Тарихи танымдық сайыс сабақтарын ұйымдастыру жолдары



Дата03.05.2016
өлшемі78.85 Kb.
ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ САЙЫС САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Ибрагимова М.Н., Нусупбаева С.А., Мәжиқызы Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана – мұғалім,

оқу мен ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»

К.Д. Ушинский

Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған басты мәселе–білім беру, ғылымды дамыту. Сондықтан кез-келген азаматымыз білім сапасының көтерілуіне ат салысуы қажет. Ол мейлі оқытушы немесе шәкірт болсын, мейлі қарапайым немесе жоғары лауазымды азамат болсын мемлекетіміздің білімін жоғары деңгейде көтеру үшін үлестері бар. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп атап көрсетілген.

Қазақстанның жедел экономикалық, саяси және әлеуметтік жаңғыру жағдайындағы дамуы кезеңінде, еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі қоғам алдындағы ең маңызды міндет болып тұрған шақта Қазақстан тарихын оқып-үйренудің маңыздылығы арта түсті.

Қазақстанның тарих ғылымы алдында халықтың өзін-өзі рухани жаңғырту мәселесіне атсалысу жауапкершілігі тұр. Атап айтқанда, ғылыми негізделген тарихи білім өткенді сараптау арқылы ұлттық сана-сезімнің оянуын, халықтың тарихи жетістіктерін, әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын айқындауға көмектеседі.

Бүгінгі күні ұлттық тарихты оқып-үйрену жалпыхалықтық бірлікті қалыптастырудың, халықтың тарихи жадын қалпына келтіріп, тереңдетудің, ұлттық сана-сезімді қалыптастырудың, азаматтық пен патриотизмде тәрбиелеудің басты факторларының бірі болып табылады.

Әбу-Насыр әл-Фараби: «Тарихты білмей - өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын», - десе, XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ғылымы мен білімінің хан тәңірісі А.Байтұрсынов былай деп жалғастырады: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих».

Ендігі кезекте «білімалушыға тарихты қалай түсіндіру керек?» деген мәселеге тоқталып өтейік. Жаңа технологиялар заманында мүмкіндігінше компьютерлік техниканы қолдана отырып, түрлі тәсілдер қолдануға болады. Оны қәзір әр бір оқытушы өз пәндерінде барынша қолданғанына қарамастан, әлі де ізденісті талап етіп отыр. Бір сарынды сабақ өту білімалушыны жалықтырып жіберетіндіктен әр сабақты түрлендіріп өткізу қажет.

Тарихты оқытудың түрлі әдістеріне тоқталатын болсақ, ол оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен, білім берудің маңызды мақсаттарымен, сабақтың мақсатымен оқушылардың мүмкіндігімен, пайдаланатын жүйенің ерекшеліктерімен анықталады. Оқыту әдістері оқыту үдерісінде маңызды қызметтер атқарады. Оқытудың негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын оқушы қалыптастыру, өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістерін меңгеруі керек. Оқушы өз қабілетіне сай білімін дамытып отырады.

Кез келген технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Біз тарих сабағында танымдық сайыс сабақтарын өткізудің түрлі жолдарын ұсынамыз. Сайыс сабақтары кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Сайыс сабақтарын қолдана отырып оқытушы білімалушының сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Танымдық сайыс сабақтарын қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында пайдалануға болады. Жарыс түрлері білімалушының ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Сонымен қатар білімалушының шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Танымдық сайыс сабақтары оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

Төменде тарауды қорытындылауға байланысты ұйымдастырылған танымдық сайыс түрі берілген.



Сайыстың тақырыбы: «ТАПҚЫРЛАР» САЙЫСЫ

Сайыс алты айналымнан тұрады. Айналымның барлық сұрақтары интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

І айналым. «Қанат қақты»


ІІ айналым. «Білеміз бе?»

ІІІ айналым. «Тұлғаны таны»

ІV айналым. Тарихи криптограмма

V айналым. Математикалық ойын

VІ айналым. Байқампаздар сайысы

І АЙНАЛЫМ. «ҚАНАТ ҚАҚТЫ»

І. Қанат қақты! Жетекшілір сайысы 7 сұрақтан қойылады, «иә» немесе «жоқ» деген жауаптары бар. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.



І топ: Алтын Орда командасына.

1. Алтын Орданың негізін қалаған –Батый (иә)

2. Алтын Орданың астанасы Сығанақ (жоқ) – САРАЙ

3. Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ғасырға жатады (иә)


4. Алтын Орданың негізгі тілі – моңғол тілі (жоқ) – ҚЫПШАҚ
5. Меңгу-Темір өз атынан ақша шығарды (иә)
6. Өзбек хан тұсында – Ислам діні мемлекеттік дінге айналды (иә)
7. 1380 жылы Тоқтамыс Мәскеуді өртейді (жоқ) – 1382 ж.
ІІ топ: Ақ Орда командасы.
1. Ақ Орда 240 жылға жуық өмір сүрді (иә)
2. Ақ Орда халқының көпшілігі жергілікті әр түрлі тілдес халықтардан тұрды (жоқ) – БІРЫҢҒАЙ
3. Ұрыс хан Ақ Орда мемлекетінің негізін қалаған (жоқ) – ОРДА ЕЖЕН
4. Ұрыс хан тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастайды (иә)
5. Ұрыс хан өз атынан Сарайшық қаласында теңге соқтырған (жоқ) – СЫҒАНАҚ
6. Барақ хан Ақ Орданың соңғы ханы (иә)
7. 1428 ж. Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағына тиді (иә)
ІІІ топ: Моғолстан командасы.
1. XIV ғ. ортасына қарай Моғолстан мемлекеті құрылды (иә)
2. Астанасы — Суяб болды (жоқ) – АЛМАЛЫҚ
3. Ең алғашында Моғолстандағы негізгі саяси билікТоғылық-Темірдің қолында болды (жоқ) – ӘМІР ПОЛАДШЫНЫҢ
4. Тоғылық-Темір тұсында 160 мың адам мұсылман дінін қабылдайды (иә)
5. Маңлай-Сүбе Амудария мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасты (жоқ) – ШЫҒЫС ТҮРКІСТАННАН ФЕРҒАНАҒА ДЕЙІНГІ КЕҢ-БАЙТАҚ ЖЕРДІ АЛЫП ЖАТҚАН
6. Моғолстанның соңғы ханы Шейх Ахмед болды (жоқ) – АБД АР-РАШИД
7. 1365 жылы 22 маусымда «Батпақ шайқасы» болды (иә)

ІV топ: Ноғай Ордасы командасы.
1. Ноғай Ордасы XIV—XIV ғасырларда Қазақстанның солтүстік-батысын алып жатты (иә)
2. Ноғай Ордасының негізін салушы – Нұраддин (жоқ) – ӘМІР ЕДІГЕ
3. Ноғай Ордасының екінші аты–Маңғыт елі (иә)
4. Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған (иә)
5. Астанасы—Сығанақ қаласы (жоқ) – САРАЙШЫҚ
6. Ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді (иә)
7. XVI ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен құдандалық байланысы дамыды (жоқ) – САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ БАЙЛАНЫСЫ
ІІ АЙНАЛЫМ. «БІЛЕМІЗ БЕ?»
Толық жауап 20 ұпай, жартылай жауап 10 ұпай мен бағаланады.
1-сұрақ:
Шыңғысхан империясы қашан құрылды?

Жауабы: 1206 жылы

2-сұрақ: Әмір Темірдің мемлекеті құрылған уақыт?
Жауабы: 1370 жылы

3-сұрақ: Батыс Сібір мемлекетінің өмір сүрген уақыты?


Жауабы: 13-15 ғ.ғ.

4-сұрақ: Әбілқайыр хандығының құрылған жылы?

Жауабы: 1428 ж.
5-сұрақ: Қазақстанның қай жерлері моңғолдың үш ұлысының құрамына енді?
Жауабы: барлық жері

6-сұрақ: Мауараннахр қайда орналасқан?

Жауабы: Амудария мен Сырдарияның аралығы

7-сұрақ: Тайбұға Шыңғысхан құрметіне Тура қаласын қалай деп атаған?

Жауабы: Чимги-Тура

8-сұрақ: Әбілқайыр хандығын қандай мемлекет деп атайды?

Жауабы: «Көшпелі өзбектер мемлекеті»

ІІІ АЙНАЛЫМ. «ТҰЛҒАНЫ ТАНЫ».

Дұрыс жауап – 20 ұпай.

1. Шығыс Еуропаға жеті жылдық жорық жасаған – Батый.

2. Бүкіл моңғолдық құрылтайға қатынасудан бас тартқан – Берке.

3. Ақ Орда хандарының ішінде бірінші болып өз иелігін Алтын Орда хандарынан тәуелсіз деп жариялап, 1327–28 жылдары Сығанақта өз атынан күміс ақша соқтырған – Мүбәрәк Қожа.

4. Өзіне көмектесуден бас тартқан Жошы әулетінің бір тұқымы – Маңғыстау билеушісі Түй-Қожаны жазалаған – Ұрыс хан.

ІV АЙНАЛЫМ. ТАРИХИ КРИПТОГРАММА.

Сөзді тауып, жауабын дұрыс тапса – 10, тек сөзді ғана тапса – 5 ұпай.

1. ТУБА – Алтын Орданы құрушы Монғол ханы – БАТУ


2. РЫСБАБЕЙ – Қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барған Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны – БЕЙБАРЫС
3. РАСАЙ ТУБА – Алтын Орда мемлекетінің алғашқы астанасы – САРАЙ-БАТУ
4. ҚАСАЖ – Монғол мемлекетінің басты заңы – ЖАСАҚ
V АЙНАЛЫМ. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЙЫН.

Дұрыс шығарып, сол жылда қандай оқиға болғанын тапса 10, тек жылын есептесе 5 ұпай.

1. (500*2)+(800:4)+(120:2)+2=1262

Берке Египет мемлекетіне құлдыққа сатылған Мәмлүк елінің 4-ші сұлтаны – Бейбарысқа өз елшісін жіберді.

2. (250*4)+(600:2)+(81:9)+70=1379

Тоқтамыс Темір Мәлікті жеңіп, Сығанақты алады.

3. (3000:3)+(150*2)+(8*6)=1348

Тоғылық-Темірді Моғолстан ханы етіп сайлайды.

4. (100*10)+(2000:4)+(250:5)=1550

Ноғай Ордасы бірнеше иеліктерге бөлінеді.

VІ АЙНАЛЫМ. БАЙҚАМПАЗДАР САЙЫСЫ.

Дұрыс жауап бергенге 10, жартылай жауап бергенге 5 ұпай беріледі.

1. Шыңғыстықтардың басшысы Ұлы ханболды.

2. Құрылтай — бұл шыңғыстықтар мен монғол көшпелі ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы.

3. Інжу – Шыңғыстың жаулап алған жерлерін өз балаларына бөліп берген жерлері.

4. әскери істі — беклербегі атқарды.

5. азаматтық істі — уәзірлер атқарды.

6. Даруғалар – салық жинаушылар.

7. Басқақтар – басқару қызметімен қатар, әскери бақылау жүргізген, салық жинаумен де айналысқан.

8. Түрік әулетінен шыққан әкімдер арқылы асырылатын азаматтық басқару билігі – «мәлік».

9. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқаыр хандығында түрік тайпаларының басшылары – «әмір» деп аталды.

10. түрік тайпаларының басшылары Ноғай Ордасында «мырза» деп аталды.

Қорыта келе айтарымыз, тарихтан ойын жарыстарын өткізу өз нәтижесін көрсете бастады. Соның ішінде топ аралық жарыс арқылы біз қол жеткізген нәтиже:

1. Топтар бір-бірімен бірігіп жұмыс істеуді үйренді;

2. Тарихты жақсы меңгерген тыңдаушылар жақсы нәтиже көрсете алмай жүрген тыңдаушылармен жұмыс істеуді бастады;

3. Топтың қай тақырыпты меңгермегені жарыс барысында бірден байқалды. Бұл топ аралық жарыста оқытушыларға топпен қай бағытта жұмыс істеу керектігін көрсетті;

4. Топтардың өткен тақырыпты жарыс барысында түгел қайталап оқуына тура келді;

5. Топтар бір-бірінен қалып қалмас үшін, білім бәсекесімен оқи бастады.



6. Жарыстан кейін, өздері жіберген қателермен жұмыс істеп отырғанын көру, ойын сайысының үлкен нәтижесі, деп ойлаймыз.
Әдебиеттер


  1. Құнапина Қ.Қ., Құмғанбаев Ж.Ж., Махаева А.Ш. Қазақстан тарихынан әдістемелік-анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214-бет.

  2. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А, 1995, 175-бет.

  3. Қазақстан тарихы:талапкерге арналған оқулық-тест/С.Ш.Талдахметов. Алматы: ШЫҢ-КІТАП, 2015-379 бет.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет