарағанды көмір кенін тапқан кім? Апақ Байжанов.

2-сайыскерге:

1. «Әлия» әнімен бас жүлдені жеңіп алған қазақтың аяулы әншісі. Роза Рымбаева.

2. Қазақ хандығының аумағын кеңейтіп, халықтың санын 1-миллионға дейін жеткізген қазақ ханы кім? Қасым хан.

3. 1975 жылы Алматыда шыққан «АЗиЯ» кітабының авторы кім? Олжас Сүлейменов

4. Қазақстанда қанша облыс бар? 14 облыс

3-сайыскерге:

1. «Алашорда» партиясының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі кім?

Әлихан Бөкейханов


  1. «Ленинградтық өренім» деп бүкіл кеңес халқын рухтандырған қай ақын?

Жамбыл Жабаев.

3. Парижде қазақ әндерін орындап, күміс жүлде алған әншіні ата. Әміре Қашаубаев.

4. Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата Тоқтар Әубәкіров.

4-сайыскерге:

1. «Тарихтың атасы» деп кімді атаймыз? Геродот

2. «Қыз Жібек» көркем фильмінде Жібек бейнесін жасаған актриса...

Меруерт Өтекешова.

3. Қызылорда қаласы қай жылдарда еліміздің астанасы болды? 1925-1929жж.

4. «АЛЖИР» лагерінде кімдер қамауда болды? Халық жауларының әйелдері.


5-сайыскерге:

1. Ең семіз палуандар қай елде күреседі? Жапонияда

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? 1995ж 30 тамыз.

3. «Қан мен тер» романының авторы кім? Әбдіжәміл Нүрпейісов.

4. Қазақ ұлтынан ең бірінші «КСРО халық әртісі» атағына ие болған кім?

Күләш Бәйсейітова.



6-сайыскерге:

1. 1997 жылға дейін Тәуелсіз еліміздің астанасы болған қай қала: Алматы.

2. «Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла»-деген өлең жолдары кімдікі? Абай.

3. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасы болып аталуы қай кезден басталады? 1991 жыл, 10 желтоқсан

4. 1726 жылы «Қалмаққырылған» шайқасы болған жер?

Торғай даласы,Қарасиыр деген жерде


«Жау жеңетін жігітті жарағынан таниды,

Дау жеңетін жігітті талабынан таниды» - демекші сайысымыздың келесі бөлімі



3 – бөлім. « Әр бейнеде тылсым сыр...»

( Экраннан ұлы тұлғалардың суреті, ол туралы мәлімет беріледі. Сайыскерлер оның кім екенін анықтауы керек Дұрыс жауап – 10 ұпай)



  1. Бәйдібек батыр туралы

  2. Райымбек батыр туралы

  3. Қорқыт ата туралы

  4. Доспамбет жырау туралы

  5. Әйтеке би туралы

  6. Қазтуған жырау туралы.


3-кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз екі сайыскер ойыннан шығады.
«Ұмыту өткен тарихты,

Болашақ үшін қауіпті» - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз айтқандай сайысымыздың келесі бөлімі 4-бөлім. «Тарих қойнауынан үн қатқан...» деп аталады. ( Әрбір сайыскерге кезекпен 2-сұрақтан жалпы 8-сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап – 10 ұпай. Бұл бөлімде қосымша қөмек қарастырылған, оны пайдаланған жағдайда ұпай саны 5-ке кемиді).



  1. М. Мақатаев туралы.

  2. Ғ. Мүсірепов туралы.

3.

4.

5.



6.

7.

8.



4-кезеңнен соң ұпайы төмен бір сайыскер ойыннан шығады.
5-ші бөлім.

Сайысымыздың келесі бөлімі «Көкпар» деп аталады. ( Қалған 3-сайыскер ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап береді. Таңдау сайыскердің өздерінен.

Ұпай саны ұяшыққа байланысты ).


20

20

20

30

30

30

40

40

40

20 / 1 Қазақстан Республикасының премьер-министрі кім? ( К. Мәсімов )

20 / 2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы кім? ( Ш. Ниязбеков)

20 / 3 Қазақстан Республикасы Парламенті қандай палаталардан тұрады?

( Сенат және Мәжіліс )

30 / 1 1943 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихының» авторы кім? ( Е.Бекмаханов)

30 / 2 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, атақты Иман батырдың немересі кім? ( Аманкелді Иманов )

30 / 3 Үйсін мемлекетінің биеушілерін қалай атаған? ( Гуньмо )


40 / 1 1526 жылы Солтүстік Үндістанда құрылған Ұлы Моголдар империясының негізін салушы кім? ( Захириддин Мухаммад Бабур )

40 / 2 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күш біріктіру үшін Тәуке ханның ұйымдастыруымен Қазақтың үш жүзі өкілдері қай жерде бас қосты?

( 1710 жылы, Қарақұмда )

40 / 3 1643 жылғы Орбұлақ шайқасында Салқам Жәңгірге 20 мың әскермен Самарқаннан көмекке жеткен қолбасшы кім еді? ( Жалаңтөс батыр )


5-ші кезеңнен соң ұпайы аз бір сайыскер ойыннан шығады.
Сайысымывздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік. Бұл бөлім « Бәйге » деп аталады.

( Қалған екі сайыскерге 10 сұрақтан беріледі. Әрбір сұрақтың дұрыс жауабы – 1 ұпай.)

1-ші сайыскерге:

1. Абайдың шын есімі ( ИбраҺим )

2. Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш таныған мемлекет ( Түркия )

3. Қазақ хандығының негізін салушылар ( Керей мен Жәнібек )

4. « Көшпенділер » трилогиясының авторы ( Ілияс Есенберлин )

5. Ұлттық валютамыз – теңге қашан айналымға енді? (1993 ж, 15 қараша)

6. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қашан мүше болды?

( 1992 жыл, 2 наурыз )

7. 1913 – 1918 ж. шығарылған «Қазақ» газетінің редакторы кім? (А. Байтұрсынов)

8. «Бақытсыз Жамал» романының авторы ( М. Дулатов )

9. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті ( Қаныш Сәтбаев )

10. «Жеті Жарғы» заңдар жинағын құрастырған қазақтың ұлы ханы ( Тәуке )

2-ші сайыскерге:

1. Абайдың жеңгелері еркелетіп қойған аты ( Телғара )

2. Мұсылмандық жыл санау қалай аталады? ( Хижра )

3. 31 мамыр-еліміздің тарихында қандай күн? (Репрессия құрбандарын еске алу күні)

4. 1837 – 1847 ж-ғы ұлт – азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың соңғы ханы кім?

( Кенесары Қасымұлы )



  1. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу кұралын жазған кім?

( Ахмет Байтұрсынов )

6. 751 жылғы арабтар мен қытайлар арасындағы шайқас тарихта қандай атпен белгілі? ( Атлах шайқасы )

7. «Балбырауын» күйінің авторы, күй өнерінің классигі ( Құрманғазы )

8. Кіші жүздегі 1783 – 1797 жылдардағы көтерілісті басқарған,байбақты руынан шыққан батыр ( Сырым Датұлы )

9. Ұлы Отан соғысының атақты партизаны, жазушы, Халық ҚаҺарманы, «Партизан соқпақтары», «Жау тылында» кітаптарының авторы кім? (Қасым Қайсенов)

10. Елімізде «Халық қаҺарманы», «Ғасыр адамы» атақтарын иеленген қайраткер?

( Тоқтар Әубәкіров )
Сайысымыздың нәтижесін шығару үшін әділқазылар алқасына сөз береміз!

Ендеше, бүгінгі «Тарихи таным» атты интеллектуалдық сайысымыз аяқталды.

Тәуелсіздік! Бүкіл Алаш арманы

Нұр сәулелі сағынышты таңдары,

Жанын қиды Қазағымның ардағы.

Тәуелсіздік! Сенсің ерлік мектебі

Сенсің біздің қолымыздың жеткені.

Уа,ағайын! Құтты болсын мерекең



Жақсылықтың сен көретін жоқ шегі – дей отырып, бүгінгі сайыскерлерге ХХI ғасырда өз үлестеріңді табуларыңызды тілейміз!



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет